Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Барлық мектеп жасына дейінгі балаларға барынша жалпылама тән дене тәрбиесінің келесі міндеттері болып табылады



бет62/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   147
Барлық мектеп жасына дейінгі балаларға барынша жалпылама тән дене тәрбиесінің келесі міндеттері болып табылады :
Сауықтыру міндеті. 1. Шынығу, сыртқы ортаның әсеріне ағзаның төзімділік қарсы әсері күшін арттыру. Бұл міндетті шешуде мұқият байқауды және біртіндеп, баланың тері қабаты арқылы жоғары деңгейде жылу бөлетінін ескеруді талап етеді.
2. Сүйек құрылысы, буын-байланыс аппаратының, омыртқалардың физиологиялық иіндерінің (изгибтерінің) дұрыс және өз уақтында дамып, қалыптасуының, сонымен бірге, барлық бұлшық ет топтарының шамалас тең дәрежесінде дамуына және нығаюына, қорытындысында дұрыс сымбатты тұлғаны қалыптастыруға жәрдемдесу. Бұл міндетті шешуде қаңқаның иілгіштік икемділігін, бұлшық еттің созылғыштығы мен әлсіздігін, әсіресе күнделікті қозғалысқа аз қатысатындарын ескеруді қажет етеді.
3. Ағзаның басқа жүйлерінің, атап айтқанда жүрек қан айналымы, тыныс алу, жүйкенің дамуына және функциональдық жетілуіне, зат алмасу процесінің жақсаруына жәрдемдесу. Әсіресе қозғалыста ырғақпен терең тыныс алуға үйрету маңызды.
Білім беру міндеті. 1. Негізгі өмірдегі маңызды біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру (жүру, жүгіру, секіру, лақтыру және қағып алу, шаңғымен жүру, суда жүзу және т.б.) және дененің әртүрлі бөліктерімен жүйелі қозғалысты орындай білу, тұрғанда, отырғанда, жүргенде дене сымбатының қалпын сақтау.
2. Барынша дұрыс, жүйелі қозғалысты қамтамасыз ететін мына сапаларды дамыту қозғалыстың ырғақтылығы, жүйелілігі, кеңістікте бағдарлай білу, денені игере білу және бар күшті есепке ала білу;
3. Жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау дағдыларын бойына сіңіру;
4. Денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдануға байланысты бастапқы біліктілікті қалыптастыру.
Тәрбиелеу міндеті. Назарды, зердені дамыту, сөз арқылы нұсқаумен қимыл-қозғалыс әрекетін орындай білу, ал ең жасы үлкендеріне (7 жасарларға) қозғалыстың дұрыстығын бағалату, біліктілік шеңберінің аясын кеңейту, сөйлеу қабілетін дамыту арқылы ақыл-ой тәрбиесін беруге қол жеткізу.
Гигиеналық процедуралар мен денешынықтыру жаттығулары сабағында (жуынғанда, киім ауыстырғанда, спорт құрал-жабдықтарын дайындағанда және т.б.) өзіне-өзі қызмет ету дағдылары арқылы еңбекке тәрбиелеуге қол жеткізу ;
Еңбекке қажетті сапаларды дамыту; Әріптестерімен бірге атқаратын денешынықтыру жаттығуларын орындау кезінде өзара қызмет көрсетудің әртүрлі формаларын үйрету ; Заттардың қасиеттері және олармен жұмыс істеу мүмкіндіктері жайлы білімді байыту. Балаларды адамгершілікке, өнегелілікке тәрбиелеу үшін ұжымда өзін-өзі алып жүре білуге, басқа балаларды және үлкендерді сыйлауға, адалдыққа тәрбиелеу; Мәдени мінез-құлық дағдыларын, яғни кішіпейілділік, ұқыптылық, ұстамдылықты дамыту ; Қорқыныш сезімін баса білу; Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу; денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет