Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары



бет18/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Шығыстану институтыШ шығыстану секторы және Ұйғыртану инсти-туты негізінде 1996 жылы 11 қарашада құрылған.Институт Р.Б.Сүлеймен-ов есімімен аталады. Негізгі қызметінің бағыты – Қазақстанның шығыс елдерімен тарихи, мәдени, әлеуметтік-экономикалық және саяси қарым-қатынасы бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу. Институт ғылыми-талдау баяндамаларын, нұсқаулар, мемлекеттік мекемелер үшін баяндама-хаттар дайындайды. Үкімет мекемелері мен халықаралық ұйымдарға консалтингтік қызмет көрсетеді.
Институтта арабтану, ирантану, түркітану секторларынан тұратын Орта және Таяу Шығыс елдері; Орталық Азия, үндітану, моңғолтану секторларынан тұратын Орталық және Оңтүстік Азия; қытайтану, жапонтану, корейтану секторларынан тұратын Азия-Тынық мұхит аймақтары; халықаралық қатынастарды кешенді зерттеу, т.б. бөлімдер мен қытайтану, ұйғыртану орталықтары бар.
Институт ұжымында 14 ғылым докторы, 28 ғылым канди-даты қызмет істейді., “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша Түрік, араб, парсы, қытай, моңғол әде-биеттеріндегі Қазақстан тарихы” атты 21 томдық жинақ шығарды.
Мемлекет тарихы институты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 мамырдағы № 416 қаулысы негізінде құрылды.Негізгі мақсаты – Қазақстанның қазіргі тарихындағы мемлекеттілік және тарихи сана қалыптастыру процесін ғылы-ми талдау, теориялық жүйелі түрде негіздеу, сараптамалық тал-даумен қамтамасыз ету болып табылады.
2014 жылы Институтта 44 қызметкер еңбек етеді.Соның іш-інде 8 ғылым докторы мен 11 ғылым кандидаты, 3 докторант, 4 магистрант бар. Мемлекет тарихы институтының құрылымын-да 5 бөлім бар. Олар: - Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімі; - Индустриалды-инновациялық даму және этноәлеу-меттік үдерістер тарихы бөлімі; - Еуразиялық және салыстырмалы саяси зерттеулер бөлімі; - Ғылыми-ақпарат бөлімі; - Әкімшілік-қаржы бөлімі.


3. Тарих ғылымының функциялары.

Адамзат қоғамындағы қай ғалымның болмасын өзінің атқарар арқызметі, мәрте­белі міндеттері болатындығы белгілі. Жаратылыстану ғылымдарының өн­дірісті дамытуға, оған жаңа технология енгізу үшін істеп жатқан іс-шараларын айт­паса да түсінікті. Ал қо­ғам­тану ғылымдарының қаншалықты пайдасы бар? Мі­не осы сұрақ ғалымдарды сонау ер­те заманнан-ақ ойландырып келеді.


Өткен ғасырдың шоқтығы биік ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» деп аталатын шығарма-сында жау қолына түскен бір жігіттің «мәңгүрттікке» айнала-тын эпизоды бар. Шашын тықырлап алған адамның басына жаңа сойылған қойдың таз қарнын кигізіп қойса, ол кепкеннен кейін оның шашы бастың ішіне қарай өседі де мидың ойлау қасиетіне кедергі жасайды. Сөйтіп, адам ештене білмейтін, ойламайтын жұмыс күшіне айналады.
Көптеген қиыншылықтарды басынан көткізген әлгі жігіттің шешесі баласын іздеп табады. Бірақ, қанша тырысқанмен шешесі баласының есін кіргізе алмайды. Есі ауысқан, мәңгүрттікке айналған жігіт ақырында шешесін өлтіріп тынады. Міне осылайша әдебиетке «мәңгүрт» термині кірді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет