5. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап
алуы
ХІХ ғасырдың 20-жылдары Ресей Орта жүз бен Кіші жүзде
хандық билікті жойып, Ресейлік басқару жүйесін енгізгенімен, Ұлы
жүз мəселесіне əлі де көңіл бөле алмаған болатын. Жалпы, ХІХ ғ.
160
161
30-жыл-дарына дейін Ресей империясының “үлкен саясатынан”
Орта Азия мəселесі де тыс қалды. Ресей ол тұста негізінен Түркия
мен оның иеліктеріне көп көңіл бөлді.
Ағылшын-орыс бақталастығында бұл үрдістердің белсенділігі
арта түсті. Ресейдің Таяу Шығыстағы жетістіктері Англия
қарсылығының күшеюіне əкелді. 1841 жылы Лондон конвен-
циясы Ресейдің Таяу Шығыс мəселесіндегі ірі дипломатиялық
жеңілісі болды. Орта Азия мен Қазақстан біртіндеп ағылшын-
орыс бақталастығының негізгі аймақтарының біріне айналды.
Қазақстанның стратегиялық аймақ ретінде Орта Азия хандықтары
мен Ресей жəне Қытай аралығында орналасуын патша əкімшілігі
жақсы түсінді. Қазақстандағы өз ұстанымын нығайту үшін түрлі ша-
ралар қарастыра бастады. Ресей Сыртқы Істер министрлігінің Азия
департаментінің ұсынысымен ХІХ ғ. 30-жылдары Қоқан хандығына
Н.Г.Потанин, Бұхар əмірлігіне П.И.Демезон мен И.В.Виткевич,
Е.П.Ковалевский, Хиуаға Г.И.Данилевский бастаған дипломатия-
лық миссиялар жіберді. Бұл сапарлардың барысында Ресей Хиуа
жəне Бұхарамен орыс-азия сауда мəселелері бойынша бірқатар
келісімдерге қол жеткізіп, Орта Азия хандықтарының ішкі жағдайы
мен Хиуа хандығының Сырдария бойындағы қазақтарға қатысты
саясаты туралы бірқатар мəліметтер алып қайтты. 30-жылдардың
аяғы мен 40-жылдардың басында патша үкіметі хиуалықтардың
шекаралық аймақтардағы күш көрсету жəне тонаушылық
əрекеттерін тоқтату, хиуалықтардың қолындағы орыс тұтқындарын
босату, Хиуаның орыс-қазақ қатынастарына араласуын бейтарап-
тандыру үшін Хиуаға əскери экспедиция ұйымдастыру туралы де-
кларациясын жариялады. Ресейдің мұндай ресми мəлімдеме жасау-
ына Англияның Орта Шығыстағы саяси ықпалын нығайту қаупінің
күшеюі себеп болды.
1839 жылы қараша айының ортасында Орынбор губернаторы
В.А.Перовский 12 зеңбірек, 4 мың жаяу əскер жəне 10 мың түйеге
артқан жүгімен Хиуаға қарсы жорығын бастады. Қатты суық
пен боранның салдарынан Перовский 2 мың түйесінен айыры-
лып, үлкен шығынмен Ембі бекінісіне дейін ғана жете алды. 1840
жылы 1 ақпанда тағы да 5 мың түйе азық-түлікпен басқа да құрал-
жабдықтарын жоғалтып Ақбұлаққа жетті. Ақпан айының ортасын-
да Орынборға кері қайтты. Бірақ, жағдайдың бұлай шиеленісуіне
қарамастан Хиуа жорықтың қайталануынан қауіптеніп Ресейге 124
орыс тұтқынын қайтарды жəне Петербургке елшілік жіберді.
Орыс билігін мойындамаған қазақтарды бағындыруға жəне
Орта Азия хандықтарының шекарасына орыс əскерін жақындату
мақсатында Ресей Сырдарияның төменгі ағысының бойы-
на əскери бекіністер сала бастады. 1847 жылы Райым бекінісі,
1848 жылы Қазалы форты салынды. Жаңа бекіністердің салы-
нуы орыс əскерлеріне біртіндеп Сырдарияны бойлап жоғары
жылжуға жəне қоқандықтардың ірі бекіністерінің бірі Ақмешітке
жақындауға мүмкіндік берді. 1848—1849 жылдары А.И.Бутаков-
тың басшылығымен келген экспедиция Арал теңізін зерттеп,
теңіздің картасын жасады. Арал теңізінде кеме айлағы ашылды.
Оның болашақта Орталық Азия жəне Хорезммен сауда қарым-
қатынасында, əскери мəселелерде маңызы зор болды.
12 күндік қоршаудан кейін 1853 жылы 28 маусымда орыс
əскерлері Ақмешітті басып алды. Осыдан кейін Сырдарияның
төменгі ағысында Сырдария шебі құрылды. Оған Райым
бекінісінен Ақмешітке дейінгі аудандар кірді жəне 1864 жылы
Түркістанды алғанға дейін сақталып тұрды. Ресей Қоқан жəне
Хиуа хандықтарына саяси қысым көрсетуге мүмкіндік алды. ХІХ
ғасырдың 50-жылдары Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанның
Ресейдің сыртқы саясатындағы маңызы арта түсті. 1854—1856 жж.
Қырым соғысында Ресей жеңілуіне байланысты батыстағы рыно-
гынан айырылып, енді оған шығыстан жаңа рынок іздестіру қажет
болды. 1858 жылы Орталық Азия аймағындағы Хиуа мен Бұхараға
Н.Игнатьев бастаған дипломатиялық елшілік, Шығыс Иранға көпес
ретінде Ч.Ч.Ханыков бастаған экспедиция жіберді. Бұл аймақтан
алынған материалдардың негізінде патша үкіметі Оңтүстік
Қазақстан мен Орталық Азия хандықтарындағы əскери қимылдарын
ұлғайтпаса, ол аймақта Англияның мүддесінің арта түсетіндігіне
толық көзі жетті. Өйткені, Англияның бұл аймаққа қатысты кең
көлемде жаулап алу жоспары бар екені дəлелденген болатын. 1860
жылы Қоқанға хандықтың билеушісі Маллабектің сеніміне кіріп,
Үндістандағы Англия басшыларымен байланыс орнатуға ағылшын
барлаушысы Абзал-Мажит жіберіледі. Біраз уақыттан кейін Қоқан
хандығының басты тірек пункттеріне қару-жарақтар жеткізіліп,
əскери нұсқаушылар мен қару жасайтын мамандар жіберіле ба-
стады. Қоқан өкіметі өздерінің əскери қамалдары мен форттарын,
əскери шептерін күшейтуге кіріседі.
Англия мен Қоқанның бұл əрекеттері Ресей үкіметі жағынан
қарсы шаралар қолдануды талап етті. Ресей бұл аймаққа Орынбор
мен Сібір шебінен екі жақтап тереңдей ену үшін дайындала бастады.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстан аумағында Ресейдің əскери
бекіністері мен қамалдары, форпостары мен шептерінің саны арта
162
163
түсті. Ақтау, Ұлытау, Қапал, Сергиополь, Верный, Қастек жəне т.б.
Ресейдің Қазақстандағы əскери тірек пункттері болды. 1856 жылы
құрамына 213 мың адамнан тұратын Ұлы жүз қазақтары жəне 60
мың қырғыз кіретін Алатау округі құрылды. Ресей əскерлерінің
оңтүстіктен де, солтүстіктен де сəтті жылжуына қоқандықтардың
саясатына риза болмаған Əулиеата мен Шымкент төңірегіндегі
Ұлы жүз қазақтарының 1857—58 жылдарда көтерілістер жасап, Ре-
сей жағына өтуі де қолғабысын тигізді. Патша үкіметінің ықпалды
ру басыларына қатысты алдау-арбау, шен-шекпен беру, жоғары
қызметтерге тағайындау сияқты жүргізген саясаты да біршама
маңызды рөл атқарды. Мұндай саясат тек қазақтарға қатысты ғана
емес, Орталық Азия аймағындағы басқа да халықтарға қатысты
жүргізілді.
1860 жылы орыс əскерлерінің қоқандықтарға қарсы белсенді
əскери қимылдары басталды. 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте
Пішпек бекіністері алынып, 24 қазанда Ұзынағаш төңірегінде болған
шайқаста қоқандықтар жеңіліс тапты. Орыс пен қоқан əскерінің
екіжақты қыспағы мен тəлкегіне түскен қазақтардың жағдайы өте
ауыр болды. Жергілікті халыққа қатысты екі жақ та қатігездігімен
ерекшеленді. Күш көрсету, тəлкек жасау мен қатыгездік туралы екі
жақтың да əскери басшылары: “ауылдары өртеніп, малдары тартып
алынды, оларға берген сабақты ерекше сезілетіндей жасадық” деп
жазды. 1861—63 жылдары Ресей үкіметінде Оңтүстік Қазақстан
мен Орта Азия хандықтарын мақсатты түрде жəне тез арада иеле-
ну жөнінде пікір-таластар жүрді. Одан кейін Сырдария мен Сібір
шебінің аралығына 4 экспедиция жіберілді. Олар бұл аудандарда
қоқандықтардың күшті қарсылығын кездестірмеді. Жұмғол мен
Құртқа бекіністері шайқассыз берілді, Созақ пен Шолаққорғанда
қоқан билігіне қарсы көтерілістер бұрқ ете қалды. 1863 жылы
Ресейдің Соғыс министрі Д.А.Милютин ерекше комитетке Орта
Азия хандықтарына қатысты белгіленген іс-əрекеттері туралы баян-
дама жасап, оны мақұлдатып алды. 1864 жылдың басында бір-біріне
қарсы тұрған екі жақ та əскери қимылдарға дайындала бастады. 1864
жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстандағы орыс əскерлерінің
дайындығы негізінен аяқталды да полковник Н.А.Веревкин
бастаған отряд Түркістанға қарай қозғалды. Веревкиннің отря-
дында 1593 солдат, 44 офицер, 18 зеңбірек жəне 150 ерікті қазақ
болды. Верныйдан бір мезгілде құрамында 2571 солдат, 68 офи-
цер, 22 зеңбірек, жəне құрамында сұлтан поручик Ш.Уəлиханов
басқарған 1400 ерікті қазақтар бар полковник М.Г.Черняевтың от-
ряды да қозғалды. 4 шілдеде Черняевтың отряды Меркі, 6 шілдеде
Əулиеата бекінісін шайқассыз алды. Полковник Веревкиннің от-
ряды Түркістан қаласына барар жолда қоқан əскерлерінің шабуы-
лына ұшырады да бекіністі қоршауға мəжбүр болды. 9 маусымда
Түркістан орыстардың қолына өтті. Əулиеата мен Түркістанды тез
арада алуда əскери операцияларға басшылық жасағандары үшін
Черняев пен Веревкиннің əскери шендері жоғарылатылып, генерал-
майор атақтарын алды. Жорықтарға қатысқан солдаттар “жоғары
құрмет” жəне түрлі ордендермен марапатталды. Жетістіктеріне
көңілдері көтерілген орыс армиясы алдын ала дайындықсыз 1864
жылдың 22—23 шілдесінде Шымкентті алуға тырысты. Бірақ бұл
уақытта қоқандықтар Шымкентке едəуір əскери күштерін тартып
үлгеріп, орыс əскеріне қарсы соққы береді. Бекініс-қалаларға жақын
орналасқан қазақ ауылдары екіге бөлініп, бірі орыстарға, екіншілері
қоқандықтарға қолдау көрсетті.
Қоқан хандығында саяси күштердің қарсылығы күшейіп, хан
мен оның төңірегіндегілердің озбырлығына наразылықтар көбейе
түсті. Қоқан мен Бұхара арасындағы қайшылықтар шиеленісті.
Мұндай қолайлы жағдайды орыс əскерлері де өз мүдделеріне пай-
далана білді. Черняевтің алты жарым рота жаяу əскер мен бір жа-
рым жүздік казактардан тұратын отряды жəне Лерхенің төрт рота
жаяу əскер, бір казак жүздігі мен мың жарым қазақтан тұратын
отряды Шымкент түбінде бірігіп қалаға шабуыл жасап, 1864
жылдың күзінде оны басып алды. Түркістан мен Шымкентті жау-
лап алғаннан кейін Орынбор мен Сібір шептері жалғастырылды.
1865 жылы маусымда бір апта қарсылықтан кейін орыс əскерлері
Ташкентті басып алды. 1866 жылдың жазында патша ІІ Александр
Ташкентті Ресейдің құрамына қосу туралы жарлық шығарды. Бір
жылдан кейін 1867 жылы құрамына қайта құрылған Жетісу жəне
Сырдария облыстары кіретін, орталығы Ташкент қаласы болған
Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғандығы туралы заң жа-
рияланды.
Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанды əскери жаулауы Ақмешіт,
Түркістан, Əулиеата, Шымкент, Ташкент т.б. бекіністердің қор-
ғаушыларына деген ерекше қатыгездікпен жүзеге асырылды. Орыс
əскерлері мұсылмандардың қасиетті жерлерін (Қожа Ахмет Яс-
сауи, т.б.) қорлап, оларды қиратты. Ақмешітті 25 күн қатарынан
атқылап талқандады, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне
зеңбіректің 12 снаряды атылып, оның 11-і кесененің қабырғаларын
ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап, қаза тапқандардың са-
164
165
ны 3170-ке дейін жетті, Сайрам қаласы жермен-жексен етіліп
талқандалды. Шоқан Уəлиханов өзінің діндестері мен руластары-
на орыс əскерлерінің көрсеткен тағылық əрекеттеріне байланысты
одан əрі жорыққа қатысудан бас тартуға мəжбүр болды. Оңтүстік
Қазақстан мен Орта Азия тұрғындары қарсылық көрсеткендері
үшін қатыгездікпен, аяусыз басып-жанышталды. Ресей болса, бұл
əрекеттерін үкіметтің, “өзіне бағынышты территориядағы елдерді
көшпенділер шапқыншылығынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
бағытталған үкіметтің Орталық Азиядағы саясатының қорғаныстық
сипаты” деп мəлімдеді.
Осылайша, ХІХ ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік Қазақстанды
жаулап алғаннан кейін Қазақстанның бүкіл аумағы ұзақ уақытқа
Ресейдің отарына айналды. 1867—68 жылдары Түркістан жəне
Далалық өлкені басқару туралы “Уақытша Ереженің” қабылда-
нуымен Орта Азия жəне Қазақстан — Ресей империясының отары
ретінде заңдастырылды.
9-тақырып
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖƏНЕ
ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Қазақстанда жаңа əкімшілік-аумақтық басқару жүйесінің
•
ендірілуі жəне оған қазақтардың қарсылығы
Қазақстанға орыс шаруаларының, ұйғырлар мен
•
дүнгендердің қоныс аударуы
XVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен XІX ғасырдағы
•
Қазақстан мəдениеті
1. Қазақстанда жаңа əкімшілік-аумақтық басқару
жүйесінің ендірілуі жəне оған қазақтардың
қарсылығы
Қазақстандағы 1867—1868 жылдардағы реформа — патшалық
Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды бөлігінің бірі болып
табылады. Өйткені, ол əкімшілік құрылыс, жер қатынастары, сот
құрылысы, халыққа білім беру, дін мəселесі сияқты қазақ қоғамының
шешуші салаларының бəрін қамтыған болатын.
Қазақстанға əкімшілік басқару жүйесін енгізудегі патша
үкіметінің алдына қойған басты мақсаты аймақтағы отаршылдық
саясатын күшейту болды. Осыған орай, 1867 жылы 11 шілдеде
патша жарлығымен империя құрамында Түркістан генерал-
губернаторлығы құрылса, ал 1868 жылы Орынбор жəне Батыс
Сібір генерал-губернаторлықтары құрылды. Реформаның ең басты
жəне негізгі міндеті — «қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен
бірте-бірте қосып жіберу» үшін Ресейге бағынышты халықтарды
бір басқару жүйесінің құрамына біріктіру. Сөйтіп, жергілікті
ақсүйектерді биліктен ысырып тастап, ру басшыларын əлсіретіп,
ойға алған іс-шараларды оңтайлы жолмен оңай əрі тез жүзеге
асырып отыру. Жалпы алғанда, реформалар патшалық үкіметтің
қазақ даласының жергілікті тұрғындарын жəне аймақтық табиғат
байлықтарын еркін пайдалану үшін орыс капиталына анағұрлым
тиімді жағдай қалыптастыру əрекетінен туған еді.
Экономикалық шаралар негізінде қазақтардың қыстауы мен
жайлаулық жерлерін мемлекет меншігіне кесіп, казак əскери бө-
166
167
лімдері мен орыс шаруаларын орналастыру үшін «артық» жер
мөлшерін анықтау ісіне экспедициялар жабдықталды. Мұның өзі
қазақ жерін пайдалануынан алып, барша қазақтың жерін Ресейдің
мемлекеттік меншігі деп жария ету арқылы Қазақстанның империя
отарына айналғандығын дүниеге паш ету болды. Патша үкіметінің
1886 жылғы Түркістан туралы ережесі жəне 1891 жылғы Далалық
облыстарды басқару туралы Ережесі сол орыс билігін одан ары
нығайтып, қазақ даласындағы отарлық езгі мен қанаудың күшеюін
тереңдете түсті.
1867—1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ дала-
сын толық отарлауға тырысты. Сондықтан да Қазақстан аумағы
облыстарға бөлініп, ал облыстар əкімшілік орталықтарына, қазақ да-
ласымен байланыссыз жататын əртүрлі генерал-губернаторлықтарға
бөлшектенеді. Мысалы, Торғай мен Орал облыстары — Орынбор;
Ақмола жəне Семей облыстары — Батыс Сібір; Жетісу мен Сырда-
рия — Түркістан генерал-губернаторлықтарының құрамына кірді.
Бұрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы уақытша Торғай облыстық
басқармасына бағынышты болып қалғанымен, ол ұзаққа созылмай,
1872 жылдан бастап Астрахань губерниясының құрамына кірді. Ал
Маңғыстау түбегінің аумағы 1870 ж. қазақтардың көтерілісіне бай-
ланысты Кавказ əскери округінің билігіне өтті. Бұлай бөлшектеулер
мен басқаруға өзгерістердің енуінің өзіндік себептері болды. Бұл
туралы профессор Б. Сүлейменов: «Патшалық үкіметтің ойынша,
Қазақстан жерін түрлі генерал-губернаторлықтар мен əскери округ-
терге бөлшектеу, қазақ халқының ұлттық бірлігінің қалыптасу жо-
лына кедергі болып, қазақ халқын отарлық езгіде ұстауды жеңілдетуі
тиіс еді» — дейді.
1867—1868 жж. реформалардағы басты бағыттардың бірі
Қазақстанда күшті əскери-бюрократиялық аппарат құру болды. Ол
аппарат əртүрлі жеңілдіктерге: анағұрлым жоғары еңбекақы, екі есе
төлем, қызметтен босаған кездегі жоғары зейнетақыға қызығатын
чиновниктерден құралды. Зерттеуші ғалым К.А. Жиреншин өз
еңбегінде: «Отаршылық əкімшілік аппараты қазақ даласының
жағдайынан бейхабар, білімі таяз адамдардан, ең бастысы, өз
қызметін өміріндегі өтпелі кезең деп санап, сол уақыт ішінде тез
ауқаттанып алуды көздеген офицерлерден жасақталған болатын.
Генерал-губернаторлықтардың басты басқару аппаратын генерал-
губернатор, оның кеңсесі жəне тапсырма орындаушы чиновник-
тер құрды. Генерал-губернаторлар əскери жəне азаматтық билікті
толығымен өз қолдарына жұмылдырды, сонымен қатар қазақ
даласындағы əкімшілік құрылысының принципі — жаңа отаршы-
лық реформа бойынша билікті толығымен əскери ведомствоның
қолына беру болды» — деп, патшалық үкіметтің құйтырқы сая-
сатының табиғатын айқын да ашық көрсетіп береді.
Бұл тұстағы генерал-губернаторлардың билік шараларын іске
асыратын басқару жүйесі мынадай үш бөлікке бөлінді: облыстық
басқармалар, уездік басқармалар жəне жергілікті басқармалар.
Облыстық əкімшіліктің басқарма басшылығында əскери жəне
азаматтық билік ететін əскери-губернатор тұрды. 1868 ж. Ереженің
22—23-бабында дала облыстарының əскери-губернаторлары об-
лыстардағы əскери қолбасшыларға теңестірілетіні көрсетілген
жəне де олар өз облыстарының аумағындағы орналасқан казак
əскерлерінің тағайындалған атамандары болып саналатын.
Облыстар өз кезегінде уездерге бөлінді. Уездік басқарманың
басшылығына орыс чиновниктерінің ішінен облыстық əскери-
губернатордың ұсынысы бойынша генерал-губернатор бекітетін
уезд бастығы тағайындалды. Жаңа əкімшілік жүйе бойынша
уездегі барлық билік жүйесі толығымен уезд бастығының қолына
шоғырландырылды. Ереженің 42—65 баптары бойынша, уезд
бастықтарына мынадай міндеттер жүктелді: жергілікті басқару
орындарына жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалау, уез-
де тыныштық пен тəртіпті сақтау, алым-салықтың жиналуын
бақылау жəне халықтың денсаулығын сақтау. Уезде орналасқан
əскери бөлімшелер, мекемелер мен бекіністер уезд бастықтарына
бағынышты болды.
1867—1868 жж. реформа ел мен жерді басқарудағы патшалық
үкіметтің алғашқы буыны болып табылатын жергілікті басқармаға
көңіл бөлді. Əрбір уезд болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді.
Е.Г.Федоров «Қазақстан — патша үкіметінің отары» атты еңбегінде:
«Патшалық қазақ тұрғындарының орталықтарын əдейі бөлшектеді,
барлық басқару жүйесін бөлшектеу арқылы қазақ халқының мəдени
дамуын тежеп, халықты қараңғылықта ұстауды көздеді»,— деп
көрсетеді.
Уездер аумақтық белгі бойынша бір болысқа 1000—2000 киіз үй
жəне бір ауылға 100-ден 200-ге киіз үй кіретіндей болып есептелген
болыстар мен ауылдарға бөлінді. Болыстар шаруашылық жағынан
біріккен ауылдардан тұрды. Осыған байланысты жаңа жағдайда
қазақтардың рулық қатынастар бойынша тарихи бөлінуі заңды
түрде жойылды. Ру басында ақсақал тұрғанда, оның сөзі мен ісі
билік күшке ие жағдайында патша үкіметінің дала тыныштығы үшін
168
169
қорқуы заңды нəрсе болатын. Граф Паленнің Түркістан аймағын
тексеру жөнінде есеп беруінде: «Бұл шараны іске асырудағы мақсат
рулардың үлкен аймақта бір қалыпты орналаспауы əкімшілік
басқару жүйесіне кедергі туғызды жəне көптеген біріккен ру ба-
сында ру ақсақалдары тұрған жағдайда дала тыныштығын ұстап
тұруда көп қиындықтар туғызуы мүмкін еді»,— деп ондай биліктің
күштілік себебін тап басып жазуы осының айғағы. Елге сүйенген
ру басы кей жағдайда əкімшілік талаптарды орындамауы да əбден
мүмкін екені шындық.
1867 ж. Ереженің 85-бабына сəйкес болыстардың басында
қазақтардан сайланған болыс басқарушылары, ал ауылдардың ба-
сында старшиналар болды. Ережеде «болыстық жəне ауылдық стар-
шиналарды халық сайлайды» деп нақты көрсетілген. Бір қарағанда
сайлау демократиялық негізде жолға қойылған болып көрінуі
мүмкін, бірақ іс жүзінде патша үкіметі сайлауды өз мақсатына орай
жүргізіп отырды. Сайланған болыс басқарушыларын — облыстық
əскери губернаторы, ал ауылдық старшиналарды уезд бастығы
бекітетін еді. Отаршылар əкімшілігі ұсынылған кандидаттар
көңілінен шықпаса бекітпей тастап, жаңа сайлау белгілеуі де мүмкін
болатын. Болыс басқарушыларын сайлауға — уезд бастықтары, ал
ауылдық старшиналарды сайлауға болыс басқарушылары міндетті
түрде қатысатын. Болыс басқарушылары тікелей уезд бастығына
бағынышты болды жəне оның барлық бұйрықтарын орындауға
міндетті еді, ал ауыл старшиналары болыс басқарушысына тікелей
бағынышты бола отырып, болыс басқарушысына жүктелетіндей
міндеттерді орындады.
Реформаларды жүзеге асыруда патша үкіметі саяси-экономи-
калық іс-шараларымен қатар өлкені мəдени жəне рухани жағынан
да отарлауға басты назар аударған болатын. Халық ағарту ісі
патшалықтың сыртқы саясатының үлкен де маңызды саласы бо-
лып табылатын. Бұл сала патша үкіметі отарлау саясатының
өзекті құралы десе де болады. Бұл саясат Ресейдің қарамағындағы
ұлттарды біртіндеп христиан дініне кіргізу арқылы орыстандырып,
сөйтіп империяның тұтастығын арттыруға арналған еді. Осыған сай,
1867—68 жж. реформада халық ағарту ісінде жүргізілетін шаралар
жан-жақты қарастырылды. Онда: «Дала тұрғындарына бастапқы
білім беру үшін алғашқы кезде уездік басқарма орналасқан жердің
бəрінде ұлт айырмашылығына қарамастан ортақ мектеп ашу ке-
рек»,— деп көрсетілді. Осыны негізге ала отырып мектептер, гим-
назиялар ашылды.
1868 жылғы Ереженің 251-бабында діни істер Орынбор муф-
тиінің қарауынан алынып, азаматтық басқарманың қарамағына
берілді. Молдалар сайланатын болды. Оларды бекіту тұтқасы орыс
əкімшілігінің қолына тиді. Бастауыш мектептерде мұсылман дінін
уағыздаушылардың қызметі шектелді. Əкімшілік қазақ мектебіне
сабақ беретін ұстаздардан орыс тілін білуді талап етті.
Елде орын алып жатқан аумақтық-əкімшілік үрдістер Қазақ-
станның əлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай өзге-
рістер əкеліп, отарлық саясаттың жаңа салық жүйесін енгізді.
Қазақстанда отырықшылық пен жер шаруашылығының көлемінің
ұлғайғандығына қарамастан салық төлеушілердің басым бөлігін
көшпенділер құрады. Мəселен, 1880 жылы 90,5 % құраса, 1897
жылы 82,0 %-ға жетті.
1867—1868 жылдардағы əкімшілік реформалар қазақтардың
жаңа көтерілісін туғызды. XІX ғасырдың 60- жылдарының алғашқы
жартысында Қазақстанда, əсіресе Кіші жүзде отаршылдыққа қарсы
жаппай халық наразылықтары өріс алды. Көшпелі халықтың ашу-
ызасын туғызған патша үкіметінің салық саясатының күшеюі бол-
ды. Оның үстіне қатардағы көшпенділер мен ауқатты отбасылар
бірдей міндеткерлік атқарды. Сондай-ақ, жаңа əкімшілік бөліністер
ғасырлар бойы пайдаланып келген көшпелі халықтың маусымдық
жайылымдарды пайдалану үрдісіне нұқсан келтірді. Салықтар
мен міндеткерліктердің күрт көбейтілуі мен əкімшілік-аумақтық
бөліністердің дұрыс жүргізілмеуі 1868 жылғы Орал мен Торғай
облыстарында орын алған ұлттық бас көтерулердің басталуына
түрткі болды. 1868 жылдың желтоқсан айында стихиялық түрде
басталған көтеріліс 1869 жылдың қазан айына дейін созылды. На-
шар қаруланған, бірақ жер жағдайын жақсы білетін көтерілісшілер
өздеріне қарсы қимылдаған патша үкіметінің жазалау топтарын
«қарақшылық» шабуылдарға ұшыратты. 1868 жылы 6 мамырда
құрамында 200 қылышты жəне жаяу əскері бар Штемпель отряды
Орынбор бағытындағы Жамансай көлі маңында қазақ жасақтарымен
кездеседі. Жазалау тобы көтерілісшілерге тегеурін бере алмай,
жетінші күні азық-түлігінің таусылуына байланысты кері қайтады.
1869 жылдың наурызы мен маусым айының аралығында болыс, би,
сұлтан жəне старшиндарға қарсы 41 рет шабуыл ұйымдастырылады.
Оған 3 мыңға тарта жасақ қатысты. Торғай мен Орал облыстарында
көтеріліс өртінің ұлғаюына байланысты жергілікті үкімет орында-
рымен қатар орталық үкімет те көтерілісшілерді жазалауға отряд
топтарын жөнелтті. Орал облысы аймағына подполковник Рукин,
170
171
граф Комаровский отрядымен бірге, генерал-губернатор Веревкин
басшылығындағы отряд аттандырылды. Көтеріліс ұйымдаспаған,
өзара келіспеушіліктер мен соғыс тактикасының нашар болуына
орай басылып, жанышталды.
Сол сияқты 1870 жылғы Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі
де осындай сипатта болды. Жаңа жүйе бойынша енгізілген салық
жүйесі Маңғыстау халқының үкіметке қарсы наразылығын туғызды.
Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғындарының
қиын жағдайымен санаспай, адайлардан 1869—1870 жылдар үшін
шаңырақ алымын жаңа салық жүйесіне сəйкес дереу енгізуді та-
лап етті. Көптеген жергілікті тұрғындар, соның ішінде Бозашы
түбегінің балықшылары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты.
Адайлардың жайлауға көшуін күштеп тоқтатқан Рукиннің ойланбай
жасалған əрекеттері жер-жерде көтерілістің шығуына себеп болды.
1870 жылдың наурызында Рукиннің отряды көтерілісшілердің үлкен
тобымен кездесіп, қоршауда қалады. 25 наурызда ашық қақтығыс
кезінде 20-ға жуық жазалаушы қаза тауып, отряд командирі Рукин
өз-өзіне қол жұмсайды. Жеңіс жігерлендірген көтерілісшілер сəуір
айының басында Николаев станциясына, Александровск фортына
шабуыл жасады, алайда, олар сəтсіздікке ұшырады. Көтерілісшілер
саны 10 мыңға жетті. Патшалық өкімет орындары қазақтардың
батылдығынан қорқып, қосымша əскери көмек сұрауға мəжбүр
болды. Кавказдан тың күштердің келуі күштердің арақатынасын
өзгертіп, көтерілісшілер Үстірттің баруға қиын аудандарына
шегінді.
Осы тұста Англия үкіметінің Иранға деген ықпалы арта түседі.
Патша үкіметі ендігі кезекте Хиуа хандығына қарсы шаралар
ұйымдастырды. Маңғыстау аймағына Хиуа билеушілері адайлар
қозғалысын қолдау үшін 4 зеңбірегі бар 6 мыңдық жасақпен қимыл
жасауды ұйғарды. Бірақ шектес аудандарда Хиуаның əскери қыр
көрсетуі нақты нəтижелер бермеді, дегенмен аймақтағы жағдайды
едəуір шиеленістірді.
Маңғыстау аймағы 3 айға жуық патша əскерінің қол астына
қарады. Патша үкіметі көтерілісшілерді жаппай жазалайды. Осы
тұста генерал-губернатор Н.А. Крыжановский əскери министр
Милютиннің «көтерілісшілерді жазалау» туралы нұсқауын жібе-
реді. 1870 жылы желтоқсанда көтеріліс жеңіліс тапқан соң, көтеріліс
басшылары И. Тіленбаев, Д. Тəжиев, Е. Құлов жəне олардың серік-
тері 3 мың шаңырақпен Хиуа хандығының шегіне өтіп кетеді.
Сөйтіп, бұқаралық сипатына қарамастан, көтерілістің негізгі
қозғаушы күші — қазақ шаруалары өз қатарларын берік біріктіруге
қол жеткізе алмай, Маңғыстау облысындағы халықтық-азаттық
күрес жеңіліске ұшырады. Көтеріліс аяусыз жанышталып, адайларға
соғыс шығыны ретінде 90 мың қой салық салынды. Маңғыстау
көтерілісі өз кезегінде патша үкіметінің отарлау саясатына қазақ
халқының қарсылығының айқын көрінісі болды.
Жалпы XІX ғасырдың екінші жартысындағы реформалардың
болмысы туралы, қорыта айтқанда, мынандай түйін жасауға бо-
лады. Патша үкіметі Қазақстанға енгізген əкімшілік реформалары
негізінде оның саяси дербестігін толығымен жойып, қазақ жерінде
империя құрамындағы əкімшілік басқару жүйесін орнатты.
Достарыңызбен бөлісу: |