Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет18/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Бекiре тәрiздiлер отрядына сипаттама.
Бекiре тәрiздiлер екi тұқымдасқа бөлiнедi: Бекiре тұқымдасы - Acipenseridae, Қалақша тұмсықтылар тұқымдасы – Polyodontidae.
Бекiре тұқымдасының рострумы үшкiр, аузы кiшкене, ересектерiнiң тiсi болмайды. Өкiлдерi: орыс бекiресi Қара теңiзбен Каспий теңiздерiнде тараған. Бiздiң солтүстiк өзендерде және мұзды мұхиттың өзен сағасында сибирь бекiресi кездеседi, амур бекiресi Амур өзенiнде тiршiлiк етедi. Қызыл балық Азов теңiзiнде, Қара теңiзде және Каспий теңiзiнде тiршiлiк етедi. Бекiрелерге ұқсас – сүйрiк деген балық Каспийдiң, Қара теңiздiң және Солтүстiк Мұзды мұхиттың өзендерiне тараған. Қортпа балық Каспий теңiзiнде, Қара теңiзде мекендейдi. Ұзындығы 9 м, салмағы 1400 кг дейiн жетедi. Сырдария тас бекiресi деген өкiлi Сырдария мен Амударияда мекендейдi, тұмсықтары жалпақ, ұзын болады. ұсақ салмағы 1-кг-дай болады. Кәсiптiк маңызы жоқ организмдер. Қазақстан қызыл кiтабына Сырдария тас бекiресi және Арал бекiресi енген. Бекiре тәрiздiлердiң кәсiптiк маңызы өте зор[2].
Қалақша тұмсықты балықтардың тұмсығы ұзын, қалақша тәрiздi, аузы үлкен, жағында тiстерi болады, терiсi жалаңаш. Солтүстiк Америкада, Оңтүстiк Шығыс Азияда кездеседi.

Отряд үстi сүйектi балықтар - Teleostei


Майшабақ тәрiздiлер отряды – Clupeiformes
Лосось тәрiздiлер отряды – Salmoniformes
Шортандар отряды – Esociformes
Карп тәрiздiлер отряды – Cypriniformes
Кефаль тәрiздiлер отряды - Mugiliformes
Сарган тәрiздiлер отряды – Beloniformes
Шаншар балықтылар отряды – Gasterosteiformes
Треска тәрiздiлер отряды – Gadiformes
Алабұғалар отряды – Persiformes
Камбала тәрiздiлер отряды – Pleuronectiformes
Жайын тәрiздiлер отряды – Siluriformes


Отряд үстi сүйектi балықтарға сипаттама.
Сүйектi балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда, теңiздерде және тұщы суларда кездеседi. Түрлi тiршiлiк жағдайлары мен тiршiлiк ету тәсiлiне байланысты бұл балықтардың сыртқы пiшiнi де алуан түрлi болып келедi. Құрылысындағы жалпы ортақ белгiлерi: қабыршақтары циклоидты немесе ктеноидты болады. Құйрық қанаты гомоцеркальды. Көкiрек қанаттарының скелетiнде базалилары болмайды. Ол тек қана радиалия мен терi қауырсындардан тұрады. Құрсақ қанаттарының скелетi тек қана терi қауырсындарынан құралады. Lшектерiнде спираль тәрiздi қақпақшасы және жүрегiнде артерия конусы болмайды, бiрақ қолқа түйiнi жақсы дамыған. Көпшiлiгiнiң iшегiнде тұйық, пилорикалық деп аталатын өсiндiлерi болады. Өсiндi түрiнде дамыған торсылдағы бар. Бұл отряд үстi бiрнеше отрядқа бөлiнедi[3].
Майшабақ тәрiздiлер (сельдеобразные) отряды. Сүйектi балықтардың iшiндегi өте қарапайым құрылысты, бас сүйегi нашар сүйектенген және жүзу торсылдағы өмiр бойы өңешпен байланысты. Қанат қауырсындары жұмсақ және бунақты болады. Қабыршағы циклоидты. Майшабақтар тұқымдасына негiзiнен теңiздерде тiршiлiк ететiн балықтардың көптеген түрлерi жатады, олардың кейбiр түрлерi көбею үшiн өзендерге шығады. Бiздiң суларымызда көбiнесе мына түрлерi кездеседi: мұхит майшабағы Ақ теңiз бен Баринцова теңiзiнде таралған. Уылдырықтары ауыр, сондықтан су түбiне шөгiп, оның түбiндегi заттарға көбiнесе балдырларға бекiнедi. Саны 40000-нан 280 мыңға дейiн. Каспий мен Қара теңiзде тiршiлiк ететiн Едiл майшабағы және қаражонды майшабақ жетiлу және семiру кезiнде теңiзде болады, ал көбею үшiн өзенге шығып өзен бойымен бiрнеше жүздеген км. жоғары көтерiледi. Қаражонды майшабақтардың көпшiлiгi уылдырық шашқан соң қырылып кетедi. Сардинка иваси деген балық Қиыр шығыс суларында тiршiлiк етедi. Балтық теңiз бен Қара теңiзде килька, ал Каспий мен Қара теңiзде тюлька деген шабақтар тiршiлiк етедi. Қазақстан Қызыл кiтабына Едiл майшабағы енген.
Лосось тәрiздiлер (лососеобразные) отряды. Оларға тән ерекшелiгi арқасында жұмсақ терi қатпары болады, бұл қатпарды майлы қанат деп атайды.
Лососьтардың өсiп-өнуi теңiзде өтiп, ал уылдырық шашу үшiн өзендерге шығатын өткiншi балықтар. Мысалы, Кета Амур бойымен 2 000 км жоғары көтерiлiп, уылдырықтарын өздерi қазған арнаулы су түбiндегi шұңқырға шашып, оның бетiн уақ тастармен немесе iрi құмдармен жауып тастайды. Шабақтары өзенде қыстап шығады да, көктемде теңiзге келедi. Ересектерi уылдырық шашып болған соң қырылып қалады. Сөйтiп, олар бүкiл өмiрiнiң iшiнде бiр ақ рет көбейедi. Лососьтардың iшiнде тұщы суды тұрақты мекен ететiн түрлерi де бар. Оларға: (Сиги) ақ сахалар, түркелер, (омуль), таймендер жатады. Лосось балықтарына Қиыр Шығыс теңiздерi ерекше бай. Мұнда лосось тәрiздiлерден кета, албырт, ақсерке(семга), бахтах (форель) хариус, түрке (омуль) т.б. мекен етедi. Бұларда өзендерде көбейедi де, семiру үшiн теңiздердiң терең, қашық жерлерiне барады. Қазақстан Қызыл кiтабына Каспий албырты, Арал албырты, Таймень, ақбалық, нельма балықтары енген.
Лосось тәрiздiлердiң кәсiптiк маңызы өте зор. Бұлардың етi дәмдi болумен қатар, уылдырығын да пайдаланады.
Шортан тәрiздiлер (щукообразные) отряды. Жақтарында өткiр тiстерi бар жыртқыш балықтар. Шортанның жүзу торсылдағы iшегiмен байланысқан, бiрақ та Веберов аппараты жоқ және иық белдеуiнде жауырын болмайды. Бiздiң өзендерiмiзде, көлдерiмiзде және оңтүстiк теңiздердiң тұщырақ суларында кәдiмгi шортан мекен етедi. Олар мекен еткен орнын ауыстырмай тiршiлiк етедi. Балықтармен, құс балапандарымен, бақалармен қоректенедi. Балық өсiру шаруашылығына зиянды, кәсiптiк маңызы жоқ. Iрiлерiнiң денесiнiң ұзындығы 1,5 м, салмағы 35 кг болады. Уылдырығын көктемде тайыз, су жағалауларына шашады.
Карп тәрiздiлер (карпообразные) отряды. Тұщы су балықтары, өткiншi түрлерi өте сирек кездеседi. Тау суынан бастап, батпақты тоспа суларына дейiн алуан түрлi су қоймаларында тiршiлiк етедi. Көпшiлiгi торта(плотва), ақ қайтар (язь), мөңке балық (карась), линь, табан (лещ) т.б. мекенiн ауыстырмайды, ал кейбiр түрлерi қаракөз (вобла), таран, күтiм (кутум) көбею кезiнде қоныс ауыстырады.
Карптердiң жақ сүйектерiнде тiстерi болмайды, жұтқыншақ тiстерi деп аталатын тiстерi артқы желбезек доғаларына орналасқан. Ол тiстерiмен азықтық заттарды майдалайды. Бұлар бiздiң тұщы суларымызда көп мөлшерде, жиi кездесетiн балықтар тобы. Оларға: сазан, табан, мөңке балық, дөңмаңдай (толстолобик), ақ амур және басқалар жатады. Сазанның, мөңке балықтың қолда өсiретiн жаңа тұқымдары да шығарылады. Қазақстан қызыл кiтабына күтiм, шортан тәрiздi ақ марқа, Арал қаязы, көкбас шу сүйрiк қанаты деген балықтар енген.
Карп балықтарының етiнiң дәмi лосось балықтарының етiнiң дәмiнен нашар болса да, көп мөлшерде болып кеңiнен таралуы оларды кәсiптiк маңызы бар балықтар қатарына жатқызды.
Кефаль тәрiздiлер (кефальобразные) отряды. Жүзу торсылдағы тұйық бiткен және бүйiр сызықтары жоқ, көбiне оңтүстiк теңiздерде мекен етушi балықтар. Қара теңiзбен Азов теңiзiнде кездеседi. Олардың iшiндегi кәсiптiк маңызы бар түрлерi – лобон немесе кәдiмгi кефаль, сингиль. Кефальдар топтанып жүрiп, өрiс аударатын балықтар. Кефальдардың үлкен топтары қорек iздеп тұзы аз көлдерге және өзен сағаларына барады. Кейiнгi кезде кефаль балығы Каспий теңiзiне жерсiндiрiледi.
Бұл отрядқа өздерiне тән ерекшелiктерi бар- ползун немесе анабас балығы жатады. Бұл балықтардың бiр ерекшелiгi, тiршiлiк еткен суында оттегi жеткiлiксiз болған кезде екiншi суға бара алады, тiптi олар өрмелеп ағаш бұтағына шығып, жармасып отырады. Бұлар Индия, Бирма суларында, Зонд және Филиппин аралдарында тiршiлiк етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет