Лидерге қажетті 21 қасиет



бет12/15
Дата07.04.2023
өлшемі200 Kb.
#80360
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Жиырмасыншы қасиет. Үйренуге қабілеттілік: Көшбасшы болып қалу үшін, оқушы болып қала беру керек

Білгеннен кейін нені үйренетініңіз, шынымен маңызды.

Джон Вуден, баскетбол бапкері

Әрқашан көшбасшылар алдында жеткен мәртебесіне қанағаттанушылық қаупі бар. Егер көшбасшының беделі мен қызметі жоғары болса, оған өзіндік өсумен жұмыс істеудің қаншалықты қажеті бар? Жауап қарапайым:

Сіздің өзіндік өсуіңіздің дәрежесі, сіздің кім екеніңізді анықтайды.
Сіздің кім екеніңізді анықтау, сіз өзіңізге кімді тартатыныңызды анықтайды
Сіздің кімді тартатыныңызды анықтау, сіздің ұйымыңыздың жетістігін анықтайды.
· Егер сіздің ұйымыңыз өссін десеңіз, онда сіз оқуға деген қабілеттілігіңізді сақтау керексіз.

Ол үшін мына бес ұстаным қажет:


Масаттанушылық деген ойдан арылу керек. Бір қызығы оқуға құлшыныстың болмауының тамыры, масаттанушылық екен. Кейбіреулері нақты және оңай емес нәтижеге қол жеткізгеннен соң өсудің қажеті жоқ деп есептейді. Бірақ тиімді көшбасшы бұған жол бермейді. Өсуін тоқтатқан күні, олар – өзінің және ұйымның әлеуетін жерге көмеді. Рей Кроктың сөздерін ұмытпаңыздар: «Сіздер пісіп-жетілген уақытқа дейін шикі боласыздар, ал пісіп-жетілген соң, шіри бастайсыздар».


Жетістігіңізді жеңе біліңіз. Оқуға кедергі болатын нәрсе, сіздің жетістігіңіз болуы мүмкін. Ұмытпаңыздар: егер сіздің кешегі істегеніңіз сіз үшін, әлі де керемет көрінсе, онда бүгін оған тұрарлық нәрсе істей алмайсыз.


Түзу жүрмеуге және бұрыштарды кеспеуге уәде беріңіз. Нэнси Дорнан атпақшы: «Екі нүкте арасындағы ең ұзақ жол – түзу жүру». Бұл шынымен солай.


Өз абыройыңызбен түсіңіз. Жазушы және озат қолөнерші Элмерт Хаббард айтады: «Өмірдегі істеуге болатын ең үлкен қателік, оны жасауға деген қорқыныш болып табылады». Егер өсуді көздесеңіз, тәкаппарлықтан арылыңыз.


Бірдей қателікті екі рет қайталамаңыз. Теодор Рузвельт айтқан: «Қателік жасамайтын адам, алға жылжымайды». Дұрыс, бірақ ылғи да бір қатені он қайталайтын көшбасшы, ешқашан алдыға ұмтыла алмайды. Жіберген қатеден сабақ алмасаңыз, бір қатені мың рет қайталайсыз.


Сіздің бұл еңбегіңіз жемісті ме? Сіздің көшбасшылық қасиетіңіз күннен күнге, айдан айға, жылдан жылға жақсаруда ма? Әлде сіз қазіргі дәрежені қанағат тұтасыз ба? Егер сіз өміріңізде күтілген орныңызда болмасаңыз, онда сіздің проблемаңыз оқуға деген дайын еместігіңіз. Сіз соңғы рет қашан бір нәрсені бірінші рет істедіңіз? Қолыңыздан келмейтін істерді қашан соңғы рет қолыңызға алдыңыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет