Лидерге қажетті 21 қасиет



бет13/15
Дата07.04.2023
өлшемі200 Kb.
#80360
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Жиырма бірінші қасиет. Болашақты көре білу: нені көре алсаңыз, соған ғана жетесіз

Өзінің көре білгенін өмірде жүзеге асыруға көмектесетін көшбасшыға тән ерлік қызметтен емес, құштарлықтан бастау алады

Джон Максвелл

Болашақты көре білу – көшбасшы үшін барлығы болып табылады. Ол міндетті түрде болу керек қасиет. Неге? Өйткені бұл көшбасшыны артынан ілестіреді, оның мақсатына жарқын түс береді. Көшбасшының ішінде алаулап жанған отқа май құяды. Артынан ергендерге шамшырак іспеттес болады. Болашақты жақсы тұрғыда көре білу үшін мыналарды түсіну керек:


Болашақты көре білу іште қалыптасады. Болашақты көре алмасаңыз, ішіңізге үңіліңіз. Одан нағыз дарыныңызды және ынтаңызды шығарып алыңыз. Осыдан кейін қабылетіңізге сүйеніңіз. Тіпті болмаса, жағдайларыңыз бірдей, бірақ болашақты көре білетін көшбасшыдан үйреніңіз.


Болашақты көре білу – сіздің өткеніңізден созылады. Болашақты көре білу – көшбасшының және қоршаған жақындарының өткен өмірінен алынады.


Болашақты көре білу – басқалардың қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бұл қасиет шынымен бағалы болса, онда басқаларды тартып қана қоймай, олардың өміріне қосымша құндылықтар енгізе аласыздар. Ал бұл көмектеспесе, онда сіздің көре алу қабілетіңіз аз.


Болашақты көре білу – барлық қорларыңызды шоғырландыруға көмектеседі. Болашақты көре білу қасиеті магнит тәрізді адамдарды тартып біріктіреді. Сонымен қатар қаржыны және тағы басқаларын бір етіп біріктіреді. Болашақты көре білу – қаншалықты ынта туғызса, соншалықты адамдар оны іске асыруға тырысады.


Болашақты көре білу қайдан алынады? Табысты болашақты көре білу үшін – бұл тиімді көшбасшыға ең керек нәрсе,- сіз бірнеше дауыстарды ести білу керексіз:


Ішкі дауыс. Болашақты көре білу іште қалыптасады.


Наразы дауыс. Ұлы мақсаттарды орындауда шабытты қайдан аламыз? Біреудің бір ісінің іске аспайтындығын анықтаған жерден.


Табысты дауыс. Егер адамдарды ұлы жетістікке еріткіңіз келсе, міндетті түрде тәлімгеріңіз болу керек.


Жоғарғы дауыс. Біздің шынайы болашақты көре алуымыз Құдайдан бастау алады. Біздің нағыз қабілетіміз оған ғана аян.


Сіз асқақ армандарыңыз бен болашақты көру үшін жүрегіңіздің түбіне үңілгенде не көресіз???


«Көшбасшының 21 міндетті қасиеті» атты кітап ұнаған болар деген үміттемін. Көшбасшылық қасиеттеріңізді күн сайын дамытып отырыңыздар. Өйткені тиімді көшбасшы болып, артыңыздан адамдар еріп жүрсін десеңіздер – онда міндетті түрде өсуді тоқтатпай, ылғи ізденіс үстінде болыңыздар. Біліміңізді шыңдаңыздар!!!


Осымен ЛИДЕРЛІК, КӨШБАСШЫЛЫҚқа арналған 7 сериялы блогымыз аяқталды. Егер ұнаса, мақала астына коммент жазуды ұмытпаңыз. Сіздің әрбір жазбаңыз біз үшін бұдан да жақсы пайдалы мақалалар жазу үшін шабыт береді.


"Жаңа-Ой Орталығы"мен ОЙЫҢДЫ ТОЛҒА!!!


«Мектептегі көшбасшылық және басқару - 2012» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұсыныстары

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырған «Мектептегі көшбасшылық және басқару- 2012» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға 300-ден астам адам қатысты.

Конференцияның пленарлы мәжілістеріне және әр түрлі бағыттағы отырыстарына білім саласындағы басты мүдделі тараптар: республикалық және жергілікті деңгейдегі өкілетті тұлғалар, мектеп директорлары, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, білімді басқару және көшбасшылық саласының отандық және халықаралық сарапшылары қатысты.

Конференцияның мақсаты:

- мектепте көшбасшылықтың үздік тәжірибесін енгізуде халықаралық сарапшылар, ғалымдар, мектеп директорлары, мектеп әкімшілігі және мұғалімдер арасындағы диалогқа ықпал ету;

- Зияткерлік мектептерде көшбасшылық әлеуетін қалыптастыру;

- Зияткерлік мектептердің жұмысын жақсартуда көшбасшылық бойынша қосымша стратегияларды әзірлеу;

- білім беру процесіне қатысы бар тұлғалардың жауапкершілігін арттыру және жоспарлауды жақсартуға ықпал ету;

- қоғамға Зияткерлік мектептердің қызметін насихаттау жұмысын ұйымдастыру болып табылады.

Конференция қатысушылары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына елімізде мүдделі тараптар және халықаралық серіктестердің қолдауымен білім саласында басқару, көшбасшылықты дамытуда, жалпы білім беретін мектептерде мынадай қадамдар жасауды ұсынады:

1. Республикалық және аймақтық деңгейде үздік тәжірибелер, идеялар мен алмасу үшін, кәсіби диалог қалыптастырудың тәуелсіз қоғамдастығы ретінде мектеп директорларының ерікті ассоциациясын құруын қолдау;

2. Мектептегі көшбасшылықтың тиімді тәжірибелерін тарату және білім беру мәселелерін талқылау, зерттеу үшін мектеп көшбасшылығы туралы үш тілде электронды бюллетень шығару (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде);

3. Қазақ, орыс, ағылшын, физика, тарих, химия, биология пәндерінің мұғалімдеріне арналған көшбасшылықты дамытудың мүмкіндігі ретінде пән мұғалімдерінің ерікті ассоциациясын құру;

4. Мектептегі көшбасшылық туралы форумдар мен халықаралық ұйымдар мен білім беру саласындағы бүгінгі және болашақ көшбасшылар арасында байланыс орнатуға ықпал ету;

5. «Іс-әрекет барысын зерттеу» және «Сабақты зерттеу» жобаларын Зияткерлік және жалпы орта білім беретін мектептердегі оқытуды жетілдіретін әдіс-тәсіл ретінде қолдану;

6. Педагогикалық ЖОО-ның бағдарламасына көшбасшылық пен басқару бойынша курстарды енгізу мүмкіндігін қарастыру;

7. Біліктілікті арттыру ұлттық бағдарламаларына көшбасшылық пен басқару бойынша курстарды енгізу мүмкіндігін қарастыру;

8. Білім беру сапасын арттыру, сонымен қатар ой-пікір алмасу және зерттеу нәтижелерімен бөлісі мақсатында көшбасшылық пен басқару бойынша жыл сайын конференция ұйымдастыру.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігіне, Назарбаев Университеті, мемлекеттік педагогикалық университеттері, Кембридж, ДжонсХопкинс, Пенсильвания университтеріне және т.б. конференцияның ұсыныстарын жолдайды.

Жоғарғы дәрежелі адамдардың 7 дағдысы (соңғы бөлім)


29.06.2012 | 0 пікір

«Жеті дағды» - XXI ғасырда пайдалы адамға айналғысы келетіндерге арналған кітап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет