12-лекция. ХІХ ғасырдағы сыншыл реализм
Қамтылатын мәселелер:
1. П.Мериме шығармашылығы
2. П.Мериме новеллалары.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. История зарубежный литераруры XIX века. Сос Б.Н.Богословскии,А.С. Дмитрев,Н.А. Соловьева и др. М.1991г.
2.Зарубежной литература XIX века.Романтизм.Хрестоматия. Под ред Засурского М.1976г.
3. Елизарова М.С. и др.. История зарубежной литературы XIX Века. М.1972г
4. Луков В.А. Проспер Мериме-М.,1984.
5. Форестье Ж. Проспер Мериме- М.,-1987.
6. Зарубежные писателей: Библиографический словарь; В 2-х т.-М.,1997.
Проспер Мериме – Стендаль мен Бальзактың қатарындағы XIX ғасыр әдебиетіндегі реализмнің негізін салушылардың бірі. П.Мериме 1803 жылы 28 қыркүйекте Парижде суретшілердің отбасында дүниеге келеді. Ол өнер адамдарының ортасында өскендіктен өнерді барынша құштарлықпен сүйіп, бағалай білді. Кейін бұл білімі мен талғамы білгір маман ретінде өнер жайындағы топтама еңбектерді жазуға ықпалын тигізді.
1823 жылы Мериме Париждегі университеттің заң факультетін бітіреді. 1834 жылы Мериме Франциядағы тарихи ескерткіштерді қорғау мекемесіне аға инспектор болып қызметке тұрып , 20 жыл осы істі атқарады. Мериме Стендаль мен Бальзак секілді әдебиеттегі сәтсіздік кезеңдерді басынан кешіруден аулақ болады. Ол алғашқы шығармасымен – ақ оқырмандардың назарын өзіне аудара білді де, бұл желіні шығармашылығының соңғы кезеңіне дейін ұстай білді. Әдебиетке П.Мериме 1825 жылы «Театр Клары Газуль» - деген пьесалар жинағымен енді. Шығарма Мерименің өз атынан емес, испандық актриса Клара Газюльдің атынан жарияланады.
1827 жылы Мериме екінші әдеби мистификациялық шығармасы «Гюзьла или избранные произведение иллирской поэзий, собранные в Долмауии, Боснии, Хорватии и Герцеговине » деген прозалық балладалар жинағын шығарады. Бұл шығарманы да П.Мериме өз атынан жарияламайды. Балладалардың соншалықты халық әндеріне жақындығы фольклорлық шығармаларды жете бағалаушылардың өзі оны халықтық туынды деп қабылдады. Шындығына келгенде, бұл шығармалардың ешқайсысы да фольклорлық туындылар емес, Мерименің төл туындылары болатын. Кезінде оны орыс тіліне аударған А.С.Пушкин де оны халықтық туынды деп қабылдаған. Мерименің бұл туындысын А. Мичкеевич польяк тіліне аударды. Әдеби процестің жетік білгірі Гете бұл шығарманың П.Мерименің қаламынан туғанын дер кезінде байқап, оны әдеби ортаға жария етті. Сөйтіп П.Мериме өзінің авторлығын мойындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |