Он төртінші қасиет. Мәселені шешу: сіздің проблемаңыз, проблема болып қала бермеуі керек.
Көшбасшының калибрін ол қолға алатын проблемалары арқылы өлшеуге болады. Көшбасшы әрқашан өзіне сай проблемаларды алады.
Джон Максвелл
Көшбасшы қай салада жұмыс істемесін, проблемадан кұтыла алмайды. Оның үш себебі бар. Бірінші, өспелі күрделілік мен алуан түрлілік. Екінші, біз әр түрлі адамдармен қарым-қатынаста боламыз. Үшінші, бізге қатысты барлық жағдайлармен күресе алмаймыз. Мәселені жақсы шешетін көшбасшылар мына 5 қасиетке ие болу керек:
Пролеманы көре білу. Проблемадан құтыла алмайтындығын білетін жақсы көшбасшы, оны күтіп және көре біледі. Алдағы жолымыз тегіс болады деушілер, ылғи да сәтсіздікпен қауышып отырады. Егер сіздің позитивті ұстанымыңыз жақсы болып және қиын жағдайға әр кез дайын бола алсаңыз, жолыңыздағы барлық тұрған барлық мәселені толықтай шеше аласыз.
Шындықты қабылдай алу. Адамдар проблеманы әр түрлі қабылдайды: біреуі одан бас тартады; біреуі оны қабылдап, шешімін іздеуге кіріседі; үшіншісі оны қабылдап қана қоймай, оны жақсы жаққа өзгерте бастайды. Тиімді көшбасшы проблеманы қарсы алуға әрқашан дайын.
Толық суретін көре алады. Көшбасшылар проблеманың толық суретін көре біледі. Эмоция оларды орап, састыра алмайды.
Олар ретімен істейді. Ричард Слома мына кеңесті береді: «Ешқашан проблемалардын барлығына кіріспеңіздер, оларды тізіп, ретімен шешіңіздер». Егер алдарыңызда проблемалар көптеп тұрса, онда алдыңғысын шешкендігіңізге куә болыңыз.
Құлау шегінде тұрса да, басты мақсаттан шегінбейді. Көшбасшылар басты шешімді қиын жағдайда емес, шарықтау кезінде қабылдайды.
Әр проблема өзіңізді жақсырақ танып-білу жолы. Ол сіз қалай ойлайтыныңызды, қандай материалдан жасалғаныңызды ашып береді. Сіз проблемамен бетпе-бет қалғанда не істейсіз? Оны ескермей, ол өздігінен жоғалып кететіндей бол ма? Сіз қолға алып, кейіннен тайсалған кездер болды ма? Әлде барлық проблемаларды толық сенімділікпен шешесіз бе? Проблемаларды тиімді шешу, оған қарсы шығып, күресе алғаннан жиналған тәжірибе. Әр кез оны шешу арқылы белгілі бір істе өркендей аласыз. Бірақ сіз ешқашан проблемаларды шешпеген болсаңыз, сәтсіздіктен шыға алмасаңыз, онда тиімді көшбасшы бола алмайсыз.
Сіздің армандарыңыздың орындалуына басқалары ешбір кедергі жасауына мүмкіндік бермеңіздер!!!