Лекциялар жинағы шымкент 2019


Қоянтәрізділер отряды (Lagomorpha)



бет44/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
Қоянтәрізділер отряды (Lagomorpha)
Көп уақытқа дейін кемірушілер отрядына жатқызып келген, сан жағынан аздау (шамамен 60 түрі белгілі) отряд. Бұлардың өздеріне тән ерекшелігі жоғарғы жағындағы негізгі жұп күрек тісі болады. Онша үлкен емес (жабайы қояндар, үй қояндары), бойы аласа (шиқылдауықтар – пищухи) ұсақ аңдар жатады. Оларға тән ерекшеліктер құлақтары үлкен, артқы аяқтары ұзын құйрықтары және құйрықтары қысқа болады. Өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Өсімтал жануарлар, қояндар мен үй қояндары дүние жүзінде кең таралған. Олар Оңтүстік Америка мен Мадагаскар жерінде жоқ, ал Австралияға арнайы алып келіп жіберілген.
Қазақстанда қоянның үш түрі кездеседі: құм қояны, ақ қоян және орқоян. Құмқоян Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарының құмды төбелерінде кездеседі. Құмқояны өсімтал, әр туғанда 1-9-ға дейін көжек туады. Аққоян Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Көкшетау т.б. Республикамыздың солтүстік облыстарында кездеседі. Орқоян Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау облыстарының құмды, Жайық өзенінің жайылымында, тоғайдың арасында, ашық далалы жерлерді мекендейді.
Қазіргі үй қоянының отаны Оңтүстік Европа (Испания, Оңтүстік Франция) деп саналады. Сол жерден Европаға, Солтүстік Америкаға, Африкаға, сол сияқты шығыс елдеріне, оның ішінде Жапонияға, Қытайға, Австралияға тараған.
Жабайы үй қояндарының екі түрі белгілі: кәдімгі және майқұйрық үй қояны. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда үй қояндарының барлық тұқымдары осыдан 2000 жыл бұрын, оңтүстіктің европалық тағы үй қояндарынан шыққан. Қазіргі уақытта үй қояны дүние жүзінің барлық елдерінде өсіріледі.
Үй қояны мен жабайы қояндардың еті, терісі және жүні әркімге белгілі. Сол үшін қолда өсіреді, аңшылық кәсіп ұйымдастырады. Ал олар шамадан тыс көбейіп кетсе, үй малдары жейтін пайдалы өсімдіктерді жеп зиянын тигізеді. Сонымен қатар әртүрлі жұқпалы ауруларды таратуы да ықтимал.


Кемірушілер отряды (Rodentia)
Жоғары сатыдағы аңдар класс тармағының тағы бір отряды кемірушілер. Бұл отрядқа жататын жануарлардың саны 2500-ге жетеді. Мысалы, олар тиіндер, ондатр, саршұнақтар, егеуқұйрықтар, тышқандар, қосаяқтар, аламандар, жайра, камшат, бұзаубас, соқыртышқан т.б. жатады. Олар жер бетінде де көп тараған. Табиғатта әртүрлі тіршілік ортасына бейімделген, кейбіреулері ағаш басына, суға, жер астына тағы басқа ортаға тіршілік етуге бейімделген, кейбіреулері ағаш басына, суға, жер астына тағы басқа ортаға тіршілік етуге бейімделген. Індерде көпшілік кемірушілер тіршілік етеді. Тамақ құрамына қарасақ өсімдік тектес азықпен қоректенеді, бірақ ішінде тамақты талғамай жей беретіндері де бар. Кемірушілердің ең негізгі сипаттамасы (белгісі) күрек тістерінің жақсы дамуында (үстіңгі жақ сүйегінде екеу және астыңғы жақ сүйегінде екеу). Күрек тістері мен азу тістерінің арасында тіссіз бос аралық болады, оны диастема деп атайды. Күрек тістерінің түбірі болмайды, сондықтан тістері өмір бойы өсіп отырады. Тістері шамадан тыс өсіп кетпеу үшін, олар қатты заттарды, қатты өсімдік тектес азықтарды кеміріп отырады. Ішектері өте ұзын. Жыныстық жағынан ерте жетіледі, өсімтал келеді. Кемірушілер тез өніп-өсіп болғандықтан, олардың саны жылдам өседі де халық шаруашылығындағы маңызы арта түседі. Бірсыпыра кемірушілер ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері (дала тышқандары, орман тышқандары, саршұнақтар, тышқандар), суырлар, саршұнақтар, егеуқұйрықтар т.б. оба, түйнек ауруларының қоздырғыштарын бойына сақтап, оны жұқтырады. Кемірушілердің кейбір түрлерінің (ондатр, камшат, тиін, суыр т.б.).
Кәсіптік маңызы бар. Жыртқыш сүтқоректілер мен жыртқыш құстардың негізгі қорегі. Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлері: көксуыр. Үнді жайрасы, жалн, бессаусақты ергежейлі қосаяқ, үш саусақты ергежейлі қосаяқ, алып көртышқан. Роборовский атжалманы, сары ала қоржын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет