Лекция. Зерттеу үрдісінің құрылысы мен мазмұны Жоспар



бет5/30
Дата22.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#59022
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
stud.kz-57475

Ақпараттық – танымдық, зерттелінетін құбылыстар, процестер мен пәндердің мәндерінде жүретін болады. Ол көбнесе, мағналық конфликт түрінде көрініс табады. Мысалы: не себепті червякті беріліс қайтымды беріліс бола алмайды ? Шындығында, мұндай айналыс ек червяк арқылы берілуі керек, ал доңғалақ арқылы червяктің қозғалысы ғана емес. Осындай қарама-қайшылықтың әсерінен адамдажағдайды түсінуге құштарлық пайда бьлады.Бұл жағдайды адамның психологиялық күйі, яғни проблемалық ситуация деп атайды.
Таным процнсіндегі қарама-қайшылық теориялық және практикалық мәселелердің танымдық сипаттағы және адамда бар білім деңгейі, түсінуі мен дамуы арасында орын алады. Жеке жағдайда:

  1. көптеген әрекеттер арасындағы және олардан қажетті ыңғайлысын таңдау;

  2. бар білім мен және оны практикада пайдаланудың шарттары арасындағы;

  3. мәселені шешудің теориялық мүмкіндігі мен оның практикалық іске асырылуының қиындығы арасындағы;

Бұйымдарды кострукциялауда, технологиясын құруда пайымдауда және диагностикалауда, оқыту материалдарының құрылымын түзуде, бір ғана нәрсенің төңірегінде әр түрлі пікір пайда болады және мұндай жағдайда пікір дәлелін практика шешеді. Мұндай қарама-қайшылық – логикалық делінеді. Ал, таным процесі мен логикалық қарама-қайшылық арасындағы қарама-қайшылық адамда объектілердің, құбылыстың немесе процестің мәнін түсінуден пайда болады.
Қарама – қайшылықтар мазмұнында пайда болған құштарлық ғылыми бағдарлаудың элементар дәрежесі ретінде, көрініс тапқанның мәнін, маңызын ұғынуға тырысу, танысып білу.Жоғарыда аталған факторлар жаңа білімнің қажеттілігін туындатады және ғылыми шығармашылыққа негіз болады. Өйткені, іс-әрекеттің қозғаушы күші, белсенділік көзі, қажеттілік болуы тиіс. Жоғарыда аталған әдістер тобы педагогикалық құбылыстар танудың эмпирикалық мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке дара ғылыми педагогикалық деректерді жинақтауға арналады.Ал осы топталған алғашқы деректік материалдың мән-мағынасын ашып, заңдары мен заңдылықтарын анықтау зерттеудің теориялық талдау әдісімен орындалады.
Теориялық талдау – педагогикалық құбылыстың кей тараптарын , белгілерін ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, әрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен ұстанымдарға келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық құбылыстың мән жайына енеміз.
Индуктив және дедуктив әдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық әдістері. Индуктив әдіс ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.
Теориялық әдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректекдің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық әдіс көптеген әдебиеттермен таныс болуды талап етеді:

  • жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;

  • жалпы және арнайы педагогикалық әдебиеттер;

  • тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;

  • педагогикалық мерзімді басылымдар;

  • мектеп, тәрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;

  • педагогикалық анықтама құралдары;

  • педагогика және онымен сыбайлас пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік қолданбалар.

Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістерінің түрі сан
алуан. Олардың арасында көбірек қолданылатындары
кітапдерек(библиография) түзу – зерттелетін мәселеге байланысты іріктеліп алынған деректік әдебиеттер тізімі; реферат жазу – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны; конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан – жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар; аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпар жазу; сілтеме (цитата) беру – әдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мәтінге жазу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет