Лингвистика. ПСИХОлингвистика. Социолингвистика


САН ЕСІМДІ СӨЗДЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ – САЛАЛЫҚ ТОПТАРЫ



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата31.03.2017
өлшемі2,31 Mb.
#10969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

САН ЕСІМДІ СӨЗДЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ – САЛАЛЫҚ ТОПТАРЫ 
 
Г.П.Шаһарман –  
филол. ғыл. кандидаты, доцент  
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Мемлекеттік тіл кафедрасы 
 
Тілдік    қордағы  сөздердің  түрлі  мағынаға  ие  болуы,  болмыстағы  заттар  мен  құбылыстарды  атау 
қажеттілігінен туады. Атау қажеттілігіне экстралингвистикалық себептер əсер етеді. Ал оның белгілі бір 
тілдік формада жүйеленіп, қалыпқа келуі адамның ойлауы арқылы іске асады. 
Адамның  ойлауы  тіл  формасы  түрінде  іске  асатын  болғандықтан,  философия  адамның  ойлау 
процесі тілде қалай көрінеді деген мəселені ескерусіз қалдыра алмайды. Осылайша, жалпы тіл білімінде  
де,  тілдің  философиясына  да  бірдей  қатысты  мəселелердің  бірі – сөз  жəне  онымен  белгіленетін  заттың 
арасындағы  байланыстың  сипаты  туралы  мəселе ( белгілі  бір  зат  басқаша  емес,  неге  осылайша  аталады 
деген сұраққа жауап беру мəселесі) өте ерте дəуірлерден бастап талқыға түскен болатын. 
Тіл  өзінің  сөздік  құрамы  арқылы  адамның  өндірістік  іс - əрекетімен  жəне  оның  барлық  жұмыс 
саласындағы  басқа  да  қатынастарымен  тікелей  байланысты.  Қоғамдық  өндірістің,  əлеуметтік–
экономикалық  қатынастардың  дамуы  мен  материалдық  жəне  рухани  мəдениеттің  барлық  салаларының 
дамуына  байланысты  туған  жаңа  заттар  мен  құбылыстарды  жəне  олардың  ұғымдарын  тілде  сөзбен 
атаудың    қажеттілігінен  туынды  жаңа  сөздер    жасалады  немесе    олар  тілде  бұрыннан  бар  сөздермен 
аталып, ол сөздердің мағыналарына туынды мағыналар қосылады. 
Дамудың барысында тілдің сөздік құрамынан кейбір ескірген (көнереген) сөздердің шығып қалуы 
немесе  өте  сирек  қолданылатын  сөздерге  айналуы  мүмкін.  Мұның  есесіне  сөздік  құрамға  уақыт  озған 
сайын туынды (жаңа) сөздер қосылып отырады жəне мағыналық жақтан да дамиды. Сөздердің көнеруінен 
гөрі жаңа сөздердің қосылуы тілге өте тəн процесс болып саналады. 
Тілдегі сөздік құрамнан біз олардың тек лексика – грамматикалық ерекшеліктерін танып қоймай, 
сонымен бірге осы тілдің иесі, халықтың дінін, ділін, рухани тінін (менталитетін) жалпы ұлттық сипатын 
айқын көреміз. 
Бұл құбылыс сөздік құрамға кіретін сан есімнен жасалған туынды сөздерден де байқалады. Соңғы 
уақыттарда  функциональды  грамматика  саласындағы  зерттеулерде  осы  ерекшеліктер  ескеріліп,  əлемдік 
тіл білімінің өзекті мəселелерінің бірі ретінде қарастырылуда. 
Сан  есімнен  жасалған  сөздердің  лексикалық  мағыналары  «заттар  мен  құбылыстар  əлемімен» 
тығыз  байланысты  деп  айтуға  əбден  болады.  Мəселен, «ондық»  деген  сөзді  айтқанда,  қандай  затты  не 
құбылысты олардың он санына қатысты белгісіне сəйкес аталғандарын еске түсіреміз. (І.Ондық – разряд, 
сандар класының атауы; ІІ. Ондық – карта атауы; ІІІ. Ондық – шам атауы;) 
«Сөздер əлемінің» «заттар мен құбылыстар» əлемімен байланысы оларды тақырыптық – салалық 
топтарға  іріктеп  бөлгенде  айқындала  түседі.  Сөздерді  тақырыптық – салалық  топтарға  (ТСТ)  жинақтау 
тəсілі – олардың  лексика – семантикалық  байланыстарына  ғана  емес,  заттар  мен  құбылыстарға  қатысы  
классификациялауға  да негізделеді. Сонда сан есімнен жасалған сөздердің əр түрлі топтарға жіктелуінен 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
36
олардың қолданыстағы  өріс ауқымы анық аңғарылады. 
Сан  есімдерден  жасалған  сөздердің  салааралық  тақырыпты  топтарына  қарап,  неге  мəн  беріп, 
кəсіптің  қай  түрімен  көбірек  айналысатындықтарын  шамалаймыз.  Түркі  халықтарының,  соның  ішінде 
қазақ  ұлтының  табиғат  құбылыстарына    ден  қойып,  өте  ертеден  бері  бақылау  жасап  келе  жатқаны 
байқалады.  Бұл  пікірге  аспантаным  (астраномиялық),  астрологиялық  (жұлдызнама)  атаулары, 
өсімдіктердің атаулары дəлел бола алады. Мысалы: Жетіқарақшы, қырыққұлақ, бестамақ т.б. 
Сондай – ақ, төрт түлік малға, əсіресе, жылқыға  ерекше көңіл бөлгені мəлім. Олардың əр жылғы 
төлдеріне  лайықтап ат қоя білген. Мəселен, құлын, тай, жабағы, дөнен, құнан, бесті. Мұның ішінде біздің  
көңіл бөлетініміз – бес жасар  жылқы – бесті. Лексикада көбінесе субстантивтеніп қолданылады. 
Тұрмыс  қажеттілігінен    туған  сөздермен    қатар,  ұлттық    мəдениеттің,  салт – дəстүрдің  
элементтерін байқататын сөздерді де жиі кездестіреміз. Осыған  орай, лексикалық сөздік құрамдағы сан 
есімдер негізінде жасалған номинативті единицаларды тақырыптық – салалық топтарға жеке – жеке бөліп 
қарастыру орынды болмақ. 
Топтастырылатын материалдарды  шартты түрде төрт түрлі тақырыптық – салалық топтарға (ТСТ) 
бөлеміз.  І.  Сан – мөлшер.  ІІ.Адам.  ІІІ.Материалдық  мəдениет.  Бұл  саланы  іштей  екі  бөлімге  бөлуге 
болады: І.Тұрмыс. 2.Еңбек. ІҮ.Рухани мəдениет.  
І. ТСТ – «Сан – мөлшер». 
Сан есімдердің негізгі атқаратын қызметі сан – мөлшерді анықтау болғандықтан, бұл топқа сандық 
мөлшерді білдіретін номинативті единицалар (сөздер мен сөз тіркестері) жатады. 
Сан есімдерге – лық, – лік, – дық, – дік, – тық, – тік тұлғалықтары жалғанған жасалымдар сан – 
мөлшерлік мағынаны білдіретін сөздер. Өйткені, бұл сөздердің жасалуына негіз болған уəждеме – зат пен 
құбылыстың  сандық  белгілері /1,100/. Мысалы:  бірлік,  екілік,  үштік,  төрттік,  бестік  (баға  атауы,  балл); 
бесжылдық, онжылдық (жоспар). Уақыт мөлшеріне қатысты жасалған онкүндік (декада) сөзін де осыған 
жатқызамыз.  Мысалы:  Онкүндіктік  бесінші  күніне  «Қыз  Жібекке»  келіп,  үкімет  адамдарының    баға 
бергенін білді (Ш.Жиенқұлова). 
ІІ.ТСТ – «Адам» 
Бұл топ адамның жас мөлшеріне, мінез – құлқы мен іс - əрекетіне байланысты. Нақтылай  түссек, 
сан есімнен жасалған мұндай сөздер адамның жас мөлшеріне, жеке қасиеттеріне, қызметіне, туысқандық 
қатынастарына байланысты бірнеше топшаларға бөлінеді. 
І.  Адам  баласына  əрбір  жыл  сайын  бір  жас  қосылатындықтан,  оны    жаспен  өлшеу  қалыптасқан. 
Сондықтан  лексикалық  қолданыста  «жас», «жасар»  сөздері  тұрақты  түрде  жас  шамасын  көрсетуде  сан 
есімдермен  тіркесіп  келеді. «Жасар»  түрі  он  беске    дейінгі  баланың  жас  мөлшеріне  орай  айтылады  да, 
жиырмаға дейін сирек, ары қарай мүлдем тіркеспейді. Оның орнына жасын  көрсететін сан есімнің өзі не 
«жас»  сөзі  септелген  формасында  қолданылады.  Бұл  пікірімізге  зергер  жазушы  Ғ.Мүсіреповтің  мына 
пікірі  дəлел  бола  алады: «Тегінде  жасар  деген  өлшем    жиырмаға  дейінгі  жастарға  ғана  айтылады.  Бес 
жасар бала деу дұрыс. Сексен жасар адам деуге болмайды.» І мысалы: Тізесімен тербетіп отырғаны  - үш 
жасар Кəмшат (М.Əуезов) 82 жасар К.Бекмұратов ауылға бөрі терісін бөктеріп қайтты («Соц. Қаз.», 1982. 
№ 107). Бірінші  мысалдағы түрі  дұрыс, екінші мысалдағысы қате  қолданылған. Берілген мысалдардағы 
«жас», «жасар» сөздерімен тіркесіп келген  сан есімдер тура сандық мағынаны білдіріп тұрады. Əдеби тіл 
нормасында  да  осы  күйінде    қолданылады.  Сонымен  қатар,  дербес  қалпында  тұрып  та  метафора  амалы 
арқылы жас мөлшерін білдіретін ерекшеліктері жөнінде  алдыңғы тармақтарда  айтылған /2,111/. Мысалы: 
І.Жиырманың үстінде жүргенде өзіміз  қандай едік?! (Т.Əлжанов). 2. Он тоғыз бен отыз бірдің арасында  
байдан, жуаннан бір адам жоқ, болса да амалын тапты ( Ж.Аймауытов). 
2.  Адамның  ішкі – сыртқы  қасиеттеріне,  мінез – құлқына  байланысты  жасаған  күрделі 
дериваттардың да қолданыста өзіндік ерекшеліктері бар. Əсіресе, жағымды, жағымсыз қасиеттеріне қарай 
айтылатын  екі  жүзді,  бесаспап  деген  сөздер  басқа    түркі  тілдеріне  қарағанда,  қазақ  тілінде  жиі 
қолданылады.  Мысалы:  Екі  жүзді  сұрқия  адвокат    Мəкен  дəлме – дəл  əрі  нанымды    бейнеленіп, 
Мейманның  епті  сыңары    етіп    көрсетілген  (М.Қаратаев).  Кейбір  жағдайда    «екі»  сан  есімінің    орнына 
жұмсалып,  онымен  өзара  мəндес  болып  келетін  «егіз»  сөзін  де  осы  топқа  жатқызамыз.  Сондай – ақ, 
екіқабат əйел, төрт көзі түгел, төртпақ, бір бет, бір мінезді, бір сөзді, бес мүшел сияқты т.б. сөздер де осы 
топ қатарынан орын алады. 
3. Сан есім негізінде  жасалған кісі аттары: Бірбай, Егізбай, Үшбай, Алтыхан, Мыңбай, Мыңжасар 
т.б. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
37
 
4. Адамның қызметі мен лауазымына қатысты сөздер: онбасы, елубасы, жүзбасы т.б. 
ІІІ.ТСТ «Материалдық мəдениет». 
Бұл салалық топта адамның еңбекпен шұғылдануына, тұрмыс қажеттілігіне қатысты номинативті 
единицалар қарастырылады. 
І.ТҰРМЫС. Тұрған үйлерге  қатысты сөздер: үш қанатты – сегіз қанатты (киізүйге де қазіргі жаңа 
типтегі үйлерге де қатысты). Тұрғын үйлердің бөлмелері мен қабат сандарына байланыстысы сөздермен 
тіркесіп бірден онға дейінгі сан есімдер жиі қолданылады. Олар: бір қабатты, екі қабатты, үш қабатты ... 
он қабатты деген тіркестер. Бөлме санына сəйкес бір бөлмелі,  екі бөлмелеі, үш бөлмелі … т.б. сан есімді 
тіркестер де осы ретпен қолданыла береді /3,96/. 
Жер – су, елді -  мекендер: Екібастұз, Үшарал, Үшбиік, Тоғызқұдық, Бесарық,  Басағаш, Жетісу 
жəне т.б. 
Күнделікті тұрмыста бөлшектік сан есімдердің  орнына көбінесе жарты  (½), ширек (¼), əшмөшке 
(1/8) сөздерінің жиі қолданылатынын байқаймыз. Жарты, ширек сөздерді əдеби тілде де, ауызекі тілде де 
бірдей қолданса, ал əшмөшке стильге қарай қолданылады. Оның жергілікті сөйлеу  тілінде  əшмөңке деген 
фонетикалық варианты бар. Бұл сөз – орыс тілінен ықшамдалып кірген. 
Ақша  атауларындағы  сан  есімдер  қолданысында  да  өзіндік  ерекшеліктер  бар.  Егер  орыс  тілінде 
«пятак», «десятка» деген атаулар  болса, қазақ тілінде  бір сөзбен атау  жоқ, тек сан есімдердің тіркесуі 
арқылы жасалады (бір теңгелік, екі теңгелік … т.б.) Сан есімдермен тіркесіп  келген теңге  сөзіне  - лік 
тұлғалығы жалғанса, онда ақша атауын білдіреді. Ал сан есіммен теңге  күйінде  тіркессе, тауар  құнын 
білдіреді. Бірде  тура  сандық  мағынасында, бірде субстантивті қолданыла береді. 
2.  Еңбек.  ТСТ – ның  бұл  түріндегі  сан  есімнен  жасалған  сөздердің  өзіндік  орны  бар.  Адамның 
қоғамдағы  орнына,  еңбек  түрлеріне  байланысты  қолданылатын  сан  есімнен  жасалған  сөздер  көптеп 
кездеседі. 
Мал,  төл  атауларына  қатысты  алатын  болсақ:  бесті  (жылқы),  бесті    қымыз,  сегіз,  үшем,  төртем 
…т.б.  Мұндағы,  үшем  төртем  сөздері  малдардың    аракідік  үшеуден,  төртеуден  төлдеуіне    сəйкес 
қолданылатын лексемалар. Мысалы: І. Қойға қарағанда ешкі – егізден, үшемнен лақтайтын, тез өсетін мал 
(Б.Адамбаев). 2. Сол  ай  мүйізді  ақ  ешкіміз  бір  жыл  ежелгі  дағдысы  бойынша  үшем  туды. 
(Ө.Тұрманжанов). 
Қазақ халқы қол өнерімен де ертеден айналысып келеді. Мал шаруашылығының өнімдерін кеңінен 
пайдаланады…Теріден əр түрлі саладағы қамшы, бишік өру, таспа тілу жақсы қалыптасқан. Осы кəсіпке 
байланысты бес талдап өруде бестемше жəне жеті таспа, тоғыз таспа сөздері жиі ұшырасады. 
ІҮ. «Рухани мəдениет». 
1. Білім алуға  байланысты  бастауыш жəне орта білім беретін мектептерді атау үшін бұрынырақ 
үш жылдық, төрт жылдық, жеті жылдық жəне сегіз жылдық деген  тіркестер  қолданылған болатын. Осы 
жүйедегі  өзгерістерге  байланысты  қазір  тоғыз  класс    –  орталау,  он  бір  класс – орта  мектеп  деп  аталды. 
Рухани  мəдениет  саласында  жиі  қолданылатын  тоқсан,  апталық,  онкүндік  сөздерін  де  осы  топтан  орын 
алады. 
2. Музыкалық аспаптарға  қатысты біраз  сөздер бар. Олар: жетіген, қос, екі, үш ішекті (домбыра). 
Мысалы : І.Қос ішектің  үстінде еркелей, күрделі өрнек  салған бес саусақтың ұшынан таза күміс теңгелер 
шашырай  ұшып,  төгіліп  жатқандай  (М.Мағауин). 2. Бəжең  ауылының  қарттары  кейбір  күйлерді  күні  
бүгінге дейін үш ішекті домбыраға салады ( Бұл да сонда). 
3. Салт – дəстүрге  қатысты  сөздер: баланы қырқынан шығару, бір мүшел, бес мүшел, үші, жетісі, 
қырқы, жүзі. 
4. Діни қолданыстағы сөздер: бесін, екінті (ді) – намаз түрлері.  
5. Аспантанымға қатысты: Жетіқарақшы. 
6. Өсімдіктер: мыңжапырақ, қырықбуын, бестамақ …т.б. 
7. Спорт, ойын атаулары: тоғызқұмалақ, алтыбақан, біріншілік, үшсайыс, бессайыс, онсайыс …т.б. 
8.  Аңшылық,  саятшылық,  əскери  салаға  қатысты  сөздер:  бесатар,  алтыатар,  қосауыз  …т.б 
Мысалы: Қолы алтыатарына ілініп үлгеріпті (М.Мағауин). 
ТСТ – да  берілген  номинативті  единицалар  (сөздер  мен  сөз  тіркестері)  адам  өмірінің  барлық 
саласын  қамтығаны  көрініп  тұр.  Бұдан  біз,  сан есімдерден  жасалған сөздер  мен  сөз  тіркестерінің негізгі 
сандық  мəнінен  басқа  қолданыста  қалыптасқан  жаңа  мағыналары  мен  сандық  реңктерін  айқын  көреміз 
жəне семантикалық өрісінің таралу бағытын байқай аламыз.    

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
38
  
1.
 
Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. – Алматы, 1988. 
2.
 
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы,1978. 
3.
 
Шаһарман Г. Қазақ тіліндегі сан есімдерден  жасалған аталымдар.–Алматы,2002. 
 
Түйін 
В статье рассматриваются семантико-тематические группы числительных в казахском языке. 
 
Summary 
In the article is considered the lexical-thematic group of numerals in Kazakh language. 
 
 
СЕМАНТИКАЛЫҚ СӨЗЖАСАМНЫҢ ТІЛ ДАМУЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ 
 
Ж.Сүттібаева – 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ізденушісі 
 
Тіл əрқашанда адам өмірінің ажырамас, ең маңызды қарым-қатынас құралы болады. Сондықтан да 
қоғам өзгерген сайын, адам баласының санасы өзгеріп, дамып ол белгілі бір экономикалық жетістіктерге 
жетіп,  тілдің  қолдану  аясы  кеңейе  түсетін  заңды  құбылыс.  Осы  кезде  тілдің  ең  қажетті  бірлігі  сөздің де 
мағынасы үнемі өзгеруде, дамуда болады. Сөйтіп түбір сөздің бұрынғы, ескі мағынасы үнемі өзгеріп, бұл 
сөз  алғашқы  мағынасымен  қатар  жаңа  мағынасында  да  қолданылып,  екі  немесе  одан  да  көп  сөздердің 
қызметін  атқарады.  Бұл  құбылыс  сөзжасамда  лексика-семантикалық  тəсіл  арқылы  жүзеге  асырылады. 
Яғни, лексика-семантикалық тəсіл – бір сөз мағынасынан, екінші сөз мағынасына ауысуы. Мəселен, «үй», 
бұл сөздің мынадай орта, жалпы мағыналары бар: ошақ қасы, апан, итжатақ, киіз үй, отбасы, жанұя т.б.  
Бұл  мағыналардың  барлығының  негізіне  осы  сөздің  толық  мағынасындағы  «тұрғын  үй»  деген  жалпы 
түсінік жатыр. Бүгінгі көп пəтерлі жақсы жабдықталған ғимараттар да үй деп аталады. Бұл адам қоғамның 
дəйекті  дамуы  мен  сол  қоғамда  болып  жататын  əлеуметтік  өзгерістер  сөз  түбірлерінің  лексикалық 
мағыналары əрқашанда жаңа мазмұнмен жаңартып байытатынын көрсетеді. Бірақ та бұл сөздің негіщзіне 
жататын мағына жалпы болып, ал ол туралы түсінік ең кең болып қалады. 
Кейде  баршылықпен  басқа  мағыналары  іргетасы  болып  қабылданған  сөздің  алғашқы  мағынасы 
тірек  бола  тұра,  негізгі  түбірдің  шығу  тегімен  сəйкес  келмеуі  де  мүмкін.  Өйткені  кейбір  тілдерде  ол 
сақталып,  ал  басқаларда  өзгерістерге  ұшырайды.  Соның  нəтижесінде  сөздің  семантикалық  мағынасы 
кеңейеді. Осы тұрғыдан келгенде қай мағынаның тірек болып тұруының, ал қайсысының ауысқан мағына 
екендігін анықтау кейде мүмкін емес болады. Мысалы: Шөл.  1. адамның сусын ішкісі келгендегі қалауы, 
сезімі; 2. сусыз дала; 3. дала; 4.жыртылған жер; 5. алаң. 
Бұл мағыналардың қайсысы алғашқы деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауапты, дəлелді айту 
қиын.  Өйткені  алғашқы  мағына  деп  басқа  мағыналардың  ішіндегі  жетекшісін  табу  керек.  Бұл  түбір 
мағынасының  тарихи  құбылмалылығын,  сонымен  қатар  оның  дамуындағы  əр  тарихи  кезеңге  деген 
қатысымдылығына ерекше көңіл аударады. Бұған қоса лексика-семантикалық тəсілде сөздің жаңа мағына 
алуына байланысты басқа сөз табына көшу өте жиі кезедеседі. 
Мəселен: 
          1. қоршау, айтыс, қорған – етістік, яғни іс-қимылды білдіреді. 
          2.  қоршау,  айтыс,  қорған – бұл  сөздің  зат  аталымына  көшкен  мағыналарын  көрсетеді.  Сол 
сияқты көк сөзінің алғаш мағынасы сындық болса, оның ауысқан мағыналарына зат аталымында тұрған, 
яғни  шөп,  аспан,  жеміс-жидек  түсініктерін  беретін  мағыналарын  жатқызуға  болады.  Мысалы  жүз  деген 
сөздің өзі кейде заттық, не сындық, енді бірде қимылдық мəндерде де қолданылады. Осыған орай ол да əр 
түрлі сөз таптардан танылатын болады. Сөздің жаңа мағынаға ие болып заттануы (субстантивтену) тілде 
ең  жиі  кездесетін  лексика-семантикалық  тəсілдің  жолы.  Бұол  əдіс  көбінесе  ықшамдау  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Мəселен,  қазақ  тідліндегі  жаратқан  деген  сөз  жаратқан  ием  мағынасында  қолданылып,  ием 
сөзі қолданыстан түсіп қалып, ықшамдалғанның нəтижесінде осы сөздің заттық мағынасы жаратқан сөзіне 
ауысқан,  сонда  жаратқан  сөзінің  заттануына  ие  сөзінің  қолданыстан  шығуы  себеп  болды  деген  болжам 
келеді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
39
 
Осы сияқты туысқан, жасаған, ыстық, ауру, науқас сөздерінің заттануы да сол тəсіл арқылы жүзеге 
асырылған. 
Бұған  қоса  тілде  сөздің  жаңа  мағына  алса  да,  сөз  табын  өзгертпей,  өз  сөз  табының  құрамында 
қалуы  жиі  кездеседі.  Осы  тəсіл  арқылы  жасалған  ғылымның  əртүрлі  салаларына  қатысты  терминдер: 
мағына, буын, құн т.б. Сондықтан сөзжасамдық осы лексика-семантикалық тəсілге бүгінде ерекше көңіл 
бөлінеді, себебі өмірде аударма жұмыстары, іс қағаздары т.б. қолданыста сөздің мағынасын түсіну, білу 
үлкен  қызмет  атқарады.  Сол  себептен  ең  алдымен  бұл  тəсілді  басқа  сөзжасамдық  тəсілдерден  ажырата 
білу  қажет.  Аналитикалық  тəсіл  арқылы  жасалған  сөздер  екі  я  одан  да  көп  сөзден  бір  лексикалық 
мағыналы сөз жасаса, лексика-семантикалық тəсілде бір ғана негіз, яғни түбір қатысады. Ал синтетикалық 
тəсілде туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын ол негіз сөз. Түбірге сөзжасамдық жұрнақ 
жалғанады. Мысалы: ақта, ақылды, талапкер т.б.  
Семантикалық тəсілде бұрынғы сөзге жаңа мағына үстеу, жүктеу. Бұл амал көбінесе сөзжасамда, 
терминжасамда  сөзге  нақты  жаңа  мағына  беруде  қолданылады.  Мысалы,  сапар  атауы  қазіргі 
публицистикада жай жол жүру дегенді емес, мемлекет, ұйым т.б. басшыларының өзге елдерге ресми түрде 
қызмет  бабымен  немесе  арнайы  шақырумен  баруы  (визит)  деген  ұғымдағы  саяси-қоғамдық  терминді 
білдіреді.  Осымен  байланысты  сапар  сөзімен  қатарласа  қолданылып,  бір  мағынаға  ұласқан,  бір  ұғымды 
білдіретін аталымдар пайда болды: іссапар, жолсапар, т.б. Сол сияқты желік деген қарапайым сөз əскери 
желік  тіркесінде  келіп  «военный  психоз»  деген  терминдік  мəн  алғаныны  көрінеді.  Жариялылық, 
сауаттылық,  апталық,  төрешілдік,  ілгерішіл,  қоғамдастық,  теңгермешілдік,  сөздері  де  жаңа  терминдік 
мағынаға  ие  болған  байырғы  элементтер.  Олардың  «жаңа  қолданыс»  ретінде  танылуы    мағыналарының 
сонылығына  байланысты.  Сөйтіп,  бүгінгі  таңдағы  қазақ  тілінде  жаңа  аталымдар 
[1]  мен  жаңа  тіркестер 
пайда  болып  бұрынғы  атаулар  мен  бұрынғы  тіркестердің  жаңа  мағынада  жұмсалуының  орын  алып 
отырғанын көрсетуді, оларды қыруар əдебиеттен іздеп тауып, тіркеп-түзеуді жəне түсіндіріп беруді қолға 
алатын мезгіл туды. Бұл жұмыстың бастамасы ретінде алғашқы шағын сөздік 1985 жылы жарық көргенін 
жоғарыда  айтып  кттік.  Екінші  рет  сол  сөздік  екі  есе  толықтырылып  ішінара  жөнделіп,  жаңа  басылымы 
1990  жылы  ұсынылды.  Енді  бұл  сөздік  тағы  да  толықтырылып,  əсіресе  молынан  енген  жаңа 
қолданыстарды тіркеп үшінші рет жұршылық назарына 1992 жылы ұсынылғанын да жоғарыда айттық 
Сөздік  ең  алдымен  қалың  жұртшылыққа  пайдалы  болмақ.  Ол  күнделікті  баспасөзді,  көпшілікке 
арналған ғылыми əдебиетті, көркем туындылардағы жаңа аталымдардың мағынасын дұрыс түсініп оқуға 
көмектеседі, жаңа ұғымдарды дəл атауларына, оларды орнымен қолдана білулеріне септігін тигізеді. Жаңа 
атаулар  мен  тіркестер  тіл  ғылымы  үшін  де  өте  қажет.  Мұндағы  материалдарды  тілдегі  лексикалық, 
лексика-семантикалық  жаңалықтардың  құрамын,  құрылысын,  қызметін  зерттеуге  мүмкіндік  береді.  Осы 
зерттеу  арқылы  лексикология,  грамматика,  стилистика,  тіл  мəдениет  салаларының  нақты  мəселелерін 
шешуге болады. Дегенмен ескеретін бір нəрсе бар – ол жаңа атаулар мен сөз тіркестерінің барлығы бірдей 
əдеби  тілге  енген  немесе  енуге  тиісті  жаңа  атау  деуге  болмайды.  Олардың  ішінде  сəтті  табылған  жиі 
қолданғандықтан  мағынасын  көпшілік  қауым  үшін  түсінікті  болып  кеткендері  де  бар  (тəлімгер, 
мердігерлік, қондырғы, салауаттылық, қолданбалы, егемендік, құжат, бағдарлама, пікірсайыс, кепілдеме, 
өтем,  жариялылық  т.б.).  Біреуі  əлі  орнықпай  екі-үш  вариантта  жүргендері  де  бар:  əмбебап//бесаспап-
универсал,  тілдескіш//  тілашар-разговорник,  жаяусоқпақ //аяқжол-тротуар,  күлсалғыш//  күлсауыт // 
күлдеуіш-пепельница,  мəйітхана // өлікхана-морг,  бесікарба // күймебесік // қол  күйме-коляска  т.б.  Аса 
қажеттіліктен тумағандары да бар (жанұя – семья, безендірме – транспарант, қауындопшы – регбист т.б. ) 
ұшырамайтындары  да  бар  (тудіңгек // тутұғыр-  флагшток,  мүлікбасы-товаровед  т.б.),  бұрыннан 
қалыптасып  қалған  сөздердің  жарыспа  дублеті  ретінде  қолданылғандары  да  бар  (бұрын  қонақ 
үй//мейманхана  деп  атап  келгендердің  үшінші  жарыспасы  қонақхана,  сəтсіз  шыққандары  да,  яғни  жаңа 
мағынасынан гөрі бұрынғы мағынасы басым түсетіндері бар. Мысалы, сувенир дегенді базарлық деп беру, 
иллюзионист дегенді амалшы деп ұсыну, кнопканы жапсырма шеге, киімге тігілетін молнияны сындырма 
темір  деп  жаңаша  беру аса  жатық,  қонымды емес; бұлардың  қай  мағынадағы  сөз  екені  орысшасын  қоса 
көрсетіп  отырмаса  белгісіз,  яғни  оларды  бұрынғы  мағынасында  ұғамыз).  Бір  тұлғаны  екі  түрлі  жаңа 
мағынада  ұсыну  да  бар. (Мысалы  жиектеме  сөзі  тесьма  жəне  оправа  деген  екі  бөлек  атаудың  баламасы 
ретінде  қолданылғаны  кездеседі,  жазба  сөзі  де  бірнеше  ұғымның  жаңа  атауы  ретінде  жұмсалып  жүр). 
Сондықтан бұл жаңа қолданыстардың барлығы əдеби тіл лексикасының нормасы ретінде, міндетті түрде 
осылай  пайдалануға  тиісті  сөздер  деген  ұғым  тумау  керек.  Олардың  басым  көпшілігін  əлі  де  толық 
тəжірибе, қоғамның, жұртшылықтың қажетті сұранысынан, қолданысынан туындауы тиіс, елегінен өткізіп 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
40
көру  қажет,  сол  күнде  сəтті  табылғандары  əдеби  норма  ретінде  қалыптасып,  сөздіктен  орын  аларына 
күман  тудырмайды.  Жарыса  қолданып  жүргендерінің  біреуі  таңдалып,  тұрақталмақ,  сəтсіздері 
қолданыстан мүлдем шығып қалмақ.     
Əдеби  тілдің  белгілі  бір  саласының  айталық  лексикасының  нормалана  түсуі – таңдау,  іріктеу, 
тəжірибеде  (қолданыста)  тұрақтандыру,  сарапқа  салу  сияқты  үдерістер  арқылы  жүзеге  асырылатыны 
мəлім.  Сондықтан  жаңа  қолданыстардың  көздейтін  мақсаты – осындай  таңдап-талғауға  қажет 
материалдарды жинақтап, реттеп ұсыну. 
Тіл  тəжірибесінде  лексикалық  жаңалықтар  ең  алдымен  күнделікті  баспасөз  беттерінде,  радио, 
телехабарларда  орын  алатындығы  белгілі,  өйткені  бұлар - өмірге  ілесіп  отыратын,  ондағы  өзгеріс 
жаңалықтардың  тілдегі  көрінісін  қолма-қол  беретін  хабарлама  құралдары.  Сондықтан  біздің  жаңа 
қолданыстарды қарастырудағы диплом жұмысындағы мысалдарды осы салалардан алдық. Ал лексикалық 
əсіресе,  жаңа  мағыналық  қолданыстар,  оның  ішінде  бағалауыш  жүк  арқалайтын    нұсқалар  (варианттар) 
баспасөз беттерінде, БАҚ-да, көркем шығарма тілінде, жиі ұшырасатыны аян. 
Сонымен  қатар  қазақ  лексикасындағы  жаңа  қолданыстарды  қараудың  негізгі  бағыты  сөзжасам 
саласындағы  сөзжасамдық  мағына,  сөзжасамдық    тип,  сөзжасамдық  тəсіл,  сөзжасамдық  парадигма, 
сөзжасамдық  ұя,  сөзжасамдық  тізбек  болғандықтан,  алдымен  жаңа  қолданыстар  сөзжасам  жүйесінде 
қарастырылады. 
Қорыта келгенде семантикалық тəсілге қатысты негізгі заңдылықтар: 
• лексика-семантикалық тəсіл, ол бір сөз мағынасынан екінші сөз мағынасына ауысуы; 
•лексика-семантикалық тəсілдің іштей айырмашылығы; 
 ▫ сөздің жаңа мағынаға байланысты басқа сөз табына көшуі; 
   ▫ сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей, өз сөз табының               құрамында қалуы
•  сөзжасамдық  лексика-семантикалық  тəсілдің  ағылшын  тілінде  алатын  орны  мен  біздің 
мамандығымызбен байланысы; 
• лексика-семантикалық тəсілдің синтетикалық жəне аналитикалық тəсілден айырмашылығы. 
 
Қасым Б. Сөзжасам: Семантика. Уəждеме. – Алматы, 2007.  
 
Резюме 
Словообразовательные и семантические особенности новых наименований в казахской лексике. 
 
Summary 
Word-formation and semantic peculiarities of new usaqes in the Kazakh lexics.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет