Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары


Ғылыми- танымдық функциясы



бет20/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Ғылыми- танымдық функциясы.
Тарихтанудың екі түрлі деңгейі бар. Бір бірінші деңгейіне ғана тоқталдық. Халықтың көпшілік бөлігі тарихты эмпирикалық деңгейде игереді. Өз әулетінің, өз руының, өз өлкесінің тарихын одан тек қарапайым деңгейде таниды. Яғни, «қашан, қай жерде және неге болып еді?» - деген сұраққа ғана жауап іздейді.
Тарихтың келесі, жоғарғы деңгейі – ғылыми, теориялық. Тарихтың бұл деңгейімен маман-тарихшылар айналысады. Тарихи зерттеулермен айналысу үшін арнаулы, жоғарғы білім, академиялық дәреже, ғылыми атағына байланысты болады. Шығармашылықтың мұндай түрімен айналысу үшін таңдап алған мамандығыңның зерттеу әдістерін терең меңгеру қажет.
Тарихтың ғылыми-танымдық функциясын жүзеге асыру үшін ғалымдардың үлкен тобы жұмыс атқаруда. Болып өткен оқиғалардың барлығы да кездейсоқ емес екендігін бүгінде баршамызға белгілі. Сол оқиғаларды туғызған себептер де, олардың салдары да белгілі бір заңдылықтарға бағынады. Міне, осы заңдылықтарды зерттеу, талдау, сөйтіп басқа да қоғамдық ғылымдар үшін материал беру тарих ғылымының мәртебелі міндеті. Сонымен тарих ғылымының әлеуметтік функциясы қоғам дамуының заңдылықтарын анықтап, бүгінгі қоғамды басқарудың ғылыми негізін жасау.
Қоғамтану ғылымдары қатарына жататын философия, саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, дінтану және экономикалық теория негіздері қоғамның даму заңдылықтарын зерттейді. Бірақ олар өздерінің объектісі болып есептелетін қоғамның тарихын терең білуі дұрыс, ғылыми нәтижеге жетудің басты шарты. Тарих тек өткенді біліп қана қою емес. Өткен заманда болған оқиғалар мен құбылыстардан сабақ алу қажет екендігі белгілді. Адамзат тарихында жасалған қателіктер қайталанбауы, позитивті тәжірибелерден қашпауымыз қажет. Өкінішке қарай, өз тарихымызды өзіміз жақсы білмегендіктен кеше ғана басымыздан өткізген келеңсіздіктерді жиі қайталаймыз. Әсіресе, іс басында жүрген азаматтар тарих сабақтарына немқұрайлы қарайды, ермек ретінде пайдаланады, оның тәлімдік, тәрбиелік мәніне көңіл аудармайды. Тарихтың теориялық ғылым екендігі баршамызға мәлім, бірақ оны қолданбалы ғылымдар қатарына жатқызудың орайы келген сияқты. Ауыл әкімінен бастап президенттік лауазымға дейін тарихшылардан кеңесшілер тобының қызметін пайдалануы қажет деп есептеймін. Осы орайда Кеңес билігінің негізін қалаушы В.И.Ленин ақсақалдың мына төмендегі сөздері еске түседі «Нельзя научиться решать свои задачи новыми приемами сегодня, если нам вчерашний опыт не открыл глаза на неправильность старых приемов». (Ленин В.И. Полн. собр. соч. Т .44. с.205).
Бүгінде қоғамымызда әр салада жүргізіліп жатқан реформалардың тарихи негізі болуға тиісті. Оған мысалдар көп-ақ. Сот ісінде медиация жүйесін кіргізу, ауыл шаруашылығындағы – шаруалар қожалығы сияқты шараларды жатқызуға болады.

Барлық ғылымдарға тән ғылыми-танымдық (эвристикалық) функциясы тарих ғылымына да қатысты. Қоғам алдында тұрған көптеген проблемаларды шешу ба­ры­сында оған қажетті тарихи білім беру ғылымның қасиетті борышы. Қоғам да­муы­ның әр кезеңінде тарихтың бұл міндеті арқилы түсіндірілді. Ағылшын ғалы­мы Г.С. Боллингброк ғылымның шынайы міндетін «История – это философия, ко­то­рая учит нас с помощю примеров»[ Письма об изучении и пользе истории – М., 1978. – с. 11.] - деп көрсетті. Неміс ғалымы И.Г. Гре­дер табиғат және адамзат әлемін бір бірінен ажыратпай адамзат тарихының жа­һанды философиясын жасауға тырысты. Ол «Пространства полны мудрости, а времена полны мнимого хаоса, и, однако, человек сотворен, очевидно, что­бы искать порядок, чтобы внести ясность в свой малый промежуток вре­ме­ни, чтобы грядущее строить на прошедшем – иначе зачем человеку память, за­чем воспоминания?»[ Идеи к философии истории человечества – М., 1978. с.9.] деп жазған.


Қазақ ғұламасы Ахмет Байтұрсынұлы «Тарихты қазақша ұлы дерек деуге, әуе­зе тобына жатқанымен, айғақшы әуезе болады. Сөздің ең ұлысы, ең си­пат­тысы – тарих» деп келіп ол оның қоғамдағы орнын ерекше бағалайды. «Та­рих­шылар халық басынан кешкен түрлі уақиғалардың мағлұматын, сымға тарт­қандай, сынға салып, мінсіз етіп, дұрыстап өткізеді» [Ақ жол. Өлеңдер мен тәржімелер, публ. Мақалалар және әдеби зерттеу /Құрастырған Р.Нұрғалиев, - Алматы: Жалын. 1991. 399 б. ] - деп тарихтың ғы­лыми-танымдық функциясын анықтайды.
«Адамзат баласының көпшілігі тарихты тек әр түрлі оқиғалардың, құ­бы­лыстардың адам аттары мен тарихи фактілердің жиынтығы деп түсінеді» [Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия. – Астана: «Фолиант». 2000.
] деп жазды белгілі тарихшы Ж. Артықбаев өзі құрастырған оқулық – хрестома­тия­сының алғы сөзінде.
Шын мәнінде тарихтың ғылым ретінде негізгі міндеті қоғам дамуының заң­ды­лығын анықтау. ХІХ ғасырдың екінші жартысында позитивистер бағытындағы, ол кейін марксшіл тарихшылар бұл проблеманы өздерінің негізгі мақсаты ретінде жа­риялады. Олардың ойынша тек қана тарих ғылымы өз зерттеуінің нәтижесінде қоғам дамуының заңдылықтарын аша алады. Осы проблеманы шешкенде ғана қо­ғамды ғылыми негізде басқаруға қол жеткіземіз деп есептеді марксшіл ғалымдар.
Дегенмен осы күндері кейбір тарихшылар тарих ғылымының мұндай функ­циясына күмәнмен қарайды. Бүгінгі болып жатқан құбылыстарды қоғамда болып өткен уақиғалармен салыстыруға болмайды дейді олар. Сондықтан да адамзат ба­сы­нан өткізген тарихи тәжірибені бүгінгі мәселелерді шешуге пайдалану шынын­да да мүмкін болмас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет