Лекция тезистері


-лекция. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНІҢ ӘДЕБИЕТІ. Итальян әдебиеті



бет2/15
Дата16.09.2022
өлшемі228,5 Kb.
#39252
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
3-лекция. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНІҢ ӘДЕБИЕТІ. Итальян әдебиеті.
Қамтылатын мәселелер:
Қайта өрлеу дәуіріндегі Италия әдебиеті.
1.Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы.
Италия әдебиеті. Қайта өрлеудің алғашқы кезеңіндегі әдебиет
2. Д.Алигьеридің шығармашылығы, «Құдіретті комедия» туындысы.

«Қайта жаңғырту» термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан білгірі Джордане Базари (1512-1574) өзінің «Жизнеопесания наиболее знаменитых живописцев, воятелей и задчих» (16ғ.) деген еңбегінде алғаш рет қолданған. Демек, бұл терминнің мағынасы – көне заман мәдениетін жаңғырту болып табылады. Ал одан кейін, дәлірек айтқанда, 18 ғ. бастап Италиялық жаңғырту дәуірі адамның қайта жаңғыруы және гуманизм дәуірі деп сипатталады. 14-15ғ. Италия мәдениетін былай сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқандығын атап өткен дұрыс сияқты, өйткені тұңғыш рет «адам» табиғат, «адамгершілік» деген ұғымдарды енгізген осы дәуірдің алыптары Леонардо Бруни мен Колюччо Салютати болатын. Қайта жаңғыру заманының басты жаңалығы – ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп, өткен замандардағы көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту болып табылады. Қайта жаңғыру мәдениетінің өзіндік сипатына: гуманизм, антроцентризм, орта ғасырлық христиандық дәстүрлерді нәрлендіру, көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту (философия мен өнердің көне туындыларын тірілту) және дүниеге жаңа көзқарас болып табылады.Ренессанс мәдениетінің жоғарыда көрсетілген өзіндік ерекшеліктері оның дәуіріне тікелей байланысты болып келеді, өйткені бұл өзгерістер заман ағымына, дәуір тынысына тікелей тәуелді болғаны ақиқат.


Қайта жаңғыру мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген белгілер енді ғана біліне бастаған кезең «проторенессанс» (қайта жаңғыру қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (13ғ. Дученто, 14 ғ. Треченто д.а.) тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына шығарды. Солардың бірі – Данте Алигьери (1265-1321) ұлы дарынды ол қаламынан шыққан атақты комедияларының кереметтігі соншалық, оның талантына бас иген ұрпақтары бұл туындыны «Құдіретті комедия» деп атаған. Данте, Франческо, Петрарка және Джованни Бокаччо (1313-1375ж). Қайта Өрлеу (жаңғыру) дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян тілінің негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүние жүзілік әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды. Мысалы, Петрарканың мадонна Лаураның өмірі мен өліміне арналған сонеттері өзінің тірі кезінде – ақ, әлемге әйгілі болды. Оның жолын қуушылардың бірі «Декамеронның» авторы атақты Бокаччоның гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары – дүние жүзілік әдебиет саласындағы соны құбылыс болып саналады.Қайта жаңғыру кезеңінің мәдени дәстүрлері, оның өзіне ғана тән ерекшеліктері айқындала бастаған кезең – 15 ғасыр, яғни «Бастапқы Қайта жаңғыру дәуірі» (кватроченто). Ал Италия мәдениеті идеялары мен принциптерінің гүлденген кезеңі және оның құлдырау қарсаңын – «Кемелденген жаңғыру кезеңі» (Чинквеченто) деп атаймыз. Қайта жаңғыру дәуірінің әдебиетінде тек тақырыптық өзгеріс қана емес, сонымен бірге поэтиканың мәнерлілігі де жаңара түсті және жаңа поэтика жасалды. Бұл дәуірдің жазушыларының шығармашылығында орта ғасырлық аллегоризмнен арылған таза шындыққа бетбұрыс болды.Шындық, ескі символдық көркемдеулер бірден өзгеріп кеткен жоқ. Ерте Ренессанс жазушыларының шығармаларында әлі Орта ғасырлық символдық белгілер көрініс табады. Мысалы, Дантенің «Божественная комедия» еңбегінде де басты рольге ие болған.
Қайта өрлеу дәуірі өмірге көптеген қайталанбас ұлы тұлғаларды алып келді. Схоластикалық халден арылуға бетбұрыс жасаған жаңа дәуір өкілдері антикалық әдебиеттен нәр алды. «Адамның ұлық бейнесін» суреттеу үшін өнер қайраткерлері өз қолынан келгенінше әрекет етті. Осындай ұлы тұлғалардың бірі де бірегейі Қайта өрлеудің жаршысы Данте Алигиери болды. Данте Алигиери өзінің шығармалары арқылы үлкен кезеңге, Қайта өрлеу дәуірі кезеңіне үлкен бет бұрыс жасады.
Итальян әдебиетінің жарық жұлдызы саналатын Данте Алигиери 1265 жылы ірі сауда орталығы саналатын қалада яғни Флоренцияда дүниеге келген. Ақын кедейленген дворян ортасынан шыққан . Флоренция қаласында ер жетіп, сол уақыттың деңгейімен қарағандағы ең жоғарғы білімге қол жеткізеді. Данте діни ілім алғанымен, антикалык әдебиет үлгілерімен жақсы таныс болады. Соның ішінде, әсіресе, кейіннен сүйікті жазушысына айналған Вергилий оның ұлы ұстазына айналды. Данте Алигери өзінің алғашқы туындыларын түгелдей дерлік махаббат тақырыбына арнаған. Бұл шығармалардың барлығы негізінен Беатричеге арналады. Данте Беатричені көктемгі мерекеде көріп ғашық болады. Беатриче Портинари -өмірде шын болған жан. Данте 18 жасында Беатричеге деген ғашықтан үлкен психологиялық кризиске ұшырайды. Сөйтіп өзінің ғашықтық сезімінің тарихы ретінде (яғни автобиографиясы ретінде) «Жаңа өмір» шығармалар жинағына өз өмірін негізгі сюжет етіп алады. Шығарма 1291-1292 жылдар аралығында жазылады.Мұнда негізінен отыздан астам өлеңдер бар. Мұның барлығы да түгелдей дерлік Беатричеге арналған ғашықтық жырлардан тұрады. Беатриче қайтыс болған кейін Д.Алигери философия, астрономия, теология ғылымдарыменен терең шұғылданады. Данте өз тұсындағы белді оқымыстылардың бірі болды. Дегенмен, оның көзқарасы орта ғасырлық догмалық деңгейден аспады.
Данте Алигиери Флоренцияның саяси өмірімен етене аралас өмір сүрді. Ол көпестердің мүддесін жақтаған «Ақтар» партиясында болады. Алайда қала дворяндарының партиясы «Қаралар» «Ақтар» партиясын жеңіп шығады да, ақынды қуғынға ұшыратып, 1302 жылы Дантені қаладан қуып шығуға үкім шығарады. Сол кеткенінен Данте Алигиери өзінің туған қаласы Флоренцияға қайта оралмайды. Ақын өмірінің соңғы жылдарын Солтүстік Италияның түрлі қалаларын аралаумен өткізеді. Соңғы алты жылын Гавенна қаласында өткізеді. Итальяның ұлы ақыны Данте Алигиери 1321 жылы осы қалада дүниеден өтіп, осында жерленеді. Оны әлем мойындап, шығармалары итальяндықтарды бүкіл әлемге танытқаннан кейін, флоренциялықтар оның мүрдесін Равенна қаласынан әкетпек болады. Алайда равенналықтар оны қайтармайды.
Дантені дүниежүзілік даңққа бөлеген туынды-«Құдіретті комедия» шығармасы. Бұл -Италия қоғамының өтпелі дәуірін жан-жақты сипаттаған бүкіл ортағасырлық мәдениеттің философиялық көркемдік түйені іспеттес шығарма. В.Г.Белинский бұл туындыға ортағасырдың нағыз «Илиадасы» деген баға берген. «Құдіретті комедиядағы» қимыл - әрекет бүкіл ғаламды қамтиды. Оқиға күнәкар адамзат мекендеген жер үстіндегі сұрқай орманан басталады да, басқа дүниеге, о дүниеге ауысады. Кезбе пенде алдымен тозаққа түсіп, одан соң бөлек, қарама – қарсы жарты шардағы жер үстіне шығып, парасат тауына көтеріледі де, жер үсті жұмағында болып, ақыры құдайдың құдіретімен ғарышқа ұшып, жұмаққа құдіреттің мекеніне жетеді.
Шығарма ақиық ақын М.Мақатаевтың аудармасымен 1972 жылы қазақ тілінде алғаш рет жарық көрді, М.Мақатаев комедияның «Тозақ» деп аталатын бірінші бөлімін ғана аударған. Кең тынысты, мазмұны терең философиялық туынды «Құдіретті комедия» итальян халқының мақтанышы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет