Лекциялар жинағы шымкент 2019


, 14- лекция. Тақырыбы: Аңдар (нағыз аңдар) кластармағы



бет43/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51
13, 14- лекция. Тақырыбы: Аңдар (нағыз аңдар) кластармағы.


Түйінді сұрақтар
1. Қалталы аңдар.
2. Географиялық таралуы.
3. Кластармағы плацентті сүтқоректілердің құрылысы
4. Систематикасы


Лекция мәтіні: Жоғары сатыдағы аңдар (Eutheria) немесе плацентарлы инфракласс (Placentalia)
Плацентарлы сүтқоректілер дүние жүзінің барлық жеріне таралған, тек Австралияда ғана болмайды. Оларға барлық үй малдарыны жатады. Плацентарлылардың ең жоғарғы тобы маймылдар – олардың шыққан дам да жатады.
Жоғарғы сатыдағы сүтқоретілерде жұмртқа салушы және қалталы сүтқоректілермен салыстырғанда барлық тіршілік жағдайы күрделенген. Алдыңғы ми және ми сыңарлары жақсы жетіліп нерв жүйесі жақсы дамыған, соған сәйкес әртүрлі тіршілік жағдайына бейімделу қабілеті артты. Сол сияқты жақсы жетілген қимыл, тыныс, қан, ас қорыту тағы басқа жүйелерін айтуға болады. Дене температурасы тұрақты, зат алмасу процесі үдемелі түрде жүреді. Плацентарлыға тән сипат ұрықтың қолайлы жағдайда дамуы, тірі тууы. Оларда ұрпақтарына деген қамқорлық (сүтпен қоректендіру, жауларынан қорғау т.б) басқа жануарлар тобында жоқ плацентарлы сүтқоректілерде жоғары сатыда дамыған.
Қазіргі кезде тіршілік ететін плаценті сүтқоректілерге қысқаша
сипаттама беріледі[1].
Насекомқоректілер отряды (Insectivora)
Насекомқоректілерге көртфышқан, жертесерлер, кірпілер, жұпар (выхухоли) тағы осылар сияқты тұмсығы сүйір кішкентай жануарлар тобы жатады. Бұлардың дене құрылысында және тіршіліктерінде ертеде болған сүтқоректілердің белгісі бар. Формасы конус тәрізді тістері күрек тіс, шошақ тіс, азу тіс болып жеке жіктелмеген және олардың үстіңгі бетінде шайнау бұдыры болмайды. Тұмсықтары сүйір жұмсақ қозғалмалы, ерні болады, сондықтан оны (хоботок) тұмсығы сүйір деп атайды. Насекомқоректілер отрядының өкілдері жер бетіне өте көп тараған, олардың кейбіреулері мына төмендегілер.
Көртышқан тіршілігін жер қазып, жер астында өткізеді. Сондықтан осындай тіршілік жағдайына қарай өте жақсы икемделген. Атап айтқанда, оның алдыңғы аяқтары жер қазуға икемделіп төмен қарай иілген және екі жағына қарай қайырылған. Жер қазуға бейім өткір тырнақтары да бар. Жер қазу әрекетіне сәйкес аяқтарының сүйектері де имиіп, қазу мүмкіншілігін арттырады. Ал саусақтары болса бір-бірімен тері жарғақпен қосылған. Сөйтіп, тіршілік орталығының әсерінен көртышқанның аяқтары жалпақ қалақша немесе күрекше сияқты болады. Дене құрылысының осындай болуы көртышқанның эволюциялық тарихи дамуына байланысты. Көртышқанның мойны жеке бейнеленбей қысқарып басымен денесі қосылып кеткен. Ал денесінің алдыңғы жағы сүйір конус пішіндес болады. Мұндай дене пішіні жер астында тар індерде жүргенді жеңілдетеді. Көртышқан алдына қарай және кейін шегініп те жақсы жүре алады.Оған жүні кедергі жасамайды, өйткені оның жүні қысқа және өте жұмсақ алға және артқа қарай да жығылады. Көртышқанның қатты қабықты насекомдарды жейтін үшкір жіңішке шошақ тістері болады. Оның азу тіс пен алдыңғы тістерінің бір-бірімен айырмасы аз. Көртышқан жер астында көрінбей жатады. Бірақ иіс сезімі жақсы жетілген. Тұмсықтың үстінде сезім мұртшалары да бар. Көртышқан жер астында ұя жасап, көктемде 3-5 кішкене қызылшақа соқыр бала туады. Олар бір айдай сүтпен қоректеніп жетіледі. Көртышқандар жер қазып, топырақ арасында кездесетін құрттар мен насекомдар жеп қоректенеді[2].
Көртышқанның пайдасы да, зияны да бар. Олар насекомдарды және олардың личинкаларын жеп ауыл шаруашылығына, орман шаруашылығына пайдасын тигізеді. Көртышқанның терісінен бас киім және тон тігіледі.
Жұпар Қазақстанда Жайық өзенінің жағалауын мекендейтін жартылай суда тіршілік ететін жануар. Олар қорегін судан алады. Дене тұрқы 18-20 см, салмағы 300-400г. Жұпар қазіргі Қазақстанда сирек кездесетін аңдар қатарына алынған. Оны қорғау үшін ол мекендейтін жерлерден шағын қорық ұйымдастырған жөн. Жойылып бара жатқан аң болғандықтан жұпар, көптісті жертесе Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Қолқанаттылар отряды (Chiroptera)


Қолқанаттылар немесе жыртқыштар отрядына жататын жануарлардың алдыңғы аяғының ұзын саусақтарының арасында және дене денесінің екі бүйірінде құйрығына шейін керілген тері жарғағы болады. Ұшатын болғандықтан жарқанаттылардың кейбір белгісі құстардікіндей. Мысалы, көкірек клеткасы және кейбір бұлшық еттері құстардікіндей жақсы жетілген. Төс сүйегінде құстардікі сияқты биік жалқыры болады.
Жарқанаттар іңірде және түнде ұшып жүріп насекомдармен қоректенеді. Олардың көзі нашар көреді, бірақ дыбыс мүшесінің көмегімен ұстайды. Жарқанаттар кәдімгі дыбыстан басқа, адамға естілмейтін, ультра дыбыс толқындары кедергіге кездесіп, ол кедергіден шағылысады да, жарқанаттың есту мүшесіне сезіледі. Сөйтіп, дыбыс арқылы кедергіні білгеннен кейін ол кедергіге ешуақытта да соқтықпайды. Ол ұшып бара жатқан насекомдарды да осылай сезіп біледі.
Қолқанаттылардың көбі кішкентай жануарлар, мысалы, жарқанат. Қолқанаттылар отрядының 1000-ға жуық түрлері бар. Олар барлық жерлерде де кездеседі. Америкада болатын жарқанаттылардың ішінде малдың немесе адамның қанын соратындары да бар. Ал кейбіреулері ағаш өсімдіктерінің жемістерін жейді. Мысалы, Оңтүстік Азиядағы жарқанат ұшатын иттер. Сондықтан олар қай жерлерде де көп зиян жасайды. Қолқанаттылардың барлығы күндіз үйдің төбесінде, үңгірде, жардың жарылған жерінде жиылып тығылып жатады да, тіршілік етуге тк түнге ғана шығады. Ал қыстыгүні насекомдар жоқ уақытта жылы жерге кіріп, ұзақ ұйқыға кетеді. Біздің жердегі жарқанаттардың көбі қыстауға ұшып кетеді. Ұйықтаған кезде олар қоректенбейді және денесінің температурасы да 10-160 дейін төмендейді. Жарқанаттардың ұрғашысы бір немесе екі бала табады. Балалары қызыл шақа, нашар жетілген, енесінің көкірек жағындағы емшегіне жабысып тұрады. Жарқанаттар насекомдармен қоректенетіндіктен ауыл шаруашылығына пайдалы, сондықтан қорғап сақтау керек. Иконников жарқанаты, Азия жалпақ құлақты жарқанаты. Бобринский жарқанаты, ақ бауыр жарқанат, кең құлақты жарқанат Қазақстанның қызыл кітабына енген[3].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет