1. В.Гюго – Францияның ұлы ақын-жазушысы.
2. В.Гюго шығармашылығы
3. «Париждік әулие ананың соборы» романындағы
әлеуметтік тақырып, кейіпкерлері
XIXг. Батыс Еуропалық шетел әдебиеті. В.Гюго /1802-1885/ - Францияның ұлттық ұлы ақыны, франиуз романтизмінің ірі тұлғасы. Ол - ақын, драматург, прозашы. В.Гюго – француз поэзиясының жаңашылы, классицизм поэзиясының канондарын бұзып, жана пішіндерді табушы. Гюгоның "Париждік әулие ананың соборы", "Жергілікті ерекшелік" романындағы әлеуметтік тақырып кейіпкерлері: Клод Флоро. Эсмеральдо."Шеттетілгендер" романындагы тарихи кеңдік, халық өмірінің панорамасы: еркектің, әйелдің, бүлдіршін тағдырларының Жан Бальжан, Фантин. Козетта, Гаврош бейнелері арқылы суреттелуі.Ақынның "Қаһарлы жыр" жинағы мен "Тоқсан үшінші жыл атты романындағы қайшылықты көзқарастары.
Француз романтизмінің ірі өкілі ұлы ақын, жазушы, драматург В. Гюго 1802 жылы Безансон қаласында наполеондық офицердің отбасында дүниеге келді. В. Гюго француз романтизмінің ірі көсемі, теоретигі болумен қатар, француз әдебиетіндегі романтикалық романдар мен романтикалық поэзияның, романтикалық театрдың дамуында маңызды роль атқарды. Гюгоның әкесі мен анасы саяси көзқарастары тұрғысынан қарама -қайшылықтағы адамдар еді: әкесі – бонапартист, анасы – ескі династияның жақтаушысы. Анасының ықпалы Гюгоның алғашқы шығармаларына қатты әсер етті. Сондықтан да ол өзінің алғашқы поэзиялық шығармаларында Наполеонға қарғыс айтып, Бурбоновтардың династиясын мадақтады.Гюго әдебиетке өте ерте араласып, 13 жасынан бастап шығармашылықпен айналыса бастайды. Гюго он бес жасында үкіметтің назарын өзіне аударып, “На восстановление статуи Генриха” деген одасы үшін корольдық степендияға ілігіп, “поэзия магистрі” деген атақ алады.
Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы 1822 жылы “Оды и различные стихотворения” деген атпен жарияланады. Алғашқы осы реставрация кезіндегі шығармашылығында Гюго реакциялық романтизмнің бағытын ұстанады.Гюгоның есімі мен қызметі 20-шы жылдардың аяғында Франциядағы романтикалық қозғалыстың салтанатты символына айналды. В. Гюго 1827-жылы алғашқы тарихи драмасы “Кромвельді” жазып, прогрессивті романтизмге өткенін айғақтайды. Осы драманың алғысөзі “Предисловие к Кромвелю” деген мақаласын замандастары романтикалық өнердің манифесті ретінде қабылдады. Осы мақала және “Әдеби консерватор” журналында жарық көрген басқа да әдеби-сын мақалалары оны романтикалық бағыттың белгілі теоретигі ретінде танытты. 1826 жылдан бастап В.Гюго “Сенакль” әдеби бірлестігіне жетекшілік етті. Бұл әдеби бірлестіктің маңайына романтик жазушылар Сент–Бев, Мюссе, А.Веньи, А.Дюма т.б. топтасты. 20-шы жылдардың өзінде-ақ Гюгоның әдеби шығармашылығы кең көлемде көрініс тапты. Ол ақын-суретші, ақын-философ ретінде француз поэзиясында батыл новатрлығымен айқын көзге түсті. Ол поэзияда жаңашыл ізденіс үлгілерін танытты. Өзі осы ізденістері туралы: “Мен саясатта роялист, әдебиетте революционер болдым”, - дейді.
В.Гюго 1831 жылы алғашқы тарихи романы “Собор Парижской богоматерей” шығармасын жариялады. Романның оқиға жүйесіне сыған қызы Эсмеральдаға екі кейіпкер шіркеудің архидиаконы Клод Фролло мен шіркеудің қоңыраушысы Квазимодоның ғашықтық сезімдері негіз болған. Бұл ғашықтық сезімдердің берілуі бүтіндей бір-біріне қарама-қайшылықтан тұрады.
Клод ғалым-аскет, өмірдің барлық қызығынан безінген. Суық ақыл оның жүрек сезіміндегі сүю қасиетінен айырылдырылған. Ал енді ол сүю бақытын басынан кешкенде өз махаббаты үшін күресе алмайды, оған ерлігі жетпейді. Ал керісінше, ұсқынсыздығы үшін адамдар арасынан қудаланған Квазимодоның махаббаты ерлікке толы, ішкі жан-дүниесі нәзік. Сүйгені үшін өлімге бас тігеді. Гюго бұл шығармасында ішкі рухани дүниесі бөлек екі адамның іс-әрекеттері арқылы гротеск пен контрасты шебер пайдаланады. Гюго шығарманың басты кейіпкері Клод Фроллоның трагизмі догматиктігінде екендігін, діни догмалардың адам танымына деген әсер күшін асқан шыншылдықпен көрсетеді.