Лекция тезистері шымкент 2022


Дауыссыз дыбыстардың жасалу орнына қарай жiктелуi



бет2/9
Дата19.05.2023
өлшемі326,5 Kb.
#94740
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дауыссыз дыбыстардың жасалу орнына қарай жiктелуi
Қазақ тiлiндегi дауыссыздар жасалу орнына қарай мынадай топтарға бөлiнедi:
1.Ерiн немесе лабиал дауыссыздар. Ерiн дауыссыздары астыңғы ерiннiң үстiңгi ерiнге немесе үстiңгi тiске тиюiнен жасалады. Лабиал дауыссыздар өз iшiнде екi топқа бөлiнедi: а) астыңғы ерiннiң жоғарғы ерiнмен жуысуынан ерiн-ерiндiк немесе билабиал дауыссыздар жасалады. Мысалы, б, п, м.
ә) астыңғы ерiннiң үстiңгi тiспен жуысуынан ерiндiк-тiс немесе лабиоденталь дауыссыздар жасалады. Мысалы, ф, в.
2.Тiл алды дауыссыздар. Тiл алды дауыссыздардың жасалуында тiлдiң алдыңғы бөлiгi қызмет атқарады. Тiл алды дауыссыздар өз iшiнде екi топқа бөлiнедi: а) тiс дауыссыздары немесе денталь дауыссыздар: т, д, с, з, н, л; ә) тiл ұшы немесе альвиоляр дауыссыздар: ч, ш, р, ж.
3.Тiл ортасы дауыссыздары. Тiл ортасы дауыссыздары тiлдiң орта шенiнiң үстiңгi жағынан қатты таңдайға жуысуынан жасалады. Бұған й және к, г дыбыстары жатады.
4.Тiл арты дауыссыздары тiлдiң артқы шенiнiң жұмсақ таңдайға жуықтасуынан жасалады. Оларға - қ, ғ, ң дыбыстары жатады
5.Көмей (форингаль) дауыссызы. Дауыссыздың бұл түрi жұтқыншақ қуысында тiлдiң артқы шенiнiң кейiн шегiну және жұтқыншақ қуысының таралуынан жасалады. Көмей дауыссызына һ дыбысы жатады.
Тiл бiлiмiнде дауыссыз дыбыстар жүйесi консонантизм деп те аталады
Сонымен фонетиканың зерттейтiндерi - тiлдiң барлық жағдайларында және қызметiнде көрiнетiн дыбыстардың құрамдары мен тәсiлдерi және тiлдiң дыбысталу түрi мен жазба түрiнiң арасындағы байланыстар.

8 лекция


Тақырыбы: Дауыссыздар үн мен салдырдың қатысына қарай:
а) үнділер тобына .ә) үнсіздер тобына бөлінетіндігі, үнділер тобындағылар жасалу жолына қарай ауыз, мұрын жолды болатындығы, акустикасына қарай ашық үнді, міңгір үнді болатыны. Үнсіздер тобындағылар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң болып бөлінетіндігі.
Пайдалынатын әдебиеттер:
1.А.Байтұрсынов. Тіл құралы. А., 1999
2. 3.С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999.
4. А.Байтұрсынов. Қазақ тілінің дыбыстары. А.1989
5.Исаев. Қазіргі қазақ тілі.(фонетика) А.,1987
Қазіргі қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар. Ал орыс тілінде мұның саны-37. Олай болатын себебі орыс тілінде дауыссыздардың жуан және жіңішке болып келуінде фонематикалық қасиет бар және олардың дауыстыларға ықпалы күшті болады. Алайда бұл фонематикалық қасиет орыс тілінен қазақ тіліне енген сөздерде байқалмайды, сондықтан олар бас-басына (жуан-жіңішке) фонема бола алмайды.
Қазақ тілінде бұрын болмаған орыс тілінен енген дауыссыздар бесеу. Олар: в, ф, х, ц, ч.
Дауыссыз фонемалар артикуляция акустикалық ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді.
1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай дауыссыздар үшке бөлінеді
а) Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бiрақ салдырдан үн басым болатын дыбыстарды үнді дауыссыздар дейміз. Олар: м, н, ң, р, л, й
ә) Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Олар мыналар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, ч, х, ц.
б) Ұяң дауыссыздар в, б, г, д, ж, з
Ұяңдар мен қатаңдар үнсіздер деп аталады. Бұлардың бір-бірінен айырмасы дауыстың және салдырдың қатысу дәрежесіне байланысты. Сонда үнділерде дауыс (тон) басым да салдыр аз, ұяңдарда керісінше салдыр басым да дауыс аз болады. Ал қатаң дауысыздар тек салдырдан жасалады. Оларға дауыс қатыспайды. Дауыссыздарға дауыстың қатысу дәрежесін білудің маңызы зор. Осыны білгенде ғана бала-ға, ат-қа қосымша неге ғ, қ түрінде жалғанады, ақ ешкі, қара қой айтуда неге ағешкі, қарағой болып кетеді дейтін сұрақтарға нақты жауап беруге болады.
2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай да үш топқа бөлуге болды.
А) Шұғыл (эксплозив) дауыссыздар:п,б,т,д,к,г,қ,ц,ч,м,н,ң
ә) Ызың дауыссыздар (фрикатив) дауыссыздар ф,в,с,з,ш,ж,х,ғ,һ,л,й,у
б) Діріл дауыссыз – р
Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерге келетін болсақ, олардыжеке-жеке талдауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет