Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік



бет64/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Тыныс белгілері

  1. Тыныс белгілері туралы түсінік

  2. Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері

  3. Сөйлем соңында келетін тыныс белгілері

  4. Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілері

Қазақ пунктуациясы – қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердің жиынтығы. Ол – тыныс белгілерінің түрлерін және олардың әрқайсысының қызметін қарастырады. Тыныс белгілер мағынаға және интонацияға негізделеді., екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің грамматикалық құрылысына, мағынасына, интонациясына қарап қойылады.


Қазақ пунктуациясының негізгі қызметі – тілдің ішкі заңдылықтарына сүйеніп, сөйлеуді сөйлемдерге, сөйлемдерді белгілі бір бөліктерге бөліп, ажыратып жазу және оларды дұрыс, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға, сонымен бірге жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс түсінуге мүмкіндік жасау.
Тыныс белгісін қоюда басшылыққа алынатын ұстанымдар:
Грамматикалық ұстаным. Грамматикалық ұстаным дегеніміз тыныс белгілерін грамматикалық ережелер негізінде қою.
Мағыналық ұстаным. Мағыналық ұстаным дегеніміз сөйлемнің тыныс белгісін синтаксистік категориялар мен синтаксистік тұлғалардың мағынасына негіздей қою.
Инотнациялық ұстаным. Интонациялық ұстаным дегеніміз сөйлемнің тыныс белгісін синтаксистік категориялар мен синтаксистік тұлғалардың сазына, нақышына келтіріп айтуына және естілуіне қарай қою.
Қазіргі кезеңде тілдерде кездесетін тыныс белгілеріне тән тағы бір қасиет – олардың интернационалдығы. Тыныс белгілері – түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен қызметтері жағынан да тілдердің басым көпшілігінде біркелкі болып келеді.
Қазақ тілінің пунктуациясы кенжелеп туып, кеш дамыды. Қазақ төңкерісіне дейін белгілі бір жүйеге келтірілген, көпшілікке танылған пунктуациялық заң-ережелер болған жоқ. Ол уақыт үшін пунктуациялық ережелердің болмауының өзі де табиғи нәрсе еді. Өйткені тыныс белгісі баспасөз үшін керек. Республикамызда баспасөздің дамуы, оның бүкіл халық игілігіне айналып, оқушылар санының артуы, жазу мәдениетінің, сауаттылықтың шешуші бір саласы болып табылатын пунктуация мәселесін ғылыми негізде қалыптастырып реттеу міндетін қойды. Тіліміздің пунктуациялық белгілерін қалыптастырып, олардың мағыналары мен қызметтерін айқындауда орыс тілі графикасының табыстары басшылыққа алынды.
Тіліміздегі тыныс белгілері сан жағынан онша көп болмағандарымен, мағыналары, қолданылатын орындары жағынан алуан түрлі болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет