Лекция тезистері



бет7/15
Дата16.09.2022
өлшемі228,5 Kb.
#39252
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
лекцияшетел -Кафедра Универ

Бақылау сұрақтары:
1) Испаниядағы әдеби дамуын қалай дәуірлейміз.
2) Романстар олардың тақырыптық ерекшелігін ата, олардың жазба әдебиетке әсері қандай?
- Испан әдебиетіндегі роман жанрының түрлері қандай?.
- «Дон Кихот» романына композициялық, сюжеттік талдау жаса, кейіпкерлеріне сипаттама жаса.
- Лопе де Веганың қандай шығармалары бар?
- Сервантестің әдебиеттің дамуына әсері қандай болды?


Пайдаланатын әдебиеттер:

1. История всемирной литературы в ІХ томах. М., 1983


2.Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. Оқулық. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 2003. – 408 б.
3. Ө.С. Төкенов Мәдениеттану (Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2006. – 260 б.)
4.История зарубежной литературы: Средние века. Возрождение. 4-е изд. М., «Высшая школа», 1987. с 7-181.
5.Сервантес С.М. Ламанчалық ғажайып идальго Дон Кихот. Ауд. А. Құлыбеков А., 1955


7-лекция. Батыс еуропа әдебиетіндегі ағартушылық бағыт


Қамтылатын мәселелер:



  1. Француз ағартушылық әдебиетінің тарихи маңызы.

  2. Жан-Жак Руссо шығармашылығы

XVIII ғасырдағы француз ағартушылдық әдебиетінің тарихи маңызы. Волътер-Руссо, Андро, Даламбер, Гельвецкий, Гольбах және т.б. ағартушылар жас буынының дем берушісі, тәрбиешісі. "Энциклопедияның" жариялануының басталуы - француз ағартушылық әдебиеті тарихындағы жаңа кезең. Монтескъе — француз ағартушылық әдебиетінің бастаушысы. "Парсылық хаттардағы" Францияның мемлекеттік құрылысына. Бұл романның француздың пәлсапалық романын дамытудағы ролі. Романның эпистолярлық пішіні. Монтьескьенің "Римдіктің ұлылығы мен құлдырауы туралы толғаныс" еңбегінің тарих ғылымының құлдырауындағы маңызы. "Заңдар рухы" еңбегінің жетекші мақсаттық бағыттары. Волътер /Мари Франсуа Аруэ/. Вольтер мен шіркеу. Вольтер тарихшы. Вольтердің шығармашылық әдісінің мәселесі /классицизм мен реализмге қатынасы/. "Генриада" поэмасындағы діншіл төзімділік пен ағартушылық абсолютизмді насихаттау ойлары. Воьтер және оның пәлсапалық повестеріпдегі ұнамды кейіпкерлер. "Кандида" повесіндегі көркемдік әдістерегі рационализм. "Ақкөңіл" повесіндегі кейіпкерлер мінез-құлықтарын бейнелеу және әурешілдік сарын. Воьтердің Гомер, Шекспир туралы пікірлері. "Талғам храмы" — Вольтердің әдеби манифесті. Вольтердіңтеатры. "Брут", "Заира", "Магомет" трагедиялары. Вольтердің пәлсапалық повестеріндегі көркемдік әдістер, сюжет құру, фантастикалық аллегориялық гротесктік суреттеулер. Пәлсапалық повестерінің тілі, фразалардың ирониялық астарлары.
Жан Жак Руссо Щвейцарияда 1712 жылы 27 маусымда Женева қаласында дүниеге келді. Руссоның әкесі-Иссак Руссо сағат жөндеуші, ал анасы Сюзанна Бернар Руссо туылған кезде дүниеден өтеді. Ата-анасынан айрылған ол апайларының қолында тәрбие алады. Жастайынан жетімдік көруі, ұсақ буржуазиялық текке жатуы, басынан өткерген қиыншылықтары оның әлеуметтік теңсіздікке деген көзқарасын ушықтыра түседі. Қаражаттың жетіспеуінен мектепті бітіруге мүмкіндігі болмай, жақындары Руссоны қолөнер кәсібін үйренуге оқуға береді. Бірақ қатал қожайынының оны үйреткенінен гөрі, қорлағаны көп болғандықтан, 1728 жылы Парижге келеді. Парижде ағартушы философтар Дидро, Д.Аломбер, Кондильяк, Грилем т.б. оны өз орталарына ықыласпен қарсы алады. Парижде Женевадағы алған музыкалық білімін іске асырып, нотаны санмен жазудың жаңа жүйесін ойлап табады. Сонымен қатар, аса табысты болмағанымен опералар жазып, олар француз сахналарында қойылды. 1749 жылы Руссо Дижон Ғылым Академиясының жариялаған конкурсқа өзінің әйгілі шығармасы "Рассуждение о науках и искусствах" деген трактатымен қатысады. Үкімет билігінің қатал тәртіптерін айыптайтын бұл философиялық трактат Руссоға даңқ әкелгенімен, оның Щвейцарияға кетуіне себепкер болады. Дени Дидро және эпциклопедистер. Гельвецкий, Голъбах және Даламбер/. Дидро - өнер теоретигі. "Салондар", "Драмалық әдебиет туралы", "Актер туралы парадокс". Дидро эстетикасының әлеуметтік саяси және пәлсапалык негізі. "Моиахиня", "Рамо жиен", "Жак-фаталист" — феодалдық қоғамның кең көліемді көрінісі. Жазушының эпситолярлық пішіңді қолдануы /Хатнама-сыр "Монахиня"/ және пәілсапалық диалог /"Рамо жиен"/. Дидроның театры. "Асыранды ұл". "Жанүя әкесі". Олардың классикалық драматургиядан айырмасы: драма кейіпкері сипатындағы жаңа әлеуметтік тап, кедейдің сезім дүниесін табу құқы. Жан Жак Руссо-сентиментализм әдебиетінің көрнекті өкілі. Дворяндық өркешетке сын және "табиғи жағдай" теориясы /"Ғылым мен өнер туралы ой"/, "Теңсіздіктің тегі мен негізі туралы ой" - қоғамның экономикалық негізін сынауға арналған тұңғыш еңбектердің бірі. "Қоғамдық келісім шарт " еңбегіндегі халықтық басқару. "Эмилъ" педагогикалық романындағы жаңа адам бейнесі. Педагогикалық теорияларының, пәлсапалық ойларымен байланысы. Руссоның "Сыр" романының шемдік мемуарлық. әдебиеттегі орны француз әдебиетіндегі роман - өмірбаян жанрының дамуына әсері. "Жаңа Элоиза" және сентименталдық роман жанры. "Табиғи адам" теориясы және оны романның көркемдік сипатымен ашу. Сезімді айшықтау. Табиғатқа табыну. Руссоның XIX ғ. романтикалық әдебиет тарихындағы орны. Бомарше /Пъер Огюстен Карон/, Драматургиясындағы демократаялық және реалистік бағыттар /"Мемуарлар"/. Эстетикалық көзқарастары /"Еегения" пьесасындағы алғы сөз/. Фигаро туралы триология /"Севиль шаштаразы", "Фигароның үйленуі"/. Фигаро-образы — саяси үстемдік үшін күрес кезіндегі буржуазияның "Ұнамды қаһарманы". Альманива бейнесі — француз дворяндық ортасының 1789 ж. революция қарсаңындағы ыдырауының кейпі. "Фигароның үиленуі" туралы А.С.Пушкиннің В.Г.Белинскийдің, А.И.Герценнің пікірлері. Бомарше комедияларының көркемдік ерекшеліктері. Бомарше комедияларына Моцарттың, Россинидің жақындығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет