Лекция тезистері шымкент 2022



бет4/9
Дата19.05.2023
өлшемі326,5 Kb.
#94740
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазақ т. фонетика. Лекц. комплекс 1

ІІ.Үндiлер
М- өзге дыбыстардың ықпалынан өзгерiске түспейдi.
Н -өзiнен кейiнгi көршi п, б, м ерiндiктердiң әсерiнен м: Жампейiс (Жанпейiс) болып айтылады.
Л- сөздiң барлық позициясында ұшырайды және өзгерiске түспейдi: лай, лазым, бала.
Р- сөздiң ортасында да, соңында да жиi кездеседi: арық, ырыс. Сөздiң басында өзге тiлден енген сөзде кездеседi.
Қазiргi қазақ тiлiнде й-дан басталатын сөз жоқ. Тек орыс тiлiнен келген йод, йогта т.б. кездеседi.
У-да дәл солай сөз басында кездеспейдi, буын құрай алмайды, дауыссыздардын соң тұрмайды.
Қорыта айтқанда, тiлiмiздегi дыбыстардың өзiндiк қолданылу ерекшелiктерi бар. Және олар әртүрлi болып келедi. Бұл ерекшелiктердi бiлу және дұрыс қолдану бiздi дұрыс жазуға (сауатты), қатесiз сөйлеуге үйретедi.

9 лекция


Тақырыбы. Дауыссыздардың айтылуы:
а) қатаң-ұяң болып және ә) тіл ұшының қызметіне байланысты жуан-жіңішке болып сыңар түзуі, б) қазақтың төл сөзіндегі дауыссыз дыбыстардың бірде жуан, бірде жіңішке айтылуының фонетикалық мәнінің жоқтығы (тек аллофон болтыны); халықаралық сөздердегі дауыссыздардың жуан-жіңішке айтылуы жаңа ұғымды сөз жасайтындығы (фонетикалық қызмет атқаратындығы). Халықаралық сөздердің жазылуына жуан, жіңіш ке дауыссыздардың таңбалану тәсілі. Дауыссыздар сөз ішінде қолданылуы(сөз шегін дыбыстар тіркесін талғамайтын және талғампаз дауыссыздар.
Пайдалынатын әдебиеттер:
1.Бейсенбаева.К.А. Қазiргi қазақ тiлiнiң фонетикасы.(көмекшi құрал) А., 1975ж 2.С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999.
4. А.Байтұрсынов. Қазақ тілінің дыбыстары. А.1989
5.Исаев. Қазіргі қазақ тілі.(фонетика) А.,1987
Дауысты дыбыстарға қарағанда дауыссыз дыбыстар әлқайда көп. Фонетиканың бас оқулығы «Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар» деп топтастырғанда бұларға Щ әрпін қосады. Ол созылыңқы Ш әрпінің таңбасы, транскрицияда оны Ш түрінде таңбалайтыны айтылады. Қазақ тіліндегі Щ әрпі тек ащы,тұщы, кеще сөздерінде айтылатыны белгілі. Дұрысы қазақ тілінде қос ш түбір мен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында жиі кездеседі. Ашшы, кешші, ішші, ұшшы т.б. Ал, аталған үш сөздің Щ мен жазылатыны, түбір мен қосымшаның ажырамайтындығынан болса керек.
Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар – консонантизмдер сан және сапа жағынан әбден зерттеліп, айқындалып, бірізге түскен жоқ.Қазақ тілі менторыс тіліне ортақ дауыссыздар – он бес. Қазақ тілінде бар орыс тілінде жоқ дауыссыздар – бесеу: ғ, қ, ң, у, һ. Қазақ тілінде бұрын болмаған орыс тілінен енген дауыссыздар да бесеу: в, ф, х, ц,ч.
1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады)қатысына қарай дауыссыздар үшке бөлінеді
а) Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бiрақ салдырдан үн басым болатын дыбыстарды үнді дауыссыздар дейміз. Олар: м, н, ң, р, л, й
ә) Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Олар мыналар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, ч, х, ц.
б) Ұяң дауыссыздар в, б, г, д, ж, з
Ұяңдар мен қатаңдар үнсіздер деп аталады. Бұлардың бір-бірінен айырмасы дауыстың және салдырдың қатысу дәрежесіне байланысты. Сонда үнділерде дауыс (тон) басым да салдыр аз, ұяңдарда керісінше салдыр басым да дауыс аз болады. Ал қатаң дауысыздар тек салдырдан жасалады. Оларға дауыс қатыспайды. Дауыссыздарға дауыстың қатысу дәрежесін білудің маңызы зор. Осыны білгенде ғана бала-ға, ат-қа қосымша неге ғ,қ түрінде жалғанады, ақ ешкі, қара қой айтуда неге ағешкі, қарағой болып кетеді дейтін сұрақтарға нақты жауап беруге болады

10 лекция


Тақырыбы: Буын (Силлабизм).
Буын, оның дауысты дыбыстың буын ішінде алып тұрған орнына қарай бөлінетін буын құрайтын дауыстының акустикасына (жуан, жіңішке көтеріңкі, бәсең, айқын, күң- гірт т.б.) қарай бөлінетін түрлері. Қазақтың төл сөздерінің буын жөніндегі ерекшеліктері. Сөздерді буынға бөлудің жолдары және қажеттілігі. Сөз ішіндегі дыбыстардың орнала-
суына қарай буынның бөлінетін түрлері. Сөздердің буын жігі мен морфемалық жігі; бұларды ажырата білудің практикалық маңызы. Буынның бір түрінің екінші түріне ауысуы (буын жылысуы,буын ығысуы т.б.) оның себеп тері. Буын жігінің ауызекі тілде бөлінуі мен жазуда бөлінуінің кейде сәйкес келетіні, кейде сәйкес келмейтіні, оның себептері.
Пайдаланылатын әдебиеттер :
1.А.Байтұрсынов. Тіл құралы. А., 1999
2.С.Аманжолов. Қазақ тілі теориясының негіздері. А., 2002.
3.С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999.
4. А.Байтұрсынов. Қазақ тілінің дыбыстары. А.1989
5.Исаев. Қазіргі қазақ тілі.(фонетика) А.,1987
Сөздің буын құрамы жайында әңгімелегенде, назар аударарлық жағдай – буындардың фонетикалық сипаты. Буынның тұрақталған тарихи фонетикалық сипатына қарап, сөздің байырғы түбірін сөздің негіз құрамынан ажыратуға болады.
Алтай тілдерінде, оның ішінде түркі тілдерінде, буынның негізгі екі түрі кездеседі:
1.Ашық буын
2.Бітеу буын.
Бұдан басқа , тек түркі тілдерінде ғана кездесетін буын түрі де бар.
Алтай тілдерінде, соның ішінде түркі тілдерінде сөздің буын құрамы қандай фонетикалық сипатта болды? дейтін мәселе жөнінде әзір бір тоқтамға келу қиын. Алтай тілдері жайлы әдебиеттерде бұл мәселеге екі түрлі көзқарас бар. Екі көзқарас өкілдері де өз дәлелдерін, өз байламдарын ұсынады. Бұлардын әр қайсысына жеке-жеке тоқталған мақұл. Н. А. Баскаковтың айтуынша, осындай буындардан құралған сөздердің ішінде ең байырғысы бітеу буын түрі де, қалғандарының бәрі осы түрдің әр түрлі модификациясы. Бұл ретте қазіргі түркі тілдерінің құрамында сақталып қалған кейбір сөздердің ескі формалары және көне дәуірде қолданылған жазу түрлерінің бәрі де сөздің фонетикалық сипатын түгелдей бере алмағандығы еске алынады. Айталық, қазіргі түркі тілдерінін бірсыпырасында су, кейбірінде суғ түбірі кездеседі. Сол сияқты, йу, жу, йуғ, сы, сын, сырын т. б. Сонда осы көрсетілген сөздердің қай варианты ескі? Әрине, дауыссызға дауыссыз болғанда да тарихи «әлсіз» деп есептелетін дауыссыздарға біткен варианттарын ескі деп қарауға тура келеді. Олай болса, көне түркі тілі ескерткіштерінің кейбірінде кездесетін ды, су, бі (қазақ — бие), йу тәрізді дауыстыға біткен екі дыбысты түбірлерді жаңарған (әртүрлі фонетикалық өзгеріске ұшыраған) түрі деп қарау әлдеқайда дәлелді болмақ.
О баста «әлсіз» дауыссызға біткен түбірлердің соңғы дауыссыз дыбысы не алдыңғы дауыстыға үласып созылыңқы дауысты құраған немесе түгелдей жойылып кеткен. Ал, созылыңқы дауыстылар кеп тілдерде әдеттегі дауыстыға айналған, немесе жойылып кеткен. Осыдан барып дауыссыз-дауысты дыбыстар-дан ғана құралған түбірлер пайда болған деп қарауға әбден бо-лады.
Бұл теорияны ұсынушылар де, те, же, йе тәрізді етістіктер де о баста й дауыссызына біткен деп есептейді. Яғни ле/те етістігінің алғашқы түрі тей, же етістігінің алғашқы тұлғасы жей. Олар ұйғыр, ноғай тілдерінде осы етістіктерден жасалатын қимыл есім формалары дейін, жейін түрінде, қазіргі түркі тілдерінде айтылатын есімдік Махмуд Қашқари сөздігінде нен сол сияқты бірсыпыра түркі тілдерінде бу түрінде айтылатын есімдік кейбір тілдерде (қазақ, қарақалпақ) бұл түрінде қолданылатынын да дәлел ретінде келтіреді.
Сонымен, түркі сөзі ең алғашқыда үш дыбысты түбірден (дауыссыз — дауысты — дауыссыз) жасалған деп қарайтын көз-қарасты ұсынушылар екі дыбысты (дауыссыз — дауысты) түбірлердің кене түркі ескерткіштерінде кездесуін соңғы «әлсіз» дауыссыздардың (р, л, н. ғ) алдыңғы дауыстымен ұласуынан, сөйтіп, созылыңқы дауыстының тууынан (кейбір тілдерде олар қысқа дауыстыларға айналған), немесе сол дауыссыздың түгелдей түсіп қалуынан пайда болған деп есептейді. Мұндай түбірлер (дауыссыз — дауысты — дауыссыз) басқы дауыссызы түсіп қалуы да кездеседі. Мысалы: оңтүстік тілдердегі ол, бол. Кейде байырғы буынға (түбірге) сөз жасаушы элементтердің қосылуы арқылы да буьш күрделенеді. мысалы, айт, қайт (соңғы т.), оларды айқай, қайыр сөздерімен салыстырғанда алдыңғы түбірдегі т дыбысының жоқтығын көруге болады. Н. А. Баскаков ұсынған пікір көп ыңғайда кене түркі тілдерінің материалдарымен де деңгейлесіп қалады. Батмановтың зерттеуінше, Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде дауысты — дауыссыз түрімен қатар дауыссыз — дауысты — дауыссыз сипатты түбірлер бар да, бүлардың ішінде соңғы түрі өте кеп кездеседі1.
Түркологияда, сонымен бірге, дауыссыз — дауысты буыннан тұратын сөздер ескі болуы керек дейтін де болжам бар. Мұндай болжам авторлары мынадай фактілерге сүйенеді: қо+(й), қо-}-(зы), қо+шақан), кө + з—(двойств. число) т. б. Сондай-ақ, ба (байлау), су (әскер) тәрізді кене түркі материалдарын да осы-ған жатқызуға болады.
Қөне түркі түбірі екі дыбысты ашық буыннан түрған деп есептейтіндердің бірі поляк ғалымы Қотвич орыс тілінде «Исследование по алтайским языкам» деген атпен басылған зерттеуінде қазіргі алтай тілдеріндегі (тұнғыс — манжур, түркі, монғол) түбірдің фонетикалық құрамын салыстыра келіп, тұнғыс тілдерінде екі дыбысты ашық буыннан тұратын түбірлердің көптігін, ал түркі мен монғол тілдерінде екі дыбысты ашық буыннан және үш дыбысты бітеу буыннан құралатын түбірдердің ара салмағы шамалас екенін айтады. Бұдан ашық буынды түбірлер қалайда байырғы болуы керек дейтін қорытынды шығады, Олай болса, екі дауыссызға бітетін бітеу буыннан тұратын түбірлердің пайда болуын қалайша түсіндіруге болар еді?— дейтін заңды сүрақ туады. Екі дыбысты ашық буынды түбір теориясын жасаушы-лар, оның ішінде Котвич, монғол мен түркі тілдері материалда-рын тұнғұс-манжур тілдерімен салыстыра отырып, содғыларда мұндай сипатты түбірлердің бүтіндей кездеспейтіндігін айтады. Олай болса түркі тілдері мен монғол тілдерінде бір фонетикалық сипатта, бір мағынада қолданылатын қырық — қырға, шаш — сачу (етістік) тәрізді параллельдердің бірінде екі буынды, бірін-де бір буынды болуын қалай деп қарауға болар еді? Қотвичтің айтуынша, түбірдің мұыдай сипаты алтай тілдеріне жат еді, сон-дықтан қалайда бүдан құтылуға тырысты. (Мүмкін тұнғыс тіл-дерінің езгешелігі осының салдары болар). Сол себептен және екі дауыссыздың қосарлануынан құтылу үшін түркі-монғол тілдері қатар айтылған екі дауыссыздың арасына дауысты қойып айтуға, немесе ең соңына дауысты дыбыс қосып айтуға тырысты. Қазіргі тілдердің фактілеріне қарағанда, монғол тілдері соңғы тәсілді пайдаланғанда, түркі тілдері алдыңғы тәсілді қолданған.

11 лекция


Тақырыбы: Дауыс ырғағы (Интонация)
Дауыс ырғағы және кідіріс туралы жалпы түсінік. Адам сөйлеп тұрғанда, айтылған пікір дің тыңдаушыға түсінікті болу үшін, мәнерлеп оқу үшін дауыс ырғағы мен кідірістің маңызы зор екендігі: дауысм ырғағы арқылы сөйлемдегі сөздердің жеке айтымай, бір ғана мағыналық топқа жинақталып, үздіксіз ұласа айтылатындығы. Кідіріс арқылы жеке мағыналы сөздер немесе мағына жағынан жинақталып ұласқан сөз таптарының басқа сөздерден бөлініп үздік-үздік жіктеліп айтылатындығы. Ауа толқыны арқылы топталған фонетикалық бөлік тер: сөйлеудің кідірістік, буындық жіктері (фраза, такт немесе ситагмалар). Паузадан кейінгі күшті бас буын, паузаның алдындағы күшті соңғы буын. Дауыс ырғағының граммтикалық мағыналарды білдірудегі суперсегменттік қызметі. Дауыс ырғағының түрлері: сөз тіркестері, біріңғай мүшелер, айқындауыш мүшелер: төл сөз бен автор сөздері сияқты түрлі категориялардың немесе хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің әртүрлі (біркелкі, тұтас, санама- лы, көтеріңкі, бәсең, кідірісті с.с.т.б.) дауыс ырғақтары.
Пайдалынатын әдебиеттер.
1.К.Аханов Тіл білімінің негіздері. А., 2002
2.Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999
3.Т.Қордабаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. А., 1991.
4.С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999.
Қазақ тілінде бунақтардың жұбын жазбай, араларында қатар келген дыбыстарды үндестіріп, бір ырғақ, екпінмен айтудың маңызы зор. Олай болмаған жағдайда сөздердің байланыс реті бұзылады., тіл табиғи жарасымынан айырылады.
Мәселен, бір бунаққа енетін мынадай тіркестердің басқы сөзін бөліп айтып көрелік:
Тас бауыр болды тас бауұрболдұ
Тас жүрек еді тас жүрөгеді
Тас кенені көрді тас кененігөрді
Тау ешкіге жолықты тау ешкіге жолұқтұ және т.б.
Бұдан қалыпты ырғақ, екпіннен айырылған тіркестердің мағынасыздыққа ұшырайтынын аңғару қиын емес.
Айтылар ойдың айқын, түсінікті, көңілге қонымды құлаққа жағымды болуы көбіне бунақ екпінінің дұрыс қойылуына тікелей байланыста болса, екінші жағынан бұлардың (ырғақ,екпін) өзі айтылар ойға мағынаға тәуелді екенін ескеру керек.
Мәселен сөз құрамы бірдей мына тіркестерді екі түрлі ырғақпен айтып, екі түрлі түсінуге болады.
Қазақ тілінсүйеді қазақ тілін сүйеді
Қазағ жерін сағынады қазақ жерін сағынады
Малғорадатұр мал қорада тұр
әдемалмажеді әдемі алма жеді және т.б.
Бұдан шығатын қорытынды: бунақтар лексикаға, грамматикаға, әсіресе фонетикаға тікелей қатысы бар маңызды тілдік фактор ретінде қаралуы тиіс. Мұны білмейінше, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстардың үндесуі туралы айтуы мүмкін емес.
Қара сөздегі және өлеңдегі бунақтың ұқсастығымен қатар, ерекшеліктері де бар. Өлең сөйлемдерінде сөз ырғақтарының үстіне өлең ырғақтары қосылады. Өлең ырғағы жорға жүрісінің тайпалуы; теңселуі сияқты екпінді өңді ырғақ болады. Оның үстіне қара сөзде бір бунақ құрайтын қалыпты тіркестер өлеңде көрші бунақтарға бөлініп те кетіп жатады. Мәселен: Тастан түлкі табылар, аңдығанға. Өлеңге тән инверсияны айтпағанда, қалыпты тіркес түлкі табылар екі бунаққа ажырап тұрғанын аңғару қиын емес.

12 лекция.


Тақырыбы: Екпін (Актентуация)
Екпін, оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні (эмфазалық екпін), сөз екпіні (словесное ударение) және олардың бір-бірінен айырмасы.Сөз екпіні оның
түрлері: үнді (тоникалық музыкалық), лебізді (динамикалық,экспира
торлық. Лебізді екпіннің күшті,бәсең лебізді болып бөлінетіні: тіркес екпіні (фразалық неме-се комплексті); көмекші (квантитатив) екпін. Қазақтың төл сөздері мен халықаралық сөздердегі негізгі және квантатив сөз екпіндері. Лебізді сөз екпінінің тиянақты, тиянақсыз тұрақты, тұрақсыз түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің екпіні көбінесе тиянақты (соңғы буынға түсетіні). көбінесе тұрақты (омоним тұлғалы сөздерден басқалары) болып келетіні. Екпінді сөздердегі сөз екпінінің атқаратын лексика- грамматикалық қызметтері. Қазақ тілі сөздерінің екпінді қабылдамайтын элементтері
Пайдалынатын әдебиеттер.
1.Исаев. Қазіргі қазақ тілі.(фонетика) А.,1987
2.Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999
3.Т.Қордабаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. А., 1991.
4.С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999.
Сөз құрамындағы буындардың айтылуы біркелкі бола бермейді. Ол буын басқаға қарағанда айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады. Мұны екпін түскен буын дейміз. Екпін түскен буын басқа буындардан негізінен мынадай тәсілдерімен ажыратылады.
1) Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.
Динамикалық екпін фоноциялық ауаның қарқыны буынның күшімен байланысты болады. Да басқа буындардың ішінде бір буынның айрықша көтеріңкі айтылуына негізделеді. Екпіннің бұл түріне ие тілдер мыналар: славян тілдері (украин, орыс, белорус т.б), түркі тілдері (әжірбайжан, башқұрт,қазақ,қарақалпақ ж.т.б.) герман тілдері (ағылшын, неміс ).
Тіл тарихында динамикалық екпіннің музыкалды екпінді ығыстырып шығарып тастауы кездеседі. Мысалы, көне грек тіді музыкалды екпінге ие болса, жаңа грек тілінің екпіні-динамикалық екпін.
2. Басқа буындардың ішінде бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиіленуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкалды екпін деп аталады.
3. Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстының созылыңқылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантивті екпіндеп аталады.
Екпіні жалжымалы тілдерде екпіннің грамматикалық та семантикалық қызмет атқаруы мүмкін.Бірде екпін сөздің семантикалық жігін ажыратса,бірде грамматикалық жігін ажыратып тұрады.Мысалы орыс тіліндегі мука-азап, мука - ұн және т.б.
Логикалық екпін. Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп ерекшеленеді айтылатыны сияқты кейде сөйлем бір сөзге түсіп айрықша назар аударылып, айтылатыны бар. Сөйлемдегі айрықша назар аударылып айтылатын сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады.Мұндай екпінлогикалық екпін деп аталады.
Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, логикалық екпін баяндауыштың алдындағы сөзде болады. Мысалы, Болат қаладан кеше келді деген сөйлемде логикалық екпін кеше деген сөзде болса, Болат кеше қаладан келді деген сөйлемде –қаладан деген сөзде тұрып логикалық екпін түскен сөз баяндауышқа жақындап, тікелей соның алдында тұруға ұмтылады.
Сөйлемнің айтылу сазына қарай логикалық екпіннің орны да өзгеруі мүмкін. Мысалы, лепті сөйлемдерде баяндауыш сөйлемнің басында қолданылып, оған айрықша назар аударылады да логикалық екпін сол баяндауыш болған сөзге түседі. Мысалы, Жасасын, Наурыз мерекесі.
Жазба тілде логикалық екпіннің қай сөзге түсіп тұрғаны контекстен, оның мазмұнынан аңғарылады. Ауызекі сөйлеуде логикалық екпін сөйлеушінің қай сөзге айрықша назар аударуды қажет санап тұрғанын аңғартып ажыратуға мүмкіндік береді.

13-14 лекция


Тақырыбы: Дыбыстардың өзгерістері.
Дыбыс өзгерістерінің басты түрлері: игерулі (комбинаторлық). Шектік (позициялық),
игерусіз (спонтанды).
Игерулі өзгерістердегі бір дыбыстың екінші дыбысқа тигізетін іргелес, алшақ, ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдар. Дыбыстардың игерулі өзгерістердің сөз ішінде қолданылатын орындары. Игерулі өзгерістер дің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері:
1) ассимиляция оның түрлері; дауыстылардың ассимляциясы немесе үндесуі, езулі немесе таңдай (платальды) аттракция мен ерінді (лабиальды) аттракциялар. Дауыссыздардың қиюласуы. Ассимляция мен сингоманизм ортақ жатары мен айырмашылығы
2) аккомодация дауыстының ( дауыссызға немесе дауыссыздың дауыстыға әсері); метатеза (сөз ішіндегі дыбыстардың орнын ауыстырып айтылуы), 4) диссимляция (ұқсатпай өзгерту; 5) орынбасар дыбыспен алмастыру;
6) айтуда дауыссыздарды үнемдеу, түсіріп тастау. Бұлардың кездесетін орындары.
Шектік (позициялық) өзгерістер, олардың игерілуі өзгерістерден айырмасы. Шектік өзге -рістердің басты түрлері: үстеліп айтылатын сапалық дыбыстар протеза, эпентеза, (эпитеза); дауыстының әлсіреуі (редукция),оның сандық, сапалық,элизиялық, гаплолгия лық түрлері: ұяң дауыссыздар дың сөз соңында кідірістің алдын да тұрып қатаңдануы.
Игерусіз (спонтандық) өзгерістер. Игерусіз өзгерістер дің өзіндік ерекшеліктері (олардың игерулі өзгерістерден айырмасы, тарихи дәстүрмен байланыстылығы
Пайдалынатын әдебиеттер:
1.С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999.
2.Қордабаев Т.Қазақ тіл білімі қалыптасу, даму жолдары А.,1987
3.Байтұрсынов А .Тіл – құрал . А.,1991
4.Жұбанов Қ .Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер .А .,1966
5.Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы .А.,1987
Диэреза көп жағдайда асимиляцияға негiзделедi. Мысалы, орыс тiлiндегi т.д шұғыл дауыссыздары екi созылыққы дауыссыздық арасында немесе стк, здк дыбыс тiркестерiнiқ арасынан ығыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет