Нақтылы-танымдық құрал ретінде пайдаланылатын әдістер а)индукция-дедукциянақтылықтан жалпылама-лыққа бару. Яғни, тарихи процестегі жеке бір құбылысты зерттей отыра, жалпылама құбылыстарға бару, ал дедукция керісінше. Ағылшынның Ф.Бэкон деген ғалымы индукцияны негізгі әдіс деп атайды. Өйткені, дедукциялық тұжырым көбіне қателікке ұрындырады. XIX ғасырдың тарихшылары көбінесе индукциялық әдістерді пайдаланған. Кейбір ғалымдар осы күнге дейін дедукциялық әдіске күмәнмен қарайды. Эмперикалық базасы жоқ теория зерттеу барысында үлкен зиян әкеледі. Қоғамдық процестің мәнін терең түсіну үшін эмперикалық материалдар негізінде теория қалыптасуы керек. Индукция мен дедукция қатар жүруі қажет. Бұл екеуі бірін бірі толықтырады.
б) анализ-синтез тарихи зерттеулерде жиі пайдаланатын әдістер. Анализ дегеніміз – бүтін объектіні бірнеше бөліктерге бөліп қарастыру. Әлбетте, тарихшы бүтін бір процесті бірден зерттей алмайды. Сондықтан ол оны қисынын келістіріп, мағынасына, мазмұнына қарай бірнеше бөліктерге бөліп тастайды. Сөйтіп, зерттеген әрбір проблеманы біріктіріп, қисынды түрде үлкен тақырыпты ашады.
Тарихи зерттеулерде синтез әдісін пайланану А.Берр атты ғалымның атымен байланысты. XX ғасырдың басында ол «Тарихи синтез» журналын шығарып, тарихшыларды, әлеумет-анушыларды және де басқа қоғамтану, жаратылыстану ғылым-дарының өкілдерінен тұратын Халықаралық синтез орталығын құрған. Оның негізгі идеясы тарих және әлеуметтану ғалымдарының басын қосып, мәдени-тарихи синтез бағытын құру болды. «Адамзат эволюциясы. Ұжым-дық синтез» атты серия бойынша Европада жүздеген кітаптар шыға бастады. Зерттеудің негізгі тақырыбы адамзаттың әлеуметтік жағдайы және оның ақыл-ойы. Қарап отырсаңыздар, олар көбінесе психологиялық құбылыстарға көңіл аударған. А.Беррді біз «Анналдар мектебінің» негізін қалаған ғалым деп есептейміз.
Бұл тақырыптағы зерттеушілер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де өз жалғасын тапты. Проблеманы шешу жолында әрбір философиялық бағыттар өз ұстанымдарын ұсынды. Соңғы кездері синтез идеясын постмодернистік ұғымдағы мәдениет негізінде жасау қажет деген пікір қалыптасты.
Қорыта айтқанда, анализ және синтез әдістері бір-бірімен тығыз байланыста. Зертттеушінің анализ барысында жеткен жетістіктері синтез болмаса баянсыз. Тақырыптың көлемі үлкен болған сайын синтез де күрделене береді.