Төменгі сатыдағы аңдар немесе қалталылар (Matatheria).
Қалталылардың жұмыртқа салушылармен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың плацентасы нашар жетілген, көпшілігінде плацента тіпті болмайды. Соның нәтижесінде ұрықтың құрсақтағы даму мезгілі қысқа болады да жетілмеген әлсіз бала туады. Көпшілік түрлерінің ұрғашысының құрсағында тері қалтасы болады. Қалтаның ішінде жаңа туған балаларын салады, осы қалтаның ішінде балаларын емізетін емшектері де ашылады. Жаңа туған бала әлі емшекті сора алмайды. Емшектің ұшы ауыз қуысына енген соң ісініп, ауыз қуысын толтырады. Сүттің ауызға құйылуын сүт бездерінің маңайындағы ерекше еттер жиырылып – жазылу арқылы орындалады. Олардың балалары жатыннан гөрі қалталарында ұзағырақ болады. Мысалы, ұзындығы 2м болатын алып кенгурудыяң ұрығы жатында 39 күн болса, қалтасында 7 айдан артық уақыт жатады.
Ұрғашылардың жұмыртқа жолдары жұп күйінде сақталады, сондықтан қынабында екеу болады. Еркегінің жыныс мүшесі тек қана шағылысу қызметін емес, зәр шығару қызметін атқарады.Ұрғашылардың қынабы екеу боландықтан, осыған сәйкес еркектерінің де шағылыс мүшесінің ұшы екі айырық болады.
Қалталылар бір кезде дүние жүзінде кеңірек тараған. Планцентарды сүтқоректілердің шығуына байланысты оларды ығыстыра бастаған. Соның салдарынан олар тек Австралияда және оған жақын аралдарда тарап сақталып қалған. Қалталылардың біреше түрі Оңтүстік Америкада, бір ғана түрі Солтүстік Америкада тіршілік етеді.
Қалталылардың көпшілік түрі ағаш басында: қалталы тиіндер, қалталы аюлар. Қалталы көртышқандар жер астындағы індерде тіршілік етеді. Бұлардың кейбіреулері ашық далалы жерлерді мекендейді. Олар таулы жерлерде орманда кездеседі. Жейтін тамағының құрамына қарай өсімдік тектес қоректілер (кенгуру, қалталы аю т.б), жыртқыштар (қалталы қасқыр, опоссум т.б.). Кенгурулардың терісі жұмсақ жылы болады, еті дәмді. Сондықтан оларды еті мен терісі үшін аулайды.
Өзіндік сұрақтар: Сүтқоректілер класының ерекшелігі