Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет8/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   147
Құқықтық негіздер. Еліміздегі дене тәрбиесінің жүйесі оның қалыпты қызмет етуін реттейтін белгілі бір нормативтік құжаттарға актілерге сүйенеді. Бұл құжаттардың әр түрлі заң күші бар (қаулылар, заңдар, жарлықтар, нұсқаулар). Олардың ішінде еліміздің жаңа 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясының алар орны ерекше (29-бап). Бұл бапта Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығының сақталуы арнайы атап көрсетілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1991 жылғы 24 қарашадағы N1593 қаулысында спортты және дене тәрбиесін нақтылы жақсарту шаралары белгіленген. Бұлардан басқа ұйымдар мен мекемелердің дене тәрбиесімен қамтамасыз ететін, сонымен бірге қызмет көлемін анықтайтын өлшемдік құжаттар да бар (олар бала-бақшалар; лицейлер, гимназиялар, колледждер, мектептер, кәсіптік-техникалық училищелер, орта және жоғары оқу орындары т.б.).
Әдістемелік негіздер дене тәрбиесінің заңдылықтарын және оқыту мен тәрбиелеу принциптерін жүзеге асыру жөніндегі тиісті ұсыныстарды, сонымен қатар тұрғын халықтың әрбір әлеуметтік тобымен жаттығуды әдістері мен үлгілерін ұйымдастыруды, құрал-жабдықтарды пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды. Әдістемелік негіздерде дене тәрбиесі жүйесіне тән ғылымилық көріністерді байқауға болады. Бұл орайда бастапқы ілімдік ережелер және оны іс жүзіне асыру ғылым негіздеріне (философияға, социологияға, педагогикаға, психологияға, биологияға т.б.) арнаулы ілімдік және спорттық-педагогикалық ғылымға сүйене отырып жасалады.
Бағдарламалық-өлшемдік негіздер тұрғын халықтың дене дамуымен бірге білім деңгейіне койылатын үш сатылы өзара байланысты талаптар жүйесінде көрсетіледі. Дене тәрбиесінің біріңғай мемлекеттік бағдарламасы балалар бақшалары мен яслилерінде, жалпы білім беретін мектептерде, орта арнайы және жоғары оқу орындарында өткізілетін дене тәрбиесінің ең төменгі жүктеме көлемін анықтап, белгілейді. Бұл бағдарламаларда оқу орнының түрін, шұғылданушылардың жасын, жыныстық айырмашылықтарын есептей отырып, дене дамуы мен білім көрсеткіштеріне қойылатын талаптар және дене тәрбиесінің негізгі құралдары көрсетіледі.
Дене тәрбиесі мен спорт саласына қатысты негіздердің бір мысалы ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жыл 24 маусымдағы N774 қаулысын атауға болады. Осы қаулының 1-бабында Еліміздегі халықтардың дене тәрбиесіне қатысты даярлығын Президенттік сынақ талаптары арқылы анықтау Ережелері бекітіліп, 1996 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енгізілсін делінген.
Сонымен қатар бұл қаулыда Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне дене тәрбиесі жөніндегі оқу бағдарламаларын Президенттік сынамаларының талаптарына сәйкестендірілуін, оның жалпы білім беретін мектептердің, кәсіби-техникалық училищелердің, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқу жүйесіне енгізілуі және оның өлшемдік талаптарының орындалуы қамтамасыз етілсін делінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет