Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары


Тарихи зерттеулерде компьютердің мүмкіндігін пайдалану



бет71/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Тарихи зерттеулерде компьютердің мүмкіндігін пайдалану

Өткен ғасырдың 80-90 жылдарын-да ақпараттандыру процесінде компью-тер атты машина пайда болды. Алғаш-қы кезде компьютер жазу машинкасы ретінде пайдаланды. Кейіннен ғалымдар оның басқа да мүмкіншіліктерін түсіне бастады. Кейінгі жылдары тарихшылар ноутбукты пайдалана бастады. Электронды кітап-хана мәселесі күн тәртібіне қойылып, ол да өз шешімін тапты. Бүгінде Ресейдің көптеген қалаларында кітапхана қорында сақталған сирек кездесетін тарихи әдебиеттің электронды нұсқалары жасалды. Сөйтіп, олар көпшілік тарихшылардың кәдесіне жарады. Қазақстан Республикасының ірі-ірі кітапханалары өз қорында сақталған сирек кездесетін әдебиеттердің электронды нұсқасын жасап, оқырмандарға ұсынып отыр. Келешекте еліміздегі барлық кітапханалар компьютерлендіріліп, бір желіге қосылмақшы. Бүгінде шетел ғалымдарының еңбегін үйде отырып-ақ компьютер арқылы оқи беруге болады. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасының өзінде 400-ге жақын электронды кітап бар кітапхана студенттердің пайдасына асуда.


Осы күні тарихи информатика түсінігі пайда болды. Москва университетінің профессоры Л.И. Бородкин «Тарихи информатика - тарих ғылымының ақпараттандыру процесінің заңдылығын зерттейтін пән» деп анықтама берді.
Компьютер арқылы тек қана ақпарат алу ғана емес, сонымен қатар белгілі бір тақырыпты зерттеуде бағдарлама жасап, тарихшының кейбір жасайтын операцияларын компьютерге жасатуға да болады. Объектінің белгілерін, олардың сандық өлшемін компьютерге кіргізіп, арнаулы бағдарлама арқылы оның талдау нәтижесін алуға болады.
1986 жылы «Тарихшы және компьютер» деп аталатын халықаралық ассоциация құрылды. Оған жиырма мемлекеттен осы тақырыппен айналысатын орталықтар мен мекемелер кірді. 1992 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының тарихшылары өз ассоциациясын құрды. 1996 жылы Москва қаласында жоғарыда айтылған халықаралық ассоциациясының 11-шы конференциясы өтті. Оған жиырмадан аса мемлекеттің 150-ге жақын тарихшылары қатынасты. Бұл конференция тарихи зерттеулерде компьютерлік технологияның жетістігін қорытындылады. Конференцияда баяндалған кейбір жетістіктерге тоқталар болсақ, ол Германиядағы Геттинг мұрағатындағы 50 мыңнан астам құжаттардың оптикалық дискіге түсірілгендігі, оны зерттеуші үлкейтіп, экран арқылы оқу мүмкіндігіне жеткендігі айтылды.
2001 жылдан бастап «Новая и новейшая история» журналы «Историк. Источник. Интернет» тақырыбында пкірталас ұйымдастырды.
Қорыта айтқанда, компьютер, интернет, зерттеу жұмыстарының жаңа технологиясы сияқты ұғымдар тарихшылар санасына ене бастады. Көптеген тарихшылар өз зерттеулерінде осы жаңа әдістерді пайдаланып, зор табыстарға жетуде. Мұның көлеңкелі жақтары да мол. Бірақ бұл басқа әңгіме.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет