2. Кәсіби маңыздылығы - кәсіби қызмет үрдісін және жағдайларын «мәдениеттендіретін» идеяларды, концепцияларды, ережелерді «инструментальды» білімді, практикалық біліктілікті, қажетті сапалар мен қасиеттерді жинақтау және дамыту, оларға табысты бейімделудің, адамгершілік мораль және психологиялық дене күшін жұмсамай-ақ орындаудың алғы шарттарын жасайды.
3. Жеке тұлғалық - жеке тұлғаның мақсатты бағыттығы және мотивациялық бағытын, яғни оның дене жетілуін, валеологиялық мәдениетін, сана сезімін, әлеуметтік-психологиялық сапалары мен қасиеттерін дамыту, бірегейлік және жеке тұлғалықты сезінуін қалыптастыру, өзара қарым-қатынас қабілеттерін ояту.
Осылардың негізінде ЖОО мамандарды даярлау негізінде оқу-ғылыми, практикалық бағдарланған пәндердің мазмұнды компоненті ретінде дене мәдениеті құндылықтарының өзара байланысты топтарын одан әрі жүйелеуге болады.
Олар келесі топтарға бөлінген:
1. Мақсатты-құндылықтары - маманның әлеуметтік-кәсіби қызметінде дене мәдениетін пайдаланудың мағынасы мен мәнін ашады: студент-кәсіпкердің жеке тұлға ретіндегі негізгі ой-пікірі оның әртүрлі қызмет аясында көрінуі, «Мен - кәсіпкермін», яғни кәсіби өздігінен жетілгендігі ретіндегі концепциясы.
2. Құрал-құндылықтары - әлеуметтік-кәсіби қызметін іске асыруда дене мәдениетін пайдаланудың әдістері мен құралдарының мағынасы мен мәнін көрсетеді: өз денесін дамыту, сана сезімі, өзін-өзі басқару, өзін-өзі бақылау үшін әдістемелік-практикалық білім мен біліктіліктің қажетті технологияларын меңгеру.
3. Қарым-қатынас құндылықтары - өзіне, кәсіби қызметінде, жақын социумыне және т.б. қатынастардың жиынтығы ретінде дене мәдениетіне қатынастардың мағынасы мен мәнін сипаттайды. Олар дене мәдениетінен өмір жолдарында пайдалану, іске асырудың пәндік бағдарын береді.
4. Білім құндылықтары - әлеуметтік-кәсіби қызмет үрдісінде дене мәдениеті бойынша білімнің маңыздылығы мен мәні: жеке тұлғаның дене мәдениетінде, оның дүние танымдық ұстанымы мен сенімділігін, өздігінен сенімділігін дамыту үшін қажетті ой өрісін айқындайтын теориялық, әдістемелік білім.
5. Сапа құндылықтары - әлеуметтік-кәсіби қызметі үшін болашақ маманның маңызды сапалары мен қасиеттерінің маңыздылығы мен мәнін ашады: жеке тұлғалық, кәсіби-қызметтік, сыртқы жүріс-тұрыстық, психологиялық дене сапалары.
ЖОО үшін дене мәдениеті бойынша оқу бағдарламасы оқу-мазмұндық материасы гуманитарлық циклдағы пәндерді, әрине болашақ маман ретінде жеке тұлғаны дамыту үшін дене мәдениетін бағдарлайды. Бұған «дене мәдениетінің мәдениетті жасаушы функциясын» күшейту, оның «мәдениет сыйымдылығын» арттыру үшін мүмкіндіктерін арттыру және күшейті.
Дене мәдениетінің ерекше маңыздылығы кәсіби бағыттағы оқыту үрдісінде кәсіби қолданбалы дене дайындығы түрінде берілген, оның мақсаты нақтылы еңбек, рекреациялық үрдістерде және әрекеттерде оңды нәтижесін беретін сапаларды, біліктілікті, дағдылар мен арнайы білімдерді дамыту болып табылады.
Оқу-жаттығу сабақтары үрдісінде, жарыстарға дайындалу және жарыс барысында дене жаттығулары, жүктемелер қайталанады, шаршау, шалдығу басылады, спецификалық еңбек үрдісі жүреді. Шұғылданушыларды болашақта басқа әрекеттеріне және кәсіби қызметіне кіретін еңбексүйгіштік, дене сапалары қалыптасады. Осындай бейнеде кәсіби еңбекке тәрбиелеуде оңды әсер етеді.
Ұжымдық, қызықты көріністік ағымда өткізілетін жарыстарда, оқу-жаттығу сабақтарында мінез-құлық ерекшеліктері, сонымен бірге олардың негізінде азаматтық, отан сүйгіштік сезім, өз қылық істеріне, мінезіне, отбасына, жұмысына қатысты жауапкершілік қалыптасады. Әсіресе жарыстарда алға қойған мақсатқа жету үшін қажетті шешімшілдік, батылдық, ерік-жігер күшін, тәртіптілік, берік ұстаным, сабырлылық және көптеген басқа сапаларды тұрақты көрсете білу қажет.
Сонымен, дене тәрбиесі, адамгершілік ой, сананы тәрбиелеумен тұтас байланыста адамның және азаматтың жоғары жеке тұлғалық сапаларын қалыптастырады.
Адамның үйлесімді дене дамуы, яғни зерде, назар аудару, орнықтылықтың, жоғары деңгейін, түйсігін, байқағыштығын, ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі сияқты сапаларының жақсы дамитынын дәлелдеудің қажеті жоқ. Дене тәрбиесі бойынша шұғылдану қатарында жеке тұлға тіршілік ету қызметінің ұтымды әдістерін, үйлесімді әрекеттерді, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін, шынығу және т.б. меңгереді, яғни ақыл, ой дамуына, ақыл-ой тәрбиесі үрдісіне, интеллектіге оңды әсер етеді.
Студенттердің және мамандардың әртүрлі қызмет аясындағы профессиограммасы мен психограммасының мазмұны мамандардың кәсіби еңбек жағдайындағы, сол сияқты студенттердің ЖОО жағдайындағы оқу орнының, болашақ мамандығының, кәсіптеніп азамат, жеке тұлға болып қалыптасуының ерекшеліктерін көрсететін дербес тәрбие беру кеңістігінде талдап, қорытындыланған кейбір үлгілік сипаттамасын айқындауға мүмкіндік туғызды. Дене мәдениеті саласынан тыс, басқа жоғары оқу орындарында жоғары білікті мамандарды жалпы даярлауда дене мәдениеті мен спорттың әсері мен маңыздылығын атап көрсетудің мәні зор.
Адамның іс жүзінде кез-келген саладағы қызмет аясында болашақ кәсіптенетін мамандығының қырларын тәрбиелеу және қалыптастыру, дамыту мақсатында пайдаланылуы мүмкін дене мәдениеті мен спорттың кең ауқымдағы мүмкіндіктерін атап өткен жөн.
Дене тәрбиесі ілімі және әдістемелерінің пайда болуы және даму көздеріне: қоғамдық өмірдің іс-тәжірибесі, қоғамның жақсы, жан жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен адамдарға деген мұқтаждығы, олардың дене тәрбиесі заңдылықтарын білуге және соның незізінде адамның дене шынықтыру дайындығын жетілдіретін басқару жүйесін құруға деген құштарлығы туғызды.
Ілімдік ереженің өміршеңдігі тікелей тәжірибеде сыналады, атап айтқанда, іс-жүзінде қайталанбайтын дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесін байытатын пайдалы ойлар туындайды. Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеудегі озық ойлардың мазмұны мен жолдары әр түрлі елдерді әр түрлі дәуірдің атақты философтарының, педагогтарының, дәрігерлерінің тұжырымдары мен негізделген.
Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінің пайда болуының бастауымен даму кезеңдеріне тоқталатын болсақ, онда төмендегі жайлардан туындағанын атағанымыз жөн болады. Олар:
- қоғамдық өмірдің іс-тәжірибесі. Қоғамымыздың жақсы дене дайындығы бар адамдарға деген мұқтаждығы дене тәрбиесінің заңдылықтарын тануға деген ұмтылысты туғызды және сол негізде адам денесін жетілдіруді басқару жүйесін құруды қажет етті;
дене тәрбиесінің іс-тәжірибесінде тек қана іс жүзіндегі жағдайда барлық ілімдік қағидалардың өміршеңдігі тексеріледі.Осындай жағдайларда ғана дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінде жаңа қағидаларды жасау қажеттілігі туралы жаңа, тың ой тұжырымдары туындауы мүмкін;
әр түрлі кезеңдерде және әр түрлі елдерде илософтардың, педагогтардың, дәрігерлердің жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу жолдары мен мазмұны жөніндегі айтқан прогрестік озық ой тұжырымдары;
өзінің дамуының жоғары деңгейінде дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінің жетекші қайнар көзі еліміздің конститутциясы болып табылады;
ел үкіметінің дене шынықтырудың жағдайы және жетілдіру жолдары туралы қаулылары;
дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі саласындағы ізденістер нәтижесі.
Өзінің тарихи даму жолында дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі бірнеше кезеңдерден өтті.
Бірінші кезең - қозғалыс дағдыларының ағзаға әсері жөніндегі эмпиризмдік (сезім қабылдауларын, тәжірибені дүние танудың бірден-бір бұлағы деп тауып, ілімдік қорытындыларды бағаламайтын, сол себепті құбылыстардың өзара байланысын және даму заңдарын аша алмайтын философиялық ілім) білім кезеңі. Адам баласы оны күнделікті қозғалыс-қимылында алды.
Эмпиризмдік білімнің жинақталуы адамды "жаттығудың тиімділігін" түсінуге және тәжірибені өзгелерге беру әдістерін танып білуге әкелді. Бұның өзі дене жаттығуларының пайда болуының алғы шарттары болып, ал одан кейін дене тәрбиесінің де пайда болуына әкелді.
Екінші кезең - дене тәрбиесінің ең алғашқы әдістемелерінің жасалу кезеңі - ежелгі және орта ғасырдағы Греция, Римдегі құл иеленуші мемлекеттердің кезеңін қамтиды. Бұл әдістер тәжірибе жолымен жасалды. Педагогтар, философтар және дәрігерлер адам ағзасы қызметінің заңдылықтарын әлі біле қойған жоқ, дене жаттығуларының әсер ету механизімін түсіндіре алмайды, сол себепті дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу тиімділігін тек "сыртқы" өзгерістер (адам шыдамдылықты, күшті және өзіне керекті дағдыларды игерді) бойынша ғана анықтады. Дене тәрбиесінің әдістерінің ең белгілісі ертедегі Грецияда, Римде жасалынып, пайдаланған әдіс. Ол әдіс белгілі бір іс-қимылдарды, сонымен қатар үйрету әдістерін, адам бойындағы қасиеттерді арттыру жолдарын бірыңғай жүйеге біріктірді. Орта ғасыр кезеңдерінде әдістер саны үнемі артып отырды және гимнастикадан, жүзуден, ойындардан, садақ атудан, семсерлесуден, атпен жүруден алғашқы көмекші құралдар пайда бола бастады.
Үшінші кезең - дене тәрбиесі туралы ілімдік білімнің тасқынды түрде жиналуы. Қайта өрлеу кезеңінен XIX ғасырдың аяғына дейінгі аралықты қамтиды. Адам туралы, оны тәрбиелеу және үйрету, оны емдеу туралы ғылымның дамуы философтарды, педагогтарды, дәрігерлерді дене тәрбиесі мәселелеріне назар аударуға тартты. Дене тәрбиесінің атқаратын қызметі жөнінде педагогикалық, философиялық, дәрігерлік ой-пікірлер жинақтала бастады. Әрине, бұл ой-пікірлердің бұл кезде әлі жүйелі түрде жинақталмағандығын, өйткені олар жекелеген ғылымдардың (педагогиканың, философияның, медицинаның) ез ішінде ғана туындағанын байқауға болады. Жоғарыдағы аталған ғылымдардың өкілдері көптеген "өзіндік" мәселелерді адам өмірінде дене тәрбиесінің атқаратын қызметін есептемей шешу мүмкін еместігін түсінді. Қайта өрлеу дәуірінің өзінде-ақ педагог-гуманистер және социалист-утопистер дене тәрбиесіне тұтастай тәрбиенің міндетті бөлігі деп қараған. Мысалы, Швейцарияның демократ-педагогы И.Г.Песталоции (1746-1827) балалардың қозғалыс мүмкіншілігін дамытуға арнап, "Буын гимнастикасы" ілімін құрып, дене жаттығуларының жалпы педагогиканың талаптарына сай құрыла бастағанын атап көрсетеді. XVIII ғасырда анатомдар дене шынықтыру жаттығуларының биомеханикалық саласында ізденістер жасаған, ал XIX ғасырда дене тәрбиесі туралы жұмыстар көріне бастады.
Қоғам өміріндегі дене тәрбиесінің атқаратын қызметіне байланысты айқын баға беру үшін К.Маркс пен Ф.Энгельс еңбектері маңызды орын алды. Бірінші рет олар ғылыми түрде тәрбиенің тарихи және таптық сипатын дәлелдеді. Тәрбиенің мазмұнын ашып берумен қатар, дене тәрбиесінің орнын анықтады, адамды жан-жақты тәрбиелеу қағидаларының жүзеге асыру жолдарын көрсетті.
Сөйтіп, бұл кезеңде дене тәрбиесінің ілімдік негізі қаланды, XIX ғасырдың басынан бастап дене тәрбиесінің ілімі ғылыми білімнің жеке саласы есебінде қалыптаса бастады.
Төртінші кезең - біздің елімізде жеке ғылыми және оқу пәні есебінде дене тәрбиесінің ілімі мен әдістерінің құрылу кезеңі. Бұл кезең XIX ғасырдың аяғы мен Қазан революциясына дейінгі аралықты қамтиды және дене тәрбиесінің өзекті мәселелері жөнінде арнаулы ізденістердің тасқынды дамуымен сипатталады. Осы уақытта қоғамдық өмірдің көптеген салаларында дене тәрбиесі әсерінің ықпалы тигендігін аңғаруға болады.
Дене тәрбиесі саласындағы ғалымдар арасындағы ең көрнекті, жарқын бейнелі өкілдерінің бірі П.Ф.Лесгафт (1837-1909) болды. Оның тарихтан, анатомиядан, биологиядан, педагогикадан, антропологиядан, дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінен зерттеген еңбектерінің көпшілігі алға басушылық (прогрестік) бағытта болды, сондықтанда жеке ғылыми және оқу пәні есебінде дене тәрбиесінің қазіргі ілімі мен әдістемесінің негізіне енді.
Бесінші кезең - Кеңестік дәуірдегі дене тәрбиесі жайлы ғылымның қарқынмен даму кезеңі. Дене тәрбиесінің күрделі мәселелері кешенді түрде арнайы құрылған ғылыми және оқу саласы мекемелерімен, бұтіндей ғалымдар ұжымымен бірлесіп шешіле бастайды. Іс жүзіндегі бар материалдар ағыны, жаңа заңдылықтардың ашылуы, бұрын бөлінбеген бірегей ғылым дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесін түрлі жүйелерге бөлуге (дифференциацияға) алып келді. Дене шынықтыру мәдениетін ұйымдастыру, дене шынықтыру жаттығуларынын биомеханикасы және т.б. жаңа пәндер пайда болды. Дегенмен, жекелеген білім саласынын мұндай мамандандырылуы бірқатар шектес ғылымдардың мәліметтерін кең ауқымда пайдалануға мүмкіндік тудырды. Мысалы, балалардын спорттық мамандық мәселесі, бұл тек спорттық-педагогикалық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік, психологиялық және биологиялық та күрделі, шешімі қиын мәселе (проблема). Дене тәрбиесінің ілімі және әдістемесі курсында педагогикалық күрделі мәселелерді психология және физиология пәндері мәліметтерінсіз мазмұндау мүмкін емес. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі қатарлас ғылыми пәндермен тығыз байланыста. Кез келген ғылымды алсақ та, ол тек өз пәді саласының зерттеуі нәтижесімен шектелген жағдайда, толық қанды дами алмайды. Дене тәрбиесінің ілімі және әдістемесі бірнеше ғылыми Пәндердің түйісіндегі тұрған арнайы педагогикалық күрделі мәселелерді шешеді. Сонымен, философия дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесіне методологиялық негіз береді - ғалымдар әлеуметтік заңдардың дене тәрбиесі ауқымындағы әрекет қимыддарын әділ бағалауға мүмкіндік береді. Таным ілімі негізінде мамандар барынша алға заңды өрлейтін (прогрессивті) қозғалыстық қимыл әрекеттерінің әдістерін дайындады. Дене тәрбиесі жүйесін дұрыс бағалап, ғалымдар озық педагогикалық іс тәжірибелерді ендіріп, таратып шектес ғылыми пәндері ауқымындағы зерттеулердің нәтижелерін тиімді пайдаланып және өткен уақыт мұрасын, казіргі таңдағы шетелдің озық тәжірибелерін айқын бағалағаны дұрыс. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі жалпы педагогикамен тығыз байланыста, іс жүзінде оның жетістіктерін өскелең жас ұрпаққа терең білім, өскелең өмір талабына сай тәрбие беруде шығармашылықпен пайдалануда. Педагогикалық ғылымдарды өзара байланысы халық тәрбиесінің бүтіндей бірегей міндеттеріне жатады. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі жалпы психология, жас ерекшелігі психологиясы және дене тәрбиесінің психологиясының зерттеу нәтижелерін пайдаланады. Әсіресе, ол барлық спорттық-педагогикалық пәндермен ерекше тығыз байланыста. Жекелеген спортгық-педагогикалық пәндер бұрын бөлінбеген бүтін, бірегей дене тәрбиесінің ілімі және әдістемесі пәнінен бөлініп, жеке ғылым болды. Бірақ олар одан әрі де бір-бірімен тығыз байланыста болады. Бұл жеке ғылыми пәндер дене тәрбиесінің ілімі және әдістемесі дайындаған жалпы ережелерді басшылыққа алады, ал олардың зерттеулері нәтижесінде ашқан нақтылы жаңалықтары жаңа дүние (материал) болып, жалпы ғылымға ендіріледі. Дене тәрбиесінде алғашқы кездегі кең ауқымдағы барлық педагогикалық қызметті қамтитын зерттеу және окыту пәнінен біртіндеп жеке заңдылықтар шығарылып, олар арнайы ғылыми пән болды. Бұлар гимнастика, жеңіл атлетика т.б. туралы ғылымдар. Алайда осы жеке спорт жаттығулары түрлерінің ішінде ғана әрекет жасамай, осы жеке белек түрлерінің бәріне кіретін барынша жалпы заңдылықтар ясеке ғылыми саланың пәні бола алмайды. Осы жалпы заңдылыктарды талқылап, өндеу осы заманғы дене тәрбиесі мен әдістемесінің негізін құрайды. Оның биология ғылымдарымен байланысы шұғылданушылардың ағзаларында дене тәрбиесі құралдарының әсерінен болатын өзгерістерді оқып, үйренуден туындаған қажеттілік.
Пәннің оқытылу сипат ерекшелігі үйренушінің ағзасына әсерін ғана анықтауға мүмкіндік туғызбайды, сонымен бірге жалпы жеке түлғаларға толығымен тән. Тек анатомиялық, физиологиялық және биохимиялық заңдылықтарды есептеп дене тәрбиесі жүйесін күшті әсермен дұрыс басқаруға болады. Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі ғылымы басқа ғылымдармен бір жақты емес, өзара байланысты. Дене тәрбиесі жайлы ғылымның дамуы шектес (көршілес) ғылымдарға әсер етпей тұра алмайды. Мысалы, спортшы ілімі мен іс-тәжірибесі (практикасы) психологтар мен физиологтардың нәрестелер мен ересек адамдардың ағзаларының потенциалды мүмкіндіктері жайлы ұсыныстарына айтарлықтай түзетулер енгізді.
Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінде басты орынды дидактикалық мәселелер алады. Бұларға: дене тәрбиесі құралдары, қозғалыс-қимыл әрекеттеріне үйрету принциптері мен әдістері, қозғалыс-қимыл қабілеттерінің сапасын дамыту, оқытып үйрету жүйесінің құрылымы, сабақты ұйымдастыру түрлері, есепке алу және жоспарлау, сонымен бірге тұрғылықты халықтардың әр түрлі жастағы жас ерекшеліктеріне қарай дене тәрбиесінің әдістемелік ерекшеліктері жатады.
Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі ғылыми оқу пәні ретінде екі бөлімнен тұрады: дене тәрбиесініц ілімі және дене тәрбиесінің әдістемесі. Дене тәрбиесінің әдістемесі дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бөліктеріндегі жалпы және кәсіптік дене шынықтыру дайындығы және спорттық дайындық әдістемесінен тұрады. Дене тәрбиесінің кез келген саласында жоғарыда көрсетілген бағыттардың бірін ұстауға мүмкіндік туғызылған.
Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны. Кез келген пәннің оқытылуы мен үйретілуі ол туралы ұғымда ашылады. Ғылымда бұл ұғым адамның санасындағы қайсыбір құбылыстардың сипаттық белгілерінің және байланыстарының бейнеленуі, осы құбылыстар туралы осы заманғы білімдердің жинақтығы ретінде қаралады. ұғым егер анықтама, яғни басқа ұғымнан айырмаланатын қысқаша түсінік алатын шамада, оны табу, пайдалану және құру жолдары болған жағдайда аяқталған және толық бола алады. Қайсы бір ғылыми оқу пәні болмасын өзіне тән түсінікті аппараты, түсінікті ұғымы, сол ғылымның сипат белгісін анықтайтын негізгі заңдылықтары, оқып, үйренетін дүниесі т.б. болады. Кез келген ғылыми пәннің пісіп жетілген белгісі оның ұғымының толық талқыланып, өнделгендігінде және орнықтылығында. Жаңа қозғалушы күштердің пайда болуы, ескі ұғымның түр өзгерісіне ұшырап және жаңа ұғымдардың пайда болуына әкеледі. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінің негізгі ұғымдары болып мыналар саналады: "дене мәдениеті", "дене тәрбиесі", "спорт". Бұлардың арасындағы өзара байланыстар мен айырмашылықтарды ұғу үшін мына кескіндемеге назар аударайық (1-сурет).
1-сурет.
Негізгі ұғымдардың арақатынасы
Суретте барынша жалпы ұғым "дене мәдениеті" болып табылады. Ал "дене тәрбиесі" оның үш педагогикалық бағыттағы қызмет аясының бөлімдеріне кіреді (жалпы дене дайындығы, кәсіптік қолданбалы дене дайындығы және спорттық дайындық). Спорт дене мәдениетінің бөлімі, ал педагогикалық, яғни спорттық дайындығы жағынан дене тәрбиесінің бір бөлігі ретінде көрінеді. "Дене мәдениеті" деген ұғым жалпы мәдениеттің жеке бір бөлігі. Тұжырымдап айтқанда дене мәдениеті жалпы халық мәдениетінің құрамдас бір бөлігі болып, қоғамның материалдық, рухани құндылығының жиынтығын құрап, ол адамдардың дене шынықтыру жүйесін жетілдіру үшін құрылып және оларға қызмет етуі тиіс.
Материалдық байланысқа әр түрлі сабақ өткізілетін ғимараттар, арнайы құрал-жабдықтар мен қондырғылар, қаржыландыру, адамдардың денешынықтыру даярлығын жетілдіру деңгейі (олардың спорттағы жетістіктерін қоса) жатады; рухани байлыққа - әлеуметтік-саяси, арнайы ғылыми және іс тәжірибе жетістіктері жатады. Бұл бағалы дүниелердің құрылуы және үздіксіз дамуы қоғамның экономикалық және саяси жағдайына тәуелді. Барлық материалдық және рухани құндылықтар тек дене мәдениеті ауқымында қоғамның қызметінің нәтижесі жайлы пікір айтуға жәрдемдесетін тек мәдениет дәстүрлерін ғана құрамайды, сонымен бірге олардың пайдаланылуына жағдай жасайды, атап айтқанда, одан әрі толықтырады. Құндылық қорына ғылым мен іс-тәжірибенің нәтижесінде жұмсалған дүниенің барлығы кіре бермейді, тек шын мәнінде денені шынықтыруды жетілдіруге қызмет ететіндері ғана енеді. Материалдық және рухани байлық (құндылық) адамдардың өндірістік, қоғамдық, ғылыми және педагогикалық қызметіндегі өз ортасында жүзеге асады. Бұл құнды дүние тұрмыстық жағдайларда дене шыныктыру жаттығуларымен шұғылдану түрінде және педагогикалық оқу-жаттығу сабақтары барысында, сол сияқты баспасөз, теле-радио хабарда және т.б. адамдарды денелерін шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануға үгіттеу, насихаттау және сендіру арқылы жүргізіледі. Мектептегі дене тәрбиесі сабағы балаларды денелерін шынықтыру арқылы өмірге дайындау үшін қоғамның құрған материалдық және рухани құндылықтарының жиынтығы болып саналады. Балалардың денелерін шынықтыру дайындығының құнды байлығы тек халыққа білім беру саласы қызметкерлерінің мектеп көлеміндегі пайдаланатын деңгейінде ғана емес, бүтіндей жалпы қоғаммен даярланады. Дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі дене тәрбиесі деп аталады. Тәрбие дегеніміз адамдардың мәдени қызметінің аясы, оларға мәдениет жетістіктерін беру, игеру және жетілдіру түрлері болып саналады. Дене тәрбиесі адамның дене бұлшық еттерін жетілдірудің педагогикалық жүйесі. Қозғала білуді, дағдыларды, арнайы білімді, қимыл-козғалыс қабілеттерін, сапаларын дамыту және ағзаның құрылысы мен түрлерінің қызметін жетілдіру үшін дене тәрбиесі жүйесінде жан-жақты өңделіп дайындалған табиғаттың жаратылыс күштерімен және гигиеналық қозғаушы күштермен үндескен дене шынықтыру жаттығуларының жүйесі қолданылады. Дене тәрбиесінің міндеті әрбір адам өзінің мүмкіндігі жететін дене мәдениетінің мазмұнын игеруінен тұрады. Сонымен, адам дене тәрбиесі арқылы дене мәдениетінің жетістіктерін өзінің жеке игілігіне айналдырады (денсаулығын жақсартады, дене бұлшық еттерін дамытады, спорттық шеберлігін жетілдіреді). Балалардың дене тәрбиесі сәбидің дені сау болып, онын дене мүшелерінің жақсы жетілуіне мүмкіндік туғызуды мақсат етеді. Мектепте дене тәрбиесі мақсатты бағыттағы педагогикалық жүйе ретінде сабақта, спорт үйірмелерінде т.б. іске асады. Оқушылардың дене тәрбиесі мектеп жасындағы балаларға мектепте және одан тыс кезде әр түрлі жұмыс түрлерін алдын ала жоспарлы түрде ескеріп қамтылған.
Мектептегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың принциптері туралы. Спорт материалдық және рухани құндылықтың жиынтығы ретінде қоғамда адамдардың ойындық дене әрекеттері үшін жүйелі, арнайы бағытталып, құрылып және пайдаланылатын ағзаларының құрылысының түрлері қызметінің және психологиялық қарқынды дайындығының, оған жалғасатын барынша толык қабілеттерін спорттық жарыс жолымен алдын - ала анықтайтын қозғалыс әрекетінде көрсететін дене мәдениетінің табиғи бөлігі болып саналады. Яғни спорт қоғамның мүддесіне қызмет ететін қызмет саласы. Ол өзінің қызметі аясында тәрбиелік, дайындық және қарым-қатынастық (коммуникативтік) қызметтің шешімін табады, бірақ ол адамның барлығының тұрақты, арнайы кәсіби мамандығы (кәсібі) бола бермейді. Спорт - өнеркәсіптен тыс қызмет, яғни оның өнеркәсіппен тікелей материалдық игілік арқылы байланысы жоқ, бірақ оку-тәрбие жүйесінің заңдылықтарына бағынышты. Балалар спортында бұл екі мәселенің белгілері де былай түсіндіріледі: спорт оқушылардың мемлекеттік жоспар мен бағдарламаға сәйкес жалпы білім беретін мектептердегі оқу пәні ретінде сабақтан, сыныптан және мектептен тыс -уақытта барынша ерікті түрде іске асырылатын жұмыс түрі. Спорт үзіліссіз, қарқынды дайындықсыз нәтиже бермейді. Жалпы дене шынықтыру дайындығы базасында спорттық мамандық түрінің сипаты анықталып іске асырылады. Балалар спортында бұл белгі толығымен және үлкен қызығушылықпен, нақтылы, ашық, барынша кең және ұзақ мерзімге шешімін табады. Адам спортпен шұғылдануға кіріскенде барынша толық дене күштерінің мүмкіндіктерін және рухани қабілеттерін тар шектелген және алдын ала анықталған қозғалыс әрекеті шеңберінде керсетуге дайындалады. Бұл мәселенің сипат белгісі балалар спортына да тән немесе барынша толық қатысты, бірақ оның деңгейі олардың жеке мүмкіндіктеріне байланысты. Олардың өз мүмкіндіктерін барынша толық көрсетуі өз заңдылықтарымен жалғасатын жарыс үлгісі арқылы салыстырмалы түрде көрінеді (ережесі, спорттық жіктелуі, марапатталуы, мадақталуы, көрнекілігі және т.б.), турасын айтқанда тек жарыста спорттың мақсаты, мұратты қызметі шешімін табады. Бұл заңдылық балалар спортында да анықтаушы принцип болып қалады, тек жарыстардың сыртқы бейнесі ғана өзгеріп, ал өздерінің күштерін салыстырмалы түрде сынауға ұмтылу рухы сабақталады. Жоғарыда атап көрсетілген спорттағы бұл заңдылықтардың (белгілер) әрқилы деңгейде спорттық ойындарда, гимнастикада және туризмде кездесуі мүмкін. Мысалы, бар мамандық түрлері кейбір ойындарға, спорттық гимнастикаға кіріп, оларды өз алдына жеке спорт түріне айналдырады. Солай бола тұрса да спорттың өзінде ойын қасиеттері, белгілері болғандықтан, ойын әдістемесі кең ауқымда қолданылады.
Балалар спорты. Спортты толығымен сипаттайтын барлық белгілер балалар спортында өз көрінісін табады. Оны баланың оқудан тыс уақыттағы әр түрлі әрекетінде арнайы дайындық және жарыстарға қатысудағы жас ерекшеліктерін есепке алып, алдын ала қозғалыс әрекеттерін анықтағандай қабілеттерін тиімді етіп көрсету болып табылады. Балалар спортының ауқымы жас ерекшелігімен анықталады: арнайы дайындыққа рұқсат етілген сәттен жалпы білім беретін мектепті бітіргенше.
Жасөспірімдер спорты. Бұл ұғымға барынша тар, шектелген ауқымда мазмұн берілген. Оның жас ерекшелігі шекарасы тек бір жасөспірім-бозбала жасы тобы. Бұл сөз ұғымы (термин) спортта қыздардың қатысатындығын назарға салады.
Мектеп спорты. Жас ерекшелігіне қарай балалар спортына ұқсайды. Олардың айырмасы балалар спортын мектеп және мектептен тыс мекемелер, ал мектеп спортын тек мектеп ұжымы ұйымдастырады. Дене мәдениетіндегі сияқты спорттық қызмет ауқымы жағынан дене тәрбиесі болып саналады. Спорттағы дене тәрбиесінің сипат ерекшелігі денені жан-жақты жетілдірудің педагогикалық жүйесін мамандандырып, спорттық дайындық негіздері деп аталуынан тұрады. N1 кескіндемеде көрсетілгендей, спорт дене мәдениетіне кіреді және барлық қоғам мәдениетінің игілігі болып саналады, ал спорттық дайындық дене тәрбиесінің арнайы бір бөлігі жәнен еліміздің болашақ ұрпағының жан-жақты тәрбие жүйесінің мүддесіне кызмет етеді.
Қоғамның тәрбие ықпалы өрісінде келешектегі көп жылдарға және тәрбиенің жалпы нәтижесін жақсартуға бағытталған басты мақсаты түбірімен қоғамдық қажеттіліктен туындаған жәйт. Дене тәрбиесінің ілімін, әдетте дене мәдениеті заңдылықтарын оқытатын ғылым деп санайды. Бірақ бұл анықтама бір сарынды, таптаурын болып мәнін жойған, бізді дене тәрбиесінің сипат ерекшелігі белгілеріне бағыттайды. Дене тәрбиесінің бағытты сипат ерекшелігі "адамның денесін тәрбиелеу немесе дене арқылы адамды тәрбиелеу" болып саналады.
"Дене мәдениетіне тәрбиелеуде" дене тәрбиесінің сипат ерекшелігі мақсаттан туындайды, ал "денені шынықтыру арқылы адамды тәрбиелеу" дене тәрбиесінің құралдарынан тұрады. Бірақ адамның мақсаты тек өз дұрыстығын жақтайтын болғандықтан айнымалы, ал құралы - дене шынықтыру жаттығулары - керісінше анық, дұрыс және дене мәдениеті жетістіктерінің негізгі қорына кіреді.
Дене шынықтыру жаттығулары дене тәрбиесінің сипат ерекшелігінің материалдық қолдаушысы болып, оның міндетті мәселелерді шешудегі мақсаттары мен мүмкіндіктерінің дұрыстығын анықтаушы күші болады. Ал бұл бізді дене тәрбиесі ілімі пәні туралы мәселені шешу үшін дене шынықтыру жаттығуларының сипат ерекшелігіне және мәніне сүйенуге амалсыз мәжбүр етеді. Дене шынықтыру жаттығулары тұрғысында дене тәрбиесінің ілімдік негіздерін дамытудағы негізгі методологиялық (жеке ғылымдардың әдістері туралы ғылым) бағытты бірінші рет белгілі кеңес ғалымы А.Д.Новиков (1949ж.) белгіледі. Ол метафизикалық, яғни дене шынықтыру жаттығуларын тек биологиялық тұрғыда субъективті көзқараспен адамның рухани күйіне, ішкі сезіміне (психика) басымдылықпен әсер ету құралы және оны толығымен адамға ықпал (әсер) ету құралы және әдісі ретінде, оның психофизикалық табиғатын және әлеуметтік мәнін зерттеуді ұсынды. Адамның дүниетаным айырмашылығында және дене шыныктыру жаттығуларының пайда болуы көзқарасында: идеалистік бағыттағы және субъективті идеалистік бағыттағы зерттеулер жануарлар ойынынан шыққан, ал дінге сенетін (табынатын) идеалистердің негізгілері, диалектикалық және тарихи материализм өкілдері "еңбектен шыққан", деп тұжырымдайды.
Дене шынықтыру жаттығулары барлық тіршілік дүниесіне (табиғатқа) тән өзінің қарапайым түрімен ағза мен оның қозғалысы арасындағы іс жүзіндегі олардың қайталау кезіндегі өздеріне тән олардың өзара жүйелі өзгеруі болып табылады. Дене тәрбиесі ілімінің материалдық дүниесі – дене шынықтыру жаттығулары, пәндік ауқымы және қолданылу өрісі - дене тәрбиесі, пәндік заңдылықтары - адамды қоғамның игілігі, еңбекке дайындау және іс қабілеттерін қалыптастыру мақсатында белсенді қимыл әрекеттерінің шарттары мен түрлерін қолдану болып табылады.
Дене тәрбиесі негіздерінің ілімдік тұрғыдан дамуына қоғамдық өндірістің, ғылымның тұтас дамуы және дене тәрбиесінің іс-тәжірибесі себепші болды. Қоғамдық өндірістің қажеттілігі ғылыми білімнің әлеуметтік даму бағыттарын анықтайды, іс-тәжірибе оның ақиқаттық өлшемі болып табылады және қажетті тәжірибелік материалдарды пайдалануға береді, ғылыми дүние тану бағытының жиынтығымен, жаратылыстану-ғылымдық білімімен, ғылыми зерттеу құралдары және әдістерімен құралдандырады. Іс жүзіндегі қажеттілік пен ғылымның даму деңгейі арасындағы үйлеспеушілік дене тәрбиесінің ілімдік негіздеріндегі алға басушылықтың (прогресс) басты тетігі қызметін атқарады.
Дене тәрбиесі ілімінің педагогика ғылымдарының жүйесіндегі орнын, олардың жалпы псдагогикамен байланыстарын дәл түсіндіріп көрсету керек. Сонымен бірге бұл пәннің басқа педагогикалық ғылымның пәндерінен айырмашылығын анықтап алу керек. Дене тәрбиесі үлкен дәрежеде елеулі мәдени құндылыққа айналады, яғни ол жеке тұлғаның барлық өміріне оның жоғары белсенділігіне ықпал жасайды, ынталандырады. Адамдардың еңбектен, сабақтан тыс бос уақыттары көп болған сайын дене тәрбиесі белсенді демалыс, денсаулықты нығайту, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің дамуында маңызды қызмет атқарады. Дене тәрбиесінің мақсаты жалпы міндеттерді шешуде ашылады және айқындалады. Ал міндеттер негізгі бағыттар мен шоғырландырылған бағдарламалардың мақсатын шешуге жұмылдырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |