Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары


Синхронды, хронологиялық дихронды әдіс



бет66/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Синхронды,
хронологиялық дихронды әдіс.



Синхронды әдіс. Бір уақытта болған әр түрлі оқиғаларды зерттеу әдісі синхронды деп аталады. Қоғамда болып жатқан құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста. Міне, бұл байланысты біз тек осы әдісті пайдалана отырып, ашуға мүмкіндік аламыз. Мысалы, түркі тілдес мемлекеттерде өз елінің тарихы жөнінде том-том кітаптар жарық көрді. Ал бір уақытта әр елде болған тарихи процестер жөнінде әлі де бір де бір еңбек жоқ.
Хронологиялық әдіс. Тарихи оқиғаларды хронологиялық ретін сақтай отыра қарастыруды хронологиялық әдіс деп атаймыз. Бұл әдістің бір ерекшелігі – болған маңызды фактілерді түгел тізіп шығу қажеттілігі. Кейде кейбір тарихшылар көңіліне ұнамайтын, жалпы схемаға сәйкес келмейтін фактілерді ескермейтіні бар. Бұл тарихқа үлкен қиянат. Егер зерттеп отырған тақырыбың ауқымды, масштабты болса онда оны бірнеше проблемаға бөліп қарастыру қажет. Мұндайда зерттеушінің пайдаланған әдісі проблемалы-хронологиялық деп аталады. Әрбір проблема шеңберіндегі тарихи оқиғалар хронологиялық ретте зерттелуі қажет.
Дихронды немесе кезеңдеу әдісі. Уақыт шеңберінде өткен оқиғалар жиынтығы кейбір белгілеріне қарай топталады. Мұны ғылымда кезеңдеу әдісі (период) деп атайды. Әрбір кезеңнің бастауы және соңы бар, олар уақыт мөлшерімен өлшенеді. Әрбір кезеңнің өзіне тән белгілері және бағыты болады. Оқиғалар мен уақыттың мөлшеріне, көлеміне қарай әрбір кезең өз кезегінде одан әрі жіктелуі мүмкін. Мысалы, орта ғасырдағы Қазақстан үлкен бір кезең, ол VI ғасырдан бастау алып XVI ғасырға дейін созылады. Ал енді бұл кезең үш белеске бөлінеді. Біріншісі - түркі-қыпшақ, екіншісі – қыпшақ-мұңғыл, үшіншісі – ноғай-қазақ деп аталады.
Кейбір кезеңдер мен белестер нақтылы бір датамен белгіленуі мүмкін, көбіне орта шені, бірінші ширегі, аяғы т.с.с. шартты түрде белгіленеді. Әрбір кезеңнің, белестің немесе дәуірдің шегі, экономиканың, саясаттың, мәдениеттің немесе этникалық процестің даму деңгейлеріне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет