Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет16/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Өзіндік сұрақтар:

  1. Балықтар класына жалпы сипаттама

  2. Балықтар класының систематикасы.

  3. Шеміршекті балықтардың құрылыс ерекшеліктері

  4. Шеміршекті балықтардың қанқасы.

  5. Шеміршекті балықтардың нерв жуйесі

  6. Шеміршекті балықтардың сезім мушелері

  7. Акуланың сыртқы құрылысы

  8. Акуланың ішкі құрылысының ерекшелігі

  9. Акулалардың турлері

  10. Скаттардың ерекшелігі



5-лекция. Тақырыбы: Cүйектi балықтар класы (Osteichthyes)
Түйінді сұрақтар
1. Сүйектi балықтарға жалпы сипаттама
2. Сүйектi балықтардың құрылысы, қаңқасы, көбеюi
3. Сүйектi балықтардың систематикасы
4. Сәулеқанатты, саусаққанатты, қостынысты балықтар
5. Сүйектi балықтардың экологиясы
Лекция мәтіні: Сүйектi балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда, теңiздерде және тұщы суларда тiршiлiк етедi. Тiршiлiк жағдайларына қарай балықтардың сыртқы пiшiнi де алуан түрлi болып келедi. Барлық балықтардың 99% (20 мың түрi) осы сүйектi балықтарға жатады. Олардың қабыршақтар сүйектi болады. Құйрық қанаттары гомоцеркалды. Сүйектi балықтардың қаңқасы сүйек болғандықтан денесi ауыр болады. Осыған байланысты оларда торсылдақ жақсы дамыған.
Сүйектi балықтарда шемiршектi балықтардiкiндей арқа, анальный, құйрық қанаттары кең, ашалы болып келедi. Осындай құрылысты құйрықты гомоцеркальды деп атайды.
Сүйектi балықтардың денесiн жұқа пластинка тәрiздi көптеген сүйектi қабыршақтар жауып жатады. Жұқа пластинканың бiр шетi терiсiне бекiнiп, екiншi шетi сыртқа шығып жатады.
Сүйектi балықтарда төрт жұп жетiлген желбезектерi болады. Сүйектi балықтардың желбезек аралық перделерi болмайды, желбезек талшықтары шеңберлерiне ғана бекидi. Желбезек қуысын сыртқы жағынан желбезек қақпағы жауып тұрады. Олар желбезек қақпақшаларын қозғалту арқылы тыныс алады. Балықтардың тыныс алуы суда ауыз арқылы жұту салдарынан емес, желбезек қақпақтарының қимылы арқылы орындалады.
Сүйектi балықтардың ас қорыту жүйесiнiң кейбiр ерекшелiктерi бар. Lшектiң ас қорыту бетiн ұлғайтатын спираль тәрiздi қақпақшалары болмайды. Сүйектi балықтарда iшектiң бетiн ұлғайтатын пилорикалық тұйық өсiндiлер пайда болады. Клоакасы болмайды, қорытылмаған нәжiстер аналь тесiгi арқылы сыртқа шығады. Жыртқыш балықтардың тiстерi өткiр, ауыздары кең ашылады, қарындары үлкен болып келедi. Ал өсiмдiктермен қоректенетiн балықтарда, әсiресе ұсақ омыртқасыздармен және органикалық қалдық заттармен қоректенетiндерiне тiстерi мардымсыз немесе жоқ, қарында жеке бөлiнiп көрiнбейдi немесе болмайды[1].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет