Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет30/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51
Систематикасы:
Бауырымен жорғалаушылар класы – Reptilia
Класс тармағы Анапсидтер – Anapsida
Тасбақалар отряды- Testudines
Класс тармағы Лепидазаврлар - Lepidosauria
Тұмсықбастылар отряды - Rhynchocephalia
Қабыршақтылар отряды – Sguamata
Класс тармағы Архозаврлар - Archosauria
Крокодилдер отряды - Crocodylia


Өзіндік сұрақтар:
1.Бауырмен жорғалаушылар класы.
2. Морфологиялық және биологиялық сипаттамасы.
3. Қосмекенділердің маңызы


8-лекция. Тақырыбы: Класс тармағы Анапсидтер
Түйінді сұрақтар:
1. Апапсидтер кластармағы.
2. Тасбақалар отрядының ерекшеліктері, өкілдері.
3. Лепидозаврлар кластармағы.
4. Тұмсықбастылар отряды.
5. Қабыршақтылар отряды.
6. Құрылыстарындағы ерекшеліктері, систематикасы, өкілдері.
7. Архозаврлар кластармағы.

Лекция мәтіні:

Тасбақалар отряды (Testudines)


Жасырын мойынды тасбақалар отряд тармағы – Criptodira
Теңiз тасбақалары отряд тармағы – Chelonioidea
Жұмсақ терiлi тасбақалар отряд тармағы – Trionichoidea
Бүйiр мойын тасбақалар отряд тармағы – Pleurodira
Тасбақалардың денесi сүйектi сауытпен қапталған. Басын, мойын, аяқтарын, құйрығын қауiп төнгенде осы сауыттың iшiне жиырып алады. Сауытының жоғарғы жартысы карапаксдан тұрады. Ол терi тектес пластинкалық сүйектерден пайда болған, оған қабырғалары және омыртқалардың көпшiлiгi қосылып, бiрiгiп кеткен. Төменгi жартысы – пластрон, бұлда терi тектес сүйектен тұрады, бiрақ мұнымен төс сүйегi мен бұғана қосылып кеткен. Тасбақаның мойын және құйрық омыртқаларынан басқалары карапакспен бiрiгiп кеткен. Жауырын мен карокоидта бос болады. Бас сүйегiнiң ерекшелiгi – екiншi реттегi сүйектi таңдайдың жетiлуi, тiстiң болмауы. Мойын, аяқ, құйрық еттерi өте күштi болады.
Тасбақалар дымқыл тропикалық, ыстық шөлдi жерлерде тiршiлiк етедi. Қазiр тасбақалардың 183 дейiн түрi белгiлi.
Жасырын мойын тасбақалар отряд тармағына жататын тасбақалар мойынын S тәрiздi етiп сауытының iшiне жиырып алады. Осыған байланысты олардың мойын омыртқаларының көлденең қанаттары жойылып кеткен, немесе нұсқасы ғана сақталған. Жамбас сүйектерi дене сауытымен бiрiгiп кетпеген[1].
Өкiлдерi – дала тасбақасы, сауытының ұзындығы 25 сантиметрге дейiн жетедi. Орта Азияда және Қазақстанда кездеседi. Европада, Қырымда және Кавказда батпақ тасбақасы кездеседi.
Бүйiр мойын тасбақалар отряд тармағына жататын тасбақалар мойнын сауытының iшiне жиырғанда, ол оң немесе сол бүйiрiне қарай қисайып, басы қолтығына барып енедi. Сондықтан мойын омыртқаларының көлденең өсiндiлерi және оған байланысты еттер жақсы дамыған. Жамбасы құрсақ және арқа сауытымен қозғалмайтын болып бiрiгiп кеткен. Өкiлдерi аррау, жылан мойын Африкада, Австралияда және Оңтүстiк Америкада суда тiршiлiк етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет