Лекция тезистері



бет8/15
Дата16.09.2022
өлшемі228,5 Kb.
#39252
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
лекцияшетел -Кафедра Универ

Бақылау сұрақтары:
1) ХҮІІІғ. француз әдебиетінің даму бағыты қандай болды?

  • Француз ағартушылық әдебиетінің тарихи маңызы қандай болды?

  • Жан-Жак Руссоның әлемдік мемуарлық әдебиеттегі орны қандай?

  • Жан-Жак Руссоның «Жаңа Элоиза» және сенитманталдық роман жанрының дамуына қандай әсері болды?


8-лекция. XVIII ғасырдағы Батысеуропалық әдебиет


Қамтылатын мәселелер:


1. И.В. Гете шығармашылығы.
2. «Жас Вертердің азап шегуі» немесе неміс
синтементализмі.
3. «Фауст» – Гете шығармашылығының шыңы.

Гете Иоганн Волъфганг (1749-1832) - неміс халқының ұлы ақыны. Гетенің "Дауыл мен тегеурін" кезеңіндегі лирикасы. Гетенің алғашқы эстетикалық ойлары. /"Шекспир күніне" және т.б./ "Гец фон Берлихинген" тарихи драмасындағы бүлікшілік қайшылықтар. "Жас Вертердің азап шегуі" және неміс сентиментализмі. Гете Италияда. "Эглюнт" және "Торквато Тассо" шыгармаларының пәлсапалык. - саяси идеялары. Веймар классицмзмнің бағдарламасы. "Римдік элегия", "Тавридадағы Ифигения". Гетте балладалары. "Батыстық шығытық диван" және Батыс-шығыс мәдениетін жақындастыру мәселесі. "Вильгелъм Мейстер" - философиялық роман, ондағы әлеуметтік қайшылдық "Фауст". Трагедияның тууы және көркемдік сипаты. Композиция. Фаустың іздену жолы. Мефистофелъ және таным диалектикасы. Фауст және Маргарита трагедиясы.


"Фаустың" екінші бөлімі. Фауст және шығармашылық белсенділік. Фауст -ғылымдағы артта қалушылық пен кертарпалыққа қарсы бүлікші-күрескер. Фауст және әдемдік туралы ежелгі дәстүрлі табыну. Фауст - ойдағыдай қоғамды құрушы. Фауст пен Мефистофель — трагедияның пілсапалық келбетіндегі қарама-қайшылық тардың тұтастышның бейнесі. Фаустың, Мефистофельдің, Маргаританың керкем портреттері. Гетенің әдеби кейіпкерлерінің көрнек өкілдерінің басты салаларында да бейнеленуі /әуез, бейнелеу, мүсін/. Фауст туралы аңызды Пушкиннің өзіндік шешіммен жазуы. Т.Манн және И.Бехер Гетте туралы.
Шиллер Иоганн Фридрих /1759-1805/. Алғашқы драмалары жіне "Дауыл мен тегеурін" қозғалысы /"Қарақшылар", "Фиоске бүлігі", "Зұлымдық және махаббат". Республикашыл Верина бейнесі. Өлеңмен жазылған "Дон Карлос" драмасы. Эстетикалық тәрбие туралы теориялық еңбектері. Кант пәлсапасының. эстетикасының әсері, пәлсапалық өлеңдер мен балладалары.
Ағарту дәуірінің ең таңдаулы өкілі Иоганн Вольфганг Гете – неміс халқының ұлы ақыны және бүкіл батыс европалық әдебиеттің асқан классиктерінің бірегейі. Гетенің алуан тақырыптағы терең, мағыналы туындылары ХVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басындағы неміс әдебиетінің ең биік шыңы және де дүниежүзілік әдебиет дамуының тамаша бір белесі болып табылады. Иоганн Вольфганг Гете Германияның Майндағы Франкфурт қаласында 1749 жылы 28 тамызда дәулетті отбасында дүниеге келді. Баласының тәрбиесіне жете көңіл бөлген әкесінің арқасында Гете жастайынан білімге құмартып, қанығып өседі. Дарынды талант иесі он алты жасында Лейпциг университетінің, заң факультетіне оқуға түседі. Лейпциг университетін денсаулығының нашарлауына байланысты аяқтай алмаған Гете кейін Страсбургте заң ғылымдарының докторы атағын алады. Страсбург университетінде ол жас жазушы, философ Гердермен танысып, немістің ұлттық поэзиясының қыр-сырына қанығып құмартады. Гердер сонымен қатар, Гетенің әдеби талғамын қалыптастырады. Гете 24 жасында “Гец фон Берлихиген” драмасын 25 жасында әлемдік даңқ әкелген «Страдание юного Вертера» романын жазды.
XVIII ғасырда Германия уақ мемлекетке жіктелген бытыраңқы ел еді. Сол биліктің бір орталығы Веймарға 1776 жылы Гете веймарлық герцог Саксеннің шақыруымен келеді. Герцог жас ақынды министр дәрежесіне дейін көтерді. Он жылдан астам мемлекеттік істермен айналысқан Гете өзінің қанша күш жігерін салса да, қоғамдағы әділетсіздікті жоя алмайтын сезеді. Сөйтіп, мемлекеттік істен бас тартып, мәдениет, әдебиетпен шұғылану үшін Италияға келеді.
1786-1788 жылдар аралығында, Гетенің Италияда болуы оның шығармашылығының жаңа кезеңін ашты.
Италия сапарынан кейін Гете «Ифигения в Тавриде» (1788), «Эдмонт» (1789), «Тарковато Тассо» (1790), драмаларымен қатар, «Рейнеке-Лис» (1794), «Герман и Доретея» (1797) поэмалары және «Годы учения Вильгельма Майстера» романын жазды.
70 жылдардың басында «Фауст» туралы жазуды ойға алған Гете өз ойларының тек кейбірін ғана жүзеге асырады да («Прафауст») 1787-1789 жылдарға дейін қолға алмай кетеді. Италияға барған сапарында Гете бұл шығармаға қайта оралып, «Фрагментті» (1790) жазды. Кейін досы Шиллердің кеңесімен 1797 жылы ол “Фаустқа” қайта кіріседі. Бұл француз революциясынан кейінгі дәуір еді. Гете шығармашылығында әр түрлі мазмұндағы лирикалық поэзиялық шығармалар бұл кезде де жалғасын тапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет