Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері мыналар: а) оқу-тәрбие процесінің негізгі өлшемдер жөніндегі нэтиже-лерінің жоғары сандық, ең бастысы, сапалық көрсеткіштері:
мектеп оқушысының, ең алдымен, үжымдық белгілерден жэне қоғамдық белсенділігінен көрінетін қогамдық бағытының қалыптасуы;
оқушылардың білімділігі (білімнің толықтығы мен мық-тылығы, білім жүйесі жэне жалпылығының өлшемі, білімді жаңа жағдайда қолдана білу, тиісті есептеу, графикалық, сауатты жазу, басқа да біліктіліктер мен дағдылардың болуы). Егер осы өлшемдерді үлгірімге қатысты емес, одан да кеңірек, атап айтқанда, жалпы оқу процесіне қатысты алар болсақ, онда оқушылардың бойында қалыптасқан танымдық мүдделер мен қажеттіліктер, өздігінен білім алуға үмтылу, оқу қызметіндегі қогамдық құнды мотивтердің жэне күндылықты бағдарлардың болуы;
оқушылардың тэрбиелілігі (олардың қоғамдық бағалы жеке қасиеттері мен жалпы даму көрсеткіштерінің дамуындағы алға басушылықтар бойынша). Тэрбие процесін едэуір кең мағынада ескере отырып, оқушылардың бойында қогамдық мэні бар бағалы бағдарлардың, қарым-қатынас пен мінез-құлықтың әлеуметтік мотивтерінің, белсенді өмірлік үстанымның, өзін-өзі тэрбиелеу қажеттіліктерінің қалыптасуы сияқты көрсеткіштерді де қосу қажет;
еңбек тәжірибесі, ягни эр түрлі іс-эрекет түрлерінде ұмтылыстың және қажетті біліктердің болуы, еңбек операцияларын орындау барысындағы практикалық дағдылар (олардың саны, сапасы, жылдамдығы), нақты еңбек процесін және нэтижесін талдай білу, өзін-өзі бақылау, істелген жүмысты өзіндік талдау, теорияны практикамен байланыстыру, іске оңтайлы түргыдан келу, еңбекті үйымдастырудағы түзеу, еңбек процесінің, жүмыс операциясының материалдық (заттық) нэтижелерінің жогары сапасы;
б) педагогикалық тэжірибенің оңтайлылығы (оқу-тәрбие жұмысында педагогтар мен оқушылардың күш-жігерлері мен уақытын барынша аз жэне үнемді жүмсай отырып үздік нәтижелерге жету жэне осы тэжірибе маңызы одан кем емес басқа да білім мен тәрбие міндеттерін шешуге кедергі келтірмейтіндей ету);
в) тәжірибенің орнықтылығы, түрақтылығы, оның ұзақ жүмыс істеуі. Тіпті педагогтің оқу-тэрбие процесіндегі айтарлықтай табыстарының өзін, егер олар аз уақыт қана өмір сүріп, кейін әрі қарай жалғастырылмаса, оны озық тэжірибеге жатқызу қиын.
г) бір педагогтың тэжірибесін екіншісінің қайталау жэне шығармашылықпен пайдалану мүмкіндігі, осы тәжірибені бүқаралық деңгейге көтеру;
д) тәжірибенің болашағы. Озық тэжірибенің қашан да болашағы бар, оның даму болашағы айқын;
е) тэжірибенің ғылыми негізділігі. Озық тэжірибе педагогтың шығармашылық теориялық ізденісінің нэтижесі немесе оның сынақтар мен қателіктер процесіндегі табысы болуы мүмкін. Бірақ қандай жағдайда болмасын, мүндай тәжірибенің ғылыми негізі бар. Педагогикалық озық тэжірибені қорыту міндеттерінің бірі де оған ғылыми түсініктеме беру болып табылады.
Педагогикалық тэжірибені зерделеу мен қорытудың негізгі нысандарын қарастырып көрелік: