Тәрбиелік функциясы
Тарих ғылымының тәрбиелік функциясы жөнінде көне және орта ғасырларда өмір сүрген тарихшылар айтып кеткен болатын. Антика заманында өмір сүрген батырлардың өмірбаяның жазған Плутарх өзінің негізгі мақсаты жастар тәрбиесі екендігін жазған. Француздың ағартушы ғалымы Дидро Д,Аламбер өзінің «Энциклопедия» атты еңбегінде «Тарихтың негізгі міндеті «состоит в сравнении законов и нравов чужих стран с собственными ... это (сравнение) побуждает современные нации соревноваться друг с другом в искусствах, торговле, земледелии»[ История в «Энциклопедии» Дидро и Д, Аламбера. – Л., 1978. с. 13. ] –деп атап көрсетті.
Ағылшын ғалымы Д.Тревельян (1876-1972) өзінің «Клио – тарих музасы» деп аталатын мақаласында: «История – это искусство, а задачи историка совподают с задачами литератора, и поэтому древние греки вполне справедливо причесляли историю к разряду искусства наряду с поэзиеи и музыкой» - деген екен (Цитата. Ерофеев 134 б.)
Тарих ғылымы өркениеттер мен әр замандағы әртүрлі халықтардың мәдениетін жан-жақты зерттейді. Антика, өркендеу заманының, шығыс елдері мен Африка және Америка халықтары мәдениетінің озық үлгілері жас ұрпаққа игі әсер етері белгілі. Соңғы жылдары жастарды ұмытылып бара жатқан өз халқымыздың әлемді таң қалдырған рухани және материалдық мәдениетіміздің үлгілері қызықтыруда. Осының барлығы жастарға эстетикалық тәрбие берудің тиімді құралы.
Тарихтың тәрбиелік ролін ерте түсінген елдің бірі – Германия. ХІХ ғасырдың басында бұл саяси жағынан бытыранқы, шаруашылығы мешеу ел болатын. Аз уақытта саяси топтасып, Европаның алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылуы неміс халқының ұлттық санасының оянуына байланысты еді.
Ұлттық идеологияның қалыптасуына бірде-бір әсер еткен фактор әрине неміс тарихшыларының жанқиярлық еңбегінің арқасы еді. Неміс мектептеріндегі ұлттық тарихты оқытуды жолға қою, университеттегі тарихи білімді реформалау іс-шаралары өз жемісін берді. ХІХ ғасырдың орта шенінде немістің тарих ғылымы бүкіл Европадағы алдыңғы қатардағы ғылымдар қатарына көтерілді.
Ал енді келесі ХХ ғасырдың 30 – 40 жылдары неміс ұлтшылдығы шектен шығып, бүкіл өркениетке қауып төндіргені мәлім . Сондықтан да тарих пәнінің тәрбие берудегі мүмкіншілігін реттеп отыратын тиімді механизм қажет. Тарих пәннің бағдарламасы да, оның оқулығы да, бұл пәннен сабақ беретін мұғалім – оқытушылардың біліктілігі, білім деңгейі, ұлттық көз-қарасы мемлекеттің қамқорлығында, бақылауында болуы қажет.
Дәстүрлі қазақ қоғамында жас ұрпаққа тәрбие беру процесінде оларға тарихи білім беру негізгі міндет болып есептелді. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген қанатты сөз осы уақытта туса керек. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі – оның тарихишылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз, білім институт-тарының дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзің бұрынғы қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен салыс-тыруға болмайды» деп жазды [Тарих толқынында. – Алматы: 1999. 4 б.].
Тарихи білімі бар азаматтың мәдениетті, білімді, көп білетін адам болып өсетіндігі белгілі. Өз халқының тарихын білген жас өскін елін сүйген, халқының қамын ойлаған, жерінің жаңаруы, гүлденуі жолдында күрескер болып қалыптасады.
Қорыта айтқанда, тарихи білім қоғам мүшесінің азаматтық көзқарасының қалыптасуына әсер етеді. Жаңа жағыдайда тарих ғылымының алдындағы мақсаттар мен міндеттер шаш етектен. Осы жерде акад. М.Қ. Қозыбаевтың: «Тарихшылардың өз халқының алдындағы қарызы белшеден»[Ақиқаттар ақтаң-дағы. А. 1992. 3 бет. ] – деген сөзі еске түседі. Ал тарихшылар қоғам алдындағы қарызын да парызын да толығынан өтері анық.
ХVІІІ ғасырда қазақ елі екі бірдей жаудан қорғанды. Дәл осы дәуірде халықты отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу, оған тарихи мағлұмат беру күрестің негізгі формасына айналды. Өкі-нішке орай орыстың, жоңғардың, қытайдың ықпалында қалған аймақтарда халық өзінің тарихи жадынан айырыла бастады. Жат жерлік ғалымдар қазақ тарихын бұрмалап, оған түзету енгізіп, халқымыздың өткені жөнінде өз нұсқаларын жасады. Сөйтіп халық арасында жалған тарихшылық пайда болды. Алдымен И.А.Левшин соңынан бір топ орыс тарихшылары еліміздің бұрмаланған тарихын жасады. Бұл кеселден осы күнге дейін құтыла алмай келеміз. ХІХ ғасырдан бастап Қазақ-стан тарихы орыс империясының тарихымен тығыз байланыста зерттелді.
Тарихи білім мектептен бастау алатындығы белгілі. Рессей империясы құрамындағы қазақ балалары орыс мектептерінде оқыды. Сөйтіп олар орыстың тарихи дәстүрінде тәрбиеленді. Кеңес үкіметі орнаған алғашқы жылдарда тарихтың орнына қоғамтану пәні оқытылды. Қоғамтану пәнінде оқушылар тарихи схемалар мен фактілермен ғана танысып қойды. ХХ ғасырдың 30 жылдары Кеңес қоғамы тарихи білімнің жетіспейтіндігін сезе бастады.
Осы жылдары тарих пәнің төменгі сыныптан жоғарғы сыныпқа дейін кіргізу, тарих пәнінің мұғалімін дайындау оның оқулығын жазу жұмыстары қызу жүріп жатты. 1934 жылдан бастап Кеңес мектептерінің 3 – 4 сыныптарында СССР тарихының қарапайым курсы енгізілді. Көп кешікпей 8 – 9 сыныптарға арналған СССР тарихының оқулығы жазылды[9]. Міне сол оқулықтар бойынша Кеңес жастары қырық жылға жақын білім және тәрбие алды. Шыңдығында КССРО тарихының 85-90%-ы орыс тарихын баяндауға арналды. Қалған 20%-дың 0,5 бөлігі ғана қазақ халқының тарихына арналды. Қорыта айтқанда, Кеңес заманында қазақ жастарының шынайы ұлттық тарихи санасы қалыптасты деп айту қиын.
Дәстүрлі қазақ қоғамында жас ұрпақтың тарихи санасы отбасында қалыптастырды. Тарихи сананың қалыптасуына қазақ аңыз-ертегілері, ғашықтық жырлары, батырлық эпостары орасан зор әсер етті. ХХ ғасырдың 60 – 70 жылдарында жазылған қазақтың талантты жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы қазақ жастарының санасында ірі бет-бұрыс туғызды. Тек осы жылдары қазақ халқы өзінің тарихы бар екендігін біле бастады.
1980 жылдардың аяғында қазақ қоғамында тарихтың қажеттілігі кенеттен байқалды. Мұны жоғарыда отырған партия-совет басшылары да түсіне бастады. Сөйтіп алдымен барлық жоғарғы оқу орындарына қазақ тарихы курсы енгізіліп, кейіннен орта мектептерде қазақ тарихын оқытуға 221 сағат уақыт бөлінді.
Бүгінде Қазақстан тарихы пәні өзінің мәртебелі міндеттерін аброймен орындап отыр. Белгілі қазақ тарихшысы профессор Т.Омарбеков «Жалпы алғанда ел болып қалыптасуымыз үшін, ұлт болып тұтасуымыз үшін, ұлттық сана сезіміздің нығая түсуі үшін, ұлттық туған тарихқа құштарлық процессін жағымды, тіптен бізге аса қажет құбылыс ретінде бағалаймыз» [Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. Алматы: Қазақ университеті,
2004. 7 б.] дей келе тарихтың ұлттық сананы қалыптастыру-ындағы орнына аса зор баға береді.
2013 жылдың 5 маусымында Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тажиннің төрағалығымен Қазақстан Рес-публикасының тарихын зерделеу жөніндегі ведмоствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы (жалпыұлттық кеңес) өтті. Осы тарихшылардың алқалы мәжілісінде елдің болашағы үшін тарихымызды жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделей түсу, ұлттық сананы нығайту, өзекті тақырыптарды зерттеу және жаңа заманға сай оқулықтар жазу сияқты нақты міндеттер жіктелді.
Достарыңызбен бөлісу: |