Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары


а) логикалық және тарихи әдістер



бет62/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

а) логикалық және тарихи әдістер. Тарих ғылымында синхрония (логикалық әдіс) пайдаланылады. Яғни, зерттеу объектісі немесе тарихи оқиға белгілі бір кеңістікте өтеді. Оқиғаның функциялары мен құрылымы жүйе құрайды. Осы оқиға белгілі бір уақыт шеңберінде өтеді. Мұны ғылымда дихрония (тарихи әдіс) деп атайды. Осы әдістер кейде өз алдына пайдаланылады, кейбір жағдайда екеуінің бірі ғана зерттеуші қажеттілігін өтейді.
Қорыта айтқанда, кез-келген тарихи оқиға белгілі бір кеңістікте және белгілі бір уақытта өтеді. Логикалық әдісті пайдаланған зерттеуші оқиғаға жүйе тұрғысынан қарап, оған құрылымды-функциялық талдау жасайды. Зерттеуші тарихилық принципін ұстана отырып, оқиғаны уақыт шеңберінде қарастырады. Яғни, алдымен оқиғаның құрылымдық және функциялық одан кейін тарихи талдаулар жасалады. Екі әдіс қатар пайдаланылады. Екеуін бірінен бірін айырсақ зерттеу жұмысы өз нәтижесін бермейді.
б) нақтылықтан абстракцияға керісінше абстракциядан нақтылыққа бару әдісі
Тарихи зерттеулерде бұл әдіс негізгі болып есептеледі. Нақтылы дегеніміз - толық танылатын болған оқиға. Абстракция дегеніміз – оқиға жөнінде толық мағлұмат жоқ, зерттеушінің ол жөнінде маңызды бірен-саран ақпараты бар. Соларды пайдаланып зерттеуші өзінің болжамын жасайды.
Бұл әдстерді пайдаланудың әртүрлі жолдары бар. Бірінші тәсіл – ойға шому (отвлечение). Мұның бірнеше нұсқасы бар. Алғашқысы аналитикалық, яғни, объектінің бір ғана белгісіне тоқталу. Екіншісі – объектіге болмаған белгілерді балау немесе таңу. Үшіншісі – объектіні асыра мадақтау (идеализация), бір оқиғаға баға беруде объектінің кейбір белгілерін шектен шыға бағалау.
Абстрактіліктен нақтылыққа бару. Оқиғаның тарихи маңызына баға беру үшін бұл әдісті де пайдалану қажет. Нақтылы теориялық білім белгілі бір деңгейде ғылыми түсінік, заңдылық, теорияға айналады. Бұл әдісті ойлап тапқан Карл Маркс. Ол бұл әдісті өзінің «Капитал» атты атақты еңбегін жазған кезде пайдаланды.
в) тарихи оқиғаға жүйелік тұрғыдан қарау және жүйелік талдау.
Жүйе дегеніміз – тарихи оқиға элементтерінің жиынтығы. Әрбір жүйенің құрылысы, құрылымы және функциясы бар. Жүйені жүйе бөлшектеріне және элементтеріне бөлеміз. Қоғамдық жүйе өте күрделі. Тарихшы оның элементтерін зерттей отыра, оның функционалдық заңдарын анықтауы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет