Лидерге қажетті 21 қасиет



бет11/15
Дата07.04.2023
өлшемі200 Kb.
#80360
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Лидерге қажетті 21 қасиет

Он тоғызыншы қасиет. Басқаларға қызмет істеуге дайын болыңыз: Алға жылжу үшін, алдымен басқаларды өткізіңіз

Өзіңіздің адамдарыңызды, өзіңіздің қазіргі қызметіңізден де қатты жақсы көру керексіз.

Джон Максвелл

Басқаларға қызмет істеу деген кезде, қол астыңыздағы төменгі квалификациялы, анау төменгі баспалдақтағы адамдарға көмектесу керек деген ой келетін шығар. Олай ойласаңыз, сіз қателесесіз! Қызметіңізге, қоғамдағы орныңызға байланысты емес, психологиялық ұстанымыңызға байланысты. Көшбасшылардың ең жақсылары өзіне емес, басқаларғақызмет істейді. Осы қасиетті қалай қалыптастыруға болады дейсіздер ме? Қызмет істеуге әркез дайын көшбасшы:


Өзінің басымдықтарының тізімінде, басқаларды бірінші қою. Қызмет істеуге дайын болудың бірінші және маңызды белгісі – басқаларды өзінен және өзінің тілек-қалауынан жоғары қоя білу. Олардың тілектерін шынымен маңызды деп санап, әркез көмектесуге дайын болу.


Басқаларға қызмет көрсету үшін өзіңе деген сенімділіктің болуы. Басқаларға қызмет ету үшін, өз-өзіңізге сенімді болу керексіз. Философ және ақын Эрик Хоффер оны мына түрде жеткізген: «Өзімізді қалай жақсы көрсек, өзгені де дәл солай жақсы көре білу, нағыз керемет; өзімізге қалай қарасақ, өзгеге де дәл солай қараймыз; өзімізді жек көрсек, өзгені де жек көреміз; өзімізге шыдамдылық танытсақ, өзгеге де шыдамды боламыз; өзімізді кешірсек, өзгені де кешіреміз. Біздің әлемді шайқалдыратын қырсықтықтың тамыры асқан махаббат емес, өзіңе деген жек көрушілік».


Жеке бастамаңыз арқылы басқаларға қызмет ету. Егер бізді мәжбүрлесе, онда барлығымыз басқаларға қызмет етеміз. Кейбірі күйзеліс жағдайында қызмет етеді. Ал өз еркімен, жүрегінің қалауымен көмек беруге дайын тұратын адам, нағыз жаны таза адам. Көшбасшылар осындай болу керек.


Отырған қызметіне сүйенбейді. Көшбасшылық қызметте болғаныңыздың өзі, асқан жауапкершілікті талап етеді.


Махаббатпен қызмет ету. Көмек көрсетуге дайын болу, сыртқы жағдайлар мен өзіне деген сеніммен жігерленбейді, ол махаббатпен жігерленеді.


Басқаларға қызмет ету деген кезде, жүрегіңіз қалай соғады? Сіз қандай болмасын жеңілдіктер мен пайда үшін, көшбасшы болуға ұмтыласыз ба? Әлде басқаларға көмектесу деген ынтаңыз басым ба? Егер артыңыздан көптеген адамдар ілесетін тиімді көшбасшы болғыңыз келсе, онда өзгеге қызмет көрсетуге дайын болуыңыз керек. Шын жүректен көмектесуге!!!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет