Бағыныңқы сөйлемдердің орын тәртібі Сабақтас құрмалас сөйлемдердің орын тәртібі Сабақтас кұрмалас сөйлем деп құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқыларыын баяндауыштары тиянақсыз тұлғада келіп, соңғы сөйлемге бағына байланысқан кұрмаластың түрін айтамыз. Сабақтас сөйлемдер бағыныңқы жэне басыңқы сыңарлардан (компонент) тұрады. Бағыныңкы сыңар тұлғалық жағынан да тиянақсыз болады, сондықтан ол жеке тұрып, өз бетінше қолданылмайды. Бағыныңкы сыңар басынқыдағы ойдың әр түрлі жақтарын айкындал, дәлдеп түсіндіру үшін қолданылып, жай сөйлемдердегі тұрлаусыз мүшелердің сұрағына жауап беріп түрады.
Мәселен, Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» романынан мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерге мысалдар келтірейік.
Сізден шыққан соң, «осы қандай адам екен?» деген ой басымнан кетпей қойды (143 бет)
Жаңа өкіметтің инспекторы келіп кеткеннен кейін, мектеп директоры оның отставкаға шығуын өтінді (170бет).
Балаларын осы дәстүр бойынша медіресеге берген соң, тегісінен орысша оқытуға кіріскен Жүніс қажы болды (171 бет).
Ұзын өзеннің көкшіл жиектері мұнараның басынан көрінген кезде, Хакімнің жүрегіне бір мұңды сезім құйылды (197 бет).
Мәуленнің даусы жақындаған сайын, бұл ащы дауысқа аңыраған бір дауыс қосылды (205 бет).
Учительдің аулы жайлауға көшіп кеткеннен бері, оқудан арқасы бос жүрген Әлібек пен Әділбек түбекті мейлінше аралады (207 бет)
Зарлауық кемпір жұрт қалағанна кейін, қажы қыр басынан түсе бергенде-ақ зар көтерді (217 бет)
Мүндағы бағыныңкы сөйлемдер Қашан мектеп директоры оның отставкаға шығуын өтінді? Қашан Хакімнің жүрегіне бір мұңды сезім құйылды? Қашан Әлібек пен Әділбек түбекті мейлінше аралады (мезгіл), деген сұрауларға жауап беріп, қызметі жағынан жай сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелерге ұқсас болып тұр. Бағынынқы сыңарлардың осындай мағыналык қызметтік сипатына қарап қазак тіл білімінің алғашқы зерттеушілері сабақтас кұрмаластарды мағыналык түрлерге жіктегенде, жай сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің атымен атаған болатын. Мәселен, мезгіл пысықтауыш бағыныңқылы, мекен пысықтауыш бағыныңкылы, себеп пысықтауыш бағыныңқылы сабақтас қүрмалас сойлем. Қазак тіл білімінде бұл атаулар А.Байтұрсынұлы еңбектерінен басталып соңғы жылдарға дейін колданылып келді.
Синтаксис мамандарының арасында сабақтас кұрмалас сөйлемдердің бағыныңқылары сөйлем бе, жоқ па деген талас мәселелер бар. Мұндай күдік бағыныңкылардың кызметі мен мағыналары жай сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелермен ұқсас келуінен жэңе олардын жеке тұрып колда-ныла алмайтындығына байланысты туындайды. Ал, шындығында да бағыныңкы сөйлем аяқталмаған шала сөйлем.