Лекциялар жинағы шымкент 2019


Тұмсықбастылар отряды - Rhynchocephalia



бет31/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51
Тұмсықбастылар отряды - Rhynchocephalia

Ертеде тiршiлiк еткен өкiлi – Гаттерия, ол қазiргi кезде тек қана Жаңа Зеландия аралдарында сақталынып қалған. Гаттерия түнде тiршiлiк ететiн жануар. Ол сырт жағынан қарағанда үлкен кесiрткеге ұқсайды. Дене тұрқы 60 см. Денесi (басы мен кеуде бөлiмi) ұсақ дән тәрiздi қабыршақпен қапталған. Олар мұхит құстары альбатростардың iндерiн пайдаланады, бiрақ гаттерилер олардың балапандарына, жұмыртқаларына тимейдi. Гаттерилер насекомдармен, құрттармен және ұлулармен қоректенедi. Көктемде және ноябрь айларында көбейедi. Жұмыртқаларын жердi қазып, шұңқырға салып, содан топырақпен жауып тастайды. 8-17 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның дамуы климаттық жағдайға байланысты ұзақ дамиды. Жалпы жұмыртқаның дамуы 12-14 айға созылады. жыныстық жетiлуi 20 жылға созылады. Жаңа Зеландия аралына адамдардың келуiне байланысты гаттерияларды өлтiрiп, жойып жiберуге жақындады. Оларды сақтап қалу үшiн арнайы қорғайтын заң шығарып құрып кету қаупiн жойды[2].




Қабыршақтылар отряды – Sguamata
Кесiрткелер отряд тармағы – Sauria
Жыландар отряд тармағы – Serpentes
Хамелеондар отряд тармағы – Chamaeleontes

Бауырымен жорғалаушылардың iшiнде түрлерге бай және жер бетiнде кең тараған осы класс тармағы. Қабыршақтыларға кесiрткелер, жыландар, хамелеондар жатады. Олар Қазақстан жерiнде де көп кездеседi. Кесiрткелерге қозғалмалы қабақтың болуы тән, ал жыланның қабақтары мөлдiр өзара бiрiгiп кеткен. Кесiрткелердiң аяқтары бар, ал жыландарда аяқтары болмайды. Барлығына ортақ белгiлер: дене пiшiнi әртүрлi болатын мүйiздi қабыршақтарымен қапталған. Тiстерi жақ сүйектерiне бекiген.


Кесiрткелер отряд тармағы. Олардың денесi сопақша, құйрығы ұзын, мойыны денесiнен айқын бөлiнген. Аяғы редукция ұшыраған, мүлдем болмайтын түрлерi де бар (веретеница). Көпшiлiк түрлерiнiң құйрықтарын үзiп, қалдыратын автотомия қабiлетi бар. Кесiрткелер тұқымдасына жатады. Тiршiлiк ортасы әралуан: ашық дала, шөлдi аймақ,орман iшi, таулы жерлер т.б. Ұсақ түрлерi насекомдармен және басқа омыртқасыздармен қоректенедi, ал iрiлеуi (кесел т.б.) iрi жануарларға шабуыл жасайды, кейбiреулерi өсiмдiктермен қоректенедi.
Табиғатта кесiрткелер ауыл шаруашылығында зиянды насекомдарды жеп пайда келтiредi. Улы кесiрткенiң бiр ғана түрi белгiлi – Солтүстiк Американың оңтүстiгiнде тiршiлiк ететiн улы тiстiлер (ядозуб). Геккондар (Jeckonidae) – Оңтүстiк Қазақстан жерiнде 6 түрi тiршiлiк етедi. Шу өзенiнiң алқабы, Оңтүстiк Балқаш маңында онша бекiмеген құмдарды мекендейдi. Күндiз құмға енiп тығылып жатады да, түнде тiршiлiк етедi.
Агамалар (Agamidae) – Қазақстанның Оңтүстiк бөлiгiнде 8 түрi тiршiлiк етедi. Каспийден Алакөлге дейiнгi аймақта таралған. Шөл далада және тау етектерiнде тiршiлiк етедi. Осылардың өкiлi Улы тiстiлер адамға қауiптi. Жұмырбас шұбар кесiртке, зайсан жұмырбас кесiрткесi Қазақстан Қызыл Кiтабына тiркелген.
Кеселдер (Varanidae) – 4 м (Қазақстанда кездесетiндерi – 1,5м) болады. Қазақстанда Қызыл құм, Сырдария өзенiнiң оңжақ жиегiнiң құмдарында бiр түрi тiршiлiк етедi. Тiршiлiгi күндiз өтедi. Ол өте сирек кездеседi, сондықтан оны Қазақстанның “Қызыл кiтабына” тiркеген.
Нағыз кесiрткелер “Lacertidae” Қазақстанда олардың 11 түрi тiршiлiк етедi. Қауiп төнгенде құйрығын үзiп, қалдырып кететiн осы туыстықта кездеседi. Көпшiлiгi далалы, шөлдi тау етегiнде, орманды жерлердiң топырағы тез қызатын бөлiгiн мекендейдi. Тек қана тiрi туатын кесiрткелер көлеңкелi, орманды, дымқыл мүктермен жабылған топырақта тiршiлiк етедi. Бiзде жиiрек кездесетiн жүйрiк кесiртке. Үлкен көз кесiртке, шұбар кесiртке Қазақстан Қызыл Кiтабына тiркелген[3].
Жыландар отряд тармағы (Ophidia). Өзiндiк ерекшелiгi бар омыртқалы жануарлар. Жыландардың денесi мүйiздi қабыршақтармен қапталған. Олардың кесiрткелерден негiзгi айырмашылығы аяқтары болмайды, терi бездерi жоқ, төс сүйегi болмайды. Омыртқаларында кiшкене өсiндiсi болады, ол омыртқа тiзбегiне ерекше мықтылық берiп оның тез қозғалуын қамтамасыз етедi. Қабағы түссiз мөлдiр көздi жауып тұрады, ол көздi әртүрлi жарақаттаудан сақтайды. Сондықтан да ол қабақ қақпай қадала қарайды. Ортаңғы құлақ пен дабыл жарғағы болмайды. Мүшелерiнiң кейбiреуi ұзарған (бауыры, жыныс бездерi т.б,), ал қалғандары кiшiрейген немесе жойылған (сол жақ өкпесi т.б.). Қуығы болмайды.
Жақ сүйектерi және онымен байланысатын таңдай, қанат тәрiздi сүйектер бiрiмен- бiрi қозғалмалы болып орналасқан. Мұндай ерекшелiк iрi жануарларды түгелiмен жұтып қоюына мүмкiндiк бередi. Жыландардың барлығы жыртқыштар, тек кейбiреулерi ғана насекомдармен қоректенедi. Жыланның айыр тiлi сезiм қызметiн атқарады. Жыланның жер жүзiнде 2500-дей түрi бар.
Соқырлар тұқымдасына жер астында тiршiлiк ететiн, жер құрттарына ұқсас жыландардың 150-ге дейiн түрлерi жатады. Көзi әдетте терiсiнiң астында орналасқан Африканың, Азияның және Австралияның тропикалық бөлiмдерiнде тараған.
Жалған аяқтылар тұқымдасына ең iрi түрлерi жатады. Бас бөлiмiн басқа жыландарға қарағанда, мойнынан айқын ажыратуға болады. Клоаканың екi жағында өсiндi түрiнде орналасқан артқы аяқтарының нұсқасы болады. Барлығы шығыс және батыс жарты шардың тропикалық жерлерiнде кездеседi. Қазақстанда денесiнiң ұзындығы 1 метрдей дала және құм айдахары кездеседi. Торлы питон, кәдiмгi питон Азияда кездеседi.
Сарбас жыландар тұқымдасына жыландардың 1000-ға жуық түрi жатады. Бұлардың iшiнде залалсыздары және өте улы түрлерi де болады. Ерекшелiгi улы тiстерi және оның каналы болмайды, улы тiсiнiң алдыңғы жақ бетiндегi сайшалары арқылы құйылады.
Көбiрек тараған түрiне кәдiмгi сарбас жылан жатады, бiздiң елiмiзде су сарбас жыландарға жақын, ұзындығы 2 м болатын жыландар. Улы тiстерi болмайды. Медянка ұсақ, Ұзындығы 75 см болады, түсi қызыл қара дақтары болады. Орта Азияның шөл далаларында оқ жыландар көп кездеседi. Денесi жiңiшке, ұзындығы 1 метрден аспайды.
Сұр жыландар улы аппараты жақсы дамыған улы жыландар. Улы тiстерiнiң iшiнде каналдары болады. Үстiңгi жақтары қысқа, аузын ашқанда улы тiстерi алға қарай бағытталады.
Кәдiмгi сұр жылан әртүрлi жерлердi мекендейдi, оның iшiнде көл мен өзен жағаларын және батпақты жерлердi, жусан, ши араларын мекендейдi. Жазда iңiр қараңғысында, түнде, ал қалған жыл маусымдарында күндiз тiршiлiк етедi, ұрғашысы 1-6-№а дейiн бала туады. Ұзындығы 40-57 см. Қорегi насекомдар мен ұсақ омыртқалы жануарлар. Мал шарушылығына зияны бар. Бозша жылан немесе қалқантұмсық ордалы жылан қатарына жатады. Қазақстанда кең таралған түрi. Оның Солтүстiк шекарасыБатыс Қазақстаннан Шығысқа дейiн созылып жатыр, ал Оңтүстiкте кез келген жерден көруге болады. Ол топырақты, ұсақ тасты, бұталы өсiмдiктер өсетiн шөгiндiнiң және екпе шөптердiң арасында тiршiлiк етедi. Бозша жылан көбiне түнде тiршiлiк етедi. Күндiз тастың астында, басқа қуыстарға кiрiп, жасырынып жатады. Ұрғашысы 2-12 дейiн бала туады. Қорегi кемiргiштер, кесiрткелер, насекомдар. Мал шаруашылығына аздап зияны бар.
Орта Азия жерiнде улы жыландардың қатарында қара жылан (гюрза), және кобра бар. Осы улы жыландардың улары адамдардан гөрi үй малдарына қатты әсерiн тигiзедi. Бiрақ олардың зиянынан гөрi пайдасы басым болып келедi. Мысалы, жыландар ауыл шаруашылық егiстерiнiң зиянкестерi кемiргiштер және басқа да зиянды жәндiктермен қоректену арқылы пайда келтiредi. Жыланның уы әртүрлi ауруға ем үшiн пайдаланылатын дәрiлiк заттар алудың қайнар көзi. Удың қажеттiгi жылдан-жылға артып келедi. Сондықтан улы жыландарды арнаулы питомниктерде өсiруде. Қазақстанда келешекте Алматы маңында жылан өсiретiн питомниктер құру көзделiп отыр.
Крокодилдер (Crocodilia). Крокодилдер жоғары сатыдағы құрылысты жануарлар тобы. Олардың түрiне қарағанда зор кесiрткенi еске түсiредi. Құрылысы жағынан басқалардан ерекшелеу. Денесi мүйiз қабыршақтармен емес, сүйектенiп кеткен қалқандармен қапталған. Денесi ұзын және арқасынан құрсағына қарай жалпақтау келедi. Артқы аяқтарының төрт саусағында жарғақ болады. Төменгi жағының астында, иығының үстiнде және клоаканың маңайында терi бездерi болады. Жүрек қарыншалары толығымен екiге бөлiнген, демек крокодилдердiң жүрегi төрт камералы болады, тiстерi сүтқоректiлердiң тiстерi сияқты, альвеолға орналасқан (жыландар мен кесiрткелерде тiс ұялары болмайды). Крокодилдер- балықпен қоректенедi, жағада құстарға және аңдарға шабуыл жасайтын жыртқыштар. Олардың кейбiреуi адамға да қауiптi. Крокодилдердiң терiсi iрi бұйымдар – чемодандар, портфельдер, және әйелдерге түрлi бұйымдар жасауда пайдаланады. Қазiргi уақытта олардың саны азайып, табиғаттың “Қызыл кiтабына” тiркелген.
Крокодилдер триас дәуiрiнде кеңiнен тараған. Қазiр бiр тұқымдасқа жататын 25-ке жуық түрi бар. Тропикалық, субтропикалық облыстарда ғана кездеседi.
Гавиалдың тұмсығы ұзын болады, ұзындығы 6 м. Индияның оңтүстiгiн мекендейдi. Нағыз крокодилдер Африкада, Азияда, Солтүстiк Австралияда және тропиктық америкада тараған. Ниль крокодилы ұзындығы 8-10 м болады және қытай аллигаторы ұзындығы 2 м болады. Олар жұмыртқа салып көбейедi, инкубация мерзiмi 1,5-2 айға созылады.

Бауырымен жорғалаушылар экологиясы


Бауырымен жорғалаушылар құрлықта жұмыртқа салып көбейетiн, нағыз құрлықта тiршiлiк етуге бейiмделген жануарлар. Олар өте жылы аймақтарда тiршiлiк етедi, сондықтан тропикалық аймақтан алыстаған сайын, олардың саны азая бередi. Олардың кең аймақта таралуына негiзгi себеп – температура, өйткенi бұл суыққанды жануарлар тек ауа райы жылы болған кезде ғана белсендi ұйқыға кетедi. Бауырымен жорғалаушылар жануар тектес азықпен қоректенедi. Олар кесiрткелер, насекомдар, моллюскалар, қосмекендiлердi қорек етедi. Жыландар көптеген кемiргiштердi жейдi, сонымен бiрге үй жануарлары мен адамдарға да қауiп туғызады. Құрлықтағы тасбақалар жемiс-жидектi жеп бақтарға,судағы тасбақалар балықты жеп аздап залалын тигiзедi. Көптеген бауырымен жорғалаушылардың (тасбақа, жылан, iрi кесiрткелер) етiн адамдар тамаққа пайдаланады. Крокодилдердi, жыландарды, тасбақаларды терiсi және мүйiздi сауыты үшiн аулайды[4].


Бауырымен жорғалаушыларды қорғау. Қазiргi кезде жер жүзiнде бауырымен жорғалаушылардың шамамен 6000 түрi белгiлi, олардың 125 түрi ТМД-да кездесетiн болса, оның 52 түрi Қазақстанда таралған. Денесiнiң сыртқы көрiнiсiне қарай олар – жылан, кесiртке және тасбақа тәрiздiлер болып бөлiнедi.
Ерте заманнан берi жылан адам баласы үшiн өте қауiптi де қатерлi болып келедi. Жылан биологиясын бiлмейтiн кез келген адам оны көрген бетте сескенiп қалады да, дереу өлтiрудi ойлайды. Соңғы жылдары, ғалымдардың зерттеуi бойынша жылан уының медицина үшiн пайдасы зор екенi анықталды.
Бауырымен жорғалаушылардың iшiнде жылдан-жылға саны азайып құрып бара жатқандары жыландар. Адамдардың жек көргендiгi былай тұрсын, олар батпақты ылғалды жерлердi құрғатқаннан, өсiмдiктердiң өзгеруiнен, жыландардың негiзгi қорегi ұсақ кемiргiштердi, улы химикаттармен өлтiруiнен көп азап шегедi. Медицинада уын пайдалану үшiн оларды ұстайды. Олардан бiрнеше рет у алу үшiн арнайы жасалған серпентарилерде (питомниктер) ұстайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет