Лекция тезистері шымкент 2022


Фонематикалық принцип пен фонетикалық принцип



бет8/9
Дата19.05.2023
өлшемі326,5 Kb.
#94740
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазақ т. фонетика. Лекц. комплекс 1

Фонематикалық принцип пен фонетикалық принцип.
Фонематикалық принцип бойынша, әрбір фонема қай позицияда келуіне қарамастан, өзіне бекітілген түрақты таңба — бір әріппен белгіленеді. Орыс тілінде бір сөздің әр түрлі формалары, мысалы, плода және плод формалары әр түрлі дыбысталғанмен плода формасында айтылған сөздің құрамындағы ұяң дауыссыз плод сөзінде айтылуда қатаң дыбысқа айналады), біркелкі жазылады. Орфографияның фонематикалық принципі бойынша дуб және дуба формалары да айтылуда бірінде қатаң, екіншісінде ұяң дауыссыз келуіне қарамастан біркелкі ұяң әріппен жазылады.
Фонетикалық принцип сөздің құрамындағы дыбыстардың айтылуын сақтап жазуды басшалыққа алады. Мысалы, жаздыгүні, қыстыгүні, ашудас деген сөздердің айтылуынша, осылай жазылуы — орфографияның фонетикалық принципіне сүйеніп жазылудың нәтижесі. Бірсыпыра сөздердің жазылуында фонематикалық принцип пен фонетикалық принцип бірдей ұштасып, бір-біріне сайма-сай келеді. Мысалы, орыс тіліндегі пол, ток, код, сам, сом қазақ тіліндегі агаш, тас, көл, қорган, аттаныс тәрізді сөздер фонематикалық жақтан да, фонетикалық жақтан да біркелкі жазылып, бір-бірінен ажыраспайды. Солай болғандықтан аталған сөздердің жазылуын фонематикалық принципке де фонетикалық принципке де жатқызуға болады.


Этимологиялық принцип пен дәстүрлік-тарихи принцип.
Этимологиялық принцип сөздердің қалпын емес, шығу тегін (этимологиясын) сақтап жазуға негізделеді. Мысалы, орыс тілде "қайық" деген мағынаны білдіретін сөз лотка түрінде емес, лодка түрінде жазылады. Бүлай жазуда сөздің негізгі лодочный, лодочш деген сөздердің құрамында кездесетін лод екені ескеріледі. Этимологиялық принцип бойынша жазу сөздердің өткен дәуірдегі қалпын сақтайды. Мысалы, орыс тілінде пчел пошел, пшенный деген сөздердің құрамындағы е әрпінің орнына қазіргі кезде о дыбысы айтылғанмен, бүдардың ертеректегі қалпы сақталып, этимологиялық принцип бойынша жоғарыда көрсетілген түрде жазылады.
Дәстүрлік-тарихи принцип этимологиялық принциппен төркіндес, соған үқсас принцип болып саналады. Орфографияның бүл принципі тілдің ерте кездегі жазу дағдысына негізделеді де, сөздің ертеректегі айтылуы мен жазылуын өзгертпей сақтауды көздейді. Мысалы, помощник деген сөз тіркеулік словяндық помощ дегеннен емес, орыс тілінің помочъ деген сөзінен жасалғанына қарамастан дағды бойынша жоғарыда көрсетілген түрде жазылады.
Орфографияда дәстүрлік-тарихи принципке сүйену сөздердің жазылуы мен айтылуының арасындағы үлкен алшақтыққа әкеп соқтырады. Тілдің уақыт озған сайын өзгеріске түсіп, дамып отыратыны белгілі. Тілдің даму барысында дыбысталу жағынан өзгеріске түскен сөздердің айтылуы мен жазылуының арасындағы алшақтық офрграфиясы дәстүрлік-тарихи принципке көбірек сүйенген тілдерде жиі үшырасады. Мысалы, ағылшын тілі мен француз тілінің орфографиясының негізгі принципі дәстүрлік-тарихи пирнцип болғандықтан, ол тілдерде сөздердің айтылуы мен жазылуының арасындағы үлкен алшақтық жиі кезедеседі. Ежелгі дәстүр бойынша жазу тілдің жазба түрін оның ауызша түрінен және мазмүнынан алшақтата береді. Орфографиядағы реформа әдетте көне дағды бойынша жазуға қарсы бағытталады да, оны өзгертуді көздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет