Көнтабандылар отряды (Tylopoda) Көп уақытқа дейін бұл отрядтың өкілдерін жұпаяқтыларға жатқызып келді. Бұл отрядқа түйелер мен ламалар жатады. Мойны ұзын ірі жануарлар. Аяғы жұптұяқты, үшінші және төртінші саусақтары сақталған, көнді жалпақ табанына денесінің салмағын салып қозғалады. Қарны үш бөлімнен тұрады: үлкен қарын, жұмыршақ, ұлтабар.
Қазір Орталық Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі – қос өркешті түйе сақталған. Бір өркешті түйенің – нардың тек қана қолға үйретілген бір түрі белгілі.
Түйелер шөлді жерлерге бейімделген, ұзақ уақыт су ішпей жүре береді. Түйелер май қоры өркешіне жиналады. Май қоры өз тарапынан артық су қоры болып есептеледі. Сондықтан өркешінде май көп түйелер шөлге шыдамды келеді. Қолға үйретілген қос өркешті түйелер Монголия мен Қытайда, ТМД-да Азербайжанда, Қазақстанда, Орта Азияелдерінде бар. Оларды жүк көлігі ретінде пайдаланады.
Ламалар тек қана Оңтүстік Америкада тіршілік етеді. Олардың жабайы екі түрі – гуанока және викунья белгілі.
Шала маймылдар немесе төменгі сатыдағы приматтар отряд тармағы (Prosimii) Ормандарда тіршілік етуге бейімделген онша үлкен емес жануар. Маймылдардан айырмашылығы бұлардың ми сауыты кіші және бас сүйегінің бет бөлімі алға қарай шығыңқы болады.Ми жарты шарлары нашар жетілген, мишықты жауып тұра алмайды, ми иректері болмайды. Иіс сезу аймағы жақсы дамыған. Көз ұясы алдына қарай емес, бүйіріне қарай бағытталған. Лемурлардың саусақтары да маймылдардың саусақтары сияқты затты ұстауға бейімделген. Жатыны екі тарамды. Әдетте олар бір ғана бала туады. Түнде тіршілік етеді. Өсімдіктермен, насекомдармен әртүрлі заттармен қоректенеді. Олар Оңтүстік Азияда, Африкада және Мадагаскарда ғана тараған. Олар қарапайым насеком қоректілерден шыққан.
Маймылдар немесе жоғары сатыдағы приматтар отряд тармағы (Antropoidae) Бұл отряд тармағына эволюциялық дамудың жоғары сатысында тұрған сүтқоректі жануарлар – маймылдар жатады, бұған адам да жатады. Бұлардың көз шарасы алдыңғы жағына қараған, басбармақ (бірінші саусақ) ұстауға икемделіп, басқа саусақтарына қарама-қарсы орналасқан. Бұл отрядтың өкілдерінің бас миы басқа сүтқоректілердің миынан анағұрлым үлкен болады, әсіресе алдыңғы миы ерекше дамыған, әрі оның иректері айқын байқалады. Кеудесінде бір жұп емшегі бар, жатыны қарапайым, әдетте бір ғана бала туады. Иіс сезімі нашар дамыған, көзі жақсы көреді. Маймылдардың көпшіклігі ормандарда тіршілік етеді. Өсімдік тектес азықтармен көбінесе жемістермен қоректенеді. Азық талғамай қоректенетін түрлері де бар. Барлығы күндіз тіршілік етеді. Бұл отряд тармағы үш тұқымдасқа бөлінеді: мартышка тәрізділер (мартышкалар, павиандар, макакалар т.б.) және адам тәрізді маймылдар (орангутан, горилла, шимпанзе, гиббондар).
Мартышка тәрізді маймылдар (Cereopithecidae) ұзын құйрықты, жамбас сірісі (мазоли). Ұрт қалтасы жақсы жетілген.
Мартышка тәрізді маймылдардың миы басқалармен салыстырғанда үлкен емес, жағында ұрт қалтасы, денесінің арт жағында жүнсіз тықыр тері мүйізденген шонданайы болады. Денесінің басқа жері мен ұзын құйрығы қалың түкті болып келеді.
Мартышкалар тропиктік Африкада өзен-көлдерге жақын орман арасын мекендейді. Ағаштың бұтақтарынан ұстап бір ағаштан екінші ағашқа секіріп жүреді. Сондықтан мартышкаларды төрт аяқ қолдылар деп атайды. Ағаштан жерге түскен маймылдар алақанымен және табандарымен аяқ-қолдарымен жүгіреді. Саусақтарының ұшында адамдікі сияқты тырнақтары бар.
Мартышкалар ағаштың әртүрлі жемістерін қорек етеді. Құстың жұмыртқасы мен насекомдар табылса, олармен де қоректенеді. Тамақты алдыңғы қол-аяғымен ұстап жейді. Бұлардың аяқ-қолдары ұзын, тізесінен төмен түсіп тұрады. Мартышканың тістері де адамның тістері сияқты, бірақ сойдақ тістері үлкендеу болып келеді.
Мартышкалар топтанып жүріп тіршілік етеді, олардың арасында қарт жетекшісі болады. Топтанған семьясымен жүру маймылдардың тіршілігіне пайдалы, бұл әсіресе жауларынан сақтанғанда және жем тауыпалуына қолайлы. Кей жерлерде өсімдікті жеп құрытып зиян келтіреді.
Жоғарыда айтылғандай маймылдардың тіршілік етуі мидың жақсы жетілуіне байланысты. Мартышкалардың ұрғашысы жылына бір немесе екі бала табады.
Адам тәрізді маймылдар (Antropomorphidae). Олар жақсы жетілген, төрт аяқты, омыртқалы жануарлардың ішінде эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысында тұрады. Сондықтан мидың құрылысы өте күрделі және көптеген иректері бар. Денесі үлкен, қалың жүнді, бұлшық етті, бірақ беті адамдікі сияқты жүнсіз. Алдыңғы аяқтары ұзын, күшті, ол созылған жағдайдағы күйінде тізесінен төмен түсіп тұрады. Алақанында және табанында түгі болмайды. Көзі бетінің алдыңғы жағына орналасқан. Ұрт қалтасы жоқ. Соқыр ішегі бар. Адам тәрізді маймылдар төрт түрге бөлінеді: гиббон, орангутан, шимпанзе және горилла.
Гиббондар – бұлар мартышкалар мен адам тәрізді маймылдардың арасынан аралық орын алатын маймыл. Алдыңғы аяқтары ұзын, күшті, ол созылған жағдайдағы күйінде тізесінен төмен денесінің үлкендігі орташа алдыңғы қол-аяғыөте ұзын, сондықтан ағаштың бұтағын ұстап бір ағаштан екінші ағашқа жақсы секіреді. Құйрығы және ұрт қалтасы болмайды. Кішкентай мүйізденген шонданайы бар. Денесінің жалпы құрылысы, әсіресе миы адам тәріздес маймылдарға ұқсас. Гиббонның бірнеше түрлері бар, олар Оңтүстік Азияда кездеседі.
Орангутанның жағы сопақ алдыңғы аяғы өте ұзын, құлағы кішкентай, он екі жұп қабырғасы бар және үш жұп құйрық омыртқасы бар. Орангутан Калимантан және Сумарта аралдарының ормандарында кездеседі. Өмірі ағаш бұталардың арасында өтеді. Олар күн батардың алдында ағаш басына ағаштың бұтақтары мен жапырақтарынан ұйықтайтын ұя салады. Жерге анда-санда болмаса түспейді.
Шимпанзе басқалармен салыстырғанда, оның бойы кішкене, қолы қысқарақ, басы домалақтау, құлағы үлкенірек адамдікі сияқты. Шимпанзелер – Африканың тропикалық орманында кездеседі. Әдетте күндіз жерде тіршілік етіп, түнде ағаштың басына шығып түнейді. Бұларда тамақты алдыңғы аяқ-қолдарымен алып жейді. Негізгі қорегі жаңғақ, ағаштың жас жапырағы мен бүршіктері және құстың жұмыртқасы мен насекомдар.
Горилла адам тәрізді маймылдардың арасындағы ең үлкені (бойы 2м). Алдыңғы аяқ-қолы ұзын, құлағыда орташа, қабырғалары 13 жұп. Тропикалық Африканың ормандарында тіршілік етеді, бұлардың ағашпен байланысы азырақ, көберек уақытын жерде өткізеді.
Маймылдар немесе приматтар отрядына жататын адамдардың миы тәрізді маймылдардікінен қш есе үлкен, жақтары мен тістері нашарлау жетілген нәзік, бірақ тілге байланысты иек жақсы жетілген. Тері жүнінің жойылып кеткен. Адамның тік жүруіне байланысты, бас сүйек бірінші мойын омыртқамен қосылады, омыртқа қоспалары түзеліп үш ақ иін (мойнында, кеудеде және белде) артқы аяғы табаны мен барып бітеді. Сондықтан аяқтары жүгіргенде миға қозғалыс әсерін тигізбейді. Адамның тік жүруіне байланысты жамбас белдеуде өзгешелік болады. Адамның алдыңғы аяғы қолға айналып, олар созғанда тізесіне жетпейді. Сөйтіп, адамдар сүтқоректі жануарлар, ол сүтқоректілер класының приматтар отрядына жатады. Бірақ, адамның ерекшелігі тек зоологиялық систематикасымен ғана белгіленбейді. Оның эволюциялық дамудың жоғарғы сатысынан орын алудың негізгі себебі қоғам жағдайына байланысты еңбек пен сөйлеудің дамуы.