Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік


Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер



бет55/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66
Байланысты:
367983 3

Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер

  1. Жарыспалы көп бағыныңқылы

  2. Сатылы көп бағыныңқылы

Қазіргі қазақ тілінде бағыныңқы сыңары формалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болып келіп, басыңқы сөйлемнің бір мүшесіне меңгеріліп тұратын сабақтас сөйлемнің бір түрі - амал бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем. Өйткені ондағы бағыныңқы сыңар тұтасымен басыңқы сыңардың бір мүшесіне меңгеріліп, соның бір ғана тұрлаусыз мүшесі қызметінде келеді де, қалыпты амал пысықтауыш сияқты қалай? қайтіп? деген сұрақтарға жауап береді. Осындай сипатына байланысты ертеректе ғалымдар мұндай сөйлемдерді «амал пысықтауыш бағыныңқы сабақтас» деп атаған.


Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді бағыныңқы компонентінің басыңқы компонентпен қандай мағыналық қатынаста тұратындығына қарай шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы, салыстырма бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы,амал бағыныңқылы, түсіндірмелі, үлестес делініп 9 түрге бөлініп жүр.
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем түркі тілдері синтаксистерінің бәрінде бар және солардың барлығында да сабақтас құрмалас сөйлемнің әбден қалыптасқан негізгі түрі деп есептеледі.
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасаудың ең негізгі және өнімді тәсілі- бағыныңқы компоненті шартты райға аяқталған түрі.Шартты рай формалы сөз жіктеліп айтылғанымен,тиянақсыз болады, одан кейін ой жалғасы барлығы байқалып тұрады. Мұндайларға кездескен болсаң, баяғыда көше кезіп кеткен болар едің (Әбішев). Торытөбелдің үстіне бір шықсам, жанға шалдырмас едім (Мұстафин).
2. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасауда –а, -е, -й формалы көсемшенің болымсыз түрі де елеулі қызмет атқарады. Мысалы: Шағала келмей, жаз болмас (Мақал). Үпиген жүрек басылмай, Талапты көңлі елірмес (Абай).
3. Шартты рай формалы етістікке аяқталатын бағыныңқы компоненттер құрамында кім, кімнің, кімге, не дегендер тәріздес сұрау есімдіктерінің бірі келіп, басыңқы сөйлемде сонымен тұлғалас, соған жауап ретінде қолданылатын сол, соның, соған деген сілтеу есімдіктерінің бірі қолданылып, өзара жұптасып, іліктесіп тұратыны да болады. Кім бұрын келсе, сол алады.
Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемде айтылған іс-әрекеттің болу-болмау себебін білдіріп, басыңқы сөйлемі сол себептен туған нәтижені, салдарды білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейді. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары не себепті? неге?не деп? неліктен? деген сұрақтарға жауап береді.
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компоненті басыңқы компонентпен мынадай тәсілдер арқылы байланысады:
1.Бағыныңқы сөйлем –дықтан,-діктен қосымшалы есімшеге аяқталады: Шетінен ақын жастар болғандықтан, бұлар соңғы кездерде өлең шығарудың әр алуан үлгілерін байқап көрсететін (Әуезов). Сондағы кетпес кегі қазір Абай басына түйілгендіктен, ол соңғы екі-үш жыл бойында Абайдың басына үнемі тор құрумен болған (Әуезов).
2.Бағыныңқы сөйлем соң шылаулы өткен шақтық есімшеге аяқталады: Сенгені жыл құсындай көріне бастаған соң, Олжабектің ойына үміт дүниесі келіп қонды (Мұстафин). Раушан барамын деп кесіп айтқан соң, Бәкен амалсыздан көнді (Майлин).
3.Бағыныңқы компонент –ып, -іп, -п, -а,-е,-й жұрнақты көсемше тұлғалы етістіктерге аяқталады: Түнде жылқышы ұйықтап қап, қалың жылқы егіске түсіп кетті (Әуезов). Қуанышым қойныма сыймай, үйден шыға жүгірдім (Сәрсенбаев).
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемде компоненттер орын жағынан тұрақты келеді, мұнда себепті білдіретін компонент әрдайым бұрын, нәтижені, салдарды білдіретін компонет кейін келіп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет