Бақылау сұрақтары 1.Дене тәрбиесінің түрлері мен әдістемелік қызметтері.
2. «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің» негізгі түсініктері.
3. Дене шынықтыру қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
№ 3. Лекция сабағының тақырыбы.Дене шынықтырудың жүйесі.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге дене тәрбиесінің негізгі жүйелері және оның негізгі бағыттарын оқытып үйрету
Жоспары: 1. Дене тәрбиесінің жүйесі жайлы түсінік.
2. Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері мен айқындаушы белгілері.
3. Бағдарламалық мазмұны, нормативтік және әдіcнамалық негіздері.
4. Ұйымдастыру түрлері мен қызмет ету шарттары.
Лекция мәтіні: Біздің елімізде дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны идеологияльқ, ғылыми-әдістемелік, бағдарламалық-мөлшерлік және ұйымдастыру негіздерінде ашылады. Дене тәрбиесі жүйесінің идеологиялық негіздеріне дене шынықтыру мәдениетінің ілімдік негіздері жатады. Қоғамдық идеологияның бір түрі болғандықтан, дене тәрбиесі қоғамның басты әлеуметтік институттары - ғылым, мәдениет, экономика және саясат тарапынан ықпал жасауды талап етеді. Ал өзінің даму барысында оларға басқа жағынан ықпал жасайды, ал басты нәтиже – дене шынықтыру мәдениетімен шұғылдануға барынша кең көлемде жастарды қызықтырып отыру, олардың денсаулық деңгейін көтеру және денесін дамыту болып табылады. Бұл ықпал етудің мәні: дене жаттығуларымен шұғылдану барысында адамдар өздерінің дене және рухани сапаларын жетілдіру мүмкіндігіне көзі жетеді, ол соңғы нәтижені шындыққа айналдырады. Дене тәрбиесінің жүйесі берік ғылыми-әдістемелік негізге құрылады. Оның әрбір ілімдік ережелерінде, іс тәжірибе ұсыныстарында қатаң ғылыми дәйектеме бар. Дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасу, даму және қызмет ету заңдылықтарын мына төмендегі қоғамдық, психо-педагогикалық және медико-биологиялық ғылымдар кешені, яғни тарих, дене шынықтыру мәдениетін басқару және ұйымдастыру, спорттық әлеуметтану, спорт тазалығы, спорттық медицина, дене тәрбиесінің физиологиясы мен исихологиясы, жекелеген спорттық-педагогикалық пәндер және т.б. зерттейді. Бұлардың арасында салалық кәсіби мамандық дене шынықтыру мәдениетінің ілімі және әдістемесі дене тәрбиесі туралы ғылымның методологиялық және ілімдік қызметін атқарады. Кеңестік дене тәрбиесі жүйесінің басты даму нәтижелерінің бірі оның бағдарламалық-мөлшерлік негізін жасауы, яғни онда жас ерекшелігіне қарай дамуына адамдардың дене дайындығының негізгі талаптары белгіленген.
Егеменді еліміздің өскелең өмір талабы деңгейіндегі Президенттік сынақ талаптары шарттарын тапсыру, Қазақстан Республикасы дене тәрбиесі жүйесінің негізгі өлшемдік талаптарына жатады.
Президенттік тест сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін мектептердің 5-9-11 сыныптарында, кәсіптік-техникалық мектептердің, лицейлердің, колледждердің және жоғары оқу орындарының соңғы курсының алдыңғысында өткізіледі.
Бағдарламалық-мөлшерлік талаптар жүйесін бірегей спорттық дәреже алу қорытындылайды. Оның негізгі міндетті бағыты шұғылданушылардың спорттық дайындығын талапқа сәйкес бағалау, ал сипаттық ерекшелігі Президент тесті сынағымен берік байланыс.
Дене тәрбиесі жүйесінің ұйымдастыру негізін жалпы халықтық дене тәрбиесін іске асыратын және бақылайтын негізгі екі басқару түрі құрайды: мемлекеттік және қоғамдық (өздерінің күшімен).
Ұйымдастыру мен басқарудың Мемлекеттік түрі мемлекеттік органдармен және мекемелермен бірегей бағдарлама негізінде іске асырылады. Бұл мемлекеттік жүйе барлық жастағы балаларды және студент жастарды тәрбиелеп, үйретуге, әскер қатарында қызмет ететін жастардың дене дайындығын қамтамасыз етуге, кәсіпорындар мен ауылшаруашылық және мәдени-ағарту мекемелерінде, көпшілік дене шынықтыру мәдениеті жұмыстарында, денсаулық сақтау мекемелерінде емдеу, аурудан сақтандыру шараларын өткізуге бағытталған.
Дене тәрбиесін іске асыру және басқарудың мемлекеттік жүйесінің негізгі бөлімдері мыналар болып табылады:
-ҚР Білім және ғылым министрлігі саласында: балалар бақшалары, жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттар, педагогикалық орта оқу орындары, арнайы орта және жоғары оқу орындары;
-ҚР Қорғаныс министрлігі бойынша: әскери бөлімдер мен бөлімшелер, әскери училищелер, институттар, университеттер мен академиялар;
-ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бойынша: емдеу мекемелері, емханалар, поликлиникалар, дәрігерлік дене мәдениеті диспансерлері, медициналық орталық және жоғары оқу орындары;
-ҚР Мәдениет министрлігі бойынша: клубтар, мәдениет үйлері мен сарайлары, мәдениет және демалыс орындары және оқу орындары;
-Басқа да салалық министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, ведомстволық мекемелер, кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу және оқу институттары.
Мектепке дейінгі мекемелерде және оқу орындарының барлық түрлерінде дене тәрбиесі міндетті түрде, қатаң жоспармен және жүйелілікпен типтік оқу жоспары мен бағдарламаларына сәйкес, дене тәрбиесі пәнінің штаттағы қызметкерлері белгіленген, материалдық-техникалық және қаржы көздерімен қамтамасыз етілген жағдайда іске асырылып, жүргізіледі.
Қоғамдық негізде, өз күштерімен ұйымдастырып, басқару Қазақстан Республикасында тұратын адамдардың барлық жастардағы контингентін қоғамдық негізде, өз күштерімен бастамашылдық негізде бұқаралық сипатта дене тәрбиесіне қамтып, тартуға бағытталған.
Мемлекеттік және қоғамдық негізде, өз күшімен ұйымдастырып, басқару түрлері бір-бірімен үйлестікте, кедергісіз қызмет атқарады.
Республика бойынша дене шынықтыру мәдениеті жүйесі Мемлекеттік басқару мен басшылық істері спорт және туризм агенттігіне жүктелген. Ал жергілікті жерлерде оған облыстық, қалалық және аудандық спорт және туризм департаменттері басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан жасалып отырған қамқорлықтың нәтижесінде біздің елімізде дене тәрбиесі жүйесі үздіксіз жетілдірілуде.
Оның дәлеліне 24 маусым 1996 жылғы N74 санды "Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президентгік сынамалары туралы", 2 желтоқсан 1999 жылғы N490-1, "Дене шынықтыру мәдениеті және спорт" туралы Қазақстан Республикасының заңы және оған 04.07.2003 жылғы N471 санды қаулымен ендірілген өзгерістер, Қазақстан Республикасының Спорт және туризм жөніндегі агенттігі (29.05.2003 ж. N35) мен Білім және ғылым министрлігінің (30.05.2003ж. N06-2-2/12) біріктірілген "Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру туралы" бұйрықтары, сол сияқты 2001 жылғы 12 наурыз күнгі N570 санды "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы, дене тәрбиесі мәселелерімен шұғылданатын білім беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдары үшін орындалуы міндетті шара болып саналады.