Лекция. Зерттеу үрдісінің құрылысы мен мазмұны Жоспар


-лекция. Педагогикалық зерттеудің түрлері



бет2/30
Дата22.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#59022
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
2-лекция. Педагогикалық зерттеудің түрлері
Жоспар:
1.Педагогикалық зерттеудің типтері және ерекшеліктері.
2.Тарихи-педагогикалық зерттеудің типтеріне сипаттама: тарихи-ақпараттық,әдіснамалық, теориялық, мәселелік.
3.Тарихи-педагогикалық зерттеу типтерінің критерийлері, әдіснамалық ерекшеліктері.
Шартты түрде педагогикалық зерттеулерді төрт топқа бөлуге болады.
Олар іргелі, теориялық, қолтаңбалы, экспериментальды болып бөлінеді: Іргелі зерттеу - оқыту мен тэрбие процесінің заңдылықтарын ашу, жаңа қүбылыстарды зерттеу, жаңалық ашуға, ғылыми білімді тереңдетуге бағытталады. Іргелі зерттеулердің мақсаты педагогикалық құбылыстардың мэнін ашу, педагогикалық ақиқаттың терең де, тасада жатқан құпияларын, негіздерін табу, оған, ғылыми түсінік беру болып та-былады. Осындай зерттеулердің нәтижесінде оқыту мен тэрбие теориясы, мазмүн теориясы, эдістер мен үйымдастыру нысандарының теориясы жэне т.с.с құрылады.Іргелі зерттеулердің тағы бір мақсаты - әлем туралы, оның мэңгілік элементтерімен бірге, жаңа білімді, рухани танымдык қүндылықтар туралы жаңа ілімді алу.Іргелі зерттеулердің қүндылық өлшеуіштері - дәлдік, нақтылық, нақты бір білім жүйесіне сәйкестілік. Іргелі зерттеулер табиғаттың жаңа іргелі заңдарын ашуға, табиғи қүбылыстар арасындағы байланыстарды анықтауға жэне қүбылыстарды, процестерді, айғақтарды түсіндіруге бағытта-лады. Бүл жүмыстар негізінен академиялық институттарда жэне бас жоғары оқу орындарында жүргізіледі. Іргелі зерттеулердің тікелей нэтижелері көбінесе абстрактілі сипатта болады, эйтсе де келешекте бүл зерттеулердің іс жүзінде колданылуы көптеген жағдайларда экономикалық тиімділік беретінінін атап өтуге бо-лады. Іргелі зерттеулердіц мысалдары ретінде А. Эйнштейннің салыстырымдылық теориясын немесе дифференциалдық жэне интегралдық есептеулер теориясын келтіруге болады. Іргелі зерттеулерге жаңа білімдерді пайдалануға байланысты қандай да бір мақсат қоймайтын жаңа білім алуға бағытталған эксперименттік немесе теориялық зерттеулер жатады. Олардың нэтижесі болжамдар, теориялар, эдістер, т.с.с. іргелі зерттеу-лер алынған ғылыми нэтижелерді іс жүзінде пайдалану мүм-кіндіктерін ашу үшін қолданбалы зерттеулер жүргізу туралы ұсыныс берумен, ғылыми жарияланымдар жасаумен аяқталынуы мүмкін.
Іргелі зерттеулердің нэтижелері тэжірибемен тікелей бай-ланысты мэселелерді шешетін қолданбалы зерттеулер үшін теориялық негіздемелер қүрады. Көбіне олар іргелі зерттеу-лермен бір кешенде жүргізіледі жэне олардың нэтижелері ір-гелі еңбектерде олардың қолданбалы бөлігі ретінде беріледі. Қолданбалы зерттеулер тэжірибенің нақты кемшіліктерін жоюға бағытталған. Алайда мүндай зерттеулердің мэні іргелі зерттеу-лерден кем болмайды.Іргелі зерттеулер эдетте абстрактылы сипатқа ие гепоте-тикалық теориялық схема күрудан басталады. Жекелеген теория-лық ережелер тэжірибе арқылы тексеріледі. Осы негізде зерт-теу обьектісінің мэні туралы, ондағы қарым-қатынастар туралы теориялық түсінік алынады.Бірақ зерттеудің түпкі мақсаты - нақты білім алу. Келесі ке-зең - бастапқы абстракцияны шынайы өмірге аудару жэне мэн мен мағынаның осы шынайы өмірден нақты көрінісін аңғару. Бүл мэннен мазмұннан құбылысқа, абстрактылықтан нақтылыққа апарар жол. Мысалы, «сабақ беру», «окыту» деген абстрактылы ұғымдарды бірдей ала отырып, біз педагогикалық шындықтағы оқу мен оқыту арасындағы қатынастардың өмір сүруінің нақты нысандарын тауып, сол арқылы нақты білім аламыз.
Теориялық зерттеу - бүрынғы деректерді түсіндіруге қажетті жалпы педагогикалық заңдылықтар анықталады. Теория - ойлауда обьективтік табиғи жэне элеуметтік шын-дықты жүйелі және логикалық бірізді қайта жаңғырту. Теория-да обьективтік шындықтьщ логикасы ү_ғымдар жүйесінің катаң бірізділігінен туындайды. Зерттеліп отырған құбылыстардың мәні теорияда ашылады. Білімдердің жиынтығы ретінде теорияны құру шындықтың қандай да бір болмасьш, құбылыстарын зерттеу адамның теориялық іс-эрекетінің мазмүнын құрайды. Теория - идеялар, көзқарастар жүйесі, адамды қоршаған әлем жэне оның заңдылықтары ретінде көрініс беретін құбылыс. Педагогикада териялық зерттеулер мен оньщ эдістері ерекше орыналады.Теориялықзерттеулердіңмэні, белгілібірдүниетаным тұрғысьшан алып қарағанда, эмпирикалық жэне қорытылған ма-териалды жүйеге келтіруде, талдауда жэне бағалауда болып табы-лады.Теориялық зерттеулерде ең бастысы негізгі және қосымша деректерді нақтылайтын идеяларды табуға, дэлелдеуге үйрету болып есептеледі.
Қолтаңбалы зерттеу - заңдылықтарды пайдалану жолдарын табу. Мақсаты - іргелі зерттеу нэтижелеріндегі зерттеудің қоры-тындысы негізінде алынған ғылыми білімдерді адам әрекетінде пайдаланудың жолын табу қарастырлады.Қолданбалы зерттеулер - бүл жұмыстар педагогикалық үде-рістің жеке жақтарын терең зерттеуге педагогикалық тэжірибенің жан-жақты заңдыльщтарын ашуға бағытталған.Қолданбалы зерттеулер дегеніміз нақты түпнұсқа міндеттерді шешу мақсатында жаңа білімдер алуға бағытталған маңызды жүмыстар. Қолданбалы зерттеу іргелі зерттеулердің нэтижелерін пайдаланудың мүмкін болатын жолдарын, бүрын қалыптасқан мэселелерді шешудің жаңа эдістерін анықтайды.Қолданбалы зерттеулер маңсаты - рухани-танымдық емес, элеуметтік тапсырысты орындайтын тэжірибелік нэтиже больш табылады. Қолданбалы зерттеулердің қүндылық өлшеуіштері -өнім-нәтиженің түлынушылық сипаттамасы, технологиялық үде-рістің техникалық-экономикалық сипаттамалары.Қолданбалы жүмыстар бүрыннан белгілі эдістерді елеулі түр-де жетілдіруге немесе жаңа эдістер қү_руға тікелей бағытталады, бүл эдістер негізінде жаңа жабдықтар, машиналар, материалдар-дан тұрады. Қолданбалы зерттеулердің барысы бұдан өзгеше болады. Қолданбалы зерттеудің іргелі зерттеуден айырмашылығы сол, мұнда теориялық негіздемелер зерттеушіге берілім қойылған. Ол зерттеушіні қолда бар теориялар арқылы педагогикалық тожірибедегі жоюға тиісті кемшіліктерді (мысалы, белгілі бір мақсаттарды орындау үшін оқытудың қолда бар эдістерінің тиімділігінің жеткіліксіздігі) табуға жэне сипаттауға еліктіреді. Ьұл зерттеудің басы. Будан кейін байқалған кемшіліктерді қалай жою керектігі жөнінде түсінік қалыптасады. Осы түсініктің қаидай теориялық дэрежеде екендігіне байланысты оның жеке-лонген элементтерін тексеруге бағытталған эксперимент жүр-гііілуі мүмкін. Одан соң іс-эрекеттің жобасы (мысалы, оқыту тосілдерінің жүйесі) жасалады, жэне осы түпкі нэтиже тэжірибе жүмысының барысында тексеріледі. Бүдан кейін соңғы қоры-Тындылар үхынылады. Бір жағынан эксперимент, екінші жағы-іі;іп тэжірибе жұмысы арасында айырмашылықтар болуы мүм-кііі, оны зерттеу жүмысының барысында ескеру қажет.
Ондай категорияларға педагогикада даралық (индивидуальность), тұлға, білім беру, тәрбие, дамыту, оқыту, өзін-өзі тәрбиелеу, әлеуметтену, қалыптастыру, педагогикалық іс-әрекет, оқу іс-әрекеті, педагогикалық өзара қатынас, педагогикалық жүйе, білім беру процесі, педагогикалық процесс жатады. Бәрімізге мәлім адам үш жағынан: биологаялық негізімен (жеке тұлға) және әлеуметтік (тұлға); үшіншісі-адамдағы адамшылық (даралық) көрінісімен белгілі. Осыған байланысты және үш ұғым: жеке тұлға, тұлға және даралық пайда болады. Яғни, онда жануарлық бастама (организм), әлеуметтік (тұлға) және таза адами сапа (даралық) орын алады. Жеке тұлға (индивид) Ноmo Sapiens өкілдеріне қатысты айтылады. Бұл филогенетикалық және онтогенетикалық даму өкілі, туа біткен және жүре пайда болғандар бірлігі. Индивид адамның жануарға тән екенінің айғағы. Тұлга — адамдағы қоғамдық бастаманың көрінісі оның әлеуметгік өмірге қатыстылығы. Бұл, өз кезегінде қоғамдық қарым-қатынастар арқылы анықталатын достық, сүйіспеншілік, отбасылық, өндірістік, саяси және т.б., жүйелердің қарым-қатынасы. Даралық - бұл, адамды жануардан және әлеуметтік ортадан даралайтын, ерікті, тәуелсіз тірі организм ретінде танылуы. Мұнда оның іс-әрекет жасырылған. Даралық дамыған сайын бөлек тұлға түгелімен өзінің күшіне сенеді, сондықган ол тек қана еркін емес және де өзбетінше адам.Бұл ұғым тұлғаның. басқа адамдарға ұқсамайтын мінез-құлық, ой-өрісі, тәлім-тәрбиесі т.т. арқылы айқындалады. Сондықтан педагог, тұлғаның психологаялық құрылысы жайлы терең білімі, сонымен қатар ойлау заңдылықтарын, ес, тұлғаның қалыптасу аймағына тиіесілі тәрбие әсерімен қамтамасыз ету, әрбір адамның қабілеттіліктерін мүмкіндігінше ашу, пайдалану, қоғам өміріне және жеке тұлға үшін де керек екенін білуі тиіс.Даралық негізінен оның интеллектуальдылығы мотивациялық, эмоциональдық ырық, пәндік-практикалық, өзін-өзі реттеушілік, экзистенциаддық (ғылымға объективті сенім) сфералары арқылы анықталады. Интелектуальдық сфера бөрімізге белгілі, ойлау турлері (танымдық, шығармашылық) ойлау стилі (аналитикалық, образдық ойлау), ақыл сапасы (туйсікгілік) икемділік өзбетіншелік (ой сыны, ойша әрекеггілігі), танымдық процестері (зейіні, есі, қиялы, ұғынуы), ой операциялары (есептеу, даралау, талдау, жинақтау, жүйелеу, абстракциялау,дәйектеу), танымдық біліктіліктер (сұрақ қоя білу, мәселен айқындау, болжам алға тарту, оны дәйектеу, қорытынды жасау, білімді қолдана білу оқи білуі жоспарлай білуі, мақсат қоя білуі, қажет деген жерде оқи, жаза білуі), пәннен тысқары білім және біліктіліктер (мораль туралы ұғымы, жалпы адамы құндылықтар, адамгершілік істері). Мотивадиялық сфера бүкіл өмір бойы мотиві мен мақсатын қалыптастыратын және дамытатын, адамдарды қалыптастыратын және дамытатын барлық тұтынушылығы жиынтығын құрайды. Эмоциональдық сфера тек қана эмоция мен сезім арқылы ғана сипатталмайды, ол сонымен қатар өзін-өзі бағалау және берекетсіздену арқылы сипатталады.Жоғары берекетсіздік кезінде адам тез таңданады, болмасыға қапаланады, қаралайым жағдайдың өзінде шатасады, сенімсіздік, сәтсіздіктен қорқу, тез шоршайтын болады. Артық немесе кем өзін-өзі бағалауда, қарым-қатынас барысында қиналады, ескеріуді ауыр қабылдайды. Ерік сферасы адамдарды біле, ұға тұра мақсат, артық міндет қою арқылы сипат алады. Жігерлі адамға алға ұмтылушылық , ішкі және сыртқы бөгеттерді өту, нервтік және бұлшық еттің қысымын жеңу, өзін-өзі меңгеруге қатысты. Өзін-өзі реттеу сферасы мақсат таңдай және оған жету кұралдарын еркін таңдау, оларды таңдаудағы ырық, өз ойын реттеу, көңіл күй, қарым-қатынас, әрекет арқылы сипатталады.. Пәндік-практикалық сфера әртүрлі іс-әрекет және қарым-қатынас барысындағы икемділігі арқылы сипатталады Экзистенциальдық сфера — адамдардың өзін және өзгені бағалай білуі, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу, ұялшақтық, сыпайылылық, жан-жақтылық және әрекетін ойлап жасау, өз әрекетінде басқалармен санаса білу, тертіптілік арқылы сипатталады. Бұл мұрат және көзқарас, сапалық бағдарды таңдау функциясын атқарады. Таңдап алған мамандыққа байланысты бұл ұғымдарды ұғынып қана қоюға көңіл бөлінбестен, олардың негіздері болып табылатын субъектілермен жұмысты, оқу-тәрбие процестерін ұйымдастыруда басшылыққа алу қажет. Өйткені, бір адам-тұлға ал бірнеше тұлға-қауым, қоғам. Сондықтан аталған педагогиканың негізгі категориялары оның әдіснамалық негізінде сипат алады Педагог (грекше тәрбиеші) –дәріс беру және тәрбие жұмысымен айналысатын тұлға. Педагогтің мұндай іс -әрекеттің объектісі ол оқытатын және тәрбиелейтін адам болып табылады. Сондықтан оның іс -әрекетін өнер деп тани отырып оқыту мен тәрбиелеу ісінде жоғары нәтижелерге жету үшін педагогикалық қызмет мұғалімнен жан –жақты білімді, табанды еңбекті талап етеді деген мағынада түсінген жөн. Педагог тек ұстаз, оқытушы немесе белгілі пән мұғалімі ғана емес, ол оқу –тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, басшы, білім беру саласындағы мемлекеттік тұлға.Төменде осы тұлғаның білімділік және біліктілік негіздері мазмұнына тоқталамыз.
Ғылым – адамдардың арнайы іс-әрекеттері нәтижесіне табиғат, қоғамның және ойлаудың объективті заңдарының үздіксіз дамып отыру жүйесі жөніндегі білім болып табылады. Сондықтан ғылым негізі білім болып саналады. Білім –шындықтың бейнелену формасы және тәсілі болғандықтан онда заттың қасиеті, белгілері және өзара байланыстары қаперге алынған. Осы себепті білімнің ғылымды ашудағы жұмыс істеу тәсілі, материалдық, не рухани іс-әрекет болып табылады. Яғни ғылымның диалектикалық дамуы фактілерді жинақтау, оларды оқып, үйрену, жүйелеу қорытындылау және олардың жеке заңдылықтарын ашу, белгісіз фактілерді түсіндіретін жаңалыққа жетелейтін ғылыми білімнің логикалық жүйесін анықтаудан тұрады. Сол себепті де, ғылымның мақсаты-сырттай көрініп тұрғанның ішкі, нақтылы қозғалысн, яғни зерттелініп жатқанның мәнін ашу болып табылады. Ғылымның логикалық құрылымы төмендегідей болып келеді:

  1. ғылымның ірге тасы немесе жалпы қағиданың (теорияның) жағдайы;

  2. заңдар;

  3. негізгі ұғымдар;

  4. қағидасы (теориясы);

  5. мұраты (идеясы);

Ұғымдар заңдар, прициптер, мұрат, ережелер – ғылыми білім категориялары болып саналады. Осылардың негізінде ғылым қағидасы түзіледі. Қағида –зерттеу пәнінің түзілу блогы болып есептеледі. Көп заттардан ортақ сындарын алып жинақтау, жинақтай білу, зат туралы ұғымды білдіреді. Ұғымдар жиынтығы пікірді түзеді.
Сондықтан, принцип – танымда методологиялық және гнесологиялық роль алады. Принципті – білімнің ұйымдастырылу формасы деп түсіну керек.Ғылымның бірден-бір пайдасы, алдын-ала болжам жасауға, алдағыға зер салуға ғана себеп болады. Ғылымның сол себепті де, ақиқат нәрсе емес екендігі де осыдан. Қандай да тәжірибе жөнінде әңгіме қазғалмасын, сіз өзіңіз тікелей араласпасаңыз, сол мезетте-ақ сенімсіздік пайда болады. Дегенмен, біз мұнда тек өзіміз нақтылы қатыспаған облыстар жөнінде ғана пікір айтуымыз керек, олай болмағанда ғылымнан ешқандай пайда, қайыр болмаған болар еді.Мысалы энергияның сақталуына байланысты дене қозғалғанда массасы өзгереді. Масса және энергия эквивалентті болғаны себепті, қозғалыстағы дене ауыр тартады.Десекте, Ньтон басқаша пікірде болған еді. Ол масса әрқашанда тұрақты қалып отырады деген. Жоғарыдағы шындық анықталғанда, барлық ғалымдар Ньютонның пікірі дұрыс еместігіне байланысты: «Сұмдық! Физиктер өздерінің қатесін тапты! Не себепті олар өздерін дұрыс санаған?» - депжағасын ұстағандар болды. Айтылған мысалда эфект аз. Бұл жағдай тек днен жарық жылдамдығына жақын қозғалыста ғана білінетіні хақ. Осы себепте, ғылымда қандай да бір ақиқатқа көз жеткізуде тәжірибеге сүйенеді және онда оның орындалу шарттары ескерілуі тиіс. Сондықтан біз ғылымнан пайда болсын десек болжам жасауымыз қажет-ақ.Ғылым тәжірибелер хаттамаларына айналмасын десек, біз заңдар, заңдылықтарды алға тартуымыз керек. Сондықтан ғылымда, оның орындалу шарттары алдычын-ала бағынатын заңдары, заңдылықтары ескерілуі тиіс.
Мысалы: симметрия туралы. Симметрия дегеніміз не? Сырт қарағанда адамның оңы мен солы бір-біріне симметриялы. Олай болса оларды өзара ауыстырып қойған жағдайда бұрынғы қалыпты сақтауы тиіс. Белгілі неміс ғалымы Герман вейль (1885-1935) симметрияның тамаша анықтамасын бергені белгілі. Бұл анықтама бойынша: симметиялы дене – деп, оны қалай қарай өзгерткенде де, нәтижеде, бастапқыда неден бастасақ сол болып шығуы керек – деген бұл қағида математикалық фигуралар үшін солай – ақ шығар, бірақ физика үшін басқаша болған болар еді. Яғни, дененің А нүктесінен В нүктесіне орын ауыстыруы жоғарыдағы анықтамаға сәйкес, жеткен нүктеміз бастапқы тұрған орнымыз.
АВ
Екінші мысал: Бір кесек борды саусақтарымызға қысып ұстап тұрайық. Саусақтарымызды ажыратуымыз сол-ақ екен, бор төмен қарай қүлағанын көреміз. Бор неге құлады?, - деген сауалды әртүрлі аудиторияға қоятын болсақ, төмендегідей жауап алған болар едік.
Аудитория Жауаптар.
Мектепке дейінгі балалар. - өйткені саусақтар ажырады;
Мектеп оқушылары. - өйткені Жерге тартылады;
Студенттер. – бор Жердің гравитациялық
өрісінде орналасқан;
Жер жүзінің ең жақсы физиктері. – біз өкінішке орай мұны әлі білмейміз

Өкінішке орай, бұл ащы шындық тек гравиатциялық құбылысқа ғана емес, ғылымның басқа салаларында да ғалымдарымыз дәрменсіздікті мойындауға мәжбүр.


Тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері
Тарихи-педагогикалық зерттеудің педагогика мен тәрбие тәжірибесінің дамуы үшін маңызды.

  1. Әдістері: әдеби шығармаларды теориялық талдау, архив (мұражай) материал-дарын зерттеу және талдау; баяндау (сипаттау, статистикалық, тарихи, индуктивтік-дедуктивтік әдістер, салыстырмалы әдістер).

3. Тарихи-педагогикалық зерттеудің кездері: педагогика клас
сиктерінің еңбектерін зерттеу, ресми қүжаттарды, материалдарды
зерттеу (заңдар, жобалар, ессптер, баяндамалар т.б), білім беру туралы архивтік материалдар, бағдарлама, оқулык, оқу қүралдарын зерттеу, педагогикалық басиа сөз материалдарын зерттеу. Теориялық ізденіс әдістерін пайдалану тиімділігін модель құру әдістері күшейте түседі. Олар зерттелетін құбылыс барысын сызба, схема, қысқаша сөздік және жазбаша түрінде көрнекі-бейнелік сипаттама беруге мүмкіндік береді. Абстракты логикалық әдістер модельдеу жасанды ситуацияларды жасаудан көрінеді, мұнда нақтылы міндеттегідей байланыс пен тәуелділік негізгі рөл атқарады. Оңайлату мен схематизмнің арқасында бұл байланыстар мен тәуелділік дәл талдау мен математикалық сипаттамаға жол береді. Мұндай ситуацияның зерттеу нәтижелері мен модель обьектілерінде алынған деректер, содан, ұқсастығына орай нақтылы жағдайларға көшіріледі де, осы жерде алынған қорытындылардың дұрыстығы тексеріледі. Абстракция (лат. аудару) - ойлаудың негізгі операцияларының бірі, субъект зерттелу үстіндегі объектінің әлдебір белгі-нышанын айырықша бөліп алып, басқаларын на-зардан тыс қалдырады. Соның нәтижесінде абстракция терминін білдіретін ақыл-ой өнімі (түсінік, үлгі, теория, жіктелімдер жэне т.б.) пайда болады. Абстракцияның шынайылығы мен өнімділігінің өлшемі - тәжірибе. Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет