Морфологиялық принцип пен иеорглиф принципі. Морфологиялық принцип бойынша жазу сөздердің айтылуына емес, түбір тұлғасын сақтауға негізделеді. Көптеген тілдерде сөздерде сөз тудырушы аффикстер мен сөз түрлендіруші аффикстер жалғанғанда, екі сөз бірігіп немесе өз ара тіркесіп айтылғанда, сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуы өзгеріп, әр түрлі дыбыстық өзгерістерге үшырайды. Морфологиялық принцип дыбысталудағы бүл ерекшеліктерді ескермей, сөз қүрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандағы қалпын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы: басшы (башшы емес), ұшсын(ұшшын емес), сәнқой(сәңқой емес), көрінбеді (көрімбеді емес), қазанқап (қазаңғап емес), әркім(әргім емес), көзқарас(көзғарас емес), Сарыарқа(Сарарқа емес).
Орыс тілінде айтылуда вадавоз, атрез, одзыв, хаждение, паставитътүрінде дыбысталатын сөздер жазуда морфолгиялық принципті таяныш етудің негізінде водовоз, отрез, отзыв, хождение, поставитътүрінде жазылады.
Қазақ орфографиясының негізгі принципі — морфологиялық принцип. Морфолгиялық прицип күллі түркі тілдері үшін қолайлы принцип болып саналады. Бұлай дейтініміз түркі тілдерінің табиғаты, атап айтқанда, ондағы сөзердің морфологиялық құрылысы және олардың әрбір тұлғасының сақталу ерекшелігі — осылардың бәрі жазуда морфологиялық принципті басты принцип етіп алуды қалайды. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі үшін морфологиялық принцип ең жанасымды, ең қолайлы принцип деуіміз де осыдан.
Иероглиф немесе символ (символический) принципі біркелкі дыбысталатын сөздерді, яғни омомнимдерді жазуда бір-бірінен ажырау үшін қолданылады. Мысалы, орыс тілінде "музыкалы би кеші" деген мағынаны білдіретін бал деген сөз бен "оқушылардың білім дәрежесіне қарай қойылатын цифрлы баға"деген мағынаны білдіретін балл сөзі жазуда біреуінде жалғыз л әріпі, екіншісінде қосарлы лл әріпі қолданылу арқылы ажыратылады. Қазақ тілінде "жай, күй, жағдай" деген мағынаны білдіретін хал сөзі мен "денедегі кішірек қоңырқай таңба, белгі" деген мағынаны білдіретін қал сөзінің осылайша жазылуы иероглиф принципіне мысал болады. Бұл принциптің сөздерді бір-бірінен ажыратушы қызметі ескеріліп, ол кейде дефференциальды принцип (дифференциальный принцип) деп те аталады.