Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері



бет7/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   147
Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері Әлеуметтік-экономикалық негіздер. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамдағы экономика, саясат, ғылым және мәдениет саласындағы жүйелермен тығыз байланыста. Қоғамдық қатынастардың көрінісінің аясы (сферасы) есебінде ол сол жүйедегі жүріп жатқан өзгерістер әсеріне, яғни дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өндіріске осы байланыстардың нақты негіздерінің бірі болғандығынан дамып отырады. Алайда қоғамдық өндіріске ол қосымша жолдар арқылы әсер етеді. Бұл жүйе тікелей қоғамдық өнім шығаруға араласпайды. Бірақ ол осы ортаға өндірістік қатынастарының субъектісі - адам арқылы әсер етеді.
Өзінің әр түрлі салалары арқылы дене тәрбиесінің жүйесі адамның әлеуметтік қызметінің барлық негізгі түрлеріне қатысты. Бұл адамның қозғалыстағы биологиялық қажеттілігін қанағаттырып қоймайды, сонымен бірге әлеуметтік жеке тұлғаның қалыптасуын, қоғамдық қатынастардың жетілуін де қанағаттандырады. Адамның денесінің дамуы биологиялық заңдарға бағына отырып, табиғи жолмен де жүзеге асатындығы мәлім. Алайда қазіргі адамның қозғалыс белсенділігі оның дене мүмкіншілігін қажетті деңгейде ұстауға әлі жеткіліксіз.
Өзінің арнайы қызметін жүзеге асыра отырып, дене тәрбиесінің жүйесі адамдардың қозғалыс белсенділігінің қажеттілігін қамтамасыз етуге, сол арқылы дененің жетілуін және денсаулықтың жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз етуге толық қабілетті.
Тәрбиелік-педагогикалық қызметті жүзеге асыра отырып, дене тәрбиесі жүйесі адамгершілік, эстетикалық, еңбек, мәдени даму міндеттерін шешуге мүмкіндігі бар. Дене тәрбие жүйесі кейбір тәрбие жүйесінің тиімсіз болатын жерлерінде табыска жетіп те жүр. Сонымен бірге дене тәрбиесі жүйесінің өзінде әлеуметтік, экономикалық және қоғамның рухани өмірімен байланысты нәрселердің бәрі де көрініс табады. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғары болған сайын, оның, азаматтарына дене шынықтырудың байлықтары толықтай беріледі, тәрбиесі мақсаттарына жұмсалатын ұлттық табыстың бөлігі, денсаулық деңгейі және адамдардың жасауы да жоғары болмақ.
Жан-жақты жетілген адамдарды қалыптастырудағы дене тәрбиесінің орасан зор маңызын ескере отырып, үкімет тарапынан қоғамымыздың дамуының әр түрлі кезеңдерінде бұл мәселеге бірнеше рет назар аударды (бұл орайда 1925, 1929, 1948, 1959, 1966, 1981 және 1995 жылдарында қабылданған қаулыларды атап кеткеніміз жөн болады). Қаулылардың мазмұны сол кезеңдегі саяси жағдайды бейнелеп, орталықтан қатал басқару мен бақылауға басты назар аударылды, сонымен бірге сол кездегі дене шынықтыру қозғалысының дамуына үнемі қолайлы бола бермейді.
Дене тәрбиесі жүйесі экономикалық қатынастардың дамыған аумағына жатады. Өзінің ұйымдық құрылымы жөнінен күрделі болуына байланысты (мемлекеттік және қоғамдық басқарудың кағидаларын байланыстыра жүргізу), қаржыландырудың материалдық-техникалық жағынан қаралуында да әр түрлі қаржы көздерін өзіне жинақтады мемлекеттік бюджет, қоғамдық қорларды, кәсіпорындар, кәсіподақ кооперативтік қоғамдар. Экономикалық жағынан дене тәрбиесі жүйесі дамыған материалдық және материаддық емес өндірісі бар халық шаруашылығының бір бөлігі есебінде көрінеді. Материалдық өндіріс саласы қызметкерлерінің еңбегі заттай материалдан түрге ие болады: спорт құрылыстары, құрал-жабдық, аяқ-киім, киімдер. Бірақ бұл ортада адамдардың денесінің жетілдірілуіне бағытталған өндірістік емес дене тәрбиесінің басты өрісіне қарағанда қызмет көрсету сипатына ғана ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет