Саяси-идеологиялық функциясы Тарихнаманың саяси-идеологиялық фунциясы жөніндегі мәселе даулы болып қалуда. Тарихты саяси күреске тарту оның объективтілігіне әсер етеді. Тарихи зертеулерді саясаттандыру ғылы-мның идеология қызметшісіне айналу қаупін тудырады. Алайда, тарихнаманың әлеуметтік табиғаты қазіргі заманғы қоғамының өмірлік сқрақтарына жау-ап беруге мәжбүрлейді. Ежелгі және ортағасырлық тарихтың проблемалары жиі саяси өзектілікке ие болып, әртүрлі таптар тартылатын пікірталастар туындап отырады.
Тарихқа іскерлік тұрғыдан қарау антикалық дәуірдің өзінде-ақ анықталды. Мәселен, Фукидид өткеннен болашақта қажет болар белгілі бір сабақ алуға ұмтылатынын көрсетті. Ортағасырлық қоғамдағы тарих алдында шіркеу және мүліктік құқықты, рухани және бай князьдердің артықшылықтарын қорғаудың қасаң қағидасын негіздеу міндеті тұрды. Таурат догматтары бұзуға болмайтын болып саналды және тарих шіркеу мен құдайға сенудің “қызметшісі” ролін атқарды. Жылнамашы Ордерик Виталий көрсеткендей, “Тарихи еңбекте барлығы барлық заттардың жасанды басшысы және жаратушысының даңқын асыра баяндау керек. Мәңгілік жаратушы бар тарихты ғажайып түрде өзі-ақ бағыттап отырады”. Тарихнаманың мұндай бағыты авторлары өткеннің фактілерін ғылыми тұрғыдан гөрі, екі іргетас – сенім мен ақыл-параст негізінде қаланған көптеген шіркеулік тарихтың, княздар мен тақуалардың тұрмысының пайда болуы теологиялық зерттеуге ұмтылған бағытын тудырды.
Гуманитарлық тарихнамада тарих секуляризациясы болды. Тарихи зерттеулер бір уақытта біршама саясаттандырылды. Италияның әртүрлі қалаларында өз қаласын немесе мемлекетін жария ету мақсатында тапсырыспен жазылған көптеген жергілікті тарихтар пайда болды. Олардың авторлары өз мемлекеттерінің территориялық және саяси талаптарын (притязания) негіздеуге, әулетті басқарушының билігін жеңілдетуге қатысуға ұмтылды. Мысалы, белгілі гуманист Лоренцо Балла неополитандық патша Альфонстің хатшысы бола тұрып, оның тапсырысымен патшаны танымал еткен “История Фердинанда, короля Арагогиии в 3 книгах” деген еңбегін жазды. Ал, “Трактат о подложности Константинова дара” еңбегінде ол папалықтың жоғары билікке талпынуының негізсіздігін дәлелді.
Ағартушылар тарих фактілерін рационалдық дүниетанымды қалыптастырудағы ділелдемелер ретінде қолданды. Дидро және Д`Аламбердің ойынша тарих аға ұрпақтың тәжірибесіне мән беретіндіктен, ол - саяси ғылым. Бұл мәліметтер - билеушілер билік ететін саясат пен заңдылықтар үшін баға жетпес мұра. Дидро және Д`Аламбердің энциклопедиясындағы мақалалар ортағасырлық рим папаларының және дінбасыларын қызметін әшкерелейтін сыни тұрғыдағы тарихи мәліметтерге толы шіркеу тариына арналған.
ХVІІІғ. аяғында тарихнама әртүрлі мемлекеттер мен саяси патшалардың арасындағы өзара күресінің құралына айналды. Біршама тарихи саяси функция шоғырланған сипатты Пруссияның қорғаушылығына кірудегі бірігуге қарсы белсенді саяси күрес жүргізген Германияның кішігермандық тарихнама алды. Оның өкілдері саяси күресте жаң ғана қатысып қоймай, “шынайы саясатта” жалғыз мүмкіндігі ретінде Пруссияның бар пәрменінше соғысқұмарлық бағамын жария етті. Осы көзқараста И.Г.Дройзеннің 14 томдық “Пруссия саясатының тарихы”, Г.Зибелдің 7 томдық “ І Вильгельмнің герман империясының негізін қалауы”, Г.Трейчкенің 5 томдық “ХІХғ. неміс тарихы” және т.б.
Саяси өмірде белсенділікті қайта жағқырту кезеңіндегі француз тарихшылары танытты. ХІХғ. 20-жылдарында О.Тьерри мақалаларында ашық түрдегі антидворяндық бағыттағы “тарих реформасының туы” көтерілді.
Тарихнама ашық түрде кеңес қоғамындағы билік еткен саяси партияның саяси және идологиялық қажеттіліктеріне қызмет етті. Сталинизм дәуірінде “ВКП(б) қысқаша курсы” “болтшевизимнің күшті идеологиялық қаруы, марксизм мен ленинизмнің нағыз энциклопедиясы”болып жарияланды және кеңестік тарих ғылымының даму бағытынан біршама асып түсті.
Әлемдегі әлеуметтік жүйелердің қарама-қайшылығы, идеолгиялық күрес тарих ғылымының дамуына да зор әсерін тигізді.“Қырғи қабақ соғыс” жылдары американдық тарихнама сы Ресейдегі сияқтты мемлекеттік саясаттың шырмауынан шыға алмады. Әсіресе оның президенттік бағыты саяси және ғылыми міндеттерді тікелей байланыстырды. Осылай 1949 жылы американдық тарихи ассоциацияның президенті К.Рид өзінің “тарихшының әлеуметтік жауапкершілігі” жолдауында “Тотальды, қырғи қабақ немесе қызу соғыстар барлығын жұмылдырып, әрқайсысынан өз ролін орындауын талап етеді. Тарихшы осы міндеттін физиктен де кем орындамау керек” деп мәлімдеді.
Соңғы жылдары тарихқа мұндай тұрғыдан талап қоюоның объктивтілігіне қиянат екендігі белгілі болды. Көптеген ғалымдар «... тарихтың саясатпен байланысты болғанымен, ол қандай да бір саяси топтың қолщоқпары болуы мүмкін емес”. Саяси жағыдай қандай болған жағыдайда да тарихшы әділетті жақтауы қажет. Тарихшылар белгілі бір мемлекеттің, партияның немесе қандай да бір топтың мүддесін көздеп, объктивті шындықтан бас тартпауы керек.1995жылыМонреаль қаласындағалымдардың халықаралық конгресінде осы мәселе басты назарда болды.
Тарихтың саяси-идеологиялық функциясы жөніндегі сұрақ халықаралық қатынастарда қалыптасқан жүйедегі өз орнын анықтауға ұмтылған жас посткоммунистік мемлекеттер үшін өте өзекті болды. Өмір сүру құқығын дәлелдеу отырып, олар өткенге белсене бетбұрыс жасады. Бұл жағдайда тарих ғылымы оның өзіндік дамуын қалыптастыратын қажетті әлеуметтік тапсырыс алады. Алайда, бұл тапсырысты орындау үшін ғылым саяси коньюнктураға сүйенбей өз бетінше ақиқатты іздеуге бағытталуы керек. Кері жағдайда тарих ғылыми сипатын жоғалтып, өзінің әлеуметтік абыройынан айрылады. Қоғам объективті қорытындылар мен ұсынымдарды тек тәуелсіз ғылымнан ғана ала алады.