Лекция тезистері шымкент 2022



бет6/9
Дата19.05.2023
өлшемі326,5 Kb.
#94740
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазақ т. фонетика. Лекц. комплекс 1

Ғ, г, қ, к, дауыссздарының ьасталған қосымшаларының ықпалынан сөз аяғындағы н соноры айтылуда тіл арты ң сонорвмен алмасады: нан-ға-наңға, сөн-ген-сөңген, түн-
гі-түңгі, көн-гіш-көңгіш, т.б.

  1. Ш дыбысынан басталатын қосымшаның әсерінен түбір сөздің аяғындағы с, з, ызыңдары ш ызыңымен алмасып айтылады. Мысалы: колхоз-шы-колхошшы, бас-шы-
    башшы, қос-шы-қошшы, т.б. Бірақ жазуда бұл ескерілмейді.

  1. С қатаңынан басталатын қосымшаның ықпалынан түбір сқз аяғындағы з үяңы айтылуда с қатаңымен алмасып айтылады: жаз-са-жасса, сез-сін-сессін, жүз-сін-жүссін,
    т.б. Бұл қүбылыс жазужа ескерілмейді.

  1. Кей жағдайларда алғашқы сөздің аяғындағы з үяң дуыссызы екінші сөздің алғашқы ж дыбысының әсеріненж болып алмасып айтылады: боз жүгері-бож жүгері, Боз-жігіт-Божжігіт, т.б.

  1. Алғашқы сөздің соңғы дыбысы қ, к, п, дыбыстарының бірі болып, одан кейінгі сөздің бастапқы дыбысы үяң немесе үнді дауысты дыбыс болса, онда бүл үш қатаң
    дауыссыз да үяңданып айтылады. Мысалы: көк дөнен- көгдөнөн, ақ ешкі-ағешкі, кқп жер-көбжер, керек екен,-керегекен.

Регрессивтік ассимиляция қырғыз тілінің маманы И. А. Батманов ол тілдегі көне заң ескіліктің қалдығы деп түсінеді. (Фонетическая система современного киргизского языка. М. 1946, стр-70). Бүл пікір-назар аударуды керек ететін пікір. I. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаевтың айтуынша «Қазақ тілінің фактісі ассимиляцияның қай түрі болса да өзінің генезисі жағынан тілде терезесі тең құбылыс екенін анықтайды. Белгілі-бір құбылыстың өзге құбылыстан азырақ кездесуін үнемі көнеленудің белгісі деп түсінуге болмайды.
Ассимиляцияның регрессивті түрі әсіресе үнді европа тобывдағы тілдерде көбірек орын алады. Ғалымдар, үнді европа тілдерінің қамдасып түркі тілдеріне қондыра салу керек деген пікірден аулақ бола отырып, қазақ және өзге түркі тілдерінде ассимиляцияның бір тарауы дамымалы деу үшін тарихи дәлелдер қажет екенін айтады. Мәселенің бүл жағы әлі де байсалды зерттеуді керек ететіні даусыз.

15 лекция


Тақырыбы: Графика және орфография
Графика (жазу) Қазіргі алфавит тің құрамы. Қазақ алфавитіндегі әріптер мен фонемалар- дың арақатынасы.
Орфография (емле). Қазақ орфографиясы туралы қысқаша мәлімет: араб әліппесі, латын әліппесі тұсындағы емле, қазіргі емле. Қазіргі кезеңдегі орфографияның негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи, дәстүрлі) принциптері; ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптер дің, түбір тұлғалардың жазылуы; күрделі сөз түрлерінің (біріктіріп ,бөлек , сызықша арқылы жазыла тын) жазылуы; халықаралық сөздердің жазылуы, қосымшалардың түрлері (алты,төрт,үш,екі вариантты және вариан- ты жоқ) олардың емле ережесіне қатысы. Орфоэпия. Орфоэпия туралы қысқаша мәлі- мет.Орфография мен орфоэпия мәселелерінің ара қатынасы. Фонетикалық транскрипция. Қазақ орфографиясының нормалары.
Пайдалынатын әдебиеттер:
1.Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы А., 1975
2.Кеңесбаев І., Мұсабаев І. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика) А., 1962,1993
3.Дүйсебаева М .Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері .А.,1973
5.Нетаева Қ.Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі .А.,1977
Графика дегеннен белгілі бір тілдегі фонемаларды және олардың тіркесін белгілеу тәсілдерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Л.В. Щербак графиканы «алфавиттің ережелері (қағидалары)» деп те атайды.
Графика белгілі бір қағидаларға негізделеді. Графиканың ең басты мәселелерінің бірі-тілдің алфавитіндегі әріптердің құрамы туралы мәселе. Графикалық қағида бойынша, әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбаланбай, олардың әрқайсысының өзіне телінген таңбасы (әріп) болуы керек. Екінші сөзбен айтқанда, белгілі бір әріп бірнеше фонеманың таңбасы емес, бір фонеманың таңбасы болсын деген қағидаға негізделеді. Бұл қағида графиканың ең басты қағидаларының бірі болып саналады. Ал, егер әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбалана берсе, онда сауат ашу, оқыту ісі, емлені үйрену қиындай түсер еді. Алайда бүл айтылғаннан белгілі бір тілдегі фонемалардың саны мен әріптердің саны өз ара тепе-тең болуы шарт деген ұғым тұрмауға тиіс. Графиканың транскрипциядан айырмашылығы сол, ол (графика) тілдің дыбыстық құрамын дәлме-дәл және түгел қамтып көрсетуді мақсат етпейді.
Сөз құрамында айтылатын тіл дыбыстарының жазба тілде қағаз бетіне түсіп жазылуы және соған орай оқылуы үшін олардың белгілі бір таңбаларымен белгіленуі шарт. Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңбалармөн әріптермен таңбаланады.
Графика (грек graphire-жазылған, өрнектелген, сызылған) –жазу және соған қатысты мәселелерді қарастырады, яғни белгілі бір жазуға қатысты барлық амалдың жиынтығы, әріппен дыбыстық арақатысы, сол әріп, таңбаларды жетілдірудің жайы. Қазіргі қазақ графикасының басты құралдары әріптер және түрлі тыныс белгілері болып табылады. Бұдан басқа сөздерді Қысқарту , бас әріппен жазу, жаңа жолдан (абзацтан) бастау, текстегі кейбір сөздерді айшықтандыру да графиканың амалына жатады.
Ал академик Л. В. Щерба графиканы "алфиттің ережелері (қотдалары)" деп аталады. Жазуда әріптер тіл дыбыстарын неәуірлім дәл беретін болса, графикалық жүйе де соғұрлым жетілген болып табылады. Жеке әріп жеке дыбысқа сәйкес келетіндей немесе жеке дыбысты жеке әріппен дәл беретіндей мінез графика жоқ деп есептеледі, графика соған ұмтылады.
Графика белгілі бір қағидаларға негіделеді. Графиканың ең басты мәселелерінің бірі- тілдің алфавитіндегі әріптердің құрамы туралы мәселе. Графикалық қағида бойынша, әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбаланбай, олардың әрқайсысының өзіне телінбеген таңбасы (әріп) болуы керек. Екінші сөзбен айтқанда, графика бөлгілі бір әріп бірнеше фонеманың таңбасы емес, бір фонеманың таңбасы болсын деген қағида негізделеді. Бұл қағида графиканың ең басты қағидалардың бірі болып саналады. Ал егер әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбалана берсе, онда сауат ашу, оқыту ісі, емлені үйрену қиындай түсер еді. Алайда бұл айтылғаннан белгілі бір тілдегі фонемалардың саны мен әріптердің саны мен әріптердің саны өзара тепе-тең болуы шарт деген ұғым тумауға тиіс.
Графиканың транскрипциядан айырмашылығы сол, ол тілдің дыбыстық қүрамын дәлмедәл және түгел қамтып көрсетуді мақсат етпейді. Алфавиттегі әріптер тронскрипциялық таңбалар емес, ол (әріп) басқа әріптермен түрлі-түрлі қарым-қатынаста бола отырып, әр түрлі фонемаларды таңбалауы мүмкін. Мысалы, орыс тілінде жуан дауыссыз дыбыстар жіңішке дауыссыз дыбыс қосымша таңба - жіңішкелік белгісі (ь) арқылы ажыратылады. Орыс тілінде 35 дауыссыз фонема бар. Ал егер әрбір фонема өз алдына бөлек әріппен таңбаланған болса, онда орыс тілінің қазіргі алфавитінің құрамында бар әріптердің үстіне палаталь дауыссыздарды белгілейтін тағы да 15 әріп қосылған болар еді. Мұның өзі орыс алфавитінен құрамындағы әріптердің санын жасанды түрде ұлғайту болар еді. Орыс графикасына бір ғана жіңішкелік белгіні және дауысты дыбысты белгілейтін төрт әріпті жіңішке дауыссыздан кейін келген е, о, и, а, фонемаларын белгілейтін е, е, ю, я, әріптері) енгізу арқылы палаталь дыбыстар таңбаланып , соның нәтижесінде орыс алфавиті ықшам да қолайлы алфавиті бола алды. Әдетте, алфавит өзінің құрамындағы әріптердің молдығымен емес, ықшамдылығыменұтымды болады. Бірақ алфавиттегі әріптердің саны ықшам, жинақы боламын дегенге сүйеніп, кез келген әр түрлі фонемаларды бір ғана әріппен таңбалай беруге болмайды. Бұлай ету жазуды да оқуды да күрделендіріп ауырлата түседі.
К. Аханов «Тіл білімінің нөгіздері» оқулығында жақсы айтылған. Жазу (жазба тіл)- адамдардың кеңістік жәнө уақытқа тәуелді болиай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал.
Графика деген түсінік әдетте фонематикалық (дыбыс-әріп) жазуға байланысты қолданылады. Мүндай жазба алфавит, графика және орфография сияқты ұғымдар орайласып жатады.
Белгілі тәртіппен рет-реттерімен орналасқан әріптердің жзиыттығы алфавит деп аталады.
Қазір әлемде 3 түрлі жазу жүйесі кең тараған: латын, кирилица және араб жазулары. Алайда бул жазулар дыбыс пен әріптің, әріп және дыбыстың сәйкестігін қамтамасыз ететіндей мінсіз графикалар емес. Ағылшын тілінде 46 фонема бар. Ал оны беру үшін алфавитінде 26 таңба және әр түрлі 118 графема пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет