Бақылау сұрақтары:
ХҮІІІ ғ. Неміс әдебиетінің ерекшеліктерін айқында.
Лессинг Готхольд өнер теориясындағы еңбектері қандай?
Лессингтің қандай драмалық шығармалары бар?
«Дауыл мен тегеурін әдебиеті» дененіміз қандай әдебиет?
Гете Иоган Вольфганг шығармаларындағы шығыстық сарын қай шығармаларынан көрінеді?
Гете балладаларын қазақшалаған кім?
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. История всемирной литературы в ІХ томах. М., 1983
2. Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. Оқулық. – Алматы: қаржы-Қаражат, 2003. – 408 б.
3. Ө.С.Төкенов Мәдениеттану (Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2006. – 260 б.)
4. Артамонов С.Д. Зарубежной литература ХҮІІ-ХҮІІІ века М., 1978
5. Вахмутский Б.Я. История зарубежной литературы ХҮІІІвека М.,
6. История зарубежной литературы ХҮІІІв М., 1970
7. Гете В.И. Таңдамалы лирикалары. Құр. Қ.Бекхожин А., 1983
8. Гете. «Фауст» ауд. М. Құрманов А., 1982
9-лекция. Англиядағы романтизм және
Байрон Джордж Ноэл Гордон шығармашылығы
Қамтылатын мәселелер:
1. Д.Г.Байронның шығармашылық өмірбаяны
2 Лирикалық поэзиясы.
3. Д.Г. Байронның лиро-эпикалық поэмалары.
XIXг. Батыс Еуропалық шетел әдебиеті. Англиядагы романтизм. Дж.Г. Байрон (1788-1824) шығармашылығы-әлемдік әдебиеттегі романтика-лық өмір танушылықты бейнелеудің озық үлгісі. Байронның поэтикалық жаңашылдығы /романтикалық кейіпкер бейнесі, лиро-эпикалык, поэма жанры, өлеңдік өлшемдер және т.б./.
Джордж Гордон Ноэль Байрон 1788 жылы 28 қаңтарда Лондон қаласында ағылшын аристократы мен шотланд дворяндарының кедейленген әулетінің отбасында дүниеге келген. Джордж Байронның өз әкесі азғындыққа салынып, бар дүниесін ысырапсыз жаратып, ақырында жас Байрон мен шешесі Кэтрин Гордонды тағдыр талқысына тастап кетеді. Он жасына дейін шешесімен Шотландияда болған Байрон он жасында немере ағасы Ульям Байрон қайтыс болып, лорд титулын иеленіп, бай мүлікке иегерлік етеді. Сөйтіп жас Байрон он жасында лорд атанып, парламент мүшесі болады. Алғашқы білімді 1801 жылы ақсүйектердің мектебі Гарроу колледжінде алады. Онда ол тарих, философия, география және антикалық әдебиетпен (түпнұсқада) терең айналысып, спортпен шұғылданады.
Чайль Гарольд шығарған өсиеттер мен өлеңдердің, оның жан-дүниесі мен поэманың сөз жүйесін құраудағы орны. Еуропалық шындық өмірді бейнелеуде /Португалия, Испания, Малъта, Греция, Альбания, Ватерлоо, Германия, Швейцария/ лирикалық кейіпкер арқылы озбыр билеушілердің жүйесі әшкерленуі.
Байронның лиро-эпикалык романтикальқ - бүлікшілік топтамалы /1813-1816 жж./ шығыстық поэмалары. Кейіпкердің жалғыздық құлпып ашудағы ішкі монологтар. Байрон кейіпкерлерінің селқостықтан белсенділікке ұмтылуы, /"Гуяр", "Корсар"/. Топтамалардың романтикалық поэтикасы: баяндаудың фрагменттілігі) шығыстық бояулар, кейіпкер тағдырларынын төтепшелі.
Байронның 1807-1816 жж. лирикалық поэмасы: "Мен еркін бөбек болғым келеді", "Ньюфаундледтік иттің моласындағы жазу тақтасы", "Жаным менің жабығыңқы", және т.б. "Машина бұзушыларға қарсы билл авторына ода", "Корольдік сағананың шахзада-регентіне зиярат ету" және т.б. пәлсатиық /"Еврейлік әуендерден", "Прометейден" образ өлеңдер/, сыршыл /"Августе стансасы" және т.б./лирика және т.б.
Байрон шығармашылығының швейцарлық кезеңі, пәлсапалық драмалық дастан "Манфред", "Шильон тұтқыны", "Прометей" жөне "Чайлъ Гаролъдтың сапары" шығармаларындағы озбырлыққа қарсылық, бостандық сүйгіш әуендер. Байрон шығрмашылығының италъяндык кезеңі. Шығармаларының көп жанрлығы. Поэма, сатира, драма, өлеңмен жазылған роман. Пәлсапалық драмасының жанрлық ерекшелгі. Кайн және Байрондық романтикалық кейіпкердің өсу эволюциясы. "Крла ғасыр" Байрон шеберлігінің саяси сатирадағы шыңы.
"Дон Жуан" - өлеңмен жазылған роман. Романдагы кейіпкер сомдауда реалистік бағыттың күшеюі, тарихи-әлеуметтік шындықщың кеңдігі, уақыт шындығын бейнелеудегі энциклопедиялық сипат.Байронның Грециядағы кезі. Оның грек халықтың азаттық күресіне қатысуының әсерінен туған лирикалык, өлеңдері. /"Кефалониидегі күнделіктердеп", "Менің отыз алтыдағы күніме" т.б./.
Байрон және чартистік поэзия. Байрон және дүние жүзі әдебиеті. Байрон шығармашылығының идеялық-эстетикалық және тарихи маңызы.
П.Б.Шелли (1792-1832). Өмірі, шышрмашылығы. Лиро-эпикалық дидактикалық поэмалары. "Королева Маб", "Исламның көтерілісі". Шелли лирикасыпың түрлері: Саяси-әлеуметтік /"Англияның еркектеріне", , 1819 ж. Англия", "Мемлекеттік айбыңдылық" және т.б./; пәлсапалық /"Батыстық желге ода", Бұлт", "Ой әдемілігінің әнұраны" және т.б./ махаббат /"Мери Уолстон-крафт Годвин", "Джейнге" және т.б. Табиғат тақырыбын жырлауы және оның Шеллидің пәлсапалық көзқастары жүйесіне байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |