Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары


в) тарихи зерттеулерде модель жасау



бет64/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

в) тарихи зерттеулерде модель жасау ғылымда жиі кездесетін әдіс. Тарихшылар да кейде осы әдістің көмегіне зәру болады. Белгілі бір тарихи оқиға туралы тарихшы өз ойынша қисынды түрде конструкция жасайды. Қолда бар деректерді, басқа да тарихқа жақын ғылымдардың нәтижелерін пайдалана отырып, зерттеуші оқиғаның моделін жасайды. Модель зерттеудің кез-келген деңгейінде жасалады. Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыстың тарихын зерттеу барысында сол кездегі отбасы моделін көз алдыңызға елестету қажет. Мұндайда әлеуметтану, психология, құқық және басқа да ғылымдардың берерін пайдалану қажет.
Тарих ғылымында математикалық модельдеу ұғымы бар. Бұған нелинейная динамика, математикалық хаос, катастрофа теориясы әдістері де кіреді. Ал, енді статистикалық модель жасау теориясы математикалық әдістер бөлімінде қарастырылады.
г) интуиция кейбір ғылыми проблемаларды шешуде бұл әдіс те пайдаланылады. XIX ғасырдың аяғында өмір сүрген неміс ғалымы В.Дильтей тарихты «Рух туралы» ғылымдар қатарына қосқан болатын. Ал енді бұл ғылымдарды зерттеудегі негізгі әдіс – интуиция. Бірақ, тарихи зерттеулерге мұндай көзқарасты көптеген ғалымдар қостамады. Тарих ғылымы тек осы әдісті пайдаланар болса, онда ол тек тарихшының субъективті пікірі бойынша жасалар еді. Әр тарихшының білім, білік, кәсіби деңгейі әртүрлі. Сонықтан да оның интуиция тереңдігі әртүрлі. Бұл әдісті ғылыми зерттеулерде сиреу пайдалануға тырысқан дұрыс. Әлбетте, тарихшы талантты, терең білімді, асқан көреген болса, оның интуициясы объективтілікке жақын болады.
Қорыта айтқанда, тарихи зерттеулер барысында жалпы ғылыми әдістерді пайдаланудың пайдасы өте зор. Тақырыпқа байланысты бұл әдістерді тиімді пайдаланғанда ғана зерттеу жұмысы өз мақсатына жетуі мүмкін. Бұл негізгі әдіснамалық принцип.
Бекіту сұрақтары:
1. Ғылыми әдістерді тарихи зерттеулерде пайдалану жолдары?
2. Масштабты әдістерге жалпы сипаттама?
3. Қазіргі таңда тарихи әдістердің қолданылуы?
4. Нақтылы танымдық нәтиже беретін әдістерге шолу?
5. Зерттеу әдістерінің тарих ғылымындағы ерекшелігі қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет