Лекция. Зерттеу үрдісінің құрылысы мен мазмұны Жоспар


-лекция. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістері



бет6/30
Дата22.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#59022
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
4-лекция. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістері
Жоспар:


1.Зерттеудің эмпирикалық әдістерінің мәні, олардың ғылымдағы ролі.
2.Бақылау. Әңгімелесу. Сауалнама жүргізу.
3.Рейтинг. Білім мекемелері құжаттарын зерделеу
Эмпирикалық зерттеу (эмпирикалық әдістер)- зерттелетін мәселе бойынша нақты материалды жинақтау және құбылысты тіркеу, оларды тізімдеу, сыртқы байланысын айқындау, қабылданған ұғым мен белгіленген деректерді қорыту үшін қызмет ететін эмпиристік таным мен құбылыс шындығын зерделеу амалдары, рәсімдері мен операциялары, ғылыми зерттеу міндеттерін шешу тәсілдері.
Эмпирикалық әдістер тек қана тікелей ақпаратты (жинау) қабылдауды ғана емес, сондай-ақ қордалануды, жіктеуді және зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық теория құру үшін бастапқы материалды жинақтауды да қамтамасыз етеді. Олардың жалпы сипаты - нақтылықпен тікелей байланысты болғандығында.
Эмпирикалық әдістерге мыналар жатады:

  • мағлұматтарды жинақтау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тестілеу, сұхбаттасу, құжаттар мен іс-әрекет нәтижелерін талдау, оқытушы жұмысы тәжірибесін талдау және т.б. жатады;

  • бақылау мен өлшеу әдістері (шкалалау, тестілеу және т.б.)

  • педагогикалық үрдісті өзгертілген және нақты ескерілген жағдайда зерттеу (педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін мектеп жағдайында тексеру).

Педагогикалық зерттеу әдістерінің ішінде педагогикалық бақылау жиі қолданылады. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі (сабақ, экскурсия, т.б. жағдайда) жүргізілу әдісі мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Педагогикалық бақылау-бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі. Бақыаулар тікелей және жанама, ашық және жабық, үздіксіз және дискреттік (үзіліспен), монографиялық болуы мүмкін. Зерттеуші бақыланушы обьектінің іс-әрекетіне тікелей белсене қатысса,(оқушылармен бірге) бақылау тиімді болып табылады. Сырттай (құпия) бақылау айналы (әйнекті) қабырға арқылы немесе телекамерамен жүзеге асады.
Бақылау әдісін бастамас бұрын зерттеуші қандай мақсатпен және қанша уақыт бақылау жүргізетінін және қандай күтілетін нәтижелерге келетінін білуі тиіс. Жинаған фактілерді тіркеп жазып қою керек, күнделік жазып, хаттама күйінде тіркеп, бейнетаспаға, үнтаспаға жазып алып, фотосүретке түсіру керек.
Бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар:
-мақсаттылығы;
-жүйелілігі;
- ұзақтылығы;
-жан-жақтылығы;
-обьективтілігі;
-бұқаралық;
-әдептілікті сақтау.
Бақылау әдісі. Нақтылы бақылау обьектісі белгіленіп, жоспарлы жүргізіледі.
Бақылау кезеңдері:
-мақсат пен міндеттерді анықтау,
-обьекті, пәні таңдалады;
-бақылау жолдарын анықтау;
- бақылау барысын есепке алу;
-алынған ақпараттарды өңдеу және талқылау.
Кемшілігі-қорытындысына жеке тұлғаның ерекшелігі ықпал етуі.
Бақылау-зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылысты назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жеке танысуға орай алдын-ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:
1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау,
2) бақылаатын обьект, оның элементтерін және ситуацияларын таңдастыру;
3) бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу;
4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;
5) жинақталған ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау- ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады, сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық және жасырын бақылау; тұтастай және таңдмалы бақылау.
Бақылау-орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес. Көп жағдайларда бақылау барысындағы ең соңғы нәтижеге зерттеушінің тұлғалық -әлеуметтік жеке-дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.
Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады.
Әңгіме әдісі.
Әңгіме -1. тұлғаның жеке ерекшеліктерін анықтау мақсатымен (мотивациялық және эмоционалдық аясын, білімін, сенімін, қызығушылығын, артықшылығын, ұстанымын, ортаға, ұжымға қатынасын, т.б.) ұйымдастырылатын психологиялық-педагогикалық зерттеу әдісі. 2.Мұғалімнің мұқият ойластырылған сұрақтар жүйесін қою жолымен оқушыларды жаңа материалды түсінуге әкелетін немесе енді оқып үйренгенді меңгергенін бақылайтын оқытудағы әдіс.
Сұрақ-жауап тұрғысындағы әңгіме және осының кез-келген үлгісі алдын-ала жоспарланған мәселелер бойынша, белгілі бір мақсатпен өткізіліп, мұнда барлығы да тіркеледі: жауапты нысанв, әңгімеге көзқарас, мінез-құлық және т.с.с.
Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерін нақты көрсеткен жөн. Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғаллімдер мен ата-аналар және басқа қажетті адамдармен жүргізіледі. Әңгіме барысында зерттеуші жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Әңгімені жасөспірімдермен өткізгенде өте жоғары шеберлікті қажет етеді. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме өткізу өте күрделі. Мұны тек бастауыш сынып оқытушылары ғана жүргізе алады. Себебі олар осы жастағы балалардың жас ерекшеліктерін жақсы біледі. Әңгіменің келесі түрі көбінесе жоғары сынып оқушыларымен мәселені талқылау барысындағы әңгімелесу. Әңгімелесу еркіндік негізінде жүргізіледі, анықталған мәселеге байланысты сұрақтар дайындалады. Оқушы көзінше жазба жұмысы жүргізілмейді. Сұрақ-жауап тұрғысындағы әңгіме және осының кез-келген үлгісі алдын-ала жоспарланған мәселелер бойынша, белгілі бір мақсатпен өткізіліп, мұнда барлығы да тіркеледі: жауаптың нысаны, әңгіме көзқарасы, мінез-құлық және т.с.с. Бұл әдістің артықшылығы: оқушыларды ширатып, жады мен сөйлеуін дамытады, оқушылардың білімін жария етеді, елеулі тәрбиелік мүмкіндіктері бар. Әңгімелесушілердің түрлері-ауызша қарым-қатынас үдерісінде педагогке тәрбиеленушілермен өзара әрекетте тактика таңдауда ескеруге пайдалы адамның әр түрлі жеке сипаттарының көрінуі.
Басым ойлы әңгімелесушімен (қайсар, шешім қабылдап, жауапкершілікті өзіне ала алатын) әңгімені текке үзіп жібермеуге тырысып, сабырлы болу тиімді, бірақ өзіңнің көзқарасыңды оған батыл, шешімді түрде айту керек; басым ойы жоқ әңгімелесушіні (сапайы, жұмсақ, тез абыржып қалатын) жиі жігерлендіріп, қызығушылықпен тыңдап, дұрыс қорытындыларын қолдау пайдалы. Қарым-қатынаста ұтқыр тәрбиеленуішіні (еті тірі, тақырыптан тақырыпқа жеңіл ауысатын) әңгіме тақырыбына оралып, сыпайы сөйлесіп отыру ләзім. Ригидтіні (тақырып ауысуына ілесе алмайтын шабанды) асықтырмай, оған ақырына дейін сөйлеуге мүмкіндік берілуі тиіс. Экстраверт (төтенше) көпшіл, белсенді, көбінесе әңгімелесушіге бағытталған. Онымен, әдетте, қарым-қатынас жасау жеңіл. Интраверт әңгімеге онша құлы жоқ, егер алдыңғысы аяқталмаса, тақырыптан тақырыпқа қиын ауысады. Оны шыдамды, ойлы түрде тыңдау қажет.
Сұхбат әдісі- қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша өолданылатын зерттеу тәсілі.
Сұхбат- сұхбат алушының респондентпен қатынасын көздейтін, белгілі жоспар бойынша өткізілетін сұрау, әңгіме әдісінің өзге түрі.
Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойцынша күні ілгері түзелген жоспар мен орындалады. Әңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды,э
Сұхбат алу- қандай да болсын ақпаратты алу мақсатында респондентпен жүргізетін әңгіме, сұрақ:

  • деректі (құжатты)- фактілер мен оқиғалар нақтыланатын әдіс,

  • жабық – ұсынылған тұжырымдардан бір немесе бірнеше стандартталған жауаптарды таңдау қарастырылады, «ия», «жоқ», «білмейтін», « келісемін», « келімпеймін», «айту қиын» сияқты стандарт сұрақтарға ұқсас жауаптардың мысалдары;

  • пікір – адамдардың қандай да болмасын құбылыстар мен оқиғаларға қатынасының білуге бағытталған әдіс;

  • ашық – жауаптардың сипаты мен саны, олардың түрі және саны ескерілмейді, сыналуышылар оны еркін таңдайды. Осындай сұрақтардың жауаптары, жабық түрге қарағандағы айырмашылығы, әдітте сандық емес, сапалы талдауға салынады.

  • Еркін – тақырыбы мен түрі регламентпен белгіленбеген әңгімелесулер.

  • Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан енген сұхбат алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын-ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Сұхбат жауаптары анық жазылып, хатталады.

Сауалнама – 1) белгілі бір тақырып бойынша сұрақтар және оларға қажетті мәліметтер алу мақсатымен жауап жазуға орын қалдырған (немесе жауаптары) сұрақ қағазы; 2) зерттелуші адамдар контигентіне зерттеушінің құрастырған тізімі, олардың жауаптары жалпылау үшін эмпирикалық материал ретінде қызмет етеді:

  • алып- жүз, екі жүз сұрақтары бар сауалнама;

  • жабық – ұсынылған жауаптардан таңдау;

  • найзағай – екі-үш сұрақтардан тұратын сауалнама;

  • ашық- жауап берушілердің еркін жауаптары;

  • аралас-сұрақтарының бір бөлігі таңдау бойынша берілетін, сондай-ақ ұсынылатын сұрақтардың шеңберінен шығып кететін сауалнама.

Сауалнама белгілі бір құбылыс туралы ақпаратты зерттеушілердің үлкен тобында анықтап алу үшін сын мен ұсыныстарды анықтау үшін өткізіледі.
Ұжымдағы қарым-қатынасты анықтап алу үшін социометриялық сауалнамалар өткізіледі. Мұндағы сұрақ әдістернің артықшылығы – зерттеуші әр түрлі ақпаратты, үлкен аудиторияны қамти отырып, жинап алады. Кемшілігі - әр сауалнамада толығымен шындық айту элементі болмай қалады, кейдір жауаптар жалған болуы мүмкін және кейбір сұрақтар белгілі бір жас ерекшелігіне сай келмеуі мүмкін.
Бұл жерде мынадай талаптарды сақтау қажет:

  • зерттелуші құбылысты неғұрлым дәл көрсететін және сенімді ақпарат беретін дәл және нақты сұрақтарды ұқыппен таңдау.

  • Жауаптарды нақтылауға мүмкіндік беретін тікелей әжәне жанама сұрақтарды пайдалану және олардың шынайылығын анықтау;

  • берілген сұрақтардың мәні мен маңызы және оларды дайындау кезінде ешкімнің араласпауы;

  • ашық (кейде жауап беруші өзінің жеке пікірін айтуына болады), жабық (жауаптарының шектеулі нұсқаларымен) сауалнамаларды пайдалану;

  • дайындалған сауалнаманы сынақтан өтушілердің шағын тобына тексеру, қажетті түзетулерді енгізу; балмен бағалау арұылы қарама-қарсы сауалнамаларды пайдалану.

Анкеталау – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады.Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Әңгімелесу мен сұхбат алу бетпе-бет әңгіме құрумен жүргізіледі, ал анкета сырттай орындалады. Аталған әдістердің нәтижелі болуы қойылған сұрақтардың мазсұны мен құрылымына тәуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер:
1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн;
2) сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет;
3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс.
4) сауалнма кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырғы редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жұмыстары. Балалардың сүреттері, сызбалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір салады ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжатттарымен танысу әдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі, дәрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тәрбие, білім игеру үдерісін ұйымдастыру тәжірибесінде нақты қалыптасқан обьектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.
Мектеп құжаттарын зерттеу. Оқу және тәрбие жұмыстарындағы кейбір күдікті мәселелерді түрлі құжаттарға сүйеніп, зерттеуге болады. Бұл-мектеп және мектептен тыс тәрбие мәселелеріндегі құжаттар мен мұрағат материалдары Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау жұмыстары, сүреттері, түрлі жұмыстарын зерттеу арқылы кейбір керекті материалдар алуға болады.Педагогикалық тест-нақты білім беру саласында оқушылардың білім, білік пендағды құрылымын және деңгейін тиімді бағалауға мүмкіндік беретін белгілі бір пішін мен мазмұндағы тапсырмалардың күрделілігі бойынша сараланған жүйе. Педагогикалық тестілеу- қатаң қадағаланатын жағдайда өткізілетін мақсатты тексеру. Ол арнауйы жасақталған міндеттер көмегімен педагогикалық үрдістің зерттелетін сипаттамаларын обьективті өлшеуді қамтамасыз етеді.
Рейтинг немесе өзін-өзі бағалау әдістері.
Рейтинг- іс-әрекетті белгілі бір жақтарын құзырлы экспериментпен бағалауы. Эксперттерге қойылатын талаптар: құзыреттілігі, шығармашылық міндеттерді шешу қабілеттілігі, обьективтілік, өзін-өзі сынау.
Бұл әдіс білікті қазылардың (сарапшылардың) іс-әрекеттің қандай да бір жақтарын бағалау кезінде пайдаланылады. Сарапшыларға белгілі талаптар қойылады: олар шығармашылық міндеттерді шешуге қабілетті, білікті болуға, сараптамаға оң қабақ танытуға, әділ, обьективті өзіне-өзі сыни тұрғыдан қарауға тиісті. Рейтинг үшін қарама-қарсы сауалнамалар пайдалаылуы мүмкін. Өзіндік бағалау әдісін де пайдаланған орынды.
Рангілік бағалау әдісі.
Мұндай бағалау кезінде анықталған себептер олардың көрініс дәрежесіне немесе кему тәртібімен орналастырады немесе осындай не басқа бір белгілер бағалауды жүзеге асырушының ұстанған бағытына байланысты оның мәніне қарай өсу орналастырады
Тәуелсіз сипаттамаларды қорыту әдісі.
Бұл әдіс тұлсырымдардың обьективтілігін арттырады. Оның мәні зерттеушенің әр түрлі көздерден алынғанм ақпараттарды өңдеуден көрінеді. Мысалы, оқушының жеке басын зерттей отырып, мұғалім ол туралы ата-аналардан, басқа мұғалімдерден, дәрігерлерден, ұжымнан мәліметтер алады.
Тәуелсіз сипаттамаларды жалпылау әдісі- тұжырымдардың обьективтілігін жоғарылатады. Әр түрлі ақпарат көздерінен түскен мәліметтерді өңдеу.
Статистикалық әдіс оның шеңберінде мынадай нақты әдістемелер қолданылады:
Тіркеу – белгілі сыныптың белгілі бір сапасын анықтау және осы сапаның барлығын немесе жоқтығын сан бойынша білу;
Ранжирлеу- жиналған деректердің белгілі бір жүйемен орналасуы, обьектілердің осы қатардағы орындарын анықтау;
Шәкілдеу- зерттеу сипаттамаларына балдар немесе басқа цифрлық көрсеткіштер беру.
Шәкілдердің негізгі орналасу реті: аталым шәкілдері (номиналды); тәртіп (немесе рангілік) шәкілдері, арақашықтық шәкілдері; қарым-қатынас шәкілдері;
Аталым шәкілдері- ең «әлсіз» шәкілдер. Оларда сан мен- басқа да белгіленімдер таза символдық түрде пайдаланылады. Обьектілердің аталымдарын білдіреді. Бірден-бір математикалық сипаттама обьектілердің неге жататындығын анықтау. Мысалы: зерттеу обьектісі сол сыныпқа жата ма, мамандықтар тізімі, оқушылар мінездемелерін саралау. Тәртіп шәкілдерінде шама тәртібі, «үлкен» мен «кішінің» қарым-қатынасы, жалпы иерархия белгіленеді. Оларды қолданудың мысалы ретінде «бойы сұғақтау», «бесеуден көбірек», т.б. типтегі ранжирлеу қызмет етеді.
«Күшті» шәкілдер – арқашықтық және қарым-қатынас шәкілдері болып саналады. Арақашықтық шәкілі шәкілдегі жекелеген сандарың арасындағы белгілі бір арақашықтықты көздесе, ал қарым-қатынас шәкілінде нөлдік нүктенің өзі де анықталып қойылған. Мысалы, термометрлер, вольтметрлер шәкілдері және басқалар.
Социометриялық әдіс.
Жеке бастың қарым-қатынасы зерттеледі. Социометрия (лат. Societas- қоғам және metrio- өлшеймін) шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я.Морено (1892-1974) жасады. Социометриядағы негізгі тәсіл- арнайы сауалнамадағы сұрақтарға жауап бере отырып, топтың әрбір мүшесі өзінің басқаға деген қатынасын білдіреді. Нәтижелері социограммаға (графикте топ мүшелерінің таңдаулы бағдаршамен көрсетіледі) немесе социоматрицаға (топтың әрбір мүшесінің таңдаулары есептелген кесте) енгізіледі.
Социометрия топтық қарым-қатынастың сыртқы жағын ғана қамтиды. Топты толығырақм сипаттау үшін тұлға аралық таңдаудың түрткілерін, сондай-ақ тоты ұжым ретінде сипаттайтын қарым-қатынастың ерекше жүйесінің дамуын анықтап алу қажет.
И.П.Волков, Я.Л.Коломинский және т.б. педагогтар социометрияның балалар тобындағы тұлға аралық қатынастар туралы ақпараттар алуға мүмкіндік беретін нұсқаларын жасады. Социометрияның жеке тұлғалық және топтық нысандары, сондай-ақ, эксперименттік ойын, жазбаша тест, бейнелеу тест, т.б. нұсқасындағы түрлері қолданылады.
Социометриялық әдіс топтағы, жанұядағы, балалар ұжымындағы қарым-қатынастың пайда болуын көрсетеді. Қарым-қатынас өз кезегінде оқушы әрекетінің нәтижесін бейнелейді. Сондықтан да социометриялық әдіс дәстүрлі сауалнама мен сұхбаттың қолданылуынан неғұрлым анық көрінеді. Дегенмен, сауалнама социометриялық әдістің құрамды бөлігі болып табылады, бірақ ол ғылыми зерттеу үшін негізі ретінде қызмет ете алмайды.
Социометрияның баға шкалалары:
Шкаланың кең тараған төрт түрі бар:
1. Кемитін немесе өсетін бағалар типінің қатарындағы шкаласы.
2. Өзара бағалау шкаласы.
3. Салыстырмалы баға шкаласы.
4.Өз-өзін бағалау шкаласы.
1.Кемитін немесе өсетін бағалардың тиянақты типінің шкаласы.
Мұнда бес балдық (кейде 10 балдық) жүйе қолданылады. Оқушылардың сапаның маңыздылығын бағалау ұсынылады және баға шкалаларының градияциясы басқа болады:
-ең жоғары деңгей, жоғары деңгей, орта, төмен, ең төмен, (бұл жеке тұлғаның, жымның, бала қызығушылығының, оның қажеттіліктерінің және т.б. сапаларының даму деңгейіне қатысты);
-өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз, жаман, өте жаман (бұл қарым-қатынастың, педагог жұмысының сапасына, белсенділігіне, білім, дағды, икем көрсеткіштерінің және т.б. бағасына қатысты);
-анық көрсетілген, жеткілікті толвқ көрсетілген, белгісіз көрсетілген, жаман көрсетілген, көрсетілиеген (сапа мен жеке тұлғаның қасиетінің қалыптасуы мен сипатталады).
- Зерттеуші әдетте өзінің зерттеу пәніне қатысты баға шкаласының түрлерін таңдайды.
2. Өзара бағалау шкаласы. Мұнда әрбір сынып оқушысы өз құрбыларынң әрқайсысына сапалық баға береді, кейін мұның бәрі рангтық бағаның жалпы матрицасына айналады.
Осыған байланысты орта балмен ұжымның, қоғамдық белсенділіктің немесе қандай да бір басқа тұлға сапасының деңгейі орнатылады. Мұнда оқушылар бірін-бірі бағалайды.
.3. Салыстырмалы баға шкаласы. Бұл шкала бойынша мәліметтер алу үшін әр түрлі топқа, тұлғаға, тәрбие үдерісіне қатыушыларға сұрау әдісі жүргізіледі. Жүргізілген сауалнама мен сұхбаттың негізінде құралған түрі келесі кестеде берілген.
Ойдың эксперимент нәтижесімен салыстыру және берілген бақылаулар басқа сұрауларға да обьективті мәліметтер беріп қана қоймайды, сонымен қатар, кімнің пікірі неғұрлым дұрыс, кімнің пікірі қате екенін, кімнің пікірі жиі сәйкес келетінін анықтауға көмектесетінін анықтауға көмегін тигізеді.
4. Өзін-өзі бағалау шкаласы. Ең көп таралған зерттеу әдістерінің бірі болып өзін-өзі бақылау болып табылады. Мұнда зерттеуші 3-4 күн, апта ішінде достарына өзін бақылауды ұсынады (Мысадлы, өзінде және досында еріктің пайда болуы). Кейін олар өзінде пайда болған сапалардың деңгейін белгілейді. Мәселен, өзін-өзі бағалаудың жалпы түрі еріктің даму деңгейі боцынша көрінеді.
Өзін-өзі бағалау шкаласы әр түрлі болады. Өзін-өзі бағалау зерттеушінің бағасымен салыстырылатын шкала түрі жиі қолданылып келеді. Мұнда өзін-өзі бағалау ата-анамен мұғалімнің бағасымен салыстырғанда төмен көрсеткіш береді.
Социометриялық әдістемені қолданған кезде мынаны ескерген жөн:
1. Сауалнама, әңгіме, сұхбат және өзін-өзі бағалауда белгілі талаптарды орындау. Зерттеу обьектісі жөнінде жеткілікті мәлімет беретін өзара қатынастың болуын жоспарлау.
2.Кез келген социометриялық әдістеменің шешімі, қарым-қатынас сферасын, обьектісін таңдауға болады.
Мысалы, оқушыларға әрекет түрін таңдауға мүмкіндік береді. Таңдау себебі әр түрлі болуы мүмкін: достарымен бірге болу, жұмысқа қызығушылық, мұғалімдерді сыйлау, жаңа істе өз күшін байқау және т.б. Оқушы бір партада басқа біреумен отырғысы келген кезде оның таңдау себебі әр түрлі: досына жәрдемдесу, досының жәрдем беруі, т.б. Социометриялық әдіс ұжымдағы қарым-қатынастың себептік сипатын аша түсетіндей болып құрылуы керек.
3. Алынған мәліметтердің сапасына бақылау жүйесі қажет. Бұл үшін бірінші кезекте таңдап алынған әдіс (шағын топтық типтер зерттеледі) қолданылады, оқушылар өз жауаптары мен таңдауларының себептерін аша түсетіндей арнайы әңгіме және сұхбатпен социометриялық әдісті тексеру, әліметтерді басқа зерттеу әдістері көмегімен тексеру.
4. Социометриялық зерттеуде балалар мен ұжымның жалпы дау деңгейі туралы мәлімет болуы керек. Көбінесе бұдан әрі фактінің, сандық материалдық обьективтілігі көп жағдайда тәуелді болады. Айырмашылығын білу жалпыны білу қажет.
Социометрия әдіснамасы бірнеше қолдау кешенін ұсынады.
А) Сауалнаманың мынадай сұрақтарға өткізілуі:
«Сіз бір партада кіммен отырғыңыз келеді?»
«Сіз кіммен кезекшілік қызметін атқарғыңыз келеді?»
«Сіз кіммен бірге серуендегенді қалайсыз?» және т.б.
Ә) Өзінің құрбыларының әрқайсысына баға беру;
Б) Таңдаудың жанама әдісі : мысалы, әрбір алты жасар оқушыда бес әртүрлі қызықты ашық хат бар. Ол мейраммен құттықтап, пошта арқылы тиісті адресатқа жібереді. Поштампта кімнің қанша және қандай ашықхат алынғаны нақты анықталады. Осының негізінде ұжым ішіндегі жан жақтылық қарым-қатынас көрінеді.
В) Сынып бойынша құрылған формасы негізінде міндеттемелердің бөлінуі: топ басшысы, тазалық секторы, редколлегия мүшелері, спорт секторы және т.б.
Осындай график арқылы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы құралады. Бұл топтар эксперимент барысында әр түрлі тапсырмалар орындап, әрекет түрлерімен айналысуы керек. Кейін олардың ішінен басшы (лидер) айқын көріне бастайды. Жұмыстың мұндай жүйесі ұжымның қалыптасуын бірнеше есеге жылдамдатады, сонымен қатар ұжымның жеке тұлғаға әсер етуін қамтамасыз етеді.
Қаншылықты барлық жағдайларда негізгі параметр болып фактілер, сандар, көптеген сауалнама, тестілер, әңгіме жүргізген кезінше шкаланың өлшем ретінде қолданылатыны белгілі: Салмақ, пән өлшемдері, тауар құндылығы, т.б. Тәрбиеде мұндай шкаланы кезедстіру қиын. Зерттеуде педагогикалық болмыстың көп санның ішінен қайсысы болса да бағасының рангтік шкаласые өңдеп шығаруы қажет.
Педагогикалық эксперимент
Эксперимент-(лат. Тәжірибе, сынама)- ғылыми дәлелденген тәжірибені, идеяны ғылыми болжамдар, үлгілер, технологиялар, механизмдерді жаңа жағдайда тексеру.
Эксперимент- алдын-ала белгіленген зерттеу мақсаттар мен зерттеу пәніне белсенді түрде араласу; нақты ескерілетін дағдайда педагогикалық үрдісті қайта жасаудың ғылыми тәжірибесі.
-мәліметтерді өңдеу (математикалық, статистикалық, графиалық, кестелік)
Педагогикалық зерттеудің қандай да бір әдіс не тәсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеруде эксперименттің маңызы ерекше.
Педагогикалық эксперимент міндеттері:
1) жобаланған педагогикалық құбыыс және оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мәнін зерттеу;
2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы;
3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нәтижесін өлшестіру;
Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: теориялық (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын және денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);

  • әдістемелік (зерттеу әдістемесі мен оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нәтижелерді өңдеу әдістерін нақтылау);

  • эксперимент жұмысы- бірнеше тәжірибелік зерттеу әрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тәжірибені басқару және зерттеушілердің жауап әрекеттерін бағалау);

  • талдау- сандық және сапалық сарапқа салу, алынған деректерге түсіндірме беру, қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.

Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тәрбие жағдайында) және зертханалық -қандай да әдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу. Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты және т.б. ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Зерттеу жүргізудің 2 сатысы бар: теориялық және эмпирикалық. Теориялық тасысында әдебиеттердегі мәліметтерге талдау жасалып, жүйелендіріледі, ұғым аппаратын өңдеу, зерттеудің теориялық бөлімінің логикалық құрылымын құрастыру жұмыстары жасалады.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында- тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізіледі.
Эксперимент жүргізу негізінен 3 кезеңнен тұрады.
-анықтауыш экспериментте педагогикалық құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік береді, болжам тексеріледі. Анықтауыш эксперимент жүргізу үшін кем дегенде екі топ зерттелуші, диссертация үшін 200 адам қатысу керек;
-қалыптастырушы эксперимент фактілерді анықтау және ұғыну негізінде педагогикалық құбылыстармен олардың шынайылығы тексеріледі;
-бақылау эксперименті болжамды растауға (немесе теріске шығаруға) мүмкіндік береді.
Эксперименттік жұмысты жүргізу үшін зерттеуші әдістеме жасақтайды. Әдістемелердің түрлеріне қарай
-ғылымда дәлелденген дайын әдістемелер;
-бар әдістемені өңдеп жасақталған әдістеме;
- зерттеушінің өзі ұсынған жаңа әдістеме
Зерттеушінің қорытынды сатысы болып онфң нәтижелерін апробациялау, әдебиеттік жасақталуы және басылып шығарылуы болып табылады. Апробация- латын сөзі бекіту, мақұлдау дегенді білдіреді. Апробация баяндамалар, пікірталастар, жазбаша және ауызша рецензиялау формасында бола алады.
Егер эксперимент педагогикалық үдерістің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент – қайта жасаушы деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі.
Эксперимент әдісінің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен әдептілігі, көрегендігі мен егжей-тегжейлігі, басқалармен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды рөл атқарады.
Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерңн салыстыру үшін екі обьект алынады. Олардың бірі- экспериментті, екіншісі бақылау обьектісі деп аталады. Осы екі обьектіні салыстырмалы түрде қарап тиісті тоқтамға келуге болады.
Ғалымдардың пікірінше, осы немесе басқа үдеріс, болмаса басқа құбылыс қандай жағдайларда қалайша өтеді; зерттеліп отырған үдерістің немесе құбылыстың ішкі қозғаушы күштері, тетіктері, динамикасы қандай анықтау.
Талдау ғалымдардың жалпы тұжырымдамаларымен аяқталады. Бұл тұжырымдар зерттеу жұмысында арқа сүйейтін тіректер болуға тиісті. Осыған дейін зерттелген істің барлығына сыни тұрғыдан баға беру, оған өзінің субьективтік көзқарасыңды бідіру қажет. Қолдағы әдебиетке сыни тұрғыдан талдау жасау өзіңнің жеке көзқарасына емес, логикалық құрылымдық, фактологиялық талдауларға сүйенуге тиісті. Сынау, пікір, таластыру, айтысу үшін проблема бойынша жақсы базалық білім болуға тиісті
Проблема бойынша әдебиетке сыни талдау жасаудың маңызы: ақиқатты табу, адасушылықты, жетіспеушілікті айқындау, зерттеу нәтижелерін дәлелдеу, зерттеу міндеттерін белгілеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет