Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік



бет56/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66
Байланысты:
367983 3

Аралас құрмалас сөйлем
Қазіргі қазақ тіл білімінде көсемше жұрнақтарын тануда әр түрлі пікірлер калыптасқан. Бағынынқы сөйлемнің баяндауыштарын жасау тұрғысынан келгенде қосымшалардың есімше немесе көсемше екендігін анықтаудан гөрі олардың бағынынқы сөйлемнің баяндауышын жасау кызметке сайма-сай емес екендігі басты назарда болуы тиіс.
Қазіргі казақ тілінде бағынынкы сыңары тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болып келіп, басынқы сөйлемнің бір мүшесіне меңгеріліп тұратын сабақтас сойлемдер бар да, бағыныңқылары басыңқыға баяндауыш тұлғалық жағынан ғана тәуелді болып, мағыналык жағынан дербес тұратын, сабақтас сөйлемдер бар. Өз басыңқысымен тұлғалык, мағыналық байланыста тұратыңдар мезгіл, себеп, мақсат, амал бағыныңқылар. Бұлардан өзге сабақтастарда бағыныңқы сыңарлар өз басыңқыларына мағыналық жағынан меңгерілмей тең катынаста тұрады. Осыған байланысты кейбір еибектерде оларға бағыныңқылы деген атау тіркелмей түсіндірмелі сабақтас сөйлем, салыстырмалы сабактас сөйлем. үлестес сабақтас сөйлем т.б. деп кана аталады. Мұндай байланыстағы бағынынқы сыңарлар басыңкы сөйлемде баяндалған іс-әрекетке тәуелсіз. онымен жарыса, бір мезгіл ішінде катар болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді баяндайды. Сол себепті мұндағы бағыныштылық мағына бағыныш-тылығында болмайды, бағыныңқы сыңардын тек тұлғалық жағынан тиянаксыз (есімше, көсемше, шартты рай) түрде айтылуында ғана болады.
Мысалы: Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» романынан есімшелер арқылы жасалған мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерге мысалдар келтірейік.
Жағаға жақындағаннан кейін, ол қайықты қос қолдап итере бастады(223 бет).
Келесі күні Жүніс қожаның үйі көшіп келгеннен кейін, Қаленнің аулынан екі шақырымдай қашық Көлтабанға жүк түсіреді (227 бет)
Үй тігітін орынды көрсетіп бергеннен кейін, аузы берік Жүніс Қалдендікіне демалуға кетті (228 бет)
Кешке Қален марқа сойып болған соң, ерулікке Жүністің үй ішін тегіс шақырды (228 бет).
Қонақтар ауыз ашып болғаннан кейін, ұзақ уақыт отырып әңгіме-дүкен құрды (228 бет).
Балым кемпірмен жылы шыраймен амандасқан соң, үй ішінің хал-жайын сұрады (246 бет).
Көп жер жаяу жүріп шаршап келген соң, Әбдірахман кешкілікте тамақ жеместен ұйықтап қалды (261 бет)
Біріне-бірі қарайлап отырғанел Жүніс қажынікі көшкеннен кейін, арғы беттегі жайлауға әлдеқашан қонып алған (288 бет)
Ерінің жылқы қарауға шығатын күнін бұрын білген соң, ол іле-шала ұйыған жылы айранын берді (320 бет)
Мұндағы келтірілген мысалдардағы мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарлары есімшеден болып тұрғандығын көреміз.
Сонымен бағынынкы сейлемдер аз басыңкыларымен екі түрлі қарым-катынаста болады екен. Алғашкысында бағыныңкылар негізінен пы-сықтауыштың сұрауына жауап беріп, жай сөйлемдегі пысықтауыштарға ұқсап тұрады. Басыңқы сөйлемде хабарланған оқиға - әрекеттің мазмұнын ашу ыңғайында жұмсалады. Ал екіншісінде алғашкы сөйлем баяндауыштарының тұлғалық тиянақсыздығы болмаса, басыңқының мағыналык тәуелділігі байкалмайды.
Басыңқы сөйлем қай уақытта да мағына жағынан да, тұлға жағынан да тиянақты болады. Оның бағынынкы сөйлеммен салыстырғанда сөйлемдік қасиеті молырақ. Басыңкы сойлемді өз алдына онаша алып айтканда да мағынасы толық, ой тыңғылықты айтылып тұрады. Оны А.Байтұрсынұлының келтірген мына мысалынан анық көруге болады: Халыкқа жағайын десең, қазаның болсын. Мұида басыңкы сөйлем Қазаның болсын дегеңде ой айтылып, тынып біткендікті көрсетеді.
Сабақтаса құрмаласқан сөйлемде бір, я әлденеше бағыныңқылар болады да, басыңқы сөйлем көбінесе біреу-ақ болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет