Бекіту сұрақтары: 1.Тарихи кеңістік дегеніміз не? 3.Табиғи шекара дегеніміз не? 4. Тарихи кеңістіктің шекарасы нег етұрақсыз? 5 Тарихи кеңістік көлемі. 6. Тарихи кеңістіктің әр замандағы түсінігі қандай 2. Кеңістіктің қандай түрлерін білесіз? 7. Кеңістіктің адам психологиясына әсері бар ма? 8 Геотарихтың айналысатын проблемалары қандай?.
Әдебиеттер.
Аманжол Күзембайұлы.Тарихтану теориясы. Оқу құралы. Қостанай. 2011.
И.М.Савельева , А.В.Полетаев.История и время. М.,1998
10. Тарихи заңдылық және тарихи даму концепцилары
Ғалымдар арасында «тарихи процесс белгілі бір заңдылықтарға бағына ма»?- деген сұрақ туындайды. Тарихтың ғылым-дағы орыны осы сұрақтың шешіміне байланысты.Егер ол ғылым болатын болса, онда ол басқа да ғылым салалары сияқты тари-хи құбылыстың мәніне, оның заңдылықтарына көңіл аударуы қажет.
Тарихи процесстің бегілі бір заңдылықтарға бағынаты-дығын ғалымдар Жаңа заманда- ақ түсінді. Ағартушылар орта-ғасырлық ескі түсініктерге соққы беріп,қоғам дамуы жөніндегі пікірге ғылыми бағыт берді.
Тарих заңдылықтарын алғаш таныған марксистер еді.Олардың тарих процесстің қоғамдық-эканомикалық формац-ия концепциясын ұсынды. Мұны ғалымдардың көпшілігі қабылдамаса да,кеңстік режим орнаған елдерде басымдылық танытқаны белгілі.
Тарихи заңдылықты позитивив бағытын ұстанған ғалымдар да әртүрлі түсінді. Бірі оны табғат заңдылығының ажырамас бөлігі деп есептесе, екіншілері оларды адам моралінің даму үрдісі екендігін мойындады. Позитивистер заңдылықтарды ашумен тек әлеуметтанушылар айналысады, ал тарихшылар соның жемісін пайдаланады деп есептейді.
Кеңес заманының ғалымы М.А.Барг өзінің1984 жылы жазған «Категории и методы исторической науки» деп аталатын монографисында әлеуметтік және тарихи заңдылықтардың ара жігін ашып берді. Ол екі заңдылықтардың да өмір сүру құқығы бар екнедігін дәлелдеді.Әрбір заңдылық өз деңгейінде әрекет етеді.Егер әлеуметтік заңдылық қоғам дамуының жалпы құбылыс-тарын түсіндірсе, тарихи заңдылықтар оның кейбір нақты , ерекше бір қасиетін ашуға жағыдай туғызады. Әлбетте, мұнай пікірді тарихшылардың өздері де қабылдай қойған жоқ. Өткені олар мұны тарихи заңдылықтардың ауқымын тарылту деп түсінді.
XIX ғасырдың екінші жартысында позитивизмнің ықпалы нәтижесінде тарихтың объективті заңдылықтарын теріске шығаратын бірқатар мектептер қалыптасты. Германияда бұл В.Виндельбанд, Г.Риккерт, М.Вебер; Англияда- Б.Рассел, С.Федерн, А.Тойнби; Америкада – Д.Дьюи, Э.Богардус, Г.Беккер – Чейз. Мысалы: Арнольд Тойнби тарихи заңдар – осы уақытқа дейін дәлелденіп келген болжамдар деп пайымдайды.
Тойнби Юмның себеп – салдарлық қатынастардың объективті табиғатын теріске шығаратын теориясын қайталайды.
ХХ ғасырдың басына өмір сүрген неміс ғалымы Э. Мейер осыған дейін бірде бір тарихшы тарих заңдылығын ашқан емес деп тұжырым жасайды.