Диэреза ассимиляциянық негiзiнде де болуы мүмкiн. Мысалы, орыс тiлiнде чт, чн дыбыс тiркестерi сөйлеуде шт, шн түрде айтылады.
Эпентеза екi дыбыстың аралығынан қосалқы дыбыстың келiп кiруi зпентеза құбылысы деп аталады. Мысалы, метр, литр деген сөздер қазақша метiр, литiр түрiнде айтылады.
Протеза бұл эпентезаның бiр түрi болып саналады. Эпентеза бойынша дыбыс сөздiң ортасына қосылатын болса протеза бойынша дыбыс сөздiң алдынан қосылады. Мысалы, орыс тiлiндегi шкаф, стакан, стол деген сөздер қазақша дыбысталуында шкап, стақан, стөл түрiнде айтылады. (мысалы, ылай, ылақ, ылайық, ылас, ырай, ыразы).
Эпитеза. Протеза бойынша дыбыс сөздiң соңынан қосылады. Мысалы, өзбек тiлiнде орыс тiлiнен енген киоск, танк, пропуск, диск деген сөздер киоска, танка, пропуска, диска түрiнде айтылады және жазылады. Ал қазақ тiлiнде орыс тiлiнен енген бұл сөздердiң жазылуы сақталғанмен, олар айтылуда көбiнесе, киоскi, танкi, пропускi, дискi түрiнде айтылып, оларға қосымшалар дауыссыздан басталып жалғанады (мысалы: киоскiден, танкiге, пропускiнi, дискiнiң).
Апокопа. Тiл-тiлде кейбiр сөздердiң соңындағы дыбыстардың түсiп қалу құбылысы кездеседi. Бұл құбылыс апокопа деп аталады. Апокопа құбылысына ұшырайтындар көбiнесе кiрме сөздердiң соңындағы элементтер. Мысалы, иран тiлдерiнен енген тахт деген сөздiң соңғы дауыссыз дыбысы түсiп қалып, қазақ тiлiнде тақ түрiнде айтылады. Араб тiлiнiң бахт сөзi қазақ тiлiнде бақыт түрiнде қолданылуымен бiрге, соңғы дыбысы түсiрiлiп, бақ түрiнде айтылады. Қазақ тiлiнде дос, бәс түрiнде айтылатын сөздер иран тiлдерiнен енген. Бұлардың иран тiлдерiндегi дыбысталуының соқындағы т дыбысы қазақ тiлiнде айтылмайды. Сонымен, апокопа сөз соңындағы дыбыстардың қысқартылып ықшамдалуы дегендi бiлдiредi.
Метатеза.Сөз құрамындағы дыбыстардың орны ауысуы метатеза деп аталады. Метатезаға түркi тiлдерiнен көптеген мысалдар келтiруге болады. Өзбекше дераза, татарша терэза, қазақша терезе түрiнде айтылатын сөз башқұрт тiлiнде тәзрә түрiнде айтылады.
Өпке /анатомиялық атау/ деген сөздiң құрамындағы п мен к дыбысының орны көптеген түркi тiлдерiнде ауысып айтылады. Мысалы,
алтай тiлiнде өкпе - қырғыз тiлiнде өпке;
ноғай тiлiнде өкпе – өзбек тiлiнде ұпке;
қазақ тiлiнде өкпе - құмық тiлiнде өпге;
Зерттеушiлер метатеза құбылысы түркi тiлдерiнiң iшiнде әсiресе тува тiлiнде жиi ұшырасады деп есептейдi. Түркi тiлдерiндегi метатеза құбылысына көбiрек көңiл бөлiп, жете қарастырған ғалым академик В.В. Радлов дыбыс тiркестерiнiң орын алмастыруының мынандай түрлерiн көрсетедi: 1) пк, бг дыбыстарының тiркестерiнiң орнына кп, гб дыбыстарының тiркесi қолданылады. Мысалы, өпке дегеннiң орнына өкпе, әпкел дегеннiң орнына әпкел қолданылады.
2) алтай, хақас, тува т.б. шығыс түркi тiлдерiнде емле дыбыстары тiркесiнiқ орнына мг, қм, қб дыбыстарының тiркесi, мысалы, иағмыр, жағбыр дегеннiң орнына иағмыр, даңмыр, жаңбыр түрi қолданылады. Қазақ тiлiнде қақпан деудiң орнына қақапан деп айту немесе тепкi деудiң орнына текпi, түпкiр деудiң орнына түкпiр деп айту да осы метатеза құбылысының нәтижесi.
Түркi тiлдерiндегi әр түрлi дыбысталатын жаңбыр деген сөздiң құрамында айтылуға тиiстi ғм/ғб/қм дыбыстарының тiркесiнiң орнына бiрсыпыра түркi тiлдерiнде мғ дыбыстарының тiркесi айтылады. Сөз құрамындағы немесе сөздердің аралығында бірі
екіншісіне көршілес келген дыбыстардың бірі
екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі ассимиляция деп
аталады. Ассимиляция деген термин латынның «ұқсау
деген мағынаны беретін деген сөзінен шыққан. Ассимиляция морфемалардың жігінде көрші келген дыбыстардың (дауыссыздардың) акустика-артикуляциялық жоқтан бір-біріне ұқсап бейімделуіне негізделген. Тілімізде дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалы үшке бөліп қарастырылады:
Прогресивті ассимиляция.
Регрессивті ассимиляция.
Тоғыспалы ықпал.
Ілгерінді ықпал немесе прогрессивті ассимиоияция тіліміздің табиғатын танытатын өте күшті негізгі заң екені белгілі. Бүл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың дауыссыз дыбысына ықпал етіп, өзіне ұқсатып бағындыруы жүзеге асырылады. Мұнда қосымшаның алғашқы дыбысы өзінің алдында тұрған түбірдің соңғы дыбысына бағындырылады. Прогрессивті ассимиляция мынадай жерлерде кездеседі:
1. Үнді дауыссыздарға немесе дауыстыға аяқталатын сөздер өзінен кейінгі қосымшаның тек үяң немесе үнді дыбыстан басталуын талап етеді. Мысалы: жол-дың, жол-ға, же-де, жер-ді, жер-ден, жер-мен, ана-ны, ана-ға, т.б.
Алайда қатаң дауыссыздардың ішінде с мен ш бүл заңға көнбейді: жол-сыз, жол-шы, жер-сіз, жер-шіл. Өзгелік етістіктің т жүрнағы да л, н, р, й, үнділеріне аяқталған етістіктерге жалғана алады: сарғай-т, жөнел-т, ойлан-т, ағар-т. Ал осы дауыссыздарға біткен сөздердің кейінгі сөз қ, к, қатандарынан басталатын болса, бүл дыбыстар өзінен бұрынғы сөздедің соңындағы үнді дыбыстылардың прогрессивті ықпалына үшырап, ұяңданып кетеді: малғора (мал қора), кітабымғайда (кітабым қайда), таңғалды (таң қалды), айғарады (ай қарады), тауғайда (тау қайда), т.б.
Регрессивті ассимиляция, оның кездесетін орындары.
Бір сөз көлемінде бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа артикуляциялық жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивті ассимиляция дейміз.
Регрессивті ассимиляция немесе кейінді ықпал да прогрессивті ассимиляция сияқты бір сөз көлемінде де, сөздер аралығында да кездесе береді.
Регрессивті ассимиляция мынадай жерлерде жиі үшырасады:
Дауыстыдан басталған қосымшаның ықпалынан сөз алдындағы қ, к, п, қатаң дауыссыздары өздері жұптас үяң дауыссыздарымен алмасады (қ г ғ, к г г, п г б) тарақ+ы-тарағы, жүрек+і-жүрегі, қап+ы-қабп, т.б.
Мұндай жағдай екі сөз аралығында к, к, п қатаңдарының үяңдануы жүреді: үй-қонақ үй, керек еді-керег еді, қап алды-қабалды, көк өгіз- көг өгіз, т.б. Осы екі сөз аралығында кезең жазуда елейнбейді. Ескерту: Қазақ (п) бала дегендегі п жүрнағы негізгі сөздің соңғы қатаң қ дыбысын үяңдата алмайды. Сонымен қатар оның бөркі,сенің көркің, орфографияның принципі дегендегі тәуелдік жалғауы к, п, дыбыстарын үяңдатып түрған жоқ. Сөздің мағынасы мен грамматикалиқ түлғасын айқын аңғарту қажет болғандықтан, осындағықатаң дауыссыздар ұяңдай алмайды деп қорытынды жасауға болатын сияқты.
Қосымша басталатын дауыстының ықпалынан түбір сөз алдындағы п қатаңы у сонорымен алмасады. Мысалы:тап+ып-та-уып, шап+ып-шауып, теп+пі-теуіп, т.б.т
3)Түбірдің соңғы н дыбысы б, п, дыбыстарының алдынан келсе, н дыбысы айтылуда өзгеріп, м дыбысына айналады, ал жазуда бүл ескерілмейді. Мысалы: Сен+бе-сенбе, Құрманбек-Құрмамбек, т.б.
Билабиаль б ұясынан басталған қосымшаның ықпалынан сөз аяғындағы тіл алды н соноры айтылуда билабаль м сонорымен алмасады: сөн-беді-сөмбеді, жанбады-жамбады, қанбады-қамбады.
Мұндай жағдай екі сқз аралығында да болады. Он бір-ом бір, он бес-ом бес, т.б. Бірақ жазудамүны елемейміз.