Лекция тезистері


-лекция. Ги де Мопассан шығармашылығы



бет10/15
Дата16.09.2022
өлшемі228,5 Kb.
#39252
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
лекцияшетел -Кафедра Универ

10-лекция. Ги де Мопассан шығармашылығы


Қамтылатын мәселелер:

1. Ги де Мопассан өмір жолы, шығармашылығы


2. «Өмір», «Сүйкімді дос» романдары


Ги де Мопассан шығармашылығы (1850-1893). Француз әдебиетіндегі реализмнің қалыптасуы 1830-40 жылдардағы саяси оқиғаларымен тығыз байланысты. Әсіресе, әдеби көзқарастардың қалыптасуына 1830 жылғы Июль революциясының әсері мол болды. Сондықтан да Гюго «Когда нибудь июль 1830 года будеть признан датой столько же литературной как и политической» - дейді.
Мопассан Нормандияда кедейленген париждік дворянның отбасында 1850 жылы 18 тамызда дүниеге келді. Мопассан шығармаларындағы оқиғалар Нормандия жерінде құрылуы тегін емес, себебі Нормандия - Мопассанның туған отаны, жазушының балалық шағы осы өңірде өтеді. Мопассан алты жасқа келгенде оның ата-аналарының арасында кикілжің туып, ақыры әке-шешелерінің ажырасуына әкеліп соғады. Әкесі - Гюстав Мопассан. Сөйтіп Мопассан шешесі Лора де Мопассанның тәрбиесінде өседі. Лора де Мопассан өте сезімтал, білімді, поэзияны жанындай сүйетін, бірнеше тілді жетік білетін, өз тұсындағы талантты адамдармен достық қарым-қатынас орната білген өте мәдениетті әйел болады. Лора де Мопассан өз баласының бойында әдебиетке деген қызығушылық сезімді түңғыш оятушы ғана емес, сонымен қатар өмірінің соңына дейін жазушының айрылмас ақылшысы және тұңғыш сыншысы болды. Оның бауыры Альфред әйгілі Флобердің досы болған. Мопассан алғашында өлең жазады. Мопассан 1866 жылы Руан қаласындағы коллежді аяқтап, кейін Канн университетінде құқықтық білім алады. Осы тұста соғыс басталып, франк-прустық соғыс Мопассанның отбасын материалдық тығырыққа ұшыратады. Жазушы амалсыздан майданға баруға мәжбүр болады. Майдан өмірі Мопассанның өмірлік көзқарасына қатты әсер етіп, кейін оның шығармаларында көрініс табады. 1871 жылы Мопассан Парижге оралып, теңіз министірлігінде кейін оқу министрлігінде шенеуніктік қызметтер атқарады.
Ги де Мопассан – француз әдебиетінің XIX ғасырдың аяқ шеніндегі ірі реалист жазушысы. Ол өзінің қысқа ғұмыры ішінде жемісті еңбек етіп, алты роман, үш жүзден астам новелла, жол ескертпелкерінен тұратын үш кітап, көптеген өлеңдер мен фельетондар жазды. Ол шығармаларында буржуазиялық тұрмыстың ашкөзділігі мен екіжүзділігін жиіркене әшкерелеп, сол тұстағы француз қоғамының шын бейнесін реалистікпен шебер суреттеп бере білді. Оның әдебиеттегі ұлы ұстазы Г.Флобер болды. Мопассанның «Томпыш» әңгімесі Флоберді қатты таңдандырып, «...я считаю «Пышку» шедевром!... – Да! Молодой человек! Ни больше ни меньше. Произведение принадлежит перу мастера... Этот маленький рассказ останется, будте уверены... Я действительно счастлив!...» - деп, өз шәкіртінің талант құдіретіне шексіз қуанады. «Томпыш» әңгімесі 1880 жылы «Медан кештері» деген ұжымдық жинақта жарияланады. Мопассан орыстың белгілі жазушысы И.Тургеневпен тығыз шығармашылық қатынаста болды. Ол өзінің («Заведение Телье») «Тельенің мекемесі» новеллалар жинағын орыс жазушысына арнап, ол жайында «Изобретатель слова «нигилизм» (1880) және «Иван Тургенев» (1883) деген мақалалар жазады.
Мопассанның артында қалған әдеби мұралары мол. «Пышкадан» кейінгі зор табысынан кейін 1880-1890 жылдардың ауқымында жазушы 29 кітабын бастырып шығарады. Олар алты романдық шығарма: «Өмір», «Сүйкімді дос», «Монт-Ориоль», «Пьер мен Жан», «Өлімдей күшті» , «Наше сердце» және новеллалық жинақтар «Заведения Телье» (1882), «Мадемуазель Фифи» (1882), «Дядюшка Милон» (1883), «Мисс Гарриет», «Лунный свет», «Мисти», «Сестры Рондоли» (барлығы – 1884), «Иветта», «Сказки дня и ночи», «Туан» (барлығы – 1885), «Господин Паран», «Маленькая рок» (екеуі де – 1886), «Орля» (1887), «Избранник госпожи Гюссон» (1888), «С левой руки» (1889), «Бесполезная красота» (1890). Осыларға қоса жол ескертпелері мен очерктері, эсселерін қосқанда Ги де Мопассан он жыл көлеміндегі қыруар еңбегінің арқасында әдебиет тарихында өлмес дүниелер жасады. Бұл шығармалар капиталистік қоғамның кеселін айыптау, жекеменшіктілердің сараңдығы мен жауыздығын әшкерелеу тақырыбына жазылған, осы шығармалар арқылы сол дәуірдегі Француз қоғамындағы түрлі әлеуметтік топ өкілдері көз алдыңа елестейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет